Тарихи дамудың барысында құрылған туыстас тілдер тобы өз ішінде бірнеше кіші топтарға бөлініп отырады. Мысалы; славян тілдері өз ішінде 3 топқа – шығыс, батыс, оңтүстік славян болып бөлінеді. Салыстырмалы-тарихи метод туыстас тілдер деректерін салыстыра келіп, ол тілдегі ортақ бір тектес элементтерді, ортақ форма мен грамматикалық категориялардың ары қарай дамуы мен өзгеруінде ерекшелік бар.Тілдер туыстас тілдер деп саналуы үшін, ең алдымен олардың лексикасында мағыналар жағынан біркелкі немесе өзара ұқсас дыбысталуы жағынан да бір-біріне жақын көптеген сөздер болуы шарт. Мысалы, қазақ тіліндегі ауыр, өзбекше-оғыр, қырғ-агыр, тат-авыр деген сөздің мағыналары бірдей, дыбысталуының ұқсас болып келуі - бұл сөздер бір негізден шыққандығын көрсетеді.
Ал түркі тілдерінің деректерінен мынадай ерекшелікті байқаймыз аяқ-бұт деген сөз арқылы беріледі. Бұл ерекшелік қырғыз, алтай, ұйғыр тілдерінде бар. Түркі тілдерінде жыл мезгілімен тәуліктің әр кезеңінің аттары бір-бірімен ұқсас келеді. Тілдердің туыстас тілдер деп саналуы үшін олар грамматикалық құрылысы жағынан жақын, бір тектес келуі шарт. Мысалы, славян тілдері деп аталатын тілдерде (орыс, поляк, чех, болгар т.б.) сондай-ақ түркі тілдер деп аталады. Тілдер бір-біріне жақын туыстас тілдер екенін олардың грамматикалық құрылысына тән септелу, тәуелдену, көптелу, жіктелу жүйесінен сөз тудыру жолдарынан, сөздер бір-бірімен тіркесу, өзара байланысу ерекшелігінен байқауға болады. Тілдер шығу тегінің бірлігіне, материалдық туыстығына қарай әр түрлі тілдік семьяға, топтарға бөліп қарастыруға болады. Роман тілдері (испан, итальян, румын ) өзара туыстас тілдер бір негізден - латын тілінен шыққан. Тілдер туыстығы, өзара жақындық дәрежесі әр түрлі болады. Қазақ, ноғай, қарақалпақ- қыпшақ –ноғай тобына енсе, азерб, түрік-оғуз-селдьжук тобына енді. Әр топқа енетін қаз.т мен азерб.тілі ортақ және ұқсас қарағанда бір топқа енетін: қарақалпақ, қазақ, ноғай тілдеріне ортақ белгілері мол.