151 Отан тарихы №4 (92) 2020



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата18.04.2023
өлшемі273,76 Kb.
#84029
түріКнига
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Отан тарихы №4 (92) 2020
Ресей алдында қарыздар болып қалады.Шона батырды қазақ елінің құрметтегені 
соншалық, Барақ сияқты итаршылардың қолына түспей-ақ жасы жетіп қартайғанша 
өмір сүріп, қазақ арасында дүниеден өтеді. Мұның бәрі Орта жүз батырлары мен 
билерінің башқұрт халқына Әбілқайыр сияқты әскери жәрдем бермесе де, осындай 
туысқандық көмек көрсеткенін айғақтайды. Қорыта айтқанда, қазақ елінің басшылары 
Әбілқайыр саясатын, яғни оның Ресейге қарсы күресін әрқашанда қолдағанын 
көрсетеді(Ақтөбе обл. қоғамдық-саяси газеті, 2009). Мысалы, Шоқан Уәлиханов жинаған 
және бір құжатта қазақтар мен башқұрттардың қайтадан мәмілеге келіп дос тасып 
кетуінен қауіптенген Ресей үкіметі Жоғарғы Ертіс бекінісінің секунд-майоры Нелюбовқа 
«…чтобы киргиз кайсаки, с башкирами не помирились…» деген қатаң ескертпесі сақталған 
(Валиханов, 1964:267-268).
Бірыңғай күштеу шаралары арқылы бағындыру мүмкін еместігіне көзі жеткен 
үкімет кейбір жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. 1786 жылы Уфа губерниясы құрылып
башқұрттар отырықшылыққа көше бастады, мешіт-медреселер салуға рұқсат етілді. 
Дегенмен патша өкіметі отырықшы башқұрттардың арасына орыс шаруаларын 
орналастырып, жыл сайын олардың санын көбейте түсті. Уфа, Орынбор сияқты қалалар 
ірі сауда орталықтарына айналып, оларға көршілес Қазақ даласы, Орталық Азия 
елдерінен сауда керуендері жиі келіп тұрды. Бекіністерде жергілікті халықтар арасынан 
үкіметке қажетті ұсақ шенеуніктер дайындау үшін орыс мектептері ашылды. Бұл 
мектептер мен медреселерде башқұрт және басқа да халықтардың көптеген зиялы 
азаматтары білім алды. 
Башқұртстан мәдениеті дәстүрлі ұлттық мәдениет арнасында қалыптасты. Ежелден 
іргесі ажырамаған тұрмысында, тілінде, салт-санасында ұқсастықтар көп қазақ пен 
башқұрт туысқан халықтар болғандықтан, Алтын Орда, Ноғай Ордасы кезеңдерінен 
қалған батырлар мен билер туралы көптеген жыр-дастандар екі халыққа да ортақ. Ауыз 
әдебиетінде ерекше жетілген жанр - қобайыр (қазақтың толғауына жақын). «Ақбоз 
ат», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Кусак бей», «Кунгур бұқа» секілді эпикалық жырлар 
башқұрт тарихының әр түрлі кезеңдерін бейнелейді. Терме жанры да жақсы 
дамыған. «Салауат», «Орал» сияқты тарихи жырлары, башқұрт әдебиетінің көптеген 
нұсқалары ауызша айтылып, қолжазба түрінде тараған. Башқұрт әдебиетінің тарихын 
С.Юлаев (1752-1800), Т. Ялсыгул (17871838), Ә. Қарғалы (1784-1825), Г. Салихов (1794-
1867), Ш. Зәки (1825-1865) секілді ақындар қаласа, кейіннен М. Ғафури (1880-1934), 
ұлты қазақ М.Камалетдинұлы (Ақмолла) (1831-1895), Құдаш, тағы басқа дамытты. 
Қазақ, татар поэзиясында елеулі із қалдырған Ақмолла ақын башқұрт әдебиетіндегі ірі 
тұлға. Мифтахетдин Ақмолла ХІХ ғасырдағы башқұрт поэзиясының ірі өкілі, ұлттық 
әдебиеттің әрі қарай дамуына ықпал еткен ақын. Ақмолланы көп ұлттар башқұрттар, 
татарлар, қазақтар өзінің ағартушысы әрі түркі-мұсылман халықтарының тарихындағы 
ислам мәдениетінің ірі тұлғасы ретінде таниды. Ол ежелгі түрік тілін тек жетік 
деңгейде ғана біліп қана қоймаған, сондай-ақ шығыс поэзиясының терең мағыналы, 
оқуға жеңіл шебер тілді жаңа түрлері мен үлгілерін жасап шығарды. Ақмолла Салават 
Юлаевтан кейін халқының ауыр жағдайына көкірегі қан жұтып «Менің башқұрттарым!» 
деп жар салған ұлтының екінші перзенті. Ақмолла өзінің әлеуметтік жағдайымен, 
қызметінің шеңберімен және талантының ұлылығымен ерекше тұрған тұлға. Башқұрт 
және қазақ халқына жақын, халықпен біртұтас болып біріккен дәл Ақмолладай басқа 
ешкімді де жоқ шығар. Ол нағыз халық шешені — ақын-импровизатор, дана, жетекші. 
Оны басқа атақты шешендермен қатар қоюға болмайды, себебі Ақмолла оқыған адам, 
көп ғылымдармен таныс болған, араб, парсы тілдерін білген, өзінің тиянақты аяқталған 
концепциясы бар, қоғамдық өмірдің көп жақтарына нығыз көзқарастары қалыптасқан 
философ. Міне, осы аталғандардың бәрі оны ХІХ ғ. түркі-мұсылман халықтарының 
рухани тарихындағы ғұлама ойшылы тұрғысынан қарастыруға мүмкіндк береді 
(Ахметвалиева, 2011:25б).
Ақмолла аңызға толы еңбекқор ақынның, күрескер ақынның өмірін кешті. Оның 
өмірлік және творчестволық жолы — бұл өз халқына, прогресстік қоғамға деген шексіз 
қызмет етудің тамаша үлгісі. Халқы сүйіп Ақмолла (таза, ұлағатты ұстаз деген мағынада) 
деп атап кеткен Мифтахетдин Камалетдинұлы 26 желтоқсанда 1831 жылы бұрынғы 
Оренбург губерниясының Белебеевск уезінің, Күлильменек болысында, Тоқсанбай 
ауылында (қазіргі Башқұртстан Республикасының Миякин ауданының, Тоқсанбай 
ауылында) Камалетдин Ишқожа молланың отбасында дүниеге келген. Башқұртстанның 


158


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет