151 Отан тарихы №4 (92) 2020



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата18.04.2023
өлшемі273,76 Kb.
#84029
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Методология. Мақаланы жазуда нақты бағалаулардың бейнесін көрсете отырып
тарихты өркениеттілік пен ұлттық тұрғыдан жаңаша пайымдаудың әдістері қолданылды. 
Салыстырмалылық, саралау, талдау және қорыту, тарихи-салыстырмалы, жүйелілі-
құрылымдық, теориялық таным, түсіндірмелі-баяндау, тарихи құбылыстарды бағалау және 
т.б. сияқты ғылыми, философиялық, әлеуметтанушылық, тарихи зерттеу әдістері кешенді 
түрде қолданылды.
Зерттеу жұмысында басшылыққа алынған негізгі идеологиялық тұжырымдама – 
гуманистік таным заңдылығы және өркениеттілік құндылықтар тұрғысынан пайымдау 
болып табылады. 
Теориялық негізін ғылыми танымның тарихилылық, нақтылық, шынайылық және 
құбылыстардың бағалылығы мен жүйелілігі принциптеріне негізделген зерттеулердегі 
тұжырымдар құрайды.
Негізгі бөлім. Көшпелі башқұрттар (түрк. — «бас бөрілер») туралы алғашқы жазба 
деректер IX - X ғасырлардан бастап кездеседі. Ибн Руст 903 жылы «башқұрттар өз алдына 
дербес ұлт, олар Едiл, Қама, Тобыл және Жайықтың жоғарғы ағысы аралығындағы 


153
Отан тарихы №4 (92) 2020
Орал тауларының екi жағында да қоныстанған» деп жазды. 1229 жылы қазіргі 
Башқортостан жеріне Бату әскерлері басып кіріп, 1236 жылы толық жаулап алды. 
Сөйтіп, башқұрттар қазақ халқының да негізін құраған тайпалармен бірге бірнеше 
ғасыр бойы бір мемлекет құрамында болды. Жошы ұлысының құрамына кiрген 
башқұрттардың осыдан кейiнгi тағдыры күреспен өттi десек артық айтпаймыз. Алтын 
Орда ыдырағаннан кейін башқұрт тайпалары Ноғай Ордасының, кейбір бөліктері Қазан 
және Сібір хандықтарының құрамына енді. 1557 жылы башқұрттар Ресей империясы-
ның шапқыншылығына ұшырады да, Ноғай, Сібір хандықтарымен қоса Ресей отарына 
айналды. Ресей патшалығының қол астына өтсе де, башқұрт ұлты iс жүзiнде өзiнiң 
тәуелсiздiгiн сақтады. Бiрақ, бұл ұзаққа созылған жоқ. Ресей өкіметінің башқұрттарды 
аяусыз қанауы, шенеуніктердің әділетсіздігі XVII - XVIII ғасырларда бірнеше халық 
көтерілістеріне алып келді. Түрiк халықтарының басым көпшiлiгiнiң мойнына тағылған 
орыстың темiр ноқтасы башқұрттарға да iлiндi. Жалпы тарихта Қазақстанда отаршылдық 
Әбілқайырдың Ресейге қосылу шешімінен басталады, оның орыстарға сүйеніп ұлы 
хандық билікке ұмтылуы жайлы жазылады. Абуев Қ.Қ. «Әбілқайырдың ресейлік 
бодандыққа өтуде жеке бас мүддесінен өзге басқа да себептер болғаны айқын. 
Мәселен, Әбілқайыр мақсаты өзінің солтүстік батыс иеліктерін Еділ қалмақтары мен 
башқұрттардың, Жайық казактарының шабуылдарынан қауіпсіздендіру, сауда 
саттықты дамыту болды. Алайда, Әбілқайыр үшін бұл басты себептер болмағанын 
кейінгі іс әрекеттерінен айқын аңғарылады» делінген (Абуев, 2016:377). Мұрағат 
деректерінде Абылай сұлтан 1737 жылдардан бастап кездесе бастайды. Бұл кезеңде орыс 
патшасының Азия бағытындағы ашық саясаты қазақтарға ғана емес, сонымен бірге 
белгілі бір дәрежеде қазақтарға үнемі қауіп төндірген башқұрттардың өздеріне де 
секем алдырып, Ресейге қарсы кезекті ұлт-азаттық күресі жанданып жатқан болатын. 
Отарлық қамытты мәңгілік кимеу үшін, «орыстардың башқұрттарды талқандап, 
үлкендерін өлтіріп, жастарын солдатқа алып, балаларын шоқындыруды бастағандығын» 
алға тартқан 40 башқұрт елшісі 1737 жылы 30 сәуірде Әбілмәмбет сұлтанға келген. 
Көп ұзамай башқұрт елшілері Әбілқайыр мен Сәмеке хандарға, маусым айында Абылай 
сұлтанға да жетеді. 1737 жылы тамызда Ноғай жолының башқұрттары Әбілмәмбетке 
жолығып, Абылай сұлтанды өздеріне хан ретінде тағайындауын. Сөйтіп, осы жылы 
Абылайдың атағы қазақтан асып башқұртқа жеткен. Абылай башқұрттарға бармағанымен, 
оларды қазақ руларына қабылдауға шешім қабылдады. Содан башқұрттардың бірнеше 
жүздеген түтіндері қоңырат, керей рулары арасына көшкен. Әбілмәмбеттің өзі ұлысы 
45 башқұрт түтінін қабылдаған. Кейін Абылай башқұрт елшілерін ертіп, «келісімге 
келіп, ортақ шешім қабылдау үшін» Әбілқайыр ордасына аттанған. Бірақ Әбілқайыр 
бұл мезгілде, яғни 1737 жылы 12 тамызда Орынборға кеткен болатын. Патша өкіметі 
Әбілқайыр ханды башқұрттарға қарсы айдап салуға тырысқанымен, туысқан халықтар 
тіл табыса білді. Башқұрттар Әбілқайырды хан ретінде мойындап, башқұрт қызына 
үйлендірді. 1738 жылы көктемде орыс аманатындағы Ералы сұлтанды босатуға 
бағытталған бірлескен шаралар қолға алынды. Содан башқұртқа Күшік хан, Әбілқайыр, 
Абылай сұлтандар, өзге де қазақ батырлары бастаған 30 мың қол келіп жеткен (Қазақстан 
тарихы порталы, 2013). 1738 жылдың наурызынан бастап Әбілқайыр қазақ, башқұрт 
халықтары атынан сөйлеп, шекарадағы орыс қорғандарынан олардың сауда-саттығына 
кедергі жасамауды талап етіп, «башқұрттар өзара келісімге келді» деген хаттармен орыс 
өкіметіне шыға бастайды. 1740 жылы 19 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Орынборда қазақ-
орыс келіссөзі өтеді. Оған Әбілқайыр ұлдары Нұралы, Ералы сұлтандар, Жәнібек батыр, 
24 тамызда Әбілмәмбет хан және Абылай сұлтан қатысқан. Әбілмәмбет хан генерал-
лейтенант В. Урусовқа Абылай қарамағында «үш рулы ел бар» деп таныстырды.
1735-1740 жылы башқұрт көтерілістеріне патша үкіметінің башқұрт жеріне 
әскери қамалдар тұрғызуы себепші болды. 1735 жылы Уфадан шыққан жасақ Ор өзенінің 
бойында әскери бекініс орнатуға кірісті. Бұған қарсылық ретінде 1735-36 жылы елдің 
оңтүстік-батыс және оңтүстік аудандары көтеріліп, 1737 - 39 жылы елдің шығыс бөлігіне 
ауысты. Мұнда көтерілісшілер Сібір жолына өз бақылауларын орнатты. Көтерілісті 
ірі башқұрт ақсүйектері ахун Кильмяк Нурушев, Акай Кусюмов, батырлар Юсуп 
Арыков пен Тюлькучура Алдағұлов, молдалар Бепеня Трупбердин және Юлдаш 
Сюярымбетовтар басқарды. Көтерілісшілер бекіністер мен үкімет әскерлерін, орыс 
шаруалары қоныстанған қыстақтарды талқандады. Көтеріліс көсемдері Кіші жүз ханы 
Әбілқайырдың көмегіне сүйеніп, Ресей үкіметінен бөлініп шығуды армандады. Ресей 


154


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет