15 дәріс Тотығу – тотықсыздану реакциялары. Электродтық үрдістер



бет3/9
Дата20.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#141212
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
15 лекция. Тотығу – тотықсыздану реакциялары. Электродтық үрдістер

Элементтің тотығу дәрежесі дегеніміз оның шартты электрондық заряды. Ол қосып алу формуласы арқылы есептелінеді және оң, теріс нөлдік мәнге ие болуы мүмкін, «+» немесе «–» таңбалары болады.
Тотығу дәрежесін есептегенде келесі заңдылықтарды қолдану керек:
1) Атом немесе молекула әрқашан элекртобейтарап, себебі олар да оң таңбалар теріс таңбалар санымен теңеседі;
2) Бөлшектің белгісі оны байланыстыратын электрондық жұбының жақын орналасуына байланысты;
3 Металдар катионы әрқашан оң зарядталады: Al3+,Na+,Ca2+;
4) Қышқыл қалдықтардың анионы әрқашан теріс зарядталады: NO3-, SO42-, PO43-;
5) Бейметаллдардың тотығу-тотықсыздану дәрежесі оң және теріс болуы мүмкін: N3-H4+, HN5+O3.


Сонымен қатар тотығу дәрежесін анықтау үшін келесі қағидалар қолданылады:
1 ) жай заттардың элементінің тотығу дәрежесі 0-ге тең; Na0 ; O20;
2) қосылыстарда сілтілік металдар (+1) тотығу дәрежесіне тең; K+1OH; Na+1Cl;
3) қосылыстарда жер сілтілік металдар (+2) тотығу дәрежесіне тең; Ca+2SO4;
4) қосылыстарда оттегі (-2) тотығу дәрежесіне ие; H2O-2;
ескерту: асқын тотықтарда (-1) ; ;
OF2 қосылысында (+2) тотығу дәрежесіне ие. 
5) қосылыстарда сутегі (+1) тотығу дәрежесіне тең; 
ескерту: металл гидридтерінде сутегі (-1) тотығу дәрежесіне ие; 
6) молекуланың құрамына кіретін барлық атомдардың тотығу дәрежелерінің алгебралық қосындысы 0-ге тең.
Күрделі заттардың тотығу және тотықсыздану қасиеті олардың құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесіне байланысты. Күкірт элементін мысалға алып, оның қосылыстарының тотықтырғыш –тотықсыздандырғыштық қасиеттерін қарастырайық. Күкірт мынадай қосылыстар түзе алады:
2- 4+ 6+
, H2SO3, H2SO4
Бұл қосылыстарда күкірттің тотығу дәрежесі H2S-те 2; H2SO3-те +4; H2SO4 +6.
Күкіртсутегінде H2S күкірт екі электрон қосып алып, тотығу дәрежесін көрсетіп тұр. Бұл жағдайда күкірт элементінің сыртқы электрондық қабаты аяқталған 8 электрондық қабатқа айналған. Демек, күкірттің одан әрі тағы электрон қосып алу мүмкіндігі жоқ, яғни күкіртсутегі тотықтырғыш бола алмайды. Керісінше, H2S-те күкірт сыртқы электрондарын беріп, тотығу дәрежесін арттыра алады ( 2 емесе т.б.). Сондықтан, күкірт H2S-те тек электрон беріп, тотықсыздандырғыш қасиетін көрсетеді.
Күкіртті қышқылда (H2SO3) күкірттің тотығу дәрежесі +4. Оның сыртқы электрондық қабатында тек екі электрон қалған. Демек, бұл жағдайда күкірт элементі сыртқы қабатты толықтыру үшін электрон қосып алады және сыртындағы қалған екі электронды бере алады. Сондықтан күкірт бұл қосылыста тотықтырғыш қасиет көрсете алады. Күкіртті қышқыл (H2SO3) өзінен күштірек тотықтырғышпен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш, ал күштірек тотықсыздандырғышпен әрекеттескенде тотықтырғыш болады.
Енді H2SO4 қосылысына келсек, мұнда күкірттің тотығу дәрежесі +6. Яғни күкірттің сыртқы қабатындағы барлық 6 электрон байланыс түзуге жұмсалған. Бұдан әрі күкірт электрон бере алмайды. Сондықтан H2SO4 қосылысы тотықсыздандырғыш қасиетін көрсете алмайды. Керісінше, бұл қосылыста күкірт сыртқы электрондық қабатын толтыру үшін тек электрон қабылдап, тотықтырғыш қасиетін көрсетеді.
Осы келтірілген мысалдан мынадай қорытынды шығаруға болады:
1. Егер қосылыс құрамындағы элементтің тотығу дәрежесінің мәні теріс болса, онда ол қосылыс химиялық реакция кезінде тек тотықсыздандырғыш болады.
2. Егер қосылыс құрамындағы элементтің тотығу дәрежесінің мәні, сол элемент көрсете алатын ең жоғары оң сан (N5+, S6+, Mn7+, Cr6+ т.с.с.) болса, онда ол қосылыс химиялық реакция кезінде тек тотықтырғыш болады.
3. Егер қосылыс құрамындағы элемент аралық тотығу дәрежесін көрсетсе, онда ол қосылыс химиялық реакция кезінде тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет