15 билет Бұйрықты немесе өкімді орындау Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату Қылмыс субъектiсiнiң түсiнiгi,белгілері. Жауабы



бет2/5
Дата03.02.2022
өлшемі21,36 Kb.
#24801
1   2   3   4   5
Байланысты:
билеты

18 билет

1. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру

2. Қасақана қылмыстарды жасау сатылары.

3. Қылмыс субъектiсiнiң түсiнiгi,белгілері.



Жауабы

  1. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жедел-іздестіру іс-шараларын қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органымен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүргізуге құқылы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жедел қамтамасыз ету объектілеріндегі және күзет іс-шараларын жүргізу аймағындағы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүзеге асырылады.

  2. Қасақана қылмыстарды жасау сатылары:

* - қылмысқа дайындалу;

* - қылмысқа оқталу;

* - аяқталған қылмыс.

* Қылмыстық жауапкершілік тек ауыр және аса ауыр қылмыстарға



  1. Қылмыс субъектісінің түсінігі. Есі дұрыс, қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда көзделген белгілі бір жасқа толған жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады. Қылмыс субъектісінің белгілері жалпы ҚК-тің 15 бабының бірінші бөлігінде былай делінген: “Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады.”. Ал, осы баптың екінші бөлігі 14 жастан бастап қандай қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа жататындығы көрсетілген, сонымен қатар ҚК-тің 15 бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстар үшін жауаптылық егер бұл қылмыстар қасақана жасалса 14 жастан басталады.

21 билет

1. Қоғамға қауiптi iс-əрекет жəне оның түрлерi.

2. Қылмысқа дайындалу.

3. Қажетті қорғану. Қажетті қорғану азаматтың конституциялық құқығы ретінде.



Жауабы

  1. ?

  2. Тікелей пиғылмен жасалған, қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, әзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа сыбайлас қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл ретте қылмыс адамның еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа дайындалу деп танылады.

  3. Қажетті қорғану — әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықгары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т. б. басқада игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғаныс әркімнің адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне, тұрғын үйіне, меншігіне және басқа да заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қорғалуға ажырамас конституциялық құқық ретінде болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет