15 билет Бұйрықты немесе өкімді орындау Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату Қылмыс субъектiсiнiң түсiнiгi,белгілері. Жауабы


билет 1. Қылмыстық көптігінің ұғымы. 2. Қылмыстан өз еркiмен бас тарту. 3. Қылмыс ұғымы және белгілері. Жауабы



бет3/5
Дата03.02.2022
өлшемі21,36 Kb.
#24801
1   2   3   4   5
Байланысты:
билеты

24 билет

1. Қылмыстық көптігінің ұғымы.

2. Қылмыстан өз еркiмен бас тарту.

3. Қылмыс ұғымы және белгілері.



Жауабы

  1. Қылмыстардың көптігі-бұл қылмыскердің қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын бірнеше (кем дегенде екі) әрекетті дәйекті түрде жасаған жағдайлары, сондай-ақ бұрын жасалған әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке байланысты шектеулердің қолданылу кезеңінде жаңа қылмыстық әрекеттерді жасаған жағдайлары.

  2. Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту - Қылмыстық құкық бойыншы — адамның қылмысты ақырына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғынып, қылмыс қадайынды әрекеттерін токтатуы не қылмыс істеуге тікелей бағытталған іс- әрекетті (әрекетсіздікті) тоқтатуы. Адам осы қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартса, ол осы қылмыс үшін қылмыстық жауапка тартылуға тиіс емес. Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам, оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.

  3. Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».

Қылмыстың белгілері.

1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.

Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.

2. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.

3. Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.

4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.

5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.

25 билет

1. Қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы.

2. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы.

3. Іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлар.



Жауабы

  1. Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғатын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда, адамның жасаған қылмыстары осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң қылмыстарды бiрнеше рет жасағаны үшiн жаза көзделетiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша сараланады.

  2. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы – кінәлі тұлғаның қылмыс істеудегі психикалық іс-әрекетімен тікелей байланысты болғандықтан, қылмыстың субъективтік жағы әр қашан пікірталас тудыратын қылмыстық құқықтың маңызды саласы ретінде заңгер ғалымдардың көңілін аударуды талап етеді. Бұл тек қылмыс жасаған тұлғаның ниеті мен мақсатын түсінумен қатар оны қылмыс жасауға итермелеген кінәлінің психологиясын зерттеуге итермелейді. Сондай-ақ, белгілі бір қылмыстық істі шешуде кінә принциптерін тәжірибеде нақты саралай білудің негізгі қылмыстың субъективтік жағын дұрыс анықтаудан көрінеді.

  3. ?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет