ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
НАУЧНЫЕ НОВИНКИ
Д.А.Шаймұқанов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
«КӨНЕ КӨКТАУ, БАЙЫРҒЫ БАЯНАУЛА БАЙТАҒЫНЫҢ ТАРИХЫ»
МОНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ХАҚЫНДА
«Көне Көктау, байырғы Баянаула байтағының тарихы» атты тарихи еңбек тек өлкенің оқырман
қауымдарына арналған құнды, ғылыми тұрғыдан жазылған еңбек емес, еліміздің аймақтық оқырман-
дары үшін де өте бағалы тарту болып табылады. Сондықтан бұл еңбектің Арқа тарихында алатын ор-
нының құндылығын атап өткенді дұрыс көрдік. Ғылыми зерттеу негізгі мазмұндық құрылымы жағы-
нан өте терең ойластырылып жазылған. Кітаптың əр тарауындағы айтылған толғамдар ой дүниесінің
қисынымен терең байланыстырылған. Баянаула өлкесі тарихымызда қазақ халқының қадірлі, қастерлі
өңірінің бірі болып саналатыны белгілі. Бұл алқапта көне заманда өмір сүрген тайпалар арасындағы
қарым-қатынастарымыз байланысып, өзара жақындасып, мəдени-əлеуметтік бірлігі мықты болған.
Ортақ тілге, əдет-ғұрыптарға, этникалық бірліктерге иелік жасаған. Олардың тарихи дəстүрлері ұр-
пақтан ұрпаққа жалғасып отырғандығы кітапта жан-жақты баяндалған.
Бұл еңбектің ғылыми құндылығын ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профес-
сор О.Смағұлұлы мен тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Əбусейітова жазған алғы сөзде-
рінде атап көрсеткен болатын. Монографияны дайындау барысында авторлар тобын басқарған тарих
ғылымдарының кандидаты М.Алпысбесұлымен бірге Т.Аршабек, Е.Қасен, Е.Кейкі ғалымдар əр ал-
қаптағы Баянаула тарихына байланысты көптеген еңбектерді, тарихи деректер сақталған мұражайлар
мен мұрағат қорларындағы мағлұматтарды толық пайдалана білген. Кітап кіріспе, төрт тарау, қоры-
тынды, қосымшалар, фотосуреттер, карта мен кестелерден құралған.
Кітаптың бірінші тарауы Баянаула өңірінің тарихи кезеңдерінен, ауданның құрылған уақытынан,
географиялық сипаттамасынан, топонимикасынан басталады. Сарыарқа аймағында орналасқан Баян-
аула өңірінің табиғи-жағрафиялық сипаты, талдауы жан-жақты көрсетілген. Бұл жердің табиғи жара-
тылысының өзінде белгілі ерекшеліктері жайлы айтылады. Қазақстанның шұрайлы аймақтарының бі-
рі екеніне көңіл бөлінген. Өлкенің тарихы əр дəуірде қалыптасқан дүниежүзілік тарихи кезеңдермен
байланыстырылған (көне дəуірі, орта ғасыр дəуірі, жаңа заман дəуірі, жаңаша қазіргі заман дəуірі).
Кітапта «Баянаула» атауының шығуына талдау жасалған. Осыған байланысты авторлар «Баян-
аула» деген ел аузындағы жырдан мəлімет береді:
Бір батыр Баян деген Сүйіндіктен,
Бұлардың бəрінен де ерлігі өткен.
Аулаға қошаметше аты қойылып,
Аталып «Баян» себеп болып кеткен,—
деген. Авторлар, Мəшһүр Жүсіптің айтуы бойынша: «Баянаула тауларының ішінде халық расында
кеңінен тараған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырындағы Баян сұлудың ауылы болған екен деген тү-
сініктемемен байланыстырады. Осыған байланысты Мəшһүр Жүсіп: «Өлеңтінің аяғында «Қара оба»,
«Сары оба» деген екі төбе бар. «Қарабай, Сарыбай» деген екі байдың қонысы болған. Сол Сарыбай-
дың жалғыз қызы Баян сұлудың туған жері – Баянаула тауы. Бұл тауға Баян ауылы қоныс тепкен се-
бепті «Баян ауылы» атанып кеткен», — деп жазған. Мəшһүр Жүсіптің осындай пікірін жалғастыра
келе, авторлар Баянаула туралы Мəшһүр Жүсіптің ыстық сезімімен түйіндейді:
Баянаула, қойсайшы жердің атын,
Шыбынды, Батпақ қойсайшы көлдің атын.
Таудың атын Қызылтау, Далба қойып,
175
Құлболды, Қаржас қойсайшы елдің атын.
Ертеде «Баянаула», —
деп тек осы өңірдің алқаптарын атаса, қазір «Баянаула» атауы əкімшілік-аймақтық мағынадағы ұғым-
ды білдіреді. Кітапта Баянаула өңірінің этнографиясына тиісті көңіл бөлінген. Қазақ халқының шығу
тегі, ата тарихы, рулық одақтар мен шежіре мəселесін жан-жақты көрсете келе, өлке халқының ша-
руашылық, діни əдет-ғұрпын, тұрмыстық дəстүрлерін, өлең-жырларын мүмкіндігіне қарай авторлар
талдай білген.
Баянаула өңіріндегі шежірешілдік дəстүрдің, ақындық жыр өнерлерінің дамуы туралы айтқанда
Бұқар жырау, Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы, Ботан абыз, Мəстек абыз, Мұхаммед-Қанафия абыздардың
ауыз əдебиетінде сақталып қалған мұраларына көп назар аударған. Сонымен қатар Баянаула жерінен
туып-өскен, еліміздің мақтанышы болған ұлы тұлғалар туралы: Едіге би, Олжабай батыр, Шоң, То-
райғыр билер, Жүсіпбек Аймауытұлы, Қошке Кемеңгерұлы, Əбікей Сəтбай, Қаныш Сəтбай, Мұқтар
Самат, Жұмат Шанин, Шəкен Айман, Əлкей Марғұлан, тағы басқа көптеген елі үшін адал еңбек ет-
кен азаматтар туралы айтылған. Кітапта «Баянауладағы бүгінгі ұрпақ осы өткен ұлы тұлғалар тек
мақтан тұтумен немесе оларды мадақтаумен ғана шектелмей... олардың шын мəнісіндегі жалғасқан
ұрпағы болуымыз керек», — деп орынды қорытынды жасайды.
Баянаула халқының Орта жүз руларымен бірге ертеде Қаратау, Сырдария бойын қыстап, жаз
жайлауларын Арқа жерін пайдаланып, қалмақтардың жиі шабуылдарынан қорғанып, Арқаның таулы
аймақтарын, өзен-сулы жерлерін мекендеп қалғаны жайлы дəлелді түрде айтылады. Кітапта қазақ-
тың ру шежірелеріне көп көңіл бөлінген. Сонымен қатар Сүйіндік-Қаржас елінің Кенесарының ұлт-
азаттық көтерілісіне қатысқан адамдардың аты-жөні туралы мағлұматтар бар. Осыған байланысты
Төруыл (Төртауыл) руларының бір бөлігі Ұлытау-Атбасар өңіріне ауысып, көшіп кеткені айтылады.
Баянауланың археологиялық сəулеткерлік ескерткіштері туралы карталық деректері орынды
көрсетілген. Орталық Қазақстанның ежелгі мəдениеті жайында əйгілі археолог ғалымдар Қазақстан
ғылымының академиктері Ə.Х.Марғұлан, Қ.А.Ақышев, М.Қ.Қадырбаев, А.М.Оразбаевтар жазған ең-
бектерді толық пайдалана отырып, авторлар Баянаула өңіріндегі археологиялық мəдени ескерткіш-
терді жан-жақты талдаған. Баянаула жері Орталық Қазақстандағы археологиялық тарихи мұраның
мол өңірлерінің бірі екенін көрсеткен.
Баянаула өңірінің ежелден бергі тарихын айта келе, Алаша хан заманындағы қазақ тайпалары-
ның басының бірігіп, ыдыраған ру-тайпалары бір қолдың астына топтастырып, үлкен рулы елдің қа-
тарына қосылғаны туралы айтылады. «Алаш» ұраны, «Алаш» деген түсінік қазаққа бауырлас түрік
халықтарының ортасында кең таралған ұран. Сол заманда қазақтар өзін «Алаш» деп, яки Алаштың
халқы деп атаған. Мұның дəлелі қазақтың ауызекі мақалында да жиі кездеседі. Мəселен, «Алаш
Алаш болғаны — Алаша хан болғаны» деген қазақтың байырғы сөздері Шыңғыс ханның ұрпақтары
қазақ халқының басын біріктіріп, əр алқапта хандық жүйеде басшылық жасап, елдің бірлігіне ықпал
еткенін тарих дəлелдейді. Қазақ хандығының дербес мемлекет болып орнауы қазақ тарихында белгілі
əз Жəнібек пен Керей, əз Жəнібектің кеңесшісі Асан Қайғы сияқты тұлғалардың есімімен байланыс-
ты екені кітапта кеңінен көрсетілген. Əр өлкедегі қазақ хандарының игілікті еңбектері «Қасым хан-
ның қасқа жолы», «Есім хан салған ескі жол» деген сөз үлгілерінің тарихи мəніне толық көңіл бөлін-
ген.
Баянаула өңірінде ХVІІІ ғ. орын алған негізгі тарихи оқиғалардың барысына авторлар дұрыс си-
паттама берген. Қазақ даласында орын алған негізгі тарихи оқиға — қазақ-жоңғар арасындағы соғыс.
Баянаула өңірінде қазақ даласын қалмақ басқыншылығынан босату тарихына байланысты жерлер аз
емес. Ол оқиғалар жыр, аңыз, ертегілерде жақсы айтылған. Мысалы, «Баянаула» деген жырда:
Жауласқан ертеден-ақ қазақ-қалмақ,
Бірде қазақ, біресе қалмақ алмақ.
Бəрінің қызыққаны Баян еді,
Бəрі де бұл жерлерді мекен қылмақ, —
деп айтылады.
Қазақ елінің өткендегі тарихында елеулі із қалдырған, дүркін-дүркін үзілістермен жүз жылға
жалғасқан қазақ-жоңғар соғысын 1635, 1643, 1652, 1698, 1711, 1712, 1714, 1718, 1723-27 жылдардағы
қазақтардың елін, жерін қорғауындағы ерліктері тиянақты баяндалған. Арқа өңірін жаудан қорғауда
Абылай хан басқарған қазақ батырларын атап көрсеткен. Абылайдың ұйымдастырушылық қабілеті
мен даналығы, саясаткерлігі мен ерлігі, жақын ниеттес кеңесшілері Бұқар жырау, Қазыбек би сияқты
ақылды тұлғалармен əрқашанда пікірлес болып отырғаны айтылады. Абылай хан тұсындағы қазақ
176
мемлекетінің ішкі, сыртқы саясаты, көршілес алпауыт елдермен де тегі бір тектес жұрттар мен тепе-
теңдік байланыс жасаудағы Абылайдың саяси қайраткерлігі көрсетіледі.
Кітаптың авторлары Баянаула жері қасиетті, шежірелі өңір, тарихтың көне сырларын шертерлік
қызықты аңыз-əңгімелерге бай өлке екенін айта келе, бұл өңірдің жер-су аттарын тарихи оқиғалармен
тікелей байланыстылығына көңіл бөлген. Жер атаулары ұрпақтан ұрпаққа сабақтастырып келген ата-
лар жолын еске алатын құнды құжат. Қазақ халқы жер-су атауларын жоғары бағалап, жер тарихы мен
ел тарихының біртұтас мағынада екендігін жауапкершілікпен сезіне білген. Баянаула табиғатын, же-
рін Асан Қайғыдан бастап, Торайғыр, Едіге би ұрпақтары, Мəшһүр Жүсіп, Мұса, Зында Шорманов-
тар, Жаяу Мұсалар өлең жырға қосып насихаттаған еді. Баянаула елінде дəстүр болып келген құбы-
лыстардың бірі — қариялардың нақыл жыр толғаулары. Бұл өңірде шежіреші қарттар көп болған.
Баянаула өңіріндегі шежірешілік дəстүр, ақындық өнерлердің дамуына тиісті көңіл бөлінген. Ел
аузындағы нақыл сөздері жан-жақты көрсетілген. Баянауладан шыққан елімізге əйгілі ғалымдар тура-
лы толық мағлұмат берілген. Бұл жас ұрпақтар үшін аға ұрпақтардың өмір жолын біліп, солардың
қалдырып кеткен мұраларын пайдаланып, оқып-біліп, тəрбие алуға өте қажет.
Кітапта Баянаула батырларының жоңғар-қалмақтарға қарсы соғысқан ерліктері жан-жақты
жүйеленген. Сүйіндік-Қаржас елінің Кенесары хан көтерілісіне қатысқан азаматтар туралы деректі
құжаттар келтірілген. Қазақтың тақты билері, олардың елдің бірлігі үшін істеген қызметтері кітапта
толық сипатталып, ру шежірелеріне тиісті көңіл бөлінген. Қазақ халқының басын біріктіруде Абылай
ханның Баянаула тарихындағы игілікті істері дəлелді түрде көрсетілген. Сонымен қатар Баянаула та-
рихында Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдерге толық мəлімет беріледі. Кеңес өкіметін орнату бары-
сында жалпы саяси-əлеуметтік жағдайға көңіл бөліп, азамат соғысы уақытында жергілікті халықтың
қасіретті тұрмысы туралы айтылады. Одан кейінгі кезеңдердегі халықтың басына түскен ауыртпа-
лықты, аштық-жалаңаштықты, саяси қуғын-сүргінді дұрыс талдап, тарихи деректерге сүйеніп жазыл-
ған.
Бұл еңбектің негізгі құндылығы — тарихи мазмұнының құрылымы: кіріспеден қорытындыға
дейін барлық тараулардың ой-толғамымен бірі мен бірінің тығыз байланыстылығында. Кітапта мұра-
ғат құжаттары, тарихи деректер, дастандар, естеліктер, өлең-жырлар пайдаланылып, жан-жақты тал-
данып, тереңделген тиісті қорытындылар жасалған. Мұндай ірі еңбектер ұсақ-түйек кемшіліктер де
болуы мүмкін, əрбір оқушының ой-дүниесіне байланысты оқылған кітап туралы толғамдары, пікірле-
рі болады. Оны біз талдап жатпаймыз. Жалпы қорытындымыз, жоғарыда айтылғандай, мазмұндылы-
ғында: оқушылар үшін өте қажетті еңбек деп санаймыз.
177
АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МƏЛІМЕТТЕР
СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ
Аймагамбетов А. К. — преп. кафедры политологии и социологии, Карагандинский государственный
университет им. Е.А. Букетова
Акопян Грануш — Председатель Постоянной комиссии по вопросам науки, образования, культуры
и молодежи к.ю.н., доцент, Национальное собрание Республики Армения
Алимбекова Г. Т. — директор ЦИОМ, соискатель кафедры социологии КазНУ им. аль-Фараби,
Алматы
Алпысбес М. — Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті археология, этнология
жəне Отан тарихы кафедрасының доценті т.ғ.к.
Аршабеков Н. Р. — заместитель начальника управления аттестации и аккредитации к. ф. н., Комитет
по надзору и аттестации в сфере образования и науки РК, Астана
Ахметова Н. С. — доцент кафедры теории истории государства и права к.ю.н., Карагандинский го-
сударственный университет им. Е.А. Букетова
Булумбаев О. Р. — ст.преподаватель кафедры политологии и социологии, Карагандинский государ-
ственный университет им. Е.А. Букетова
Григоричев К. В. — доцент кафедры всемирной истории и международных отношений к.и.н., Кара-
гандинский государственный университет им. Е.А. Букетова
Джалилов К. Ш. — зав.кафедрой философии к.ф.н., Карагандинский государственный университет
им. Е.А. Букетова
Жакаева Л. С. — доцент кафедры конституционного и международного права к.ю.н., Карагандин-
ский государственный университет им. Е.А. Букетова
Жакупбекова Д. А. — ст. преп. кафедры философии, Карагандинский государственный университет
им. Е.А. Букетова
Жумашев Р. М. — первый проректор д.и.н., профессор, Карагандинский государственный универси-
тет им. Е.А. Букетова
Иванцив Ю. И. — магистрант кафедры всемирной истории и международных отношений, Караган-
динский государственный университет им. Е.А.Букетова
Кожахметов Г. З. — декан юридического факультета доцент, к.ю.н., Карагандинский государствен-
ный университет им. Е.А. Букетова
Костенич Г. А. — старший преп. кафедры методологии предпринимательства и управления, Кара-
гандинский государственный технический университет
Константинова Н.Ю. — Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова
Құсбеков Д. К. — Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті философия
кафедрасының оқытушысы
Машабаев А. Ж. — зав. кафедрой уголовного права и криминологии доцент к.ю.н., Карагандинский
государственный университет им. Е.А. Букетова
Мулявичюс С. К. — докторант, Университет Миколаса Ромериса, Республика Литва
178
Мухамеджанова С. Ш. — доцент кафедры всемирной истории и археологии к.и.н., Евразийский на-
циональный университет им. Л.Гумилева, Астана
Нуржанова С. М. — преп. кафедры всемирной истории и международных отношений, Карагандин-
ский государственный университет им. Е.А. Букетова
Нурлигенова З. Н. — аспирант кафедры археологии, этнологии и отечественной истории,
Карагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова
Омарбекова Г. С. — конституциялық жəне халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің
Өскембаев Қ. С. — Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы
кафедрасының доценті т.ғ.к.
Смагулова Г. М. — доцент кафедры всемирной истории и международных отношений к.и.н., Кара-
гандинский государственный университет им. Е.А. Букетова
Перевезенцев А. Л. – начальник отдела мониторинга качества к.и.н., доцент, Актюбинский государ-
ственный университет им. К.Жубанова
Уалтаева А. С. — ст. преп. кафедры экономической теории и истории Казахстана, Восточно-
Казахстанский технический университет им. Д.Серикбаева, Усть-Каменогорск
Шакенова Б. О. — Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің əлеуметтік-саяси
пəндер кафедрасының оқытушысы
Шаймұқанов Д. А. — ҚР гуманитарлық ғылымдарының академигі, т.ғ.д., профессор, Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Шотбакова Л. К. — декан исторического факультета доцент, к.и.н., Карагандинский государ-
ственный университет им. Е.А. Букетова
Шынтемірова Б. Ғ. — Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының əлеуметтік-саяси пəндер
кафедрасының доценті т.ғ.к., Орал
Юшкявичюте Я. Ч. — д.ю.н., доцент, Университет Миколаса Ромериса, Республика Литва
Правила оформления статей
Для публикации в «Вестник Карагандинского университета» принимаются ста-
тьи на казахском, русском и английском языках, содержащие результаты научных и
научно-методических работ в области естественных и гуманитарных наук, посвящен-
ные проблемам высшего образования, а также материалы, отражающие деятельность
различных структурных подразделений университета.
Объем статьи не должен превышать 12 страниц текста, набранного на компь-
ютере (редактор Microsoft Word). В издательство необходимо представлять дискету с
работой и распечатку.
В таблицах, рисунках, формулах не должно быть разночтений в обозначении
символов, знаков. Ссылки в работе на литературу должны соответствовать библио-
графическому списку, данному в конце статьи; выходные сведения приводимой лите-
ратуры должны быть оформлены в соответствии с требованиями ГОСТа.
Представляемая статья должна содержать УДК и аннотацию на казахском (или
русском) и английском языках. Статьи подаются с сопроводительными документами
(решение кафедры, внешняя и внутренняя рецензии). Отдельно необходимо указать
сведения об авторах — Ф.И.О. (полностью), домашний адрес, телефон, должность, уче-
ную степень, место работы, город. Статья должна быть подписана всеми авторами.
Более подробная информация о параметрах страницы, размере шрифта, распо-
ложении таблиц, рисунков, подрисуночных подписях, формулах, списке литературы
находится в файле Требования к Вестнику.doc, который Вы можете получить, обра-
тившись по адресу izd_kargu@mail.ru, или у ответственных секретарей серий.
Достарыңызбен бөлісу: |