151 Отан тарихы №4 (92) 2020



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата18.04.2023
өлшемі273,76 Kb.
#84029
түріКнига
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Отан тарихы №4 (92) 2020
Башқұрт үкіметі ұлттық әскери жасақ құрумен қатар Самарадағы Комучпен
Алашорда үкіметімен және Жайық казактарымен бірлесіп қарсыластары жөнінде 
мәлімет жинайтын құпия қызмет жүйесін құрды. Баку қаласына құпия тапсырмамен 
Башқұрт үкіметі атынан Г. Үмбатаев жіберілді. Башқұрт үкіметінің агенттері кеңестік 
билік тарапынан талқандалған Қоқан автономиясының бірқатар мүшелерімен байланыс 
жасап, кеңестік билікпен бірлесе күресу жолдарын қарастырды. Кеңестік билікпен 
күресте Башқұрт үкіметі өз әскерінің қолбасшысы генерал Гришин-Алмазовтың 
нұсқауларын басшылыққа алып отыратындығына келісім беріп, Сібір үкіметі тарапынан 
қаржылай көмек алуға қол Алашорда үкіметімен өз әрекеттерін бір ізге түсіру 
мақсатында Семей қаласына Башқұрт үкіметінің мүшесі Сейітгерей Магазов жіберілді.
С. Магазов Семейде Алашорда үкіметінің төрағасы Ә. Бөкейхановпен және Түркістан 
(Қоқан) автономиясының бұрынғы премьер-министрі М. Тынышбаевпен кездесіп, 
Башқұрт үкіметі мен Алашорда үкіметінің қалыптасып отырған саяси ахуал жағдайдағы 
ұстанымдары қандай болуы керектігі жайлы мәселені қарастырды. Күн тәртібіне 
қарастыруға қойылған мәселелердің қатарында Германия мен Жапонияға қатынас 
мәселесі де болды. Башқұрт үкіметі мен Алашорда үкіметі егер де Германия казактармен 
байланыс орната қалғандай болса, онда Германиядан қол үзіп, Жапонияның Сібірдегі 
өкілдерімен байланыс жасауға, сонымен қатар ұлттық қозғалыстың Ресейдегі күрес 
ауқымынан шығып кетпеуіне көңіл бөлінетін болды (Заки Валиди, 1994:249).
1918 жылы маусымда атаман Дутовтың Орынбор қаласын азат етуіне орай 
Башқұрт үкіметі Орынборға қайта көшті. Сол кезде Алашорда үкіметінің өкілі болып 
табылатын С. Қадырбаев та Орынбор қаласына келіп орналасты. Орынборда Башқұрт 
үкіметі төрағасының орынбасары міндетін өз қолына алған Зәки Уәлиди Тоған 
Алашорда үкіметінің өкілі С. Қадырбаевпен башқұрт және қазақ әскерлерін бірлестіріп
біртұтас қарулы күш етіп құру мәселесін қарастырып, қазақ-башқұрт әскери бөлімдерін 
азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыз ету жайын бірлесіп шешіп отырды 
(БРОТМ, 7:11).
Зәки Уәлиди Тоған мен С. Қадырбаев Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелерінің 
комитеті мен Уфа директориясына башқұрттар мен қазақтардың ұлттық-территориялық 
автономиясы жайлы талап-тілектерін білдіріп, оны қорғау жолында әрекеттер жасады.
1918 жылы тамыз бен қыркүйек айларында Самарадағы Құрылтай жиналысы 
мүшелерінің комитеті Мемлекеттік кеңес өткізіп, оған түркістандық, қазақстандық және 
Еділ-Орал өңіріндегі татарлар мен башқұрттардың өкілдерін де шақырды. Мемлекеттік 
кеңес жұмысы кезінде Башқұрт үкіметі мен Алашорда үкіметі мүшелері бірегей 
ұстанымда болып, ұлттық-территориялық автономия идеясын жақтайтындықтарын 
танытты. Осы кеңеске қатысқандардың қатарында Алашорда үкіметінің төрағасы 
Ә. Бөкейханов пен Башқұрт үкіметінің төрағасы Зәки Уәлиди Тоған да бар еді. 
Самарада өткен Мемлекеттік мәжіліске қатысқан түркістандық өкілдермен бірге 
Алашорда үкіметі мен Башқұрт үкіметінің мүшелері «Оңтүстік-шығыс мұсылман 
облыстарының федерациясын» құру жайын да қарастырды. Бұл мәселені талқылауға
көрнекті татар қайраткері Ж. Ақшора да қатысқан еді. Ол Башқортстан, Қазақстан және 
Түркістанды қосу арқылы жасалатын мемлекеттік құрылымды «Шығыс түріктерінің 
федерациясы» деп атауды ұсынды. Бірақ Ә. Бөкейханов бұл ұсынысқа түзету енгізіп, 
«келешекте осылай атау дұрыс болар, ал әзірше орыстардың «пантүркизм» деген 
жаласынан сақтану үшін «Шығыс Ресейдің мұсылман федерациясы» деп аталғаны жөн 
дейді. Өкінішке орай, аталмыш идеяны сол тарихи кезеңде жүзеге асыру мүмкін 
болмай қалды. 
1918 жылы 18 қарашада адмирал Колчактың Уфа директориясының мүшелерін 
тұтқынға 
алып, 
Самарадағы 
Құрылтай 
жиналысы 
мүшелерінің 
комитетін 
мойындамайтынын жариялады, ұлттық автономия идеясын қолдамайтынын білдірді. 
Кеңестік билікпен күрестегі күштер Колчактың бұл әрекетін «мемлекеттік төңкеріс» 
деп бағалады. Соған орай, эсерлер партиясы Колчакқа қарсы күш біріктіру керек 
деп шешіп, оған түркі-мұсылман халықтарының өкілдерін де тартуды көздеді. 
Эсерлер партиясының жетекшілері Орынбор мен Жайық казактарының демократиялық 
қанатының өкілдерін және самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетінен 
өкілдер шақырып, Башқұртстандағы Қызылмешітте арнайы жиналыс ұйымдастырды. 
Бұл жиналысқа түркістандықтар атынан М. Шоқай мен В.Чайкин, Алашорда үкіметінен 
Зәки Валиди Тоған қатысты. Бірақ та бұл жиналыста Колчакқа қарсы күш біріктіре 


162
Отан тарихы №4 (92) 2020
қимылдаудың жоспары жасалынып үлгермеді. Өйткені, бұл жиналыс жайлы Колчак 
армиясына мәлімет түсіп, жиналысқа қатысушыларды тұтқынға алу үшін арнайы әскер 
жіберілуіне орай жиналыс жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған еді.
Осы оқиғадан кейін 1918 жылы 5 желтоқсанда эсерлер партиясының орталық 
комитеті «большевиктерге қарсы күресті тоқтатылсын, демократияның барлық күші 
Колчак диктатурасына қарсы жұмылдырылсын» деген қаулы қабылдады. Колчактың 
режимі Башқұрт үкіметіне де ұнай қоймады. 1918 жылы 21 қарашада Башқұрт үкіметінің 
мәжілісінде Башқұрт автономиясын кеңестер мойындайтын болса, онда онымен келіссөз 
жүргізу мәселесі қаралып, Башқұрт үкіметінің әскерлері қызыл әскерлерге қарсы 
әскери қимылдарын тоқтатсын деген шешім қабылдады. Башқұрт үкіметінің кеңестік 
билік платформасын қабыл алатындығы жөніндегі шешімін Алашорда үкіметінің 
батыс бөліміне Зәки Уәлиди Тоған хат жолдау арқылы білдірді. Ол бұл хатында 
большевиктермен жақындасу шарасыздықтан, Колчактың башқұрт қозғалысына 
дұшпандықпен қарауынан туындағанын атап көрсетті (Типеев, 1929:41).
1919 жылы 22 ақпанда Башқұрт үкіметі арнайы бұйрық шығарып Башқортстан 
жеріндегі билік Башқұрт революциялық комитетінің қолына көшетіні жөнінде бұйрық 
шығарды. Келесі күні Башревкомның мәжілісі өтіп, халық комиссариаттарына сайлау 
өткізілді. Башревкомның төрағасы болып Зәки Уәлиди Тоған сайланды.
Осылайша елдегі жерде Қызыл армияға қарсы күрескен башқұрт ұлттық саяси 
элитасы өкілдеріне кеңестік билік үшін, «Башқұрт кеңестік республикасы» үшін 
күресуге тура келді. Бірақ та бұл ендігі жерде башқұрт және қазақ ұлттық саяси элитасы 
өкілдерінің ұлттық мүддені бірлесе қорғау жолындағы әрекеті доғарылды дегенді 
білдірмейтін.
Кеңестік билік жағдайында да башқұрттар мен қазақтардың саяси элитасы өкілдері 
ұлттық мүддені қорғауда ұйымшылдық таныта білді. Бұл әсіресе Калинин мен Рыков 
жетекшілік еткен «Қазақ-башқұрт комиссиясының» жұмысы кезінде айқын аңғарылды. 
Бұл комиссия өз жұмысы барысында орыс халқының мүддесін көздеп, Қазақстан мен 
Башқұртстан аумағында орыс губернияларын – «Орынбор орыс губерниясы» мен 
«Орал орыс губерниясын» құруды мақсат тұтқан еді. «Орал орыс губерниясы» құрылған 
жағдайда Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) аумағы Қазақстаннан жырақ қалатын, «Орынбор 
орыс губерниясы» құрылған жағдайда Еділ-Орал өңірлеріндегі башқұрттар мен татарлар 
Орталық Азиядағы түркі-мұсылман халықтарының көршілесі болудан айырылатын. 
Міне, осындай жағдайда Башқұрт ревкомының төрағасы Зәки Уәлиди Тоған 
қазақтардың А. Байтұрсынов секілді қайраткерлерімен байланыс орнатып, «Қазақ-
башқұрт комиссиясының» жымысқы әрекетіне қарсылық танытып, 1919 жылы 13 
желтоқсанда В.И. Лениннің атына мынандай мазмұндағы хат жолдады: «Қазақ-башқұрт 
өлкесінде кеңестік ұлттық-территориялық автономия» құруда мыналар ескерілсін:
1) Қазақ-башқұрт билік орындары мен орыс билік орындары арасындағы жанжалдар 
доғарылсын, бірақ та бұл жанжалды доғару келімсек орыс кулактары болып табылатын 
тұрғындар пайдасына шешілмесін.
2) а) Қазақ және башқұрт республикалары біріктірілсін, ә) қазіргі Орынбор 
губерниясы Орынбор қаласымен бірге Қазақ-Башқұрт Республикасы құрамында болсын
б) Орынбор қаласы қазақтар мен башқұрттардың саяси, мәдени-экономикалық орталығы 
болсын, в) Орынбор қаласы мен Орынбор губерниясы Қазақ-Башқұрт Республикасы 
құрамына енгізілісімен облыстарға бөлініп, онда казактар мен орыстардың қоныстана 
беруіне мүмкіндік жасалсын.
3) Қазақ-башқұрт үкіметі жанында орталықтан тағайындалған екі өкіл болсын, оларға 
орыстар мен түземдіктер арасында туындаған жанжалды ушықтырмай жергілікті жерде 
шешу міндеті жүктелсін.
4) Саяси жұмыстар жүргізуді биік деңгейге жеткізу үшін оны түземдіктер арасындағы 
саяси жұмыс деп екіге бөле жүргізу қажет» (РМӘСТМ, 938:1).
Осы хаттың мазмұнынан башқұрттар мен қазақтардың ұлттық саяси элитасы 
өкілдерінің ұлттық мүддені бірлікте қорғауға деген талпынысын айқын аңғаруға болады. 
1919 жылы қазақ, башқұрт және өзбек халықтарының саяси элитасы өкілдері кеңестік 
билік жағдайында ұлттық мүддені қорғауды жүзеге асыратын саяси ұйым құру жолында 
да әрекеттенді. Бұл істе Зәки Уәлиди Тоған белсенділік танытты (БРОТМ,107:37). 
Кейіннен бұл партия «Түркістан социалистік «Ерік» партиясы» деген атпен бой көтерді.
Жалпы қорыта айтқанда, алаш қозғалысы мен башқұрт ұлттық саяси элитасы өкілдері 


163
Отан тарихы №4 (92) 2020
арасындағы байланыстың негізінде екі халықтың жарқын болашағына қол жеткізу деген 
ниет жатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет