№141-142 (18502-503) 30 желтоќсан 2016 ж ж±ма



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата19.01.2017
өлшемі13,07 Mb.
#2224
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Абай ЖҮСІПОВ,

ҚМПИ-дің жастар ісі жөніндегі бөлімнің жетекшісі.

"Біссіміллə" деп бастаймын, асылық сөзді қоспаймын,

Ақталып атам келгенде жүректің шерін қозғайын,

Жүректің шерін қозғайын, əдептен тағы озбайын,

Қапыда кеткен атамның азанын айтып жоқтайын.

Өткен ғасыр басында өзгерді заман расында,

Ақ патшаның əскері түнерді қазақ басына.

Ақтар келді бұрсанып, мұздай темір құрсанып,

Қазақ болса мал бағып жайында жатқан бір халық.

Ақтардың ісі жаман-ды, алға салды ылаңды,

Жақсы киім, жақсы ат, ішерге тамақ тоналды.

Ел жақсысын жинап ап, атып-шауып өлтірді,

Тірі қалған азамат көп көрді ғой қорлықты.

Бала-шаға, кемпір-шал пана таппай босыды,

Ай мен күндей арулар мазағы болды ақтардың.

Ой менен қыр жосыды,

Бұл хабар келді алыстан, ер шейіт болды намыстан.

Исі қазақ азамат атқа қонды қалыспай,

Соның бірі – атекем намысына симады.

Намысына симады, жүрегі аттай тулады,

Жау қарасы көрінсе, желкесін үзбей тынбады.

Жаудан елін қорғаған, атқан оғы тулаған,

Мергендігі соншалық – жалғыз оқ шығын болмаған.

Ақтарға оғын толғаған, қызылға көңілі толмаған,

Ел болмасын советтің жетпіс жыл бұрын болжаған.

Зұлмат заман орнаған, əділдік деген болмаған,

Мұсылманнан жау шығып, ақырысында жан атам

еңбегі жанбай сорлаған.

Атадан ұл туар ма?

Ата жолын қуар ма?

Бұл қазақтан жүз жылда атамдай ұл туар ма?

Тарихтың тұлғасы, су төгілмес жорғасы,

Мың қолға пар емес пе жан атамның бір басы!

Қорыдың жаудан жеріңді, қорғадың қастан еліңді,

Басыңнан бағың тайғанда, кімдер қазды көріңді?

Белгілеп қазған көрің жоқ, жуынып киген кебін жоқ,

Жаназа намаз тағы жоқ, осылай ма едің, дүние-боқ?

Атамның көп-ті арманы-ай, тістеуде кетті бармағы-ай,

Жау қолынан қаза боп, айдалада қалғаны-ай.

Сол заманның азғаны-ай,

Алтыным жез боп тозғаны-ай,

Жасырам жеп жүздерін 

Сол бір түнді жамылып, бір азамат бармады-ай,

Жүкті де болған анамыз, інісі мен атамды

Айқыш-ұйқыш қаскөйлер бір шұңқырға салғаны-ай,

Бұл қазаққа мін болды-ау

Арыстан жүрек батырдың елеусіз тыста қалғаны-ай.

Кəпір білмес қайырды, кеудеден басты айырды,

Олжасы болып дұшпанның, Петерборға барылды.

Сүйегің жатыр алыста, заманым түсті жарысқа,

Сексен жыл болды, тарығып басыңыз жатыр орыста.

Мұң айтамын халқыма, үлкен-кіші жалпыға,

Сүйекке сүйек қосылып, келер ме екен қалпына?!

Құдіреті күшті Жасаған, тамшыдан басты жасаған,

Далаға сүйек тастамас қазағың тұрса дін-аман.

Қызмет еткен азамат түспесін жанға жарақат,

Оқи бер,  халқым, дұғаңды, Алладан болсын рахмат.

Алладан болсын рахмат,

Пайғамбардан шапағат,

Шəйіт болған атекем,

Ұрпағыңды жебей жат,

Ұрпағыңды жебей жат!



тырға шақыру жібереді. Мұны естіп, 

батыр баруға қамданады.

–  Шешесі  дұшпан  емес  пе?  Қалай 

барасың? – депті әйелі. Сонда батыр 

былай депті:

–  Албастыдан  бір  ата  жақын 

емеспіз бе?

Батыр аруағының шарапатымен 

әлгі әйел аман босанады.

*

Досбол датқа Қошқарға сәлем бере 



келіп, табалдырықтан аттай беріп, 

кідіріп  қалыпты.  Кейін  «неге  өйт-

тіңіз?» дегенде, былай депті:

– Менің аруағым қызыл түлкі еді. 

Батырдың аруағы 

– 

 сұсты қара қабан 



бас жағында жатыр екен. Түлкім содан 

сескеніп, кідіріп қалдым.

*

Дәулеті асып, мейманасы тасыған 



бір бай «мол бата аламын» деп, Қош-

қар батырды қонаққа шақырады.

–  Алла  жарылқасын! –  деп,  бата 

беріпті  батыр.  «Батаны  аз  бердің» 

деп, қоймаған байға батыр былай деп 

жауап қайырыпты:

– Мені Құдай деп отырсың ба? Алла 

жарылқаса, атаңның басын сұрайсың 

ба?

*

Қошқар  батыр  бір  қоңсы  шаруа-



ның семіз қойын қарызға алып сойып, 

соңынан  бергісі  келмей  созыңқырап 

кетеді.  Анау  Иманға  айтып,  «туы-

сыңнан  малымды  алып  бер»  дейді. 

Иманның ақылымен Қошқарға қайта 

келіп, малын сұрап, сыңай бермегесін, 

шатысып тіл тигізеді.

– Ей, мені тілдейтін сен кім едің? 

– деп, батыр әлгіні төбеден бір қояды. 

Ананың басынан ірің-қан ағып, өледі 

де қалады. Дереу Иманға хабар береді.

–  Ол  жерден  дереу  көшсін,  –  деп 

ақыл  береді  Иман.  –  Ананың  қойын 

аяғына байлап, жұртқа тастап кет-

сін.

Иманның  айтқаны  орындалды. 

Сөйтсе, ана шаруа бөркінің астына 

жұмыртқа салып келген екен. Иман-

ның айласын кейін білген аңқау батыр, 

оған бірталай уақыт өкпелеп жүріпті.

*

Торы  Қыпшақтың  Қарамойын 



атасы Торғай бойына қыс түсе көшіп 

келіпті.  Қошқар  батырдан  қоныс 

сұрайды. Батыр дайын тұрған шөбімен 

Торғай, Тоқанай бойынан жиырма қыс-

тау береді. Әбден орнығып, меймана-

сы тасыған кейінгі ұрпағы «қонысынан 

Даудың есімін өшіреміз» деп, Қожан де-

ген бай өлгенде, биік там салып, соның 

атын  ұрандай  айтып,  елге  шабады. 

Олар кетісімен бір қара бұлт ойнап 

шығып, салынған тамды дауыл қопа-

рып кетеді.

–  Біздің  ағайындар  Қошқардың 

қамқорлығын  ұмытып,  ақымақтық 

қылған, –  дейді  92  жастағы  Ерғазы 

қарт.

Сол қоныс әлі күнге «Дау» аталады. 

*

Індетіп келіп, түлкіні қазып алып 



жатқан жас жігіт артында тұрған 

қарт  кісіні  көріп,  «көлденеңді  көк 

атты екенсің, мынаны сен байла» деп, 

алып жатқан түлкіні береді де, екін-

шісін қазып алады.

–  Бір  іннің  екі  тышқанын  несіне 

бөлесің? Андағыны мына қанжығама 

байла, – дейді қарт.

– Ә, оңай олжа табайын деген екен-

сің.

Сол арада екеуі сөзге келіп, әңгіме 

ушынып,  жас  жігіт  қартты  аттан 

жұлып алып, қазған інге тастап, то-

пырақпен көме бастайды.

– Тоқта! – дейді қарт. 

– 

 Бұл маңда 



мен көрмеген Ыстыбай Балта батыр 

бар дейтін еді. Сен сол емессің бе?

– Болсақ болармыз. Өзің кімсің?

– Мен Дауұлы Қошқармын.

– Ойбай, аға! Сен екеніңді білгенде, 

бір тышқан түгіл астымдағы атым-

ды түсіп бермейтін бе едім? – деп жас 

жігіт кешірім сұрайды.

Екеуі бұл сырды тіріде жан бала-

сына айтпауға уәделеседі. Балта ба-

тыр көп ұзамай жастай қайтыс бо-

лады. Қошқар батыр батасына келіп 

отырып, осы сырды өзі жария етіпті. 

Мәрттік деген осы болса керек.

*

Бегімбет ағайындардың көші-қон, 



шаруа жүргізуіне риза болмаған батыр 

былай  деп  ренжіген  екен.  «Бегімбет 

жұтайтын жағына көшеді.»

Қошқар батыр әбден қартайғанда, 

күннің бұзылып, боран-шашын бола-

тынын, малдың бірдемеге ұшырайты-

нын алдын-ала біліп отырады екен. Бір 

күні: «Екі тізем сырқырап отыр. Малға 

барыңдар, күн бұзылады», – депті.

Күн ашық әрі жылы, май тоңғысыз 

болып  тұрғасын  балалары  әкесінің 

айтқанын орындамай қояды. Сол күні 

түн ортасы ауа боран соғып, ертеңіне 

де ашылмайды. Үшінші күні жылқыға 

барса, енесіне қосақтап жіберілген он 

екі құлынның басы сүйретіліп жүр екен. 

Әкесіне келіп хабарлайды.

– Берірек келіп, айтыңдаршы, – дей-

ді батыр.

– Осы арада тұрып айтамыз ғой, 

– деп балалары табалдырықтан бері 

аттамапты. 

Жақындаса – атасының таяқпен 

салып жіберетінін біледі ғой.

Бөгетбай  ӘЛМАҒАМБЕТ,

Аманкелді ауданы.

«ШБ»  ПОШТАСЫНАН

 Кейкіге жоқтау

арнаған құлан келіні Күлмаш

Нұржақыпқызы туралы сыр

Кейкіні жоқтау



Қыс келгесін соғым сою мезгілі басталады. Соғымды үйде союдың көп 

пайдалы жақтары бар. Соның бірі – қазақтың ұлттық тағамы əсіп неме-

се шым-мыж дайындауға үлкен мүмкіндік туады. Əсіпті əр жақта əрқалай 

дайындайды, кейбірі қан орнына ет, өкпе-бауыр қосып пісіреді.  Ал, кейбір 

өңірде олардың орнына қан мен іш май қосады. Ол үшін малдың ішек-қар-

нын алып тастағаннан кейінгі ішінде жиналған таза қанды ыдысқа құйып 

алып қоямыз. 

Əсіп дайындау үшін керек заттар:

• 

қан 1 сорпа ішетін кесе

• 

күріш 1 шыны

• 

пияз 1 бас

• 

жарты сəбіз

• 

туралған іш май 100 гр

• 

тұз, қара бұрыш, қызыл бұрыш

• 

ішек (бүйен ішек)

• 

2-3 тал (түйір) сарымсақ

Алдымен ішекті жақсылап жуып алып бір жағын ине жіппен ауа өтпей-

тіндей етіп тігіп алыңыз. Содан соң күрішті қатты ыстық суға жуып аламыз. 

Бəрін қанға жақсылап араластырып ішектің ішіне ақырындап саласыз.  Бəрін 

салып біткен соң, екінші жағын да жақсылап тігесіз. Ішегіңіз тым толып 

кетпесін, себебі, күріш піскен кезде ісінеді. Ішекті инемен 2-3 жерден тесіп 

ауасын шығарып тұру керек. Əйтпесе ішегіңіз жарылып кетуі мүмкін. Ішек 

бататындай етіп су құйып 70-90 минут қайнатып алғасын баяу отта пісіреміз.

 Əсіп дайындауға көп уақыт қажет емес. Əсіпті ыстық тағам ретінде 

немесе суық кезінде тіскебасар ретінде қонаққа ұсынуға болады. 



Əсіптің тағы бір түрі

Əсіп дайындау үшін қойдың ішегі бірнеше рет жылы сумен жүгіртіліп тазар-

тылады. Ақырында тұзды су жүгіртіледі. Иіс-қоңысын кетіру үшін бірнеше сағат 

ашыған сүтке салынып қойылады. Содан соң тағы бір рет салқын сумен жуылады 

да іші-сыртына қаратылып айналдырылады. Бір ұшы мықты жіппен байланып, 

екінші ұшынан фарш тығылады. Фарш салып болғаннан кейін ол ұшы да байланады.

Фарш дайындау үшін қойдың майлы жұмсақ еті, өкпесі, талағы: (көк бауы-

ры), бүйрегі ұсақтап туралады (ет тартқыш машинамен тартуға да болады), оған 

майдалап кесілген пияз, жуылып, тазартылған күріш қосылады, бұрышталып, 

тұздалады. Аздап су құйып, жақсылап араластырылады. Ішекке тығылған əсіп 

суық су құйылған кастрюльге салынып бəсеңдеу отқа қойылады да 40–45 минут 

қайнатылады. Ол қайнап жатқанда əр жерінен іскектеп желін шығарып тұру керек. 

Əйтпесе жарылып кетеді. 

Піскен əсіп табаққа түсіріп алып, салқындатылады. Содан соң дөңгелектеп 

кесіледі де жайпақ тарелкаға əдемілеп салынады. Ыдыстың жиегі дөңгелектеп 

кесілген пиязбен əсемделеді.

Əсіпті ыстық күйінде де, салқын ас ретінде де жеуге болады. 

Құрамы:___қойдың_1_метр_ішегі_(қойдың_бүйенін_де_пайдалануға_болады),_1_та'>Құрамы: 

қойдың 1 метр ішегі (қойдың бүйенін де пайдалануға болады), 1 та-

лақ, 200 грамм өкпе, 2 бүйрек, 100 грамм майлы жұмсақ ет, 1 түйір пияз, 

1 кесе жылы су, тұз бен бұрыш татымы мен дəміне қарай.

14

30 желтоқсан 2016 жыл

Тоқ адам асты таңдап ішеді, 

Аш адам тамағынан өткенді ішеді.



Жүсіп Баласағұни.

«Дастарқанның» қонағы

Жеңіл əрі дəмді тағам

“Дастарқан” бетінің бүгінгі қонағы – Жа-

дыра Әбділдина. Ол қазір бала күтіміне байла-

нысты үйде отыр. Кішкентай Аяжанмен бірге 

үй ішін қуантып, дәмді тамақтар әзірлеп, 

қонақты қарсы алуда барын салады. Бұл жолы 

ол арнайы оқырмандармен дәмді тіскебасардың 

жасалуымен бөліспек. 

– Қонақ келгенде түрлі салаттар, тәттілер, тағамдар 

әзірлегенді ұнатамын. Сонымен қоса, тіскебасардың 

да орны бөлек. Бүгін мен сіздерге балықтан әзірленген 

тағаммен бөліскім келеді. Бұл тағам өте тойымды, ащы 

балықты жақсы көретіндер үшін таптырмас тағам, – 

дейді ол.

Құрамы:

1 батон қара нан

тұздалған қияр

селедка балығы

зәйтүн

ақжелкен, жуа және безендіруге қажетті 

таяқшалар. 

 

Алдымен қара нанды жұқалап кесіп аламыз. 



Сосын үстіне қиярды, жуаны, 

алдын ала тазартылған балықты 

арасына зәйтүн салып, таяқшамен 

түйрейміз. Осылайша, тез арада 

тіскебасар әзір болады. Қиярмен 

қоса піскен картоп немесе бүтін-

дей піскен жұмыртқаны да қоюға 

болады. 


Міне, тез арада дастарқан үстін-

де әдемі әрі тәбет ашатын таға-

мыңыз дайын болды. Кісі шақырған-

да міндетті түрде жасап көріңіз. 

Ас дәмді болсын! 

Ұмыт болған тағам



Əсіп дайындау тəсілі

“Қарбыз тілігі” салаты

Жаңа жыл жақындап қалды, ерекше салат 

əзірлеп көрем деушілерге мына бір салатты 

ұсынғымыз келеді. 

Қажет заттар: 

- 300 гр қақталған тауық еті 

- 300 гр пармезан ірімшігі (немесе кез келген 

басқа ірімшік) 

- 2 дана киви

 - суға піскен 4 жұмыртқаның ағы 

- қара зəйтүн 150 гр

 - қабығы аршылған қияр (ұзын болса, 1дана) 

- жасыл болгар бұрышы 1 дана 

- анар 1 дана 

- қаймақ (немесе майонез) 

Жаңа жылдық мәзір 

Барлығын бір пішінді етіп турап 

(майдалау қылып), қаймақ (майонез), 

тұз, қара бұрышты аздап салып, аралас-

тырамыз. Сосын тарелкаға жарты ай 

тəрізді етіп салып, сыртын безендіру-

ді бастаймыз: қырына жасыл болгар 

бұрыштың үккіштен өткізілген езін-

дісін жағамыз, ақ жиегін жұмыртқа 

ағынан жасаймыз. Қызыл түсін анар-

дан, ал қарасын зəйтүнді кішкентай 

бөлшектерге бөліп саламыз. 



Ас дəмді болсын!!! 

Шебердің қолынан шыққан отандық 

өнімнің бағасы əртүрлі. Көктемгі, күзгі,  

ресми кештерге, той-томалақ, мереке-

лерге киетін етіктердің құны сапасына 

қарай өзгеріп отырады. Көзтартар əдемі 

аяқ киімдерге, көбінесе, танымал өнер 

адамдары тапсырыс береді. Белгілі ай-

тыскер Балғымбек Имашев, əншілер До-

сымжан Таңатаров пен Төреғали Төреəлі, 

пародияшы Олжас Садықбек жəне жыр-

шы, қоғам қайраткері Бекболат Тілеу-

ханға тапсырыс бойынша оюлы етік ті-

гіп берген. Арнайы тапсырыс берілген 

дизайны ерекше бір етікті тігуге 15-20 

күндей уақыт кететін көрінеді. Қолөнер 

шеберіне  Өскеменнен  Астанаға  көшіп 

келген  жылы  қолұшын  беріп,  ағалық 

қамқорлық көрсеткен бір жан болса, ол 

– Бекболат Тілеухан. Қоғам қайраткері 

шебер  жігітті  əрқашан  қолдап,  демеп 

отырды. Астананың шетіндегі Қараөт-

кел ауылының əкімі Айнагүл Көмбайқызы 

да цех ашуға кеңес беріп, қиналған сəтте 

жігерлендірді. Осылайша, Самғау Нəсіп-

хан бас қалада шағын шеберхана ашады. 

Бүгінде қоластында төрт адам жұмыс 

істеп жатыр. 

– Алғашқы етігімді анама тігіп бердім. 

Анашым мақтап отырып киіп алды. Сол 

сəт менің есімнен əлі күнге кетпейді. Ол 

кезде менде тəжірибе жоқ. Не нəрсенің 

болмасын алғашқы нұсқасы шала бола-

ды. Кемшілігі, «əттеген-айы» кездеседі.  

Алғашқы өнім сол кем-кетігімен ыстық. 

Үлкен кəсіпорын ашу үшін қасыңда сенімді 

адамдар, жақсы шеберлер болғаны дұрыс. 

Келесі жылдары қатарымызды көбейтсек 

деген жоспар бар. Бəрі бірден болмайды. 

Ақырын жүріп, анық басып сол күнге де 

жетерміз. Біздің етіктерімізге Батыс Қа-

зақстан,  Қызылор-

да,  Оңтүстік  Қа-

зақстанның  халқы 

көбірек  тапсырыс 

береді,  –  дейді 

Самғау Нəсіпхан.

Қолөнер  шебері 

отандық  өнімге  қа-

жетті  шикізатты 

Алматы қаласынан, 

Оңтүстік Қазақстан 

жəне Жамбыл облыс-

тарынан,  Түркия 

мен  Қытайдан,  Се-

мейдегі былғары за-

уытынан алдырады. 

Таза  былғарыдан 

дайындалған  тауар-

дың сапасы сын көтереді, қашан кисең 

де иіс шықпайды дейді. Күтіп кисе, 4-5 

маусымға шыдас береді. Самғау Нəсіпхан 

қазіргі күні оюлы белдік пен əмиян дайын-

дауды қолға алып отыр. Ерлер мен əй-

елдерге арналған оюлы сөмке де тігеді.

Кейіпкеріміз бұл кəсіпті бала кезінен 

көріп өсті. Əкесінің нағашылары ұлттық 

өнердің хас шеберлері болған. Əкесі де 

үйде  қарап  отырмайды,  саптама,  оң-

терісі жоқ, атқа, малға киетін аяқ киім 

тігіп  отырады.  Бүгінгі  шебер  осынау 

көріністерді бала кезінде көзбен көріп, 

санасына мықтап түйіп алса керек. Ата 

кəсіп кейін балаға нəсіп болды. Қазақ мұн-

дайды «Ата көрген оқ жонар, шеше көр-

ген тон пішер» десе керек. 

– Ер жігітке жұмыс жоқ деп қарап оты-

руға болмайды. Сондықтан қолдан келер 

кəсіп  –  аяқ  киім  тігуге  көштім.  «Неге 

ұлттық нақыштағы аяқ киім тікпеске?» 

деген ой келді. Сөзден іске көшу қиын ғой. 

Ойға алған шаруаға кірісуім қиын болды. 

Қаржы  мен  тəжірибенің  жоқтығы  істі 

одан  əрі  қиындата  түсті.  Əкемнің  қо-

лындағы екі сиырды сатып, осы кəсіпті 

бастадық. Отбасымызбен Өскемен қа-

ласында тұрғандықтан, сол жерде 

кішігірім  шеберхана  аштық.  Жер-

гілікті əкімшіліктің қолдауы көп бол-

ды. Тігін машиналарын алып берді. 

Кейін тəжірибе жинау үшін Қытай-

ға бардым. Біз, отбасымызбен 2005 

жылға дейін Қытайдың Қабда деген 

жерінде тұрған-

быз. Ол жақта былғарыдан неше түрлі 

дүниелер дайындайтын қолөнер шебер-

лері бар. Сонда барып үйреніп келіп, бұл 

кəсіппен 2011 жылдан бастап айналыс-

тым. 2014 жылдың көктемінде Астана 

қаласына  қоныс  аудардым.  Бір  арнаға 

түскенше əртүрлі қиындықтарға кезік-

тім. Астана – біліктілікті талап ететін 

қала. Бəсекеге қабілетті болу үшін жігер, 

қажыр-қайрат керек. Елордадағы қиын-

дықтармен  күресе  жүріп  шыңдалдым. 

Шыңдалған  сайын  кəсібім  де  бір  жолға 

қойылды,– дейді Самғау Нəсіпхан. 

Қолөнер шебері былтыр Тұңғыш Пре-

зидент күніне орай Елбасыға арнап таза 

қолтырауынның терісінен етік тігіп сый-

лаған. Мемлекет басшысы өзінің риза-

шылығын білдіріп, еңбек адамына алғыс 

хатын жазады.  

– Президентіміздің ризашылық хатын 

Ақ Ордадан барып алдым. Бұл дегеніміз 

Елбасының кісілігін көрсетеді. Уақыты-

ның тығыздығына қарамай қарапайым 

етікшінің етігін алып, ризашылығын біл-

діруі, қолөнеріміздің алға қарай дамитын-

дығын, болашағы зор екенін білдіреді. Осы 

оқиға маған үлкен күш-қуат берді, – деп 

еске алады шебер. 

Ата кəсіпті жанына серік еткен ше-

бер  Қазақстандағы  шағын  жəне  орта 

бизнестің дамуына үлес қосуды алдына 

мақсат тұтқан. 

– Еліміздің жастары қолөнермен айна-

лысып, еңбек адамы болып қалыптасса 

екен. Мемлекетіміздегі жеңіл өнеркəсіп 

алға басса, дамыған елдермен иық тіресе 

қатар жүре аламыз. Мақсатым – бəсе-

кеге  қабілетті  отандық  өнім  шыға-

ру.  Патриот  дегенімізді  –  «Отаным!» 

деп  айқайлау  емес,  қоғамға,  айналаға, 

туған-туыстарыңа пайдаңды тигізу деп 

түсінемін. Менің елге деген махаббатым 

жүрегімде сақтаулы. Сол бір нəзік сезімді 

сөзбен емес іспен дəлелдегім келеді, – 

дейді С.Нəсіпхан.

Он  саусағынан  өнер  тамған  кейіп-

керіміздің  аталған  кəсіппен  айналыса 

бастағанына  бес  жылдан  асыпты.  Ол 

былғарыдан  қазақтың  оюы  басылған, 

өзге елдің тауарларымен бəсекеге түсе 

алатындай  дүниелер  жасауды  мақсат 

тұтқан азамат. Ерекше үлгідегі əмиян, 

белдік, сөмке, аяқ киімдерді келер жылы 

EXPO көрмесінің қонақтарына ұсынуды 

қалайды. Бүгінде осынау маңызды ша-

руаға əзірленіп жатыр. Шебердің мекен-

жайын немесе байланыс телефонын ізде-

сеңіз газет редакциясына хабарласыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет