151 Отан тарихы №4 (92) 2020



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата18.04.2023
өлшемі273,76 Kb.
#84029
түріКнига
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Отан тарихы №4 (92) 2020
Алашорда үкіметімен әзірбайжан, татар, қырғыз, өзбек, башқұрт секілді бірқатар 
түркі-мұсылман халықтарының ұлттық саяси элитасы өкілдері байланыс орнатуға 
күш салды. Тіпті, қырғыз ұлттық саяси элитасы өкілдері «Алаш» партиясы атынан 
Бүкілресейлік құрылтай жиналысына сайлауға түсті және екінші жалпықазақ съезіне 
қатысып, Алашорда үкіметі бағдарламасы аясына тартылуға әзір екендіктерін де 
танытқан болатын. Сол тарихи кезеңде башқұрт саяси элитасының өкілдері Алашорда 
үкіметімен бірлесе отырып ұлттық мүддені қорғауды көздеді.
Башқұрт ұлттық саяси элитасы өкілдері 1917 жылы мамырда 830 делегаттың 
қатысуымен Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде Ресейдің болашақ 
мемлекеттік құрылысы мәселесі талқыланған кезде ұлттық-территориялық автономия 
идеясын қуаттап, Башқортстанның Қазақстанмен және Түркістанмен бірлесе 
территориялық автономия құруын жақтайтындықтарын танытты (Протоколы 
Всероссийского мусульманского съезда, 1917:318). Бұл жәйтті башқұрт халқының 
көрнекті қайраткері Зәки Уәлиди Тоған өз естелігінде атап та көрсеткен (Заки Валиди 
Тоган.1994:183). 
1917 жылы 20-21 шілде күндері 70 делегаттың қатысуымен Орынбор қаласында 
өткен бірінші жалпыбашқұрт съезінде де башқұрт ұлттық саяси элитасы өкілдері ұлттық-
территориялық автономияны жақтап, бұны өзге түркі-мұсылман халықтарымен бірлесе 
жүзеге асыру қажет деген шешімге келген еді (Юлдашбаев , 1992:64). 
Бірінші жалпыбашқұрт съезімен бірге сол сәтте Орынбор қаласында бірінші 
жалпықазақ съезі де өткен-ді. Соған орай екі жақтың бірін-бірі қуаттап отыруына, өзара 
құттықтаулармен жолдауына мүмкіншілік жеңіл болды. Екі съезде де қабылданған 
бірқатар қарарлар өзара үндесіп жатты. Дегенмен екі съезде қабылданған шешімдерде 
өзгешелік те болатын. Мәселен, бірінші жалпықазақ съезінде қазақ халқының саяси 
партиясының құрылуы қажет деп саналып, бұл партияның жобасын жасау Бүкілресейлік 
мұсылман кеңесіне сайланған қазақ өкілдеріне жүктелсін деген шешім қабылданса, 
ал бірінші жалпыбашқұрт съезінде башқұрттардың ұлттық қозғалысына жетекшілік 
ететін, Шуро (Кеңес) құру туралы қаулы шығарылып, Шуроның құрамы бекітілді. 
Құрамына Шариф Манатов, Гариф Мутин, Сағит Мрясов, Ильдархан Мутин, Усман 
Куватов, Харис Юмагулов, Зәки Уәлиди Тоған секілді башқұрт ұлттық саяси элитасы 
өкілдері енген Шуро башқұрт халқының мүддесін өзге халықтармен бірлікте қорғау 
қажет деп санап, бұл бағытта бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруға талпынды. 
Осындай талпыныс барысында Әзірбайжанмен және Украинамен байланыс орнатылды 
(Заки,1994:198). 
Шуро территориялық автономия жариялауға ашық ниет танытқан халықтармен 
байланысты қарқынды жүргізді. Ал мемлекеттік құрылыс мәселесінде мәдени автономия 
идеясын жақтаушылармен Шуроның байланысы қайшылықты жағдайда өрбіді. 
Бұл ретте Шуроның мәдени автономияны қолдаған татар ұлттық саяси элитасы 
өкілдерімен байланысын атап өтуге болады. Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман 
съезінде татар қайраткерлері мұсылман халықтарының мәдени автономия алуы ұлттық 
мүддені қорғауда тиімді екенін негіздеуге күш салған еді. Олардың пайымдауынша, 
мәдени автономия жағдайында мұсылман халықтары бір-бірінен бөлектенбей, бір 
мемлекет аясында бірлесе ұлттық мүддені қорғауға мүмкіндік туатын, сондай-ақ 
әр жерде шоғырланған (Астрахандағы, Қазандағы, Қырымдағы, Сібірдегі, Балтық 
бойындағы) татарлар территориялық автономия жағдайында бір-бірінен ажырап қалатын 
(Умумий Русие мөселманлари съездиниң қаралари, 1917:7)
Мәдени автономия идеяны С. Мақсуди, Гаяз Исхани секілді бірқатар татар халқының 
саяси элитасы өкілдерімен бірге Солтүстік Кавказ мұсылмандарының өкілі саналатын 
Бүкілресейлік мұсылман кеңесінің төрағасы А. Салихов (Цаликов) та қолдады. Олар 
өздерінің мұндай ұстанымын 1917 жылы 21 шілдеде Әзірбайжаннан, Түркістан өлкесі 
мен Қырымнан келген делегаттардың қатысуымен Қазан қаласында өткен екінші 
Бүкілресейлік мұсылман съезінде дәлелдеуге тырысып бақты (Программные документы, 
1985:41).
Екінші Бүкілресейлік мұсылман съезімен қатар сол кезде Қазан қаласында мұсылман 
дін иелері мен мұсылман әскерилерінің съезі өткен еді. Осы үш съезге қатысушылар 
22 шілде күні бас қосқан жиналыс өткізіп, Бүкілресейлік құрылтай жиналысына 
қарамастан ішкі Ресей және Сібір мұсылмандарының мәдени автономиясын жариялады 
(ҚРОММ,186:1). «Түркі-татарлардың ішкі Ресей мен Сібірдегі ұлттық-мәдени 


160


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет