Мақсаты: Оқушылардың аталған пәндер бойынша білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:ойынның слайдтары, диапроектор, приборлар.
Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, т.б.
Формасы: ойын сабақ
Жүргізуші:
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қостайық,
Кешіккендерді тоспайық
Ғылымдардың ғылымы жайында,
Сайысымызды бастайық.
«МИФ әлемінде» ойын сайысы - Құрметті ұстаздар мен оқушылар «МИФ әлемінде» атты ойын сайысына қош келдіңіздер!
Ойынның шарттары: ТАНЫСТЫРУ (әр топ өз құрамын таныстырады)
«СҰРАҚ - ЖАУАП» (викториналық сұрақтар);
«СИҚЫРЛЫ КУБИК»
«АУКЦИОН» (берілген құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру); «КӨРЕРМЕНДЕРГЕ СҰРАҚ»
Сайысқа түсетін командалар өз топтарының құрамымен таныстырып өтсін.
І. ТАНЫСТЫРУ(Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады.)
ІІ. СҰРАҚ - ЖАУАП» (викториналық сұрақтар) 1-топқа: Математика.
1. Бағытталған кесінді (вектор).
2. 300 –дің 25% (75)
3. Sin 300 мәні? (1/2)
4.Дискриминаттың формуласы? ( Д=в2- 4ас)
5.Қабырғасы 5 см квадраттың ауданы? (25 см2)
6. Квадраттың фунуцияның графигі (парабола)
7. Қандай тригонометриялық функцияларды білесің? (sin.cos. tg. Ctg)
Информатика 1. Ақпарат деген не?
2. Компьютер мен адам арасындағы арақашықтық қанша болу керек? (50-70 см)
3. Пернетақтада қанша перне бар? (101,102)
4. Шартты оператордың қызметші сөздерін ата.(егер, онда, әйтпесе)
5. Алгоритм деген не?
6. Компьютерлік графиканың неше түрі бар? (2)
7. Интернет беті қалай аталады?(сайт)
Физика Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )
Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/
Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/
Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/
Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/
«Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)