§ 1. Билік деңгейлері. Ата баласын ақсақал билейді, рулы ел билігі ру көсеміне, ру биіне тапсы-
рылады. Яғни ол өз руының мүддесін басқа жерде қорғап, өз бас бұзарын жазалайды.Ұлыстың ішкі
билігін ұлыс биі билеп, сұлтан ханға кеңесші болады. Орда биі қазақ жүздерін жеке басқарады. Хан-
дық билікті хан немесе ұлыс сұлтаны (Шыңғыс тұқымы) жүргізеді. Ең жоғарғы орган-бүкіл Қазақ елі
қарулы азаматтары Түгел қатысатын кеңесі-«Қаз» деп аталған.
§ 2. Би. Онда Би қызметінің тек жеке би қасиетіне сай берілетіні жəне оның шешен, заңгер, əділ,
білімді, психолог, тəрбиеші болатыны көрсетіледі.
§ 3. Хандық билік. Хан сайлау, хан талапай, ханға қарсы адам, ру, «тоғыз» айыбын төлейтіні,
олардың «Қаз» жиналысын жыл сайын шақыруға тиістілігі туралы айтылады.
§ 4. Билікке жататын істер, олар:
а) адамның жеке басына қарсы;
ə) рулы елге қарсы;
б) қоғамдық тəртіпке қарсы;
в) дінге, құдайға қарсы мəселелер
деп бөлінеді. «Қылмыс» ұғымы орнына «қаскүнемдік», «жаманат», «жаман іс», «күнə», тағы басқа
түсініктер жүреді. Ең ауыр қылмыстар — кісі өлімі, ұрлық, зорлау, ойнас өлім жазасына кесіледі.
Жарғы адам өлімін үшке бөледі:
а) жол тəртібі (заңды);
ə) əдейі қастандықпен өлтіру;
б) абайсызда өлтіру, бұлардың ішінен қасақана өлтіру ауыр жазаланады.
Меншікке қол сұғуға ел қарсылық көрсетуге құқылы болған. Ұрлықшылар «үйірімен үш тоғыз»
қайтарады, əр қылмысқа бір жаза, ер қаруын ұрлау ауыр жазаланады. Жеті Жарғы бойынша бүкіл
қылмыс түрі жазаланған.
§ 5. Кеңес жəне жүгініс. Ауыр қылмыстарды сегізден жиырма төртке дейін биден тұратын ке-
ңес, төбе би қарайды. Рудың ішінде қылмысты 6–8 биден тұратын жүгініс, төбе би шешеді. Ата бала-
сы дауын ақсақал шешеді. Дауласушы жақтар өз əділдігін дəлелдеу үшін «бет айғақ», «жан айғақ»,
«жан беру» куəліктерін əкелген
9
.
Екінші таған «Жарғының алтын қазығы» деп аталады. Ол төрт параграфты қамтиды.
§1. Отбасы жəне неке. Ұғымдар «жеті ата», «жігіттің үш жұрты», «нағашы-жиен арасы», ата-
ана мен бала қатынасында патриархалдық тəртіп, əкенің құқы басым, ер-əйел қатынасында əйел құқы
төмендетілген дəрежеде қорғалады. «Енші беру» бойынша бүкіл ұлдар əке мүлкін алып бөлуге ерікті,
қара шаңырақ кенжеге қалады.
23
Мұрагерлік бойынша мұра балаларына, шешесіне қалады, əмеңгерлік (күйеу туысына тұрмысқа
шығу) болса, мұралық құн жаңа күйеуге көшеді.
Қыз алып қашу айып-пұлы көрсетіледі, төленбесе барымта, жаза қолданылады. Құдалық, əмең-
герлік (жесір əйелінің күйеуінің аға-інісіне қайта тұрмысқа шығу), балдыз алу, көп əйел алу (бəйбіше
құқы), ажырасу (талақ, əйелін қамтамасыз ете алмау т.б.) толық көрсетіледі.
Қалыңдық алуға берілетін қалың мал — 47–37 бас мал, ірі 20–70 жылқы, сүт ақы 1–7 түйе, боса-
ға байлауының 1–2 ірі қара. Қалың мал мөлшері 100-ге дейін. Жасау қажет заттары да тоғыздан бері-
леді.
§ 2. Меншік. Меншік түрлері — мемлекеттік, қоғамдық, рулық, жеке меншік, қала халқы 1/10,
қала халқы 1/20 меншік мемлекетке береді, əр ата хан, сұлтанға соғым, сыбан, зекет (мал санына қа-
рап, салық мешіт пайдасына) төлеп отыруы тиіс.
Сауда-айырбас ісінде ұрлық заттарды сатуға тыйым, айып салынған, ауру малды сатуға айып тө-
ленген, керуендер қауіпсіздігі көрсетілген. Аңшылықтағы бүркіт, тазы, атты ұрлау айыбы, олжа үл-
кендерге берілген.
§ 3. Қоғамдық өмір. Ақсүйектерге «алдияр, тақсыр» деп амандасуға, асылсүйек қожалар да төре-
лер сияқты 7 есе артық құн төлеуге, қарсы сөз айтып, қол көтергендер — «үйірі мен үш тоғыз» айып
төлеуге, қожаларға зекет жинау құқы беріледі. Руаралық жол тəртібі қоғамдық қатынаста қатаң сақта-
лады. Үлкенге ізет, келін ізеті, төлеңгіттер жағдайы, құл, күңдер жағдайы көрсетіледі.
Егер сұлтанға қарсы сөз болса — бір тоғыз, қамшы көтерсе — «үйірімен үш тоғыз», кіші сұлтан
үлкенін жəбірлесе — «ат-тон», сұлтан биді жəбірлесе, келініне қамшы көтерсе — қамшысын береді. Би-
ді қара қазақ жəбірлесе–бір тоғыз, тек адамдар реніші кешірімімен немесе «ат-тонмен» келісіледі.
Тиымдарды, жиналыс шырқын бұзғандарды ат — тон, дүре, бір тоғыз айыбына тартады. Малдан
өлген адамға мал иесінің жауаптылығы əр түрлі деңгейде көрсетіледі. Қонақасы тəртібі жолаушыны
қарсы алуды реттейді. Жолаушының бөлінбеген еншісі, жылу он екі жілік, аңшылық сауғасы, бəйге
жүлдесін бөлу, сауын, көлік майы, қызыл көтеру, шүлен тарту, жұртшылық, сұрап алу кəделері, ас бе-
ру тəртібі жан-жақты талданады.
§ 4. Дін жəне шариғат жолы. Шариғат бойынша қылмыстар жазалануы, құдайға тіл тигізу —
өлім, арақ ішкенге 80 дүре жазасы сияқты мəселелер осы параграфта толық көрсетіледі.
Үшінші таған «Кек пен жаза» деп аталады
9
.
§ 1. Кек пен жаза. А.Левшин 1832 ж. «Өзіне жасаған қорлыққа кек қайтара алмаған қазақ ашу-
ланғанда, қасқырға ұқсас өзін тіліп тастайды, туыстарына жүгіреді, ері де, бойжеткені де кездікте-
рін — кіселерін тастамайды.Туысын өлтірген қылмыскердің қанын ішпеген — күнə, олар дастарханға
отыра алмайды» деп жазады. Орталық билік əлсіреген тұста «қанды кек» тəртібі — қылмыстың ал-
дын алудың ең ұтымды тəсілі.
§ 2. Қанды кек дəстүрінің қолданылу тəртібі (қанға қан, жанға жан) немесе талапкер жағы
«құн» ала алады. Ер адам — 1000 қой, əйел — 500 қой. Құн орнына жекпе-жек немесе «бір тоғыз»,
жан беру.
§ 3. Жаза түрлері.
а) өлім жазасы;
ə) мойнына құрым іліп, бетке күйе жағу;
б) дене мүшесін зақымдау;
в) кісен салу, босаға күзеттіру;
г) ұраға отырғызу;
д) үш бақан, уық астына отырғызу;
е) оққа байлау;
ж) сабау, дүре соғу.
Əдет-ғұрып заңдарының бір тармағы есебінде əр түрлі қылмысқа қатысты жазалардың ішіндегі
ең ауыры — өлім жазасы, өлім жазасынан кем соқпайтын түрлері де баршылық. Қазақ арасында жиі
кездесетін жазаның бір түрі — қылмыскер адамның мойнына құрым іліп, бетіне күйе жағып, ауыл ай-
налдыру, əсіресе бұл ауыл ішінде тəртіп пен имандылықты бұзғанда қолданылады. Нəпсіқорлыққа
байланысты айта кететін бір мəселе қолға түскен еркектің атының құйрығын, онымен бірге ұсталған
қыздың не күйеуі бар əйелдің бұрымдарын кесу. Бұл да ауыр жаза қатарында, себебі ат құйрығын ке-
су тек өлімде не жаугершілікте кездесетін еді. Бұл қылмыскерге енді аяушылықтың болмайтындығын
көрсетеді.
24
Ел арасынан шыққан бұзақыларға қарсы қолданылған жазалардың ішінде айтып өтуге тұратыны,
ол қылмыскердің дене мүшесіне зақым келтіру, құлағын кесу, ернін, танауын жұлу сияқтылар. Бұлар
шектен шыққан қылмыскерге, не əлеуметтік сатыда төмен тұрған құлдарға қолданылған.
Жазаның ең көп қолданылатын түрі — ел алдында кінəлі адамды сол ауылдың інінің немесе
ағайынның біреуінің сабауы. Бұзаутіс қамшыны алып, кінəсін бетіне айтып екінші рет қайталамай-
тындай етіп сабау.
§ 4. Барымта. Айып ретінде малды ұжыммен барып тартып алу, би кесімі бойынша, құн, айып
көлемінде. Ол ұрлық жасалса, кісі өлсе, басқа жерге мал жайса, қыз алып қашса, неке бұзса, қонақасы
бұзылса, тағы басқаларға қолданылған.
§ 5. Өлім жазасы адам өлтіру, ұрлық, ел тонау, əйел зорлау, ойнас қылмыстарына кесіледі. Қан
араластырған, баланы өлтірген ана өлім жазасына кесіледі. Құдайға тіл тигізгендер 7 кісі куəлігімен
таспен ұрып өлтіріледі. Өлім жазасы 13 жастан асқандарға қолданылған, себебі «он үш отау иесі»
деп, балалар мен үлкен қатарына қосылады. Он үшке толмағандар «сəби саналып, жазаға тартылған
жоқ. Немесе кей жағдайда баланың ақыл есі дұрыс еместігі анықталса, ата-анасына салмақ түседі.
Егер қылмыс біреудің азғыруымен істелсе, мысалы, өлім, азғырушы құн төлеумен құтылса, өлім жа-
засына қару жұмсаған адам бұйырылады.
§ 6. Құн төлеу үш тоғыздан жоғары төлем. 500 — 2 мың қой, 50–200 жылқы, 25–100 түйе, жар-
ты жəне ширек құндар. Құнды ру, ата, тайпа төлейді. Құн кесімі үш түрге бөлінген:
1) қара құн — 100 жылқы, 12 жақсы;
2) сүйек құн — 50 жылқы, 6 жақсы;
3) өнер құны — 9 жақсы (тоқал құн). Қадірлі адам — 3 есе құн.
Ұрлық үстінде өлгендер құны төленбейді. Зорлықшы құн үстіне қалың мал төлейді. Өлік денесі
табылмаса, 1,5 есе құн төлейді. Əйел құны — ер құнының жартысы. Сұлтан құны — 7 есе, қызметсіз
сұлтан — 2 есе, қожа тұқымы осымен бірдей болған. Жарты құн — көз, тіл, еркектің мүшеден айыры-
луы кезінде. Ширек құн — оң қол, оң аяғы; ал 1/8 — сол қол мен сол аяқ зақымданғанда.
§ 7. Айып түрі: а) ат-тон немесе ат-шапан айыбы. Артық сөз, қимыл үшін азусыз айып саналады.
Айыпқа беретін аттың жасы құнаннан кем болмауы керек. Көбінесе жасына қарамай, денсаулығының
мықтылығына қарайды. Айыптың ауыры қазақтың арасында «тоғыз» деп аталады. Жалпы «тоғыз» —
қазақ заңында əдет-ғұрыпқа, салтқа байланысты көп қолданылатын айып түрі.
Тоғыздың үлкені» — құл бастатқан тоғыз». Жаугершілік заманда құлдар көп болған, оларды ша-
руаға да пайдаланған, құл базарына да шығарған. Құл бастатқан тоғыз — ауыр қылмыстарға, мысалы
адам денесіне түскен зақым үшін төленіп отырған айып түрі. Одан кейін «түйе бастатқан тоғыз» —
құрамында үш түйе, үш ат, үш сиыр кесіле береді.
Жалпы, бір сөзбен айтқанда, қазақтың көшпелі тұрмысында қолданылатын айып түрлері өте көп,
əрі əр айып өзінің тиесілі орнында қолданған. Көшпелі тіршіліктің жемісін сақтау, мəдени этникалық
жағдай қоғамдық қатынас, жас пен кəрі, ақ сүйек пен қара сүйек, əйел мен еркек арасындағы тəртіп-
тің барлығы айып түрлерінің қолданылуымен реттеліп отырған.
Жеті Жарғының жасалуы қоғамда ертеден орын алып келген əдеттегі құқық ережелерін заңдас-
тырудың негізінде қазақ хандығының тұтастығы мен саяси бірлестігін нығайту мақсатынан туындай-
ды. Жеті Жарғыны қабылдауда, əлбетте, əлсірей бастаған қоғамдық тіректерді нығайтып, сыртқы
жаулардан қорғану үшін елдің барлық күшін бірлікке жұмылдыру мақсаты көзделген. Қазақ хандығы
заңдарының негізі феодалдық базис пен патриархалдық-феодалдық өндірістік қатынастар болды.
Олардың міндеті феодалдық базиске қызмет ету, феодалдық-қоғамдық тəртіпті қорғау жəне оны ны-
ғайту еді. Демек, Жеті Жарғының пайда болуының алғышарттары XVІІ–XVΙΙΙ ғғ. қазақ қоғамының
əлеуметтік-экономикалық, ішкі жəне сыртқы саяси өмірінің дамуынан туындайды.
Еуропацентристік көзқарасқа қайшы келетін бүгінгі өмір шындығы Ұлы Дала тұрғындарының
əлемдік өркениетке қосқан үлесін көрсетіп отыр. Дала көшпелі тұрғыны табиғатпен гармонияда өмір
сүрді. Дала тұрғындарының қоғамдық өмірі, əлеуметтік-экономикалық жəне саяси қатынастарын рет-
теуші механизмі болды. Шыңғыс хан Яссасы, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы»
сияқты Дала заңдарының бірін қазақтың тұңғыш «Ата Заңы» деп айтуға болатынды — XVΙΙ ғ. аяғы
— XVΙΙΙ ғ. басында əз Тəуке кезінде жасалған «Жеті Жарғы» заңдар жинағы.
«Жеті Жарғы» XVΙΙ–XVΙΙΙ ғ. Қазақ хандығының экономикалық өмірі, оның негізі туралы көпте-
ген мағлұматтар береді. Заңдар құжатындағы құн, айып мөлшерінің тек қана түйе, жылқы, қой саны-
мен белгіленуі қоғамның əлеуметтік-экономикалық негізінің натуралды мал шаруашылығы болғанын
көрсетеді, қазақ жеріне əлі ақша қатынастарының ене қоймағандығын байқатады.
25
Азаматтық қатынастар Жеті Жарғыда жеткілікті түрде қамтылған. Бұл Жеті Жарғының мəтінін-
де, бəлкім, осы мəселенің үзінді түрінде көрсетілгендігінен емес, ол рулас, елдес адамдардың арасын-
дағы көптеген қатынастардың көпке белгілі, əдеттегі құқылық тəртіп жолдарымен шешіліп тұрғанды-
ғымен түсіндіріледі. Сондықтан Жеті Жарғыда олардың кейбіреулеріне ғана көңіл бөлінеді.
Жанұялы-некелік қатынастар мəселесінде балалардың өміріне ата-аналардың билігі сақталып,
əйелдердің теңсіздігі бекітілген. Заңда «ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды»
делінсе, одан əрі «күйеуінің немесе əкесінің қылмысын біле тұра хабарламаған əйелі мен баласы жа-
заға тартылмайды, өйткені отбасы үлкендерінің үстінен сөз тасуға болмайды» деп тұжырымдалған.
Мұрагерлік пен жетімге деген қамқорлық мəселелері де Жеті Жарғыдан тыс қалмаған. Ол тура-
лы заң жинағында «баласы өлсе (онан туған мұрагер болмаған күнде), шаруашылығына əкесі ие бола-
ды; жетім қалған жас балалар жанашыр туысқандарының қамқорлығына беріледі, олар болмаса, се-
німді адамдарға тапсырылады» деп жазылған.
Жақын, туысқан адамдардың бір-бірімен жанұя құруына қазақтардың ерте заманнан қатаң
тыйым салған тəртібін Тəуке хан заң жүзінде бекіткен. Ол туралы «туысқан қызына жеті ата ішінде
үйлену өлім жазасына немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады. Қылмыстың мұндай түрі ни-
еттес адамдардың қарауына берілмейді» деп көрсетілген. «Жеті Жарғының» толық емес осы редак-
циясының өзі-ақ қаралған мəселелердің алуан түрлі екендігін көрсетеді. Онда əкімшілік, қылмыстық,
азаматтық құқық нормаларымен бірге салық, дін, тағы да басқа ережелер де бар. Демек, «Жеті Жар-
ғыда» қазақ қоғамының жан-жақты мəселелері қаралған. Тəуке ханның бұл заң жинағының қоғам-
дық-саяси рөлі жоғары болған. Ол феодалдардың артықшылықтары мен олардың меншігін қорғап,
ислам дінін қолдаса да, оның жасалуының негізгі мақсаты Қазақ хандығының мемлекеттік бірлігін,
оның тұтастығын сақтау болған.
Тəуке ханның басшылығымен үш жүздің ұлы билері дайындап, Қазақ хандығының территория-
сында қолданған бұл заң жинағы XVΙΙ–XVΙІІ ғ. қазақ қоғамының экономикалық, əлеуметтік-саяси
өмірімен, оның əдет-ғұрып дəстүрлерінен маңызды мағлұматтар беретін құнды тарихи деректік құжа-
ты болып табылады.
Əдебиеттер тізімі
1. Материалы по казахскому обычному праву. — Сб. 1. — Алматы, 1948. — 42-б.
2. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. — Алматы, 1993. — С. 218.
3. Жеті Жарғы: Бұрынғы қазақтардың ел билеу заңы. — Алматы: Айқап, 1993. — 20-б.
4. Есімов Қ.А. Жеті Жарғы — Қазақстан тарихының құнды тарихи дерегі // Вопросы источниковедения, историографии и
методики преподавания истории Казахстана: Сб. науч. ст. — Караганда, 1997. — С. 60–68.
5. Есімов Қ.А. Қазақстан тарихы деректануы. — Қарағанды, 1999.
6. Қазақтың көне заңдары // Дайынд. М.Қани. — Алматы, 1993. — 90-б.
7. Законы хана Тауке // С.А.Кляшторный, С.И.Султанов. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. — Алматы, 1992. —
С. 365.
8. Өсерұлы Н. Жеті Жарғы. — Алматы, 1995.
9. Жамбыл Омари. Қаз дауысты Қазыбек би. —Астана: Фолиант, 2000. — 159-б.
10. Қазақ Совет энциклопедиясы. — Т. 6. — Алматы, 1975.
11. Артықбаев Ж. Қазақ қоғамы. — Алматы, 1994. — 35-б.
26
А.Л.Перевезенцев
Актюбинский государственный университет им. К.Жубанова
ИММИГРАЦИЯ В НОВУЮ АНГЛИЮ В КОНЦЕ XIX — ПЕРВОЙ ПОЛОВИНЕ XX ВЕКА
«Русский след» в истории штата Коннектикут
Мақалада XIX ғ. соңы — XX ғ. I жартысында Америка Құрама Штаттарына европалық им-
миграцияның себептері талданды. Зерттеу барысында көптеген статмəліметтер келтірі-
ліп, иммиграциялық ең үлкен орталық — Эллис-Айлэндтің қызметінің қорытындысы жан-
жақты қарастырылды. Сонымен бірге Коннектикут штатындағы «орыс диаспорасы» тари-
хындағы кейбір аспектілер де, оның көрнекті өкілдерінің — өнертапқыш Игорь Сикорский,
ұшқыш-жаттықтырушы Борис Сергиевский т.б өмір туралы да сөз болады.
The аrticle is devoted to the problems of European immigration in USA at the end of XIX — the first
half of XX centuries. There are the author reduce the extensive statistical facts, considers some as-
pects of history «russian nation» of the state of Connecticut, fates of its the most bright representa-
tives in article. It is the inventor I.Sikorsky, pilot-verifier B.Sergeevsky and others.
Соединённые Штаты Америки — страна иммигрантов. Это хрестоматийное выражение трудно
оспорить, но легко обосновать и дополнить. США — это прежде всего страна белых иммигрантов из
стран северной Европы. Основу генофонда большинства современных американцев составляют
потомки выходцев из 7 европейских стран, прибывших в Новый Свет в период между 1820 и
1931 гг.: Германии (примерно 5,92 млн. человек), Италии (4,67 млн.), Ирландии (4,59 млн.),
Австро-Венгрии (4,13 млн.), Великобритании (включая англичан, шотландцев и валлийцев —
всего 3,44 млн.), России (3,34 млн.) и Швеции (1,21 млн.)
1
[1; p. 18, 19].
Пик иммиграции пришёлся на 1892–1924 гг., когда в США прибыли свыше 20 млн. переселен-
цев, причём 14,3 млн. (71,4 %) — через порт Нью-Йорка (для сравнения — за период с 1925 по
1954 гг. в Америку прибыли «всего» 4 млн. 175 тыс. иммигрантов, из них 2 млн. 336 тыс., или
56 %, — через Нью-Йорк)
1
[1; p. 413]. Таким образом, Нью-Йоркский порт стал местом «второго ро-
ждения» миллионов будущих американцев. Но иммигранты несли с собой не только новые надежды,
но и опасные болезни, анархистско-революционную идеологию и т.п., поэтому в США была создана
специальная структура — Служба Иммиграции и Натурализации (Immigration and Naturalization Ser-
vice — INS), первоначально называвшаяся Иммиграционным Бюро (The Bureau of Immigration), и от-
крыты своеобразные «фильтрационные центры» в портовых городах. На Восточном (Атлантическом)
побережье таковыми стали Эллис-Айлэнд (Ellis Island) в бухте Нью-Йорка, а также Балтимор, Фила-
дельфия, Бостон и Провиденс, на Западном — остров Ангела (Angel Island) в Сан-Францисском зали-
ве (с главной задачей
—
«отсеивание» нелегальных иммигрантов из Китая).
Основная нагрузка пришлась на Эллис-Айлэнд, принявший на протяжении 62 лет — с 1 января
1892 г. по 12 ноября 1954 г. — более 12 млн. иммигрантов, или «чужих» («aliens»), как их обозначали
в официальных документах. Именно Эллис-Айлэнд стал главными «воротами в Новый Свет» для
большинства иммигрантов, прибывших на Восточное побережье, в штаты Новой Англии.
Необходимо отметить, что американское законодательство в отношении иммигрантов поначалу
было довольно либеральным и базировалось на трёх основополагающих документах: «The Chinese
Exclusion Act» (1982) — о недопущении в страну нелегальных иммигрантов из Китая, «The Contract
Labor Law» (1885) — о трудовом законодательстве на контрактной основе и Законе об иммиграции
(The Immigration Act) 1891 г. Последующие законодательные акты исключали из числа претендентов
на въезд в страну умственно отсталых (mentally disabled persons), нищих (paupers) и всех, кто мог
стать «общественно опасными» (public charges), включая разного рода криминальные элементы.
Анархисты были добавлены в список «подлежащих недопущению» в 1903 г.; с 1917 г. в Соединённые
Штаты перестали пускать неграмотных (illeterates).
Все иммигранты подлежали обязательному медицинскому осмотру и прохождению карантина.
Процедура медосмотра была довольно сложной — мужчин отделяли от женщин и детей, доктора ос-
матривали каждого персонально, при этом в первую очередь проверялись глаза — нет ли катаракты,
конъюнктивита или трахомы (в XIX в. в Америке была эпидемия этой болезни, с большим количест-
вом жертв, причём болезнь была «завезена» именно иммигрантом) — с таковыми людей сразу же на-
правляли обратно, с первым же кораблём, идущим в страну, откуда прибыл данный иммигрант. Дру-
гие доктора проверяли умственное, физическое и психическое развитие (к примеру, нет ли неврозов).
На груди больного ставилась буква, соответствующая болезни: «Н» (heart)
—
для сердца, Pg
27
(pregnant)
—
при беременности, «Х»
—
для психических расстройств и т.п. Итоговый медицинский
сертификат о состоянии здоровья подписывался тремя докторами, для его получения следовало от-
стоять большую очередь. Затем медицинский сертификат предъявлялся иммиграционному инспекто-
ру, проверявшему и другие документы, — различные справки, телеграммы от родственников. Ин-
спектору ассистировали клерк и переводчик. Необходимо было подробно ответить на вопросы анке-
ты из 32-х пунктов, указав имя, возраст, страну, из которой прибыл, уровень знания английского язы-
ка, а также место, куда направляешься, сколько с собой денег и т.п. Инспектор часто задавал допол-
нительные вопросы, например: «Являетесь ли вы анархистом?» или «Склонны ли вы к полигамии?».
Происхождение всех необходимых процедур для въезда в страну занимало несколько недель и даже
месяцев. Многие иммигранты пережили настоящие семейные драмы, когда кто-то из супругов или
детей получал отказ и был вынужден отправляться обратно, что приводило к разъединению семей…
Кстати, потерявшимся детям (были и такие) часто давали фамилии «Эллис» или «Эллисон» по назва-
нию острова.
«Иммигрантский бум» был фактически прекращён новым законом об ограничении квоты на
въезд в страну от 1924 г. Ежегодное количество иммигрантов из той или иной страны, имеющих воз-
можность прибыть в Америку, было поставлено в зависимость от результатов переписи населения
США 1890 г. Каждой этнической группе выделялся «лимит» в 2 % от имевшегося количества в
1890 г., что давало преимущество представителям «старых» иммигрантских стран (Англии, Герма-
нии, Швеции и т.п.) в ущерб «новой иммигрантской волне» из Италии, стран Восточной Европы (в
т.ч. в ущерб евреям). А в 1931 г. были приняты ещё более жёсткие законодательные ограничения для
иммигрантов, что привело к резкому сокращению соответствующих показателей с 1,2 млн. человек,
въехавших в страну в «пиковом» 1907 г., до минимальных 25 тыс. в 1932 г. [1; р.16]. Теперь все ме-
дицинские и документационные процедуры необходимо было проходить в посольствах США за ру-
бежом, после чего эмигрант мог получить американскую визу на въезд в страну.
Функции «фильтрационного центра» на острове Эллис стали постепенно меняться — так, с 1931
по 1954 гг. здесь в основном содержались «подозреваемые чужаки» (иммигранты, подозреваемые в
совершении криминальных действий в Европе), а также те, кто ожидал депортации.
В 1939 г. на Эллис-Айлэнд была создана тренировочная база американской морской погранич-
ной службы (US Coast Guard), а с 1941 г. здесь находился офис ФБР. В годы второй мировой войны в
бывших иммигрантских помещениях содержались под стражей тысячи военнопленных из Германии,
Японии и Италии. До 1951 г. на острове действовал госпиталь для иммигрантов. 12 ноября 1954 г.
Эллис-Айлэнд окончательно опустел (теперь здесь Музей иммиграции).
За шесть десятилетий через Эллис-Айлэнд прошли множество людей, ставших затем в США из-
вестными и даже знаменитыми. Так, в 1923 г. через этот «фильтрационный центр» прошёл прибыв-
ший из России трехлетний Айзек Азимов
Достарыңызбен бөлісу: |