15 билет Бұйрықты немесе өкімді орындау Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату Қылмыс субъектiсiнiң түсiнiгi,белгілері. Жауабы


билет 1. Қылмыстың арнаулы субъектiсi. 2. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы 3. Қажетті қорғану Жауабы



бет4/5
Дата03.02.2022
өлшемі21,36 Kb.
#24801
1   2   3   4   5
Байланысты:
билеты

30 билет

1. Қылмыстың арнаулы субъектiсi.

2. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы

3. Қажетті қорғану



Жауабы

  1. Қылмыстың арнаулы субъектісі дегеніміз — субъекттің жалпы нышандарымен (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) қоса ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті нормаларында көзделген тағы да қосымша нышандары бар, солардың арқасында сол қылмысты жасауға мүмкіндігі бар адам. Арнаулы субъектілердің жауаптылығы көзделген қылмыс құрамдары арнаулы субъектісі бар құрамдар деп аталады. Қылмыстық кодексте арнаулы субъектісі бар көптеген нормалар кездеседі.

  2. 1. Қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы олардың әрқайсысының қылмыстың жасалуына қатысуының сипатымен және дәрежесiмен айқындалады.

2. Қоса орындаушылар өздерiнiң бiрлесiп жасаған қылмысы үшiн осы Кодекстiң 28-бабына сiлтеме жасамай, осы Кодекстiң нақ бiр бабы бойынша жауап бередi.

3. Ұйымдастырушының, айдап салушының және көмектесушiнiң жауаптылығы, олар бiр мезгiлде қылмысты қоса орындаушылар болып табылатын жағдайларды қоспағанда, жасалған қылмыс үшiн жазаны көздейтiн бап бойынша, осы Кодекстiң 28-бабына сiлтеме жасай отырып басталады.

4. Орындаушы өзiне тәуелсiз мән-жайлар бойынша қылмысты ақырына дейiн жеткiзбеген жағдайда қылмыстың қалған қатысушылары қылмыс жасауға дайындалуға немесе қылмыс жасауға оқталуға қатысқаны үшiн жауапқа тартылады. Өзiне тәуелсiз мән-жайлар бойынша басқа адамдарды қылмыс жасауға көндiре алмаған адам да қылмыс жасауға дайындалғаны үшiн қылмыстық жауапқа тартылады.

5. Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында арнайы аталған, қылмыстың субъектiсi болып табылмайтын, 29-бапта көзделген қылмысты жасауға қатысқан адам осы қылмыс үшiн оны ұйымдастырушы, оған айдап салушы не жәрдемдесушi ретiнде қылмыстық жауапқа тартылады.



  1. Қажетті қорғану — әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықгары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т. б. басқада игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылыкты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді құралы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет