151 Отан тарихы №4 (92) 2020



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата18.04.2023
өлшемі273,76 Kb.
#84029
түріКнига
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Отан тарихы №4 (92) 2020
оңтүстік - батысындағы Ақеділге барып құятын Дем өзенінің табиғаты сұлу, осы өлкеден 
талай ақындар мен жазушылар шыққан: С. Аксаков, Мұса Джалил, Сайфи Құдаша және 
Мұстай Карим (Шаймерденова, 2016:123)
XIX ғасыр – Башқұртстан мен Қазақстан тарихындағы, башқұрт және қазақ 
халықтарының тағдырындағы ең бір ауыр кезең еді. Бұл ең алдымен саяси –елдік 
тәуелсіздігінен айырылған башқұрттарды, қазақтарды экономикалық тұрғыдан одан 
әрі қарай отарлау ғана емес, сондай-ақ рухани мәдени тұрғыдан отарлау, башқұрт және 
қазақ қоғамының алдыңғы қатарлы қоғамдық ой иелерін, еркіндік идеяларын, ұлттық 
теңдік пен әлеуметтік гармонияны өз бойында сақтап қалған тұлғаларды басу дәуірі еді. 
Бұл ғасыр Башқұртстан мен Қазақстанның рухани атмосферасына тән сопылықтың 
ықпалымен байланысты. (Шаймерденова, 2016:234).
XIX ғ. аяғында - XX ғ. басында Ресей империясының түрік-мұсылман халық 
ағартушылығында маңызды және шешуші кезең «жәдидшілдіктің» ықпалымен жаңа оқу 
әдіснамасы басталды. «Жәдидшілдік» термині «ысул-және жәдид» («жаңа әдіс») ұғымымен, 
татарларда (алдымен қырым татарларында ) ағартушылықтың барысында «жаңа әдіс» 
жүйесінің қалыптасуымен байланысты еді.
Қазіргі зерттеушілер жәдидшілдікті мұсылмандықтың ерекше құбылысы, XIX –XX ғғ. 
тоғысындағы діни-ағартушылықтағы реформаторлық ағымы ретінде қарастырады. Оның 
негізінде мұсылман мектептерінде азаматтық пәндерді және оқуда жаңа әдістерді енгізу 
жатыр. Жәдидшілдер сондай-ақ мектептерде ұлттық тілде оқыту, исламды реформалау 
және оны аймақты буржуазиялық дамуға бейімдеу, білімге дін басыларының ықпалын 
шектеу, ұлттық өнер мен әдебиетті дамыту, әйел теңдігі мәселелерін көтерді. 1905-1907 
бірінші орыс революция жылдарында жәдидшілдер елдің саяси реформасын талап етті. 
Атап өтетін жәйт жәдидшілдердің ағартушылық және реформаторлық ұмтылыстары 
тек қана мектеп білімін өзгерту ғана болған жоқ, олар ұлттық рухани мәдениетті де 
қамтыды. Жәдидшілдер уақыт сұранысына жауап табып, конфессионалды мектептерді 
реформалауды талап етті. Білім беру жүйесіндегі діни пәндерден басқа ғылыми пәндерді 
беретін медресе жанындағы мектептерден ірі қазақ мәдениетінің қайраткерлері
А. Құнанбаев, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, Б. Майлин және т.б. шықты. Жәдидшілдердің 
алдыңғы қатарында модернистер болды. Олардың көшбасшылары қозғалысты батыс 
өркениетіне қарсы интеллектуальді мұсылмандардың жауабы деп түсіндрді, яғни ислам 
және ұлттық рухты қорғаушысы ретінде қарастырды. А. Бенигсен жәдидшілдікті ислам 
өркениетінің «жақұты» деп бағалады. Жәдидшілдіктің басты себебі ол патша үкіметінің 
түрік халықтарын орыстандару және шоқындыру саясатына қарсы күрестен шықты.
Түрік бірлігі мен ислам бірлігі идеялары қазақ далаларында да кең тараған. 
ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарынан 1917 жылдарына дейінгі кезеңде Қазан университетінде 
30-ға жуық қазақ баласы, Санкт-Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ жастары 
білім алды. Бұлардың арасында Б. Қаратаев, Б. Құлманов, Б. Сыртанов, А. Тұрлыбаев
Ж. Досмұхамедов, М. Шоқай, А. Бөкейханов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышпаев және т.б. 
бар. Қазақ балалары Қазан қаласындағы «Мухаммедия», Уфадағы «Ғалия», Орынбордағы 
«Хусайния» медреселерінде де білім алған. Уфадағы аталмыш медреседе 1907-1917 
жылдар аралығында білім алған 950 шәкірттің 154-і қазақ болған. Кезінде бұл медресені 
атақты қазақ жазушылары Мағжан Жұмабаев, Жиенғали Тлепбергенов, Бейімбет 
Майлин бітірген. «Ғалия» медресесінің шәкірттеріқазақ әдеби тілін дамыту мақсатында 
1915 жылдан бастап «Садақ» атты апталық қолжазба журнал шығарған. Оның редакторы 
Б.Майлин, кейіннен Ж.Тлепбергенов болды (Султангалиева, 2001:38).
Кеңес Одағы ыдырағаннан бергі кезеңде жарық көрген еңбектерде түркі-мұсылман 
халықтарының азаттық күрес тарихына, Башқұрт автономиясы мен Алашорда, Түркістан 
сияқты ұлттық автономиялық үкіметтердің құрылуы мен қызметіне объективті тұрғыда 
ғылыми бағалар беріліп, оның түркі халықтарының мемлекеттілігі тарихында ерекше 
маңызға ие екендігі нақтылана түсті. Соған орай, Алашорда үкіметі мен Башқұрт ұлт-
азаттық қозғалысы тарихына қатысты зерттеулер жүргізудің ауқымы да кеңейді. 
Бұған соңғы жылдары Алаш қозғалысы қайраткерлерінің өмірі мен қоғамдық-саяси 
қызметіне және Алашорда үкіметіне жекелеген өңірлердің қатысы мәселесіне арналған 
зерттеулердің жүргізілуі дәлел бола алады. Дегенмен, Алашорда үкіметіне қатысты әлі 
де қарастырылмай келе жатқан мәселелер баршылық. Ондай мәселелер қатарына 
Алашорда үкіметінің түркі-мұсылман халықтарының ұлттық саяси элитасы өкілдерімен 
байланысын жатқызуға болады. 


159


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет