16. Нұржан мен Сапарғали айтысы


ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ағартушылық – демократтық бағыт



бет3/3
Дата08.11.2022
өлшемі26,84 Kb.
#48654
1   2   3
20. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ағартушылық – демократтық бағыт
XX ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары болды. Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Сералин, Барлыбек Сыртанов, Бақытжан Қаратаев, Жанша Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдулғазиз Мұсағалиев… бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрес дәуірі болды. Дәуір болмысының шындығы, саяси ахуалы көркем әдебиетке зор ықпал-әсер етті. Осыған орай қазақ әдебиетінде азатшылдық, ағартушы-демократтық және туған топырақтан нәр алған ұлттық қасиет бағыттары өріс алды. Осындай прогресшіл бағыттардың алдыңғы сапында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, С.Дөнентаев және т.б. болды. Қазақ халқының бодандықтан бостандыққа ұмтылған арман-тілектері азатшылдық идеясын насихаттаған «Оян, қазақ!» (М.Дулатов), «Тілек батам», «Жұбату» (А.Байтұрсынов), «Бостандық» (М.Жұмабаев), «Алаш ұраны» (С.Торайғыров), т.б. авторлардың шығармаларынан көрініс тапты. Сонымен бірге, қазақ жұртшылығының кежегесінен кейін тартқан жалқаулықты, алаауыздықты сынап, оларды ерінбей еңбек етуге, оқу-білімге, әртүрлі өнердің түрлерін үйренуге шақырған ағартушылық бағыттағы өлеңдер туды. Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына есімдері тарихта беймәлім болып келген алаш азаматтарының қайта оралуы халқымыздың сана-сезімін бір сілкіндіріп, рухани өмірімізге өлшеусіз серпін бергені тарихи ақиқат. Сондықтан, да біртуар ұлдарымыздың өмірі мен халық үшін атқарған қызметін жан-жақты, терең зерттеу, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау – бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәселе. Әдебиет және ағартушылық–демократтық бағыт. Орыс әдебиетінің әсері. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ағартушылық–демократтық бағыт. Өкілдері. Ағартушылық–демократтық бағыттағы ақын–жазушылар шығармаларының ерекшелігі және тақырыбы. Бұл бағыттағы әдебиет пен діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет арасындағы айырмашылық. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ағартушылық–демократтық бағыт және қазақ топырағында роман мен балладаның алғашқы ұшқындарының өмірге келуі. Бұл бағыттағы ақын – жазушылар шығармаларының көркемдігі. Ағартушылық – демократтық бағыттағы әдебиет пен діни – ағартушылық бағыт ұстанған әдебиет арасындағы байланыс

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет