35 билет
1. Қылмыс жасау сатыларының түсiнiгi мен маңызы.
2. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы.
3. Жаза тағайындаудың жалпы бастамалары.
Жауабы
Адамның қасақана яғни саналы және мақсатқа сай қызметі өзінің даму барысында бірқатар сатылардан өтеді. Алдымен, адамда қылмыс жасау ниеті пайда болады. Ол алдына белгілі бір мақсат қояды, оған қол жеткізу үшін тәсілдерді, орнын, уақытын ойластырады, қылмыс себебін нақтылайды.
Қылмыстың объективтік жағының мазмұны көптеген белгілерінің жинтығынан тұрады. Ең бастысы қылмыстық заң құрайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғатын және оның қол сұғу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет емесе әрекетсіздік). Қылмыстық құқытағы зиян қылмыстың объективтік жағының белгісі болып табылатын қоғамға қауіпті зардап деген ұғымды білдіреді. Қоғамға қауіпті іс-әрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгіні себепті байланыс деп атайды. Қылмыстың объективтік жағы – қылмыс жасаушының қылмыстық әрекетке байланысты мінез-құлқының ішкі жағы. Объективтік жақтың өзіне тән төмендегідей белгілері бар: 1) Қоғамға қауіпті әрекет немемсе әрекетсіздік; 2) Қоғамға қауіпті зардап; 3) Қоғамға қауіпті әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс; 4) Қылмыстың жасалу орны, уақы, жағдайы, тәсілі және құралы. Алғашқы үш белгілі объективтік жақтың негізгі белгілерін, ал соңғы факультативті белгісін құрайды.
?
Достарыңызбен бөлісу: |