16. Тұрмыс-салт жырлары, олардың түрлері, ерекшелігін айтыңыз Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.
Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі.
Белгілі жазушы Әуелбек Қоңыратбаев: « елдің тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, түрлі наным сенімдерімен байланысты туған сюжетсіз ұсақ өлеңдерді тұрмыс-салт жырлары дейміз»,- деп айтқан.
Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған:
Ә.Диваев пен Б.Кенжебаев – салт өлеңдері;
А.Байтұрсынов – сарындама;
М.Әуезов – сыншылдық салт өлеңдері;
С.Сейфуллин – салт өлең-жырлары;
М.Ғабдуллин – тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар;
Б.Уақатов – әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер,- деп жазған.
Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:
- тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),
- дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),
- үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),
- мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау),
- өтірік өлеңдер, т.б.
17. Әдеби сөйлеудің ең басты ерекшелігіне тоқталыңыз Әдеби сөйлеудің ережелері.
Әдеби сөйлеудіңдің мәнін айқындап, өзіндік белгілерін саралап, ғылыми тұжырым жасау үшін әдеби сөйлеудің өзін, оның өзіндік ерекшеліктері қандай екенін дұрыс анықтап алу қажет. Яғни әдеби сөйлеу деп нені түсінеміз?
Әдеби сөйлеу деп – Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидаларын айтады; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Әдеби сөйлеумен қатар,сөйлеу әдебіде бар. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады.
Әдеби сөйлеу деген ұғымды, бір жағынан, тек жазба әдебиетпен байланыстырып, сол шеңберде ғана қарап, әдеби тілді жазба тілмен тану, екінші жағынан, әдеби тіл тарихын халықтың қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық, мәдени тарихынан бөліп алып қарау.
Тәрбиешінің әдеби сөйлеу мәдениеті балаларға үлгі, өйткені балалар тәрбиешімен тікелей араласу кезінде сөздің дыбыстық мәдениетін, байланысты сөйлеуді тәрбиешіге еліктеу арқылы үйренеді. Сондықтан тәрбиешінің әдеби сөйлеу мәдениеті жоғары, балалар дұрыс үлгі алатындай дәрежеде болуы керек. Ол талап тәрбиешіге көркем әдебиетті балаларға мәнерлеп оқу және оны әңгімелеп беруде де сақталады. Тәрбиеші көркем шығарманы оқығанда, әңгімелегенде әдеби тілдің нормасына сай мәнерлеп оқыса, жақсы интонациямен дұрыс айтса, балалар оған қызығады, оны ұзақ есте сақтайды, керісінше, тәрбиеші көркем шығарманы көңілсіз, не өте тез, не өте баяу, ешбір сезімсіз оқыса, оған балалар қызықпайды, жалығады да тыңдамайды, есінде де сақтамайды. Тәрбиеші сөзіне, сөйлеу мәнеріне сын көзімен қарауға тиіс, сөзінде кемшілік байқаса, оны түзетуге бар күшін салуы керек.
Тілдің әдеби болуы үшін төмендегідей талаптары мен ережелері бар:
1) Әдеби тіл, ең алдымен, жазба тіл болуы керек, ол жазу арқылы ғана қалыптасады;
2) Әдеби тіл нормалан ған тіл болуы керек;
3) Әдеби тілдің стильдік тармақтары болуы керек. «Тілдің стильдік жүйелерінің саралануы — тілдің әдебилігінің басты белгісінің бірі»;
4) «Әдеби тіл — қоғамдық қызметі ерекше тіл». «Жазба әдебиет арқылы әдеби тілдің икемділігі, ортақтық қасиеті артып, құрылысы жүйелі қалыпқа түседі», «тілге орамды, жүрекке жылы тиетін» элементтері ұштала түседі.
Әдеби тілдің жүйелілік, нормалық, сымбаттылық қасиеттері, өмір сүру формалары мен стильдік сипаты, қоғамдық қызметі оның мәнінен, басты қасиетінен туындап, нақтылы қалыптасу жолы мен кезеңдері арқылы әдеби тілдің даму процесі айқындалады.
Сонымен көркем сөйлеудің басты тілдік алғышарты әдеби нормада сөйлеу болып табылады. Тілдік норманың грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық түрлерінің де өзіндік маңызы болғанымен көркем сөйлеуде басты назарда лексико-фразеологиялық норма болуы тиіс.
Сөйлеушілердің бәрі бірдей норманы сақтап сөйлеуі мүмкін емес. Сол секілді әдеби норманы сақтамай, бірақ сөздің майын тамызып сөйлейтіндерді көркем сөйлеуші қатарынан шығарып тастауға болмайды.
Сөйлеушінің коммуникативтік ықпал ету мақсатында прагматикасын жүзеге асыру үшін нормадан уәжді ауытқуы да көркем сөйлеудің бір қыры болып табылады.
Қазіргі қоғамда нормадан уәжді ауытқуға да, уәжсіз ауытқуға да жатпайтын сөйлеудің бір көрінісі өзге тілдің, әсіресе орыс тілінің сөздерін орынды-орынсыз бастырмалата қолдану болып отыр. Бұндайларға шалақазақ деген ат берілген.
Көркем сөйлеудің екінші шарты – коммуникативтік сапаға сай болуы.
Сөйлеушінің тілдік құралдар мен амал-тәсілдерді таңдап-талғап қолдануы да діттеген мақсатына жетуіне өз септігін тигізеді. Тыңдаушының мақұлдаулары мен эмотивті реакциясы байланыстың оңтайлы жүріп жатқанының көрінісі. Ол үшін қарапайым сөзді мәнерлі сөзбен алмастыру немесе толымды сөзбен тоқ етер түйінді айтқан дұрыс.
Рухани және мәдени құндылықтар тілдің көркемдікке қызмет ететін аясында жатыр. Оларға мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді секілді құнарлы тілдік элементтерді жатқызамыз. Бүгінгі күнде тілімізде тыңнан жаңа мақал-мәтел, тұрақты тіркестер туып жатқан жоқ, бәлкім тудыруға қажеттілік те жоқ шығар. Ендігі міндет тіліміздің бай қорындағы осындай құнарлы сөздерді кеңінен игере білу қажет. Мысалы:
"Ата сақалы аузына шыққан мына кісі, ана кісі, ана кісі, бәрі келе сала "Мен Адаймын, Құдаймын деп шығады... Біз қыз беріп жанымыз қалып отыр екен, ал қыз алсақ, жанымызды алғандай екенсіздер. "Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан" дейді. Біреуіңнің аузыңнан бар қазылы, қариялы сөз шыққан жоқ қой. "Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал иіліп сәлем береді" дейді. Біз жас болсақ та осы үйге құда болып келіп отырмыз. Ал егерде тақымдарыңа толмай тұрған жайымыз болса, онда қазір-ақ тұрып кете берейік...."
Осында ата сақалы аузына шыққан, жаны қалу, жанын алу, қазылы, қариялы сөз, тақымына толмау секілді тұрақты тіркестер мен "Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан", "Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал иіліп сәлем береді" деген мақал-мәтелдер сөйлеушінің өкпе-ренішін барынша ашып көрсетеді. Нәтежиесінде айыптылар өз айыбын мойындап, кешірім сұрайды. Егер осы сөздер жайдақ сөз бен күңкілден аспаса, тыңдаушыларға "шыбын шаққан құрлы" әсері болмас еді.
Сөйлеуде мұндай құнарлы сөздерді қолданудың да белгілі бір шегі болады. Ситуацияға қатыссыз немесе мағыналары жуық мақал-мәтел мен фразеологизмдерді таңдап-талғамай жөнсіз қолданып, үсті-үстіне бастырмалата беру де сөз айшығын "артық емес, тыртық қылады".