15. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен үзінді жатқа айтыңыз Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас


Көркем шығармадағы тақырып пен идея туралы қысқаша түсінік беріңіз



бет4/4
Дата25.05.2023
өлшемі29,37 Kb.
#97511
1   2   3   4
Байланысты:
Емтихан Балалар әд. 15-21

20. Көркем шығармадағы тақырып пен идея туралы қысқаша түсінік беріңіз.
Әрбір әдеби шығармада көркем шешімін тапқан идеяның терең тамыры сол шығарманы жазған суреткердің дүниетанымында, әлеуметтік көзқарасында жатады. Сондықтан, бір тақырыптың өзінен дүниетанымы әр түрлі суреткерлердің әрқайсысы әр түрлі идея туғызады. Әр жазушы бір тақырыпты әр қырынан жарқыратып ашып, оған әрқашан жаңа мазмұн мен пішін бере білген.
Бір әдеби шығармада бір ғана тақырып пен идея болуы шарт емес. Шағын көлемді шығармаларда солай болуы мүмкін, ал көлемді кесек шығармаларда, әсіресе, эпикалық туындыларда негізінің күрделілігі, яки көп проблемалылығы деген осы. Мысалы: «Абай жолының» бас жағында оқудан елге оралған шәкірт Абайды суреттеген эпизодтарды еске түсірейік. Осы эпизодтарда тақырыбы (туған жер), идеясы (сағыныш); тақырыбы (ана), идеясы (мейірім), тақырыбы (әке), идеясы (қаталдық) т.б. осылайша әрқайсысы бір тақырып пен бір идея құрап, өзара тұтасып, өрби береді.
Көркем шығармадағы тақырыптар мен идеялар қанша көп болғанмен, олардың бәріне ортақ желі, бәріне дәнекер бірлік болады. Ол-идеялық бірлік.
Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз. Демек, шығарманың негізгі идеясына айналған өзекті мәселе ондағы өз бетімен жеке-жеке өрбіген өзге мәселелерді жоққа шығармайды, қайта өзі солардан тұтасып құралады, керісінш, жеке мәселелер өзекті мәселені әлсіретпейді, қайта толықтырады.

21. Қазақ балалар әдебиетіндегі драматургия жанрының дамуына тоқталыңыз
Балалар драматургиясын сөз еткенде, әрине оның бүкіл советтік драматургиядан бөліп алып қарауға болмайды. Өйткені, бүкіл совет әдебиеті сияқты балаларға арналған пьесалардың да негізгі мақсаты — совет адамдарының асыл қасиеттерін, рухани байлығын бейнелеу, Отанымыздың қуаттылығы мен ұлылығын мадақтау, жастарды соған баулып тәрбиелеу, не болмаса өмірімізде кездесетін ескілік атаулының барлығынан, жиренішті мінезден, арамдық пиғылдан әлі арыла алмай жүрген адамдардың теріс қылықтарын мейлінше әшкерелеп, одан жастарды бездіру, аулақтату.
Шығармасын балаларға арнаған драматургтеріміздің ескеретін тағы бір міндеті — балалардың жастық ерекшеліктеріне банланысты өзіне тән өзгеше қасиеттерін жете меңгеріп, дұрыс түсіну қажеттігі. Орыс драматургиясында В. Губаревтің «Павлик Морозов», С. Михалковтың «Үйге қайтқым келеді», «Қызыл галстук», Л.Гераскинаньң «Кәмелеттік аттестат», В. Розовтың «Оның достары» сияқты тартымды жазылған бірнеше шығармалардың аттарын атауға болады.
Балалар драматургиясы дегеніміз пьеса кейіпкерлерінің барлығы түгелдей балалар болуы керек деген сөз емес. Балалардан басқа ересек адамдардың да іс-әрекеттері сөз болып, олардың типтік образы жасалынуы мүмкін. 
Қазақ совет драматургиясы да балаларға арнап шығарма беруде құр қол емес. Ол соғыстан кейінгі жылдары балаларға тәрбиелік маңызы зор «Ыбырай Алтынсарин» (М. Акынжанов) сиякты тарихи такырыпка жазылған пьесасымен қатар «Алтын сақа», «Нұрлы тас», «Әлия Молдағұлова», «Жастық», «Есірткен ерке», «Біздің Ғани» сияқты пьесалар туды. Соғыстан қейінгі жылдары бұлардан басқа да мектеп сахнасына арналған біраз пьесалар «Лениншіл жас», «Қазақстан «пионері» газеттері мен «Пионер» журналында жарық көрді. Мысалы, С. Омаровтың «Портрет», Т. Ахтановтың «Өшпес даңқ», Ш. Ахметовтың «Қолқанат» атты пьесалары 1946—1947 жылдары жазылды. Бұлардың қайсысы болса да көркемдік дәрежесі төмен шығармалар еді. Сондықтан да олар театр сахнасын көре алмады. Балалар драматургиясы үшін өміріміздің барлық жақтары да таңдаулы тақырып бола алады. Оған керек образдар да, прототиптер де өзімізбен бірге өміріміздің әр түрлі саласында, мектепте де, заводта да, колхозды ауылда да коммунизм құру жолында белсенді түрде ат салысуда. Ұнамды образ да, ұнамсыз кейіпкер де олардың қайсысынан болса да типтік образ жасау мүмкіншіліктері де бізде толық бар.
Тақырып жөнінен балалар әдебиетінің ересек адамдарға арналған шығармалардан ешбір айырмасы болмасқа тиіс. Айырмасы, балаларға арнап тақырып таңдай білуде емес, соны балаларға түсінікті, ұғымды етіп, өзгеше түрде жаза білуде болуы керек. А.М.Горький айтқандай, балаларға да «сол туралы тек басқаша етіп» жаза білу керек.
Қазақ драматургиясындағы балаларға арналып жазылған, жоғарыда аталған 4—5 пьесаның әрқайсысы әр түрлі тақырыпқа кұрылған. Мысалы, М.Акынжановтың «Ыбырай Алтынсарин» пьесасы тарихи тақырыпқа — қазақ халқының әрі жазушысы, әрі ғалымы Ыбырай Алтынсариннің халықты ағарту жолындағы еңбегін суреттеуге арналған. Ш.Хұсаиновтың «Нұрлы тасы» мектеп оқушыларының өміріне құрылған. Ал Ш.Байжановтың «Әлия Молдағұлова» пьесасында автор Совет Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлік істері мен ескен ортасын бейнелеу арқылы советтік патриотизм идеясының сарқылмас ұлы күшін көрсетуді мақсат еткен. М. Ақынжанов пен Қ.Бадыровтың «Алтын сақа» пьесасы халық ертегісінің негізінде, фольклорлық аңызға негізделген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет