151 Отан тарихы №4 (92) 2020



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата18.04.2023
өлшемі273,76 Kb.
#84029
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Отан тарихы №4 (92) 2020
дейін оның орысша жалған аудармасын пайдаланып келдік. Бұрынғысы мен жаңа 
аудармасын төменде көрсетіп отырмыз.Мынау осы уақытқа дейін қаншама ұрпақты алдап 
келген Әбілхайыр хатының бұрынғы аудармасы: Послание в Петербург ее величеству 
Величайшей, благородной, богатой и умной обладательнице многих земель, ее величеству 
государыне императрице ежедневно, ежемесячно и ежегодно желаем божией милостью 
благополучного государствования. Наше заявление Вашему величеству состоит в том, 
что с подданным Вам башкирским народом, который находится за Уралом, у нас близких 
отношений не было. Желая быть совершенно подвластным Вашему величеству, я посылаю 
своего посланника вместе с Вашим подданным Алдарбаем. Этот Алдарбай требовал 
посланника от нас к Вашему величеству, и поэтому мы, Абулхаир хан с подвластным 
мне многочисленным казахским народом Среднего и Малого жузов, все преклоняемся 
перед Вами, являемся Вашими слугами и все вместе в простым народом желаем Вашего 
покровительства и ожидаем Вашей помощи, чтобы с подданным Вам башкирским 
народом, находящимся за уралом, жить в согласии.
Желаем Вам всякого благополучия и будем Вашими подданными. (Передали): Сеиткул, 
Главный посланник Куттумбет с товарищами. Асты сызылып қара әріппен берілген 
сөздер мен сөйлемдер хат түпнұсқасында жоқ. Сол тарихи құжаттың дұрыс аудармасы 
төменде берілген. Әбілхайыр хаты Ресей арнайы жіберген Алдарбай деген кісінің 
өтінішімен жазылған. Осыдан түсінуге болатын мәселе Әбілхайыр башкұрттармен достық 
қатынасты қалпына келтіруге аса ынталы болғаны. Төменде Амантай Исин аударып 
жариялаған сол хаттың дұрыс нұсқасы берілген:Величия и милости высокой, государства 
превыше, правящей землями ее величеству белой великой императрице обращаемся с 
обыденным намерением. Изо дня в день, из месяца в месяц, из года в год государство 
да пребывает в здравии и приумножается. Наше заявление Вашему величеству 
следующее. С народом Вашего величества уральским ештек-башкортами меж нами нет 
согласия. Теперь желая получить под покровом Вашего императорского величества 
защиту и спокойствие, посылаю, присоединив к лесной дороги уральскому ештеку 
подданному Вашему Алдарбаю, своего посла. Поскольку этот Алдарбай просил посла к 
Вашему императорскому величию, мы, Абулхаир хан, сорок санов казахов, Средней и 
Младший жузы со всеми подвластными мне караша склоняем голову. Ярлык: с Вашими 
слугами уральскими ештеками хотим достичь согласия. С Вашим ярлыком да будем в 
согласии. Посланный посол Сеиткул во главе с Кутлуметом с товарищи.
Осынау тарихи хаттың қысқаша мазмұны мен міндеті төменде Ярлык бойынша 
қарасақ, башқұрт халқымен арадағы бұзылған достық қатынасты қалпына келтіру 
болатын… Бодандық туралы ештеңе айтылмаған. Бодан болуға ант беру де солай. 
Шындыққа он қайнаса сорпасы қосылмайтын жалған ақпарат. Жалпы Әбілқайырды 
қазақ елі керемет құрметтейтінін көрген Патша өкіметі, келешекте қазақ еліне оны 
ұмыттыру мақсатымен бір ғасырдан соң Левшинге кітап жаздырды. Сонда Левшин 
1830 жылғы кітабында Әбілқайырды бірнеше рет ант берді деп жазған. Оның Орынбор 
басшыларымен барлық кездескендерін ант берді деп жазуының өзі осы мәселенің шикі 
екенін аңғартады. Сөйтіп, Патша өкіметі Әбілхайырды қазақ елінің бүгінгі ұрпағына 
жексұрын етіп көрсетуге қолы жетті… Әбілқайыр өмір бойы Ресейге қарсы күрескен 
себепті ата жауы болды. Оны талай рет өлтірмекші болды, ақыры оның өлімін Неплюев 
жақсылап ұйымдастырды. 1748 жылы Әбілхайыр өлтірілген соң оның балаларына 
әкең өзі бізге бодан болуға уәде берген деп сол тарихи хаттың өзін емес, орысша жалған 
аудармасын көрсетіп, қазақ жеріне кінә артқан. Әбілқайыр тұсында бодандық туралы 
айту мүмкін емес еді. Себебі, ол бодан болса орыстармен өлгенінше соғыспас еді.
Енді тарихи хат жаздыру туралы идея І Петрдікі болғанын көрсететін мәліметтерге 
тоқталайық. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей І Петр Парсы жорығы алдында Астраханға 
келгенінде Тевкеловке мынандай бұйрық берген сол құжатта: «стараться, …несмотря на 
великие издержки, хотя бы до миллиона держать, но токмо, чтоб только одним листом 
под протекцию Российской империи быть обязались»… деп жазылған. І Петрдің бұл 
арманы өзі өлген соң 6 жылдан соң орындалғанын білеміз. Бірақ бұл хаттың мазмұны осы 
уақытқа дейін айтылып келгендей бодан болуға берілген хат емес еді. Башқұрт елімен 
бұрынғы достықты орнату үшін жазылған хат еді. Алайда осы уақытқа дейін біз оның 
орысша жалған аудармасын пайдаланып келіп нақақтан Әбілхайыр сынды тарихи 
тұлғаны айыптап келіппіз (Исин, 2001:2). Әрине, бұл басқа мақаланың үлесінде. Біздің 
бұл жерде айтпағымыз, осы бір қазақ халқына жасалған кезекті қиянаттың өзі де 


156


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет