№149 (18358) 25 желтоќсан 2015 ж ж±ма



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата31.03.2017
өлшемі4,35 Mb.
#10776
1   2   3   4   5   6   7

25 желтоқсан  2015 жыл

І

лгеріде Фердинанд деген 



бұқа болды. Ол хош иісті гүл-

дерге қарап та қоймайтын. Тек 

мүйіздесуге  құмар  болатын. 

Ол  өзімен  қарайлас  немесе 

кез-келген  жастағы  барлық 

бұқамен мүйіздесетін. Оған тең 

келер жан жоқ еді.

Оның екі мүйізі тастай қат-

ты, қанжардай өткір болатын. 

Оның  құж-құж  мойын  еттері 

бұқалармен  сәтте  таудай  бо-

лып күжірейіп айбатын асыра 

түсетін. Ол қашан да сайысқа 

сақадай сай тұратын. Жұп-жұ-

мыр денесіндегі жүндері көмір-

дей  жылтырап,  көздері  жалт-

жұлт етіп жалын шашатын еді.

Әлдеқандай  себеппен  ай-

қасқа  түсер  сәт  туса,  ол  өл-

ген-тірілгеніне қарамай сүзісетін, 

сондай  шақтағы  оның  құмар-

лығы бейне кейбір адамдардың 

тамақтанғандағы, кітап оқыған-

дағы немесе діни орында мінә-

жат еткендегі мұқият тылығына 

ұқсайтын. Сайыс сайын қарсы-

ласын жер қаптырмай тынбай-

тын.  Дегенмен,  өзге  бұқалар 

одан қорқа қоймайтын, өйткені, 

олар өздерін қаракөктің тұқымы 

санайтын, сондықтан да, одан 

қорықпайтын,  алайда,  оның 

шамына тиюді, сайысуды қала-

майтын.


Ол өзінен де үлкен бұқалар-

дан қаймығып, әлсізді басына-

тын немесе қара ниеті қабын-

дап тұратын мал емес еді. Ол 

бейне адамдардың ән айтуға 

немесе патша болуға құмартқа-

ны сияқты, тек қана сайысуға 

құмар  болатын.  Ол  ежелден 

ойланып-толғанбайтын, сайы-

су оның борышы, міндеті, қуа-

нышы сияқты еді.

Ол  тау-тасты  үстіртте, 

бұта-бүрген орман арасында, 

жасыл манат жамылған жайы-

лымда сайысқа түсетін.

Ол  әр  күні  өзенді  бойлай 

он бес ағылшын милі жол ба-

сып,  таулы  үстіртке  шығып, 

өзіне тігіле қараған бұқалардың 

бәрімен сайысқа түсіп шығатын. 

Осылай бола тұрса да, ол осы 

күнге дейін алқынып, ашуға ба-

сып көрген емес.

Ендеше,  оның  тағдыры 

қалай  болды?  Қожайыны  бұл 

бұқаның  басқа  бұқалармен 

сайысып, өзінің қалтасын қағып 

жатқанына іштей назаланатын. 

Бір бұқаның бағасы мың дол-

лардан асады, бірақ, олар осы 

бұқамен  сайысқан  соң,  олар-

дың  бағасы  200  доллардан 

төмен түсіп кетеді, кейде одан 

да төмен бағаға сатылады.

Сондықтан,  қожайын  оны 

бұқа сайыс майданына апарып 

өлтіртіп тастау бекіміне келді. 

Ал, өзінің қалған сиырларына 

осы бұқадан тұқым қалдыруды 

ойлайды.  Сонымен  қожайын 

оны сиыр фермасына апарып 

аталық мал ретінде қоя берді.

Ойламаған  жерден,  бұқа 

олардың  да  мысын  құртты. 

Олар  оны  сиыр  фермасына 

алып барып, сиырлармен бірге 

бағымға жіберді. Бұл бұқа бір 

қарап-ақ жас та, сұлу дөнежінді 

ұнатты. Әлгі дөнежін өзге сиыр-

ларға  қарағанда  бойшаң  да 

жұп-жұмыр, жүндері жылтырап, 

өте сүйкімді көрінетін еді. Бұқа 

ендігіде сайысты қойып, тек әлгі 

дөнежінді айналып- үйірілумен 

болады, басқа сиырларға қарап 

та қоймады. Тек сол дөнежін-

мен бірге болуды ғана ойлай-

ды,  басқа  сиырлардың  бар-

жоғымен санаспайды.

Қожайын  оның  райынан, 

жуас болуын немесе өзгеруін 

үміт  етті.  Бірақ,  бұқа  бастан 

ақыр  өзінің  сүйген  жарына 

ғана  терең  сүйіспеншілігін 

бағыштайды, тек сонымен ғана 

бірге болуды ұнатады.

Содан қожайын оны басқа 

бес бұқамен бірге сайыс май-

данына өлтіруге алып барды, 

сонымен  бұқа  ақтық  демінде 

бір рет сайысу орайын алды. 

Оның сайысы ерекше қызғын-

ды болды, көргендердің мақта-

мағаны жоқ, оны өлтірген жігіт 

тіпті ерекше мадаққа ие болды. 

Бұқа сайыс аяқтағанда, бұқа-

ны  өлтірген  сайыскер  жігіттің 

үстіндегі терімен сығып алар-

дай  шылқылдап  кеткен  екен, 

шөлдегенде тілі аузына сыймай 

қалыпты.

«Мына  бұқа  өте  керемет 

екен!» деді сайыскер қылышын 

құрал  таратушыға  тапсырып 

жатып, таратушы кісі қылышты 

қолына алғанда, бұқаның жүрек 

қаны қылыштың жүзін бойлай 

ұшынан тамшылап тұрды.

Бұл бұқа осыдан кейін еш-

кімді  де  алаңдатпайтын  бол-

ды. Оның жемтігін төрт атпен 

сүйретіп  сайыс  майданынан 

алып кетті. «Солай, ол Вера-

маир князь, сөз жоқ, көзін жоя-

тын бұқа еді, өйткені, бұл бұқа 

шексіз адал болды» деді білікті 

қылыш таратушы.

«Мүмкін,  барлығымыз  да 

шексіз адал болуға тиіс шығар-

мыз» деді сайыскер.



Эрнест ХЕМИНГУЭЙ

Шексіз адалдық



Қырық тоғыз, 

келдің бе 

қысыңды алып?..

Қырық тоғыз, келдің бе қысыңды алып?

Құшақтармын деп едім құшырланып.

Қырық сегіз қайтейін қапияда,

Құс біткенді басымнан ұшырды анық.

Күндерім жоқ шаттанып салатын ән,

Қазір маған секілді дала тұман.

Анам кеткен қыратқа әкем кетті,

Отыз жетімде осылай жылап қалғам.

Жолаушыдай білмеген түсер жерін,

Неге бұлай боп кетті мүшелдерім.

Әке-шешем жанымда болса егер,

Мұндай күйге шіркін-ай, түсер ме едім?..

Көңілім күзден қалған көктеректей,

Төзімім сарқылған ба көпке жетпей.

Көрпесін қымтап алған далаға ұқсап,

Сен келдің суығыңды ап, еркелетпей.

Тағдыр ісі, қайтейін төземін де,

Өгей болып жүрмеспін өз елімде.

Қуанармын, күлермін дегенмен де,

Кетпей тұр-ау, бір өксік өзегімде.

Табиғаттың заңы осы алмасады,

Қара жерге көк шығып, қар басады.

"Көнбегенде қайтеміз, көнеміз де"

Тағдырдың жазуынан кім асады?..

Қырық тоғыз, келдің бе қысыңды алып,

Қуанта бер, қайтесің қысымға алып.

Не көрмеген жұмыр бас жатсынбайын,

Төрлетсеңші, жатырқап тұрсың не ғып?!

Жыр жаздым, жылап жаздым, күліп жаздым,

Өлеңінің қасиетін біліп жаздым.

                         

     Автор.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Жарық күн

Жалғанда қанша жабықтым,

Жабықтым, қайта жанықтым.

Атадан ұл боп туған соң,

Ойладым қамын халықтың.

Бірлігі үшін бар ұлттың,

Санамды қанша сарықтым.

Сөнуге бармын, сөн десе,

Сөнбеуі үшін жарықтың.

Жарыссам – желмен жарыстым,

Алыссам – жермен алыстым.

Жығылып қанша қалсам да,

Жықпадым туын намыстың.

Өмір

Өмір мынау күрделі ғой, күрделі,

Басу қиын есептеспей ілгері.

Жылағаны қайсы екенін білмейсің

Білінбейді шын ниетпен күлгені.

Адамдар ғой сол өмірді жасайтын,

Жақсылыққа, жамандыққа бастайтын.

Ойлаған боп елдің қамын жүргенмен

Кездері көп қара бастан аспайтын...

Өмір мынау күрделі ғой, күрделі,

Кімге керек кей жаманның күлгені.

Парықсыздың құлқын қамын ойлаған

Білінбейді бұл өмірді сүргені.

Інілерім

Інілерім,

Сендер барда өмірден түңілер кім?

Сендер барда мекендеп бір қыратты

Сендер барда мен қайта тірілермін.

Ірілерім,

Қайтпаған қайсар жаны сірілерім.

Тірлікте жолын тауып бір биіктің 

Басына шығарсыңдар бір білерім.

Інілерім,

Сендер барда жасқанып, бүгілер кім?

Сендер барда зорығып құласам да

Сендер барда мен қайта жүгірермін!

Жақсылық 

жаса...

Жақсылық жаса, қолыңнан келсе қарағым,

Жақсылықта ғой тірліктің мәні, бар ағын.

Жақтаушы болма жамандық атты кеселді

Себепшісі бол, жазылуына жараның.

Жақсылық жаса, қолыңнан келсе егерде,

Мүмкіндігің болса, кейінге оны шегерме.

Жақсылық жасау рахаты ғой жаныңның

Келген жоқпыз ғой, өмірге мынау бекерге.

Жақсылық жаса, жақының түгіл жатқа да,

Адалдық деген ақ жолдан әрі аттама.

Жақсылық деген – тұтқасы мынау тірліктің

Әрбір күніңді жазғандай өткіз тақтаға!

Киік-жыр

Маусымның күні күйіп тұр,

Масайып жатыр маң дала.

Киік жоқ, келді киік-жыр

Құйын көтерген шаңды ала.

Жалтырап жатыр әр жерде,

Ақбөкендердің моласы.

Жарықтан бәз боп кетсе де

Жарқырауларын қарашы!

Жер ана тағы жаралы,

Жезкиігінен айрылып.

Еміренбейді маралы

Жанарын кеткен 

 

 

тайдырып.

Күндізгідегідей жарықты,

Меңіреу түні ол барда.

Жетімсіреп қалыпты

Жалғыз аяқ жолдар да...

Шаңқай түс болған 

 

 

шақтарда,

Толтырып бойды қуатқа.

Құралайларын алып 

 

 

қапталға 

Құламайды енді суатқа.

Киік жоқ, келді киік-жыр,

Үркеді шертіп бір күйді.

Киіктер жатқан күйіп қыр

Күйіктің исі мүңкиді.

9

25 желтоқсан  2015 жыл

Б

ұл  күні  Дірілдек  басы  ауы-



рып тұрғанына қарамастан 

жұмысқа ерте келді. Түскі асын да 

жұмысында ішті. Түс әлеті болса да, 

алдындағы қағазды қайта-қайта ау-

дарып,  қате тауып алған адамша 

сызып, әлсін-әлсін түртпектеп отыр-

ғаны.  Саусақтарын  қытырлатқан 

күйі орындыққа шалқая салысымен 

төбеге қараған қалпы ойға берілді. 

Есіне осы ауылға қалай әкім болып 

келгені, қызбелдіктердің қалай қар-

сы алғаны орала кетті... Алғашқы-

да әріптестерінен «Қызбелге барып 

жаман атты болып қалма! Ол жақта 

бәрі ат қойғыш келеді» дегенді есті-

гені бар-тұғын. Бұған дейін бұл ауыл-

да бір ғана бейтаныс әкім қызмет 

атқарып кеткен. Оның өзі бір жыл-

дай ғана істесе керек. Содан кейінгі  

екінші бөтен әкім – Дірілдек. Бірінші 

әкімнің есімі – Сейітбек. Адамдар да 

қызық-ау. Сол Сейітбек бұл жақтың 

ат қойғыштығынан үркіп, көп  көрін-

беуге дағдыланып алғаны соншалық, 

таңертеңгілік  елден  бұрын  тұрып, 

кеңсеге  таңғы алты жарымда келіп, 

кешкілік күн батып кеш қарайған-

да  ғана  үйіне  қайтатын  болыпты. 

Сондағысы әлдебір жерден жұққан 

жараның бетіне қаптап кеткенінен 

болса керек. Жарасы жазылғанмен, 

орыны көпке дейін кете қоймапты.  

«Қотыр  әкім»  деген  кімге  ұнасын? 

Кабинеттен шықпай ашық есіктен 

маңайындағыларға  тіл  қатып,  ке-

рек қағаздарын алдыртып отырған. 

Ауылдық жерде аралап, үнемі тек-

серіп  отыратын  жерлер  көп  емес. 

Оған орынбасары Талғат та жарап 

жатыр.  Осылайша,  өз  әкімдерін 

тани алмаған ауылдықтар, оған  ен 

тағып, «Күнтимес» деп атап кеткен 

екен. Мұны Дірілдек анада Талғат-

тан естіп, күлген болатын. Тіпті ауыл 

ақсақалдарының төрағасы Дүйсен 

шал іздеп келіп: «Күнтиместің орны-

на келген бала сенбісің? Тағың құтты 

болсын», – деп құттықтап кеткен-ді. 

Ашуын қоздырып, жыны келетін 

жері де осы өзіне таңылған «Діріл-

дек» деген есімі. Әдейі бетіне қарап 

ешкім айтпаса да, жұрттың бәрі өзің 

осылай  атайтынын  іштей  сезетін. 

Ең бірінші келгенінде өзінің белсен-

ділігін көрсетемін деп ауылда қай-

та-қайта жиналыс жасап, өз бағдар-

ламасын айна қатесіз қайталаудан 

жалықпайтын ол бір жарым сағат 

бойы  тоқтаусыз  сөйлеп  шығатын. 

Сондай уақыттардың бірінде аудан 

әкімі қатысқан жиында бұл шолақ 

белсенділігіне салынып, баяндама-

сымен көпірді-ай келіп. Ауызынан 

түкірігі атқылап, сөзі анық естілмей, 

тіпті  еріндері  еріксіз  діріл  қағып 

кеткенде  бүкіл  залдағылардың  ду 

күлгені бар. Мұның сонда қызарға-

ны-ай. Көзінің астымен аудан бас-

шыларына  қарағанда  олардың  да 

езу тартып отырғандарын көргенде 

қаны қарайып кетердей болған. Сол 

кезде иеленген лақап аты осы еді.  

Әйтпесе әп-әдемі Дәуренбек деген 

аты бар әкім осыншама қорланбас 

еді ғой.

Осы ойлардан құтылғысы келген-

дей, ол тыржиған бетін қатты-қатты 

уқалап жіберіп сергіп алғандай бол-

ды. Сосын облыс әкімінің орынбаса-

рына, дәлірек айтсақ қайын-ағасына 

қоңырау соғып, туған күнімен құт-

тықтау керектігі ойына түсті. Сөйтті 

де, сары телефонға жармасты. Көп 

күттірмей  әр  жақтан  жуан  дауыс 

шыға бастады.

– Ассалаумағалейкум, Әлеке! Қа-

лыңыз қалай? Үй-іші аман ба? – деген 

үсті-үстінен қойылған сұраққа әлгі 

дауыс бір ғана «жақсы» деумен жау-

ап қатты. Әлекеңнің бұл салқынқан-

ды емеурінін үйдегі ақылы қысқа не-

менің кесірінен екенін бірден түсіне 

қойды. Кешегі оқиғаны есіне түсіргісі 

келмеп еді. Мына  «жақсы» деген сөз 

сол жанжалдың ауылын қайта ара-

латқандай болды. Сол мезет Дірілдек 

«неге осыншама іштім десеңші, не-

менеге әйеліме қол көтердім, немене-

ге айғай-шу қылдым?» деп, жас ба-

лаша өз-өзіне өкініш білдіріп үлгерді. 

Екі көзі жасқа толған әйелі  бұған: 

–Құтырған екенсің. Кімнің арқасын-

да бұл күйге жеткенінді ұмытқанбы-

сың? – деп, ағасына шағынатынын 

айтып еді. Ол бұған мән бермеген. 

Көзі ағарып қояр, басқа қайда бара-

ды деген де қойған. Қателесіпті. Көр-

мейсің бе, Әлекеңнің жауап қатысы 

қатты. Кібіртектеген күйі сөйлеп, бұл 

да манағы ақжарқын қатты дауысын 

жұмсарта түсіп:   – Қайынаға, туған 

күніңізбен құттықтайын... – деп сөй-

лей бергені сол еді: – Туған күн-муған 

күніңді қоя тұр. Сен немене жаңа бір 

қылық  шығарғанбысың?  Әлде  бар 

әліңді әйеліңе көрсетуге көштің бе? 

Кешегі ісің не? Қарағым, қарында-

сымды ұрғызып отырар жайым жоқ 

– деген Әлекеңе: – Сіз дұрыс түсінбе-

генсіз ғой. Әрі қатты ұрғаным жоқ. 

Тіпті әйеліме де билік етуім үшін сіз-

ден рұқсат алуым керек пе? Кінә өзі-

нен» – деп бұлтартып келе жатқанын 

аңғарған анау да дүрсілдеп қоя берді.

– Сені ме? Әттең іссапарға кеткелі 

жатырмын. Келген соң ісім сенімен 

болсын. Бір емес, екі емес... нүктесін 

өзім қоятын боламын!  – деп телефон 

тұтқасын тарс еткізе салды.

Дірілдек болса тұтқаға жабысқан 

күйі әлі тұр. Көз алдын қараңғылық 

басып,  қалың  тұманға  кіріп  бара 

жатқандай сезімге бөленді. Кенет те-

лефонның арғы жағынан әлдебір да-

уыс құлағына жетті. Әлекең тұтқаны 

дұрыс қоймаса керек. Әлдекіммен 

өзара әңгіме, іссапарлары жайын-

да: «Әділ Мейрамұлы, республикалық 

ғылыми-конференция, мерейтой. Сіз 

біздің   екі ауданның да басшыла-

рын қатарыңызға қосып алатын бол-

дыңыз. Бұйрық шыққан».

Дәуренбек қуанып кетті. Демек 

бұлардың  аудан  басшылары  ісса-

парға    кететін  болды.  Мұны  іздеп 

тексере  қоятын  ешкім  болмайды 

деген  сөз.  Шөп  науқаны  болса  әлі 

бастала қойған жоқ. Дұрысы, көптен 

жоспарлап қойған туған жеріне ба-

рып қайтар сәт осы деп іштей шешім 

қабылдады.

Ертеңіне өріске мал айдап жүрген 

Дүйсен шал жолдың шаңын шыға-

рып, зуылдап бара жатқан әкімнің 

көлігін көріп: «Ауданға бара жатыр 

ма?» – деп ернін жыбырлатқан бол-

ды. Оның ойынша Дірілдектің ау-

данға жиі бара беретінінде бір кілти-

панның бары анық.  Ана бір кездері 

қарттар  күніне  орай  өткен  аудан-

дық басқосуға барғаны бар-тұғын. 

Оо-ой! Бейресми отырыстың бірінде 

бір сұмдықты естігені бар. Өз бала-

сымен жасты мына бір қылшылдаған 

әкімнің ауылдағы клуб пен кітапха-

наның, ол аз десең, өзі отырған ме-

кеменің күзетіне берілетін жалақыны 

алып отыр дегенге сенбес те еді. Ана 

біреулер сонда қағаз жүзінде күзетші 

мен еден тазалаушыларың қызмет-

кер есебінде бары бар, бірақ ешкім 

ол  міндеттерді  атқарып  жатпаған 

көрінеді, ай сайынғы еңбекақыны 

айлакерлерің алып отыр демесі бар 

ма. Дүйсен сонда: «Кісіні сырттай тіл-

деуге болмаса керек. Ақиқатын біл-

сеңіздер неге шағымданбайсыңдар. 

Дәлелдеп берсеңіздер жұрт сіздерге 

риза болмай ма», – деген болатын. 

Өзгенің ауылында неміз бар деген 

де қойған ақсақалдар. 

«Шынымен осы бір клуб, кітап-

ханалары әрі конторлары да толық 

жұмыс істейді. Бәрі – мемлекеттік. 

Онда неге күзетшісі жоқ?  Әрі қау-

саған қарттар мұны білсе неге үнсіз, 

неге  шағым  жасамайды?  Тек  тек-

серту жалғыз менің қолымнан кел-

сін бе. Оның үстіне қартайған шақта 

біреудің бағын қызғанып нем бар. 

Арызқой атанып ұятты болар жайым 

жоқ. Қой, өтірік болар. Әйтпесе, осы 

күнге дейін әкім болып отырар ма» 

деп ойлаған Дүйсен шал. 

Дәуренбек  келді  дегенді  естіп 

құрдастары жинала бастады. Көр-

мегендеріне  бірнеше  жыл  болған-

ды. Ол өзгелерінен оза шауып, оқу 

іздеп Алматыға кеткеннен бері жүз-

десудің сәті түспеген болатын. Қыз-

мет қылды, марапатталды. Істеме-

ген жұмысы жоқ. Мінекей дардай 

ауылдың әкімі болды. Құрдастары-

на қарағанда жас көрінетін бұл жі-

гіт өзін-өзі кербез салмақты адам-

ша байыппен отыр. Мана әкесінің 

көзін көрген қарттарға барып, сәлем 

беріп шықты. Ауылдастары мұны да, 

әкесің  де  ұмытпағанына  көз  жет-

кізіп, керісінше, өздерін мақтаныш 

етіп  жүретіндерін  аңғарған.  Олай 

дейтіні  Дәуренбектің  әкесі  де  осы 

бір  ауылдың  аз  сауаттыларының 

шоқтығы  болатын.  Ел  басқарды. 

Әйтеуір өз атына да, әке атына да 

айтылған мақтау қаншама. Содан 

да болар жел сөзге масаттанып, өзін 

биік сезініп қойған жері көп болды. 

Енді бірде құрдастарына қалтасы-

ның қалындығын байқатып, келіп 

түскен үйіндегі жүгірмекті дүкенге 

жұмсап «здачасын өзің-ақ ал» деу-

мен болды. Қызылды-жасылды қағаз 

бумалар Дәуренбектің қалтасынан 

шыға берді, шыға берді. Жолдаста-

ры  «не  деген  батпан  құйрық»  деп 

іштерін тартты да қойды. Мұндай 

отырысқа олар да дән риза. Шалқып, 

тасып думандатты-ай келіп. Дәурен-

бек  әйелімен  болған  ерегесті  есіне 

ала қалса, алдындағысын тоқтамай 

тартып жібереді де, көк көз, шикіл 

сары құрдасына стаканын ұсынып, 

«құй» дейді. Әл-дәрмені кеткен шақта 

сүрініп жығылғанын өзі де білмей, 

аяғы аспаннан келіп қорылға бата-

ды. Осылайша үш күнді өткерді. Бір-

те-бірте сыйынан да айырылып бара 

жатқандай  ма  қалай  өзі,  кей  құр-

дастарының әйелдері: «Қайдан ғана 

келе қойды? Бүкіл ауылды «биян шік» 

етпесе нетті. Әкесі арақтан өліп пе?», 

– десті.

Төртінші күн дегенде Дәуренбек 

ауылға қайтпақ болып ақылға кел-

ді-ау  ақыры.  Бірақ  «кетераяқсыз» 

аттанбау мүмкін болмады. Таң бо-

зарып атысымен ортаға алған 3-4 

шөлмек арақ кеңірдектерді күйдіріп 

барып, жұтылып жатты. Осылайша 

мең-зең басты жазамын деп, біраз 

қызыңқырап  алған  Дәуренбек  түс 

қайта жолға шықпақ болып орнынан 

теңселе тұрды. 

Бір қызығы, ешкім оған массың 

ғой рөлге отырма деп айтпады. Әйт-

песе қала беретін түрі бар. Керісінше, 

құтылғандарына қуанатын секілді. 

Тас  төбеден  түскен  күн  осы  сәтте 

еңкейіп қызылкүреңдене бастаған. 

Жамырап қойлар да келе бастапты. 

  Жол  үсті  ішкені  бар,  жалғыз-

дығы  бар  –  әрең  келеді.  Сонда  да 

мықтылығы бар екен,  арагідік қар-

сы өткен  көліктердің жарығынан ес 

жинап бағытынан таяр емес. Қыз-

белдіктер жыр қылып мұңына айнал-

дырып жүрген жолдың кедір-бұдыры 

мен ой-шұқыры да мұны әрлі-берлі 

шайқап,  ұйқыға  бергісі  жоқ.  Енді 

4-5  шақырымнан  соң  төте  жолға 

түсіп, ызғытады-ай келіп. Бастысы, 

шыдаса болғаны. Ұйықтап кетуден 

сақтасын! 

Қызбелге  дейінгі  жарты  жолды 

артқа тастадым деген Дірілдек көлік-

тің әуен ойнатқышын қосып, Мей-

рамбектің ырғақты әніне қосылып, 

ыңылдай бастады.  Музыкаға елітіп 

билеп  келе  жатқаны  немесе  көлік 

дірілдеп келе жатқаны белгісіз, әй-

теуір басы солқылдай бастады. Ол 

әлдебір  күш  қолын  дір-дір  еткізіп 

келе жатқанын байқағандай болды. 

Біртүрлі іші қылп ете қалды.  Бірақ 

іштей мастығымнан болар деп, мән 

бермеуге  тырысты.  Бар  есіл-дерті 

–  ертеңгі  күні.  Әлекең  команди-

ровкадан келген шығар. Әйелімнің 

жайы не болар екен? Әлекең әлек са-

лып кетпесе, жұмысымда қалатын 

шығармын.  Егер  орнымнан  алма-

са бар ғой ертең-ақ шөп науқанын 

бастап  кетер  едім.  Тек  орнымнан 

алмаса  екен  деген  ойдың  шырма-

уында келе жатқаны сол еді, жүйткі-

ген жеңіл көлік болдырған аттай бір 

жаққа қисайып барып, аударылып 

түсті. Сонысына қарамай, қатты кел-

ген жылдамдықтан да болар, екі-үш 

рет аунап, жолдың жиегіне барып 

гүрс етті.  Іле шақыр-шұқыр еткен 

дыбыстар да басыла қойды.  

Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ,

  ҚМУ-дың студенті.

ДІРІЛДЕК


10

25 желтоќсан 2015 жыл

Постановление акимата Костанайской области

от 23 ноября 2015 года №510


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет