№17 (110) 3 қыркүйек, 2015 жыл б үгінгі күннің талабы – білім



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата08.02.2017
өлшемі9,24 Mb.
#3664
1   2   3   4   5   6   7

Мәдина АЙТПАЙ

жаратылыстану-техникалық   

факультетінің 2-курс білімгері.

Ж

аз айында Герман Федеративті Республи-



касы  Гете институтының стипендиясы негізінде 

Берлин қаласында біліктілікті жетілдіру семина-

рына қатысып қайту мүмкіндігіне ие болдым. Білім 

қоржынын толтыра түссем деген ниетпен Берлин 

қаласына жол тарттым.

ҰСТАЗ ҰЛЫ ТҰЛҒА

«Халыққа білім беру сала-

сында жүрген адамдардың 

өзіне тән ерекше бір 

қасиеттері, мінез-құлқы бо-

лады. Сол қасиеттердің  бірі  

- мейірмандық,  шәкіртке де-

ген ерекше  жылы сезім және 

ұлтжандылық. Біздің бас 

кейіпкеріміз жаратылыстану-

техникалық факультетінің 

«кәсіптік оқыту» кафедрасының 

доценті, техника ғылымдарының 

кандидаты Сарбасов Ерназар 

Қаспайұлының 

бойында осының 

бәрі  бар. 

аға  инженер  болып    қызметке  орналасады. 

«Талпынған жетер мұратқа» деген  осы емес 

пе?

Астындағы арғымақ-көлігімен жүйткіп жүріп 



талай игі істерді атқарады. Еңбексүйгіштігінің, 

елгезектігінің, 

тындырымдылығының 

арқасында  ұжымда абырой арттырып, алғысқа 

бөленеді.  Көп  өтпей  аталмыш  бірлестіктің 

Алажиде  станциясындағы  бөлімшесін,  одан 

кейін  ДМ-Фрегат  Талдықорған  аймағындағы 

бөлімшесін басқарады. 

Теориялық    білімі  терең,  тәжірибесі  мол 

инженер-механик    маманды    әкімшілік 

басқару  орындары    дұрыс  пайдалану-

ды  көздейді.  Оқыған-білгенін,  көрген-

түйгенін  жастарға  үйретсін  деген  мақсатпен 

Талдықорған 

индустриалды 

технику-


мын  да  оқытушы  болып    қызмет  етуді 

ұсынады.  Ұстаз  Ерназар  шәкірттерін 

біліммен  сусындатып,  еңбекпен    шыңдайды.   

Механик 


техникалық 

құралдардың  

дәрігері  деген қағиданы саналарына құяды.  

Техниканың  қай түрі болмасын тек тілін ғана 

түсініп  қоймай,  оның  жүрегіне  үңіліп,  соғуын 

тыңдай  білу тиіс  екендігін ұқтырады.

Білікті    мұғалім  1986  жылы    бұрынғы 

Талдықорған 

педагогикалық 

институ-

ты  қазіргі  І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу 

мемлекеттік университетіне аға оқытушылық  

қызметке  ауысады. Енді ол білімнің шыңына 

жетіп,  шапағатын  шәкірттерге  молынан 

шашуға  талпынады.  Ол  үшін  ірі  ғылыми  

орталарда  дәріс  алып,  жан-жақты    жетілу  

қажеттігін ұғады.  Сол мақсатпен 1988 жылы 

Ленинград  қаласындағы  ауыл  шаруашылық 

Академиясына  ізденуші  болып  тіркеліп,  

ғылыми  жұмыспен  айналысады.  Алған 

ғылыми    жұмысын  терең  зерттеп,  тамаша 

тәмамдайды.    Университетте  оқытушылық  

жұмысын  жалғастырып,  ұжымда    үлкен  бе-

делге  ие  болады.  1999  жылы      Қазақ  көлік 

және  коммуникациялар  академиясында  

«Жүк көтеру және тасмалдау машиналардың 

бөлшектерін плазмамен ерітіп, қаптау арқылы 

қалпына  келтіру  тәсілдері»    тақырыбында 

диссертациялық  жұмысын  қорғап,  техни-

ка  ғылымдарының  кандидаты  дәрежесін 

алады.  Ғалым  Ерназар  Қаспайұлының      38 

ғылыми  мақалалары    әртүрлі  баспалар-

да  жарық  көрген.  Оның  ішінде:  Томсон  Рей-

тер  компаниясының  (ISI  Web  of  Knowledge, 

Thomson Reuters) ақпараттық базасында  2 

мақаласы бар. 

Ұлы хакім Абайдың  «Жақсыдан үйрен...» 

деген    сөзі  Ерағаңа  арналып  айтылғандай.  

Бүгінде  жетпістің  желкесін  басып  отырған 

тау  тұлғалы,  текті  тұқымды,    сабырлы 

мінезді,  қорғасын  сөзді  Ерназар  ағамыздан  

жастардың  үйренері  әлі    көп.    Ол  кісі 

ешқашан  біреуге  қабақ  шытып,  көңілін 

қалдырған  жан  емес.  Немесе    білген-

түйгенім,  оқыған-тоқығаным  көп  деп  кеуде  

керіп кісімсіген кейпін көрген емеспіз. Қашан  

да  қарапайымдылықтан      аспай,  ақжарқын 

пейілімен  жанымызды  баурап,    бауыры-

на  тартып,    кең  құшағын  жайып  жүргенін 

көреміз.  Отбасында  екі қыз, бір ұлды өнегелі 

тәрбиелеп,  жоғары  білім  беріп,    «қыздарын 

қияға,  ұлын  ұяға»  қондырған,  болашақ 

ұрпағының    қанатын  кеңге  жайдырған  

Ерағаңа  жетпіс  жасыңыз  құтты  болсын 

дегіміз  келеді.  Әманда  Жетісудың  ұстаз-

ғалымдары санатындағы дәрежеңіз асқақтай 

берсін.  Алла    қосқаныңызбен    қосақтасын, 

жеңгеміз жүзге жеткенше Сізді құшағынан бо-

сатпасын!.. 

                                

Айтбай РАХЫМБЕКОВ,

     профессор, кәсіптік оқыту                                

кафедрасының меңгерушісі.


Жетісу 

университеті



АТА ЗАҢҒА - 20 ЖЫЛ

бейсенбі,  3 қыркүйек,

2015 жыл

5

   


Ә

рбір қазақ үшін Консти-

туцияны білудің  маңызы зор, ол 

жөнінде  Президентіміз 

Н.Ә. Назарбаев: "Құқықтық 

мемлекетке, демократиялық 

қоғамға тән заңдылық 

қағидасын қатаң сақтай 

алсақ қана, ол борышты адал 

ақтап, ол мақсатқа қапысыз 

жете аламыз. Конституция-

ны білу, заңдылықты сақтау 

– құқықтық мемлекет құрудың 

бірінші шарты"- деген еді.



Ата заңның тарихи маңызы                                            

 

Ата  заң  –  мемлекет  құрылымын,  оның 



қандай  жолмен  дамитындығын  белгілейтін 

ең  басты  құжат.  Жиырма  жылдан  бері 

қолданыстағы 

Конституциямыз 

еліміздің 

құқықтық  мемлекет  ретінде  орнығуына  үлкен 

үлес  қосты.  Қоғамды  демократияландыру-

да  конституциялық  реформаның  маңызы  зор 

екендігі  жиі  айтылады.  1995  жылы  30  маусым-

нан  30  шілдеге  дейін  Конституцияның  жобасы 

бүкілхалықтық  талқылауға    берілді.  Консти-

туция  жобасына  31886  ұсыныс  пен  ескерту 

жасалды.  Осы  талқылаудың  нәтижесінде 

Конституцияның  98  бабының  55  бабына  1100 

түзету  мен  қосымшалар  енгізілді.  Осылайша, 

республикалық  референдумда  жаңа  Конститу-

цияны қазақстандықтардың 82 пайызы қолдады. 

Шетел  тәжірибесіне  талдау  жасалғанымен, 

Ата  заңымызда  өзіміздің  «менімізді»  көрсетіп 

тұратын  қағидалар  бар  екенін  де  атап  өткім 

келеді.  Әлемнің  бәсекеге  қабілетті  елдерінің 

принциптерімен  сабақтас  «қазақстандық  мо-

дель  де»  осы  Ата  заңымызбен  айқындалды. 

Бүгінде  еліміз  1995  жылғы  Конституцияға 

сүйеніп,  келешектегі  даму  жолын  түпкілікті 

таңдап алды.

Тарихқа  жүгінсек,  республикамызда  бірнеше 

Конституциялар өмірге келген. Соның алғашқысы 

1926 жылы 18 ақпанда Қазақ АССР-і Орталық 

атқару комитетінің ұсынысымен тұңғыш Консти-

туция  жазылғанымен  РСФСР  Орталық  атқару 

комитеті оны бекітпегеннен кейін күшіне енбеген. 

Сосын  1937  жылы  26  наурызда  Жалпықазақ 

кеңестерінің X төтенше съезі қабылдап, бекіткен 

Конституция  дүниеге  келген.  Қырық  жылдық 

ғұмыры болған осы құжаттың орнын 1978 жылы 

20  сәуірдегі  «кемелденген  социализм»  аталған 

заманның  Конституциясы  басқан  болатын. 

Міне,  осы  құжат  Тәуелсіздіктің  алғашқы  жыл-

дарында  жазылып  қабылданған,  1993  жылғы 

28  қаңтардағы  Қазақстанның  төл  Ата  Заңы 

қолданысқа  енгенге  дейін  өмір  сүрді.  Елдің 

Егемендігін  танытатын  1993  жылғы  тұңғыш 

Конституция  мемлекетіміздің  тәуелсіздігін  ең 

жоғарғы  заң  тұрғысында  саяси-құқықтық  си-

патта  алғаш  бекіткен  құжат  боды.  Бұл  тұңғыш 

Коституцияның  мемлекет  тарихында  алатын 

орны  туралы  Елбасы  «Қазақстан  жолы»  атты 

кітабында былай деп жазады: «Тәуелсіздігімізді 

алғаннан  кейін  бізге  бүгінгі  өмір  шындығымен 

және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен 

ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа 

деген  сенімді  жинақтаған  Негізгі  Заң  қажет 

болды.  Тәуелсіз  Қазақстанның  Конституциясы 

ашық  және  демократиялық  қоғам  орнатудың 

негізгі  принциптерін  баянды  етуге  тиіс  бола-

тын». 

Енді осы Конституцияның мәні мен маңызына 



келетін  болсақ,  бұл  құжат  Президенттің 

көрсеткен  мақсаты  бойынша  төрт  басты 

мәселеге  жауап  беруі  және  соған  жағдай  жа-

сауы  тиіс  еді.  Оның  біріншісі  –  мемлекеттік 

билікті  басқарудың  барлық  жүйесін  нығайту, 

екіншіден  –  экономикалық  реформаны  жүргізе 

отырып,  елді  сол  кездегі  терең  дағдарыстан 

шығару,  үшіншіден  –  жас  мемлекеттің  сыртқы 

саясатын  қалыптастыру,  төртіншіден  –  ішкі 

саяси  тұрақтылықты  қамтамасыз  ететін 

заңдық  негіздерді  Ата  заңда  көрсету.  Алай-

да, жоғарыда қамтылған төрт мақсатты шешіп 

беретін  баптар    тұңғыш  Конституцияның  жо-

басында  барынша  қамтылмады.  Елбасы  да 

оның саяси, әлеуметтік-экономикалық үдерістен 

алшақ  қалғанын  алға  тартты.  Сөйтіп,  уақыт 

өте келе, заман ағымы мен сұранысына қарай,  

Ата  заңымыздың  кейбір  тұстары  нарықтық 

қоғамдағы  өзгерістерге  сәйкес  келмейтіні 

байқалды.  Мәселен,  мемлекеттік  билікті  бөлу 

қағидаты  тұрғысынан  қарағанда  республика-

да  біртұтас  мемлекеттік  органдардың  жүйесін 

қалыптастыра  алмағанын  аңғарар  едік.  Сол 

тұстағы  оқиғаларға  келсек,  депутаттыққа 

үміткерлердің бірі шағым жасап, соның негізінде 

XIII  шақырылған  Жоғарғы  Кеңеске  сайлау  

бойынша  Орталық  сайлау  комиссиясының 

кейбір  актілерін  Конституциялық  cот  1995 

жылдың  6  наурызында  Ата  Заңға  кереғар  деп 

таныды. Оның ақыры Жоғарғы Кеңес қызметінің 

тоқтауына  әкеліп  соқты.  Осындай  олқылықтар 

жаңа  Негізгі  Құжаттың  қажеттілігін  туындатқан 

болатын. Сондықтан да арада екі жыл өткенде 

1995  жылы  қазіргі  Негізгі  заң  –  Конституция 

қабылданды.  Осылайша,  тәуелсіздік  жылдары 

Қазақстанның  мемлекеттігін  айқындаған  Ата 

заң екі қайтара түледі.

Осыдан  жиырма  жыл  бұрын  бүкілхалықтық 

референдумда қабылданған Ата заң Қазақстан 

азаматтарының  күнделікті  өміріне  қажетті 

сұрақтардан бастап, стратегиялық маңызы бар 

мәселелерді  шешуге  негізделген 

құжат. Оның басты көздейтін нысаны 

–  адам  және  оның  өмірі,  құқықтары 

мен  бостандықтары.  Конституция 

осы жылдар ішінде жас мемлекеттің, 

билік пен басқару жүйесін жан-жақты 

нығайтып  қана  қоймай,  ел  эконо-

микасын  түбегейлі  реформалауға, 

сыртқы  және  ішкі  саясаттың  оң 

нәтижелі  жүзеге  асуына  ықпал 

жасады.  Қоғамда  азаматтардың 

құқықтары  мен  бостандықтарын 

орнатты.  Бір  сөзбен  айтқанда,  Ата 

заң – қоғам дамуының түпқазығына 

айналды.  Біздің  заң  әлемдегі  ең 

жас  Конституция.  Қазір  толысу  мен 

толығу үстінде. Даму мен өркениеттің 

жолына  түскен  еліміздің  қазіргі  Ата 

заңы  қазақстандық  азаматтардың 

құқығын  қорғауда  көпке  дейін  қызмет  жасары 

сөзсіз.  Кез  келген  өркениетті  мемлекеттің  өз  

конституциясы 

болады. 


Елдің 

саяси, 


экономикалық  және  әлеуметтік  тұрақтылығы 

көп жағдайда сол Конституцияның, яғни Негізгі 

заңның  дұрыс  жұмыс  істеуіне  байланысты 

болмақ. 


Негізгі 

заң 


Тәуелсіз 

Қазақстанның 

қоғамдық  және  мемлекеттік  құрылысының 

іргелі  қағидаттарын  бекітіп,  демократиялық 

институттардың  дамуына  мықты  қуат  берді. 

Қоғамдық  татулық  пен  саяси  тұрақтылық, 

бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық 

даму,  қазақстандық  патриотизм  және  мем-

лекет  өмірінің  аса  маңызды  мәселелерін 

демократиялық  әдістермен  шешу  республи-

ка  қызметінің  түбегейлі  принциптері  болып 

бекітілді. Мемлекетіміздің Конституциясы  - бұл 

біздің  бірлігіміздің,  татулығымыздың  кепілдігі, 

биліктің барлық буынының жолға қойылған  тиімді 

жұмысы, еңбек ету, лайықты өмір сүру және жан-

жақты үйлесімді даму үшін адамның құқықтары 

мен  бостандықтарын  бекіту,  ұлтаралық  келісім 

мен  елдің  гүлденуі  болып  табылады.  Консти-

туция  Қазақстан  азаматының  өмір  сүруге,  сөз 

және шығармашылық еркіндігіне, сонымен қатар 

дін  ұстанымы  еркіндігіне,  еңбекке,  демалысқа, 

денсаулық  қорғауына,  ақысыз  орта  білім 

алуына  және  жеке  адамның  қадір-қасиетіне 

қол  сұғылмау  құқығына  кепіл  болады.  Әрбір 

қазақстандық  азамат  біздің  Конституциямызда 

жария  етілген  демократиялы  құндылықтардың 

сақталуына жауапты. Татулығы жарасқан қазақ 

елінің,  Қазақстан  халқының  қарымды  істері 

бүгінде  әлем  жұртшылығы  үшін  үлгі-өнегеге 

айналды.  Мұның  өзі  біздің  Ата  Заңымызда 

бүкіладамзаттық  құндылықтар  мен  өркениеттік 

игіліктердің қамтылғанын айғақтайды.

Конституция  -  еліміздің  ұлттық  саяси-

құқықтық  жүйесінің  мәйегі,  мемлекеттілігі  мен 

егемендігінің  заңдық  негізі,  республиканың 

сөзсіз  жетістіктері  мен  Елбасы  көрсетіп  бер-

ген  өршіл  мақсат  –  Қазақстанның  әлемдегі 

ең  дамыған  30  елдің  қатарына  кіру  жолында 

одан  әрі  үдемелі  даму  үдерісі  арқа  тірейтін 

іргетасы. Ағымдағы жылы аталып өтетін Қазақ 

хандығының  550  жылдығы,  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы  мен  Конституциямыздың  20 

жылдығы  өзара  тарихи  тығыз  байланыста  жа-

тыр. Өйткені, еліміздің Ата Заңы «Қасым ханның 

қасқа  жолы»,  «Есім  ханның  ескі  жолы»,  Тәуке 

ханның  «Жеті  жарғысы»  секілді  Қазақ  елінің 

алғашқы  құқықтық  актілерінің  әлеуетін  сақтап, 

негізін жалғастыруда. Елбасының «Мәңгілік Ел» 

ұлттық идеясымен ұштаса түсуде. 

  

Ербол БЕИСОВ,



                     заң факультетінің деканы.

Тәуке  хан  билік  құрған  жылдары  ол 

белгілі  заң,  құқық  жүйелері  арқылы  қазақ 

мемлекеттігін қалыптастыра бастады. Сөйтіп,  

әкімшілік  басқару  процесіне  «билер  кеңесі 

енгізілді. Бұл процесс қазақ хандығының са-

яси жүйесімен қатар мемлекеттің ішкі сыртқы 

саясатын  жүргізуде  де  орасан  зор  рөл 

атқарды. 

  «Жеті  Жарғының»  алғашында  қағазға 

түскен  нұсқасы  да  бар  болуы  мүмкін  деген 

жорамалдар  бар.  «Жеті  жарғы»  7  бөлімнен 

тұрады: 

1. Жер дауы. Онда меншік құқығы мен нор-

малары реттеліп жайлаулар мен су қорларын 

пайдалану бір жүйеге салынып отырды. 

2.  Жесір  дауы.  Онда  жесірлермен  жетім 

қалғандардың жеке бастарының құқығы және 

олардың мүліктеріне иелік реттеліп отырумен 

бірге  ағайындарымен  қарым-қатынастары 

қалыпты жүйеге түсірілді. 

3. Отбасы-неке құқығының нормалары. 

4. Сот процессін жүйеге түсіруші нормалар. 

5. Мемлекетті басқару және әскери істерге 

байланысты құқық нормалары. 

6.  Айып  төлеуге  байланысты  қылмыстық 

құқық нормалары. 

7.  Құн  төлеуге  байланысты  қылмыстық 

құқық нормалары. 

"Жеті  Жарғының"  бізге  жеткен  қазіргі 

нұсқаларының бір-бірінен өзгешеліктері бар. 

Оның қазақша нұсқасы бізге жетпеген. Бізге 

жеткені  XIX  ғасырдың  алғашқы  ширегінде 

орыс ғалымдары жазып алған нұсқалары. 

Қазақ  ғалымдарының  ішінде  Жеті  Жарғы 

туралы  алғашқы  пікір  білдіргендердің  бірі 

-  Ә.Х.Марғұлан.  Ол  «Жеті  Жарғыны»    жеті 

жарғыш,  яғни  жеті  әділ  қара  қылды  қақ 

жарған билердің билігі дегенді қолдады. 

Сондай-ақ,  атақты  тарихшы  А.Левшиннің 

1832 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген 

"Описание  киргиз-казачьих  или  киргиз-

кайсацских,  орд  и  степей"  атты  кітабында 

келтіріледі.  Оның  кітабы  бойынша  жеткен 

"Жеті  Жарғы"  заңдар  жинағының  қазақша 

ықшамдалған аудармасы мына төмендегідей: 

- қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, 

оған ердің құнын төлеу (ер адамға - 1000 қой, 

әйелге - 500 қой); 

-  ұрлық,  қарақшылық,  зорлық-зомбылық 

жасаған  адам  өлім  жазасына  кесіледі,  жа-

заны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге 

болады; 

- денеге зақым келтірілсе, соған сәйкес құн 

төленеді (бас бармақ - 100 қой, шынашақ - 20 

қой); 


- төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе 

артық төленеді; 

-  егер  әйелі  ерін  өлтірсе,  өлім  жазасы-

на  кесіледі  (егер  ағайындары  кешірім  жа-

саса,  құн  төлеумен  ғана  құтылады,  мұндай 

қылмысты  екі  қабат  әйел  жасаса,  жазадан 

босатылады);

- егер ері әйелін өлтірсе, ол әйелінің құнын 

төлейді; 

-  ата-анасы  өз  баласының  өлімі  үшін 

жауапқа  тартылмайды,  ал  анасы  баласын 

қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі; 

- өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді; 

- егер екі қабат әйелді атты кісі қағып кетіп, 

одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін - бес 

ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға - әр айына 1 

түйеден (анықтама үшін: 100 түйе - 300 атқа 

немесе 1000 қойға тең); 

- әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс 

болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне 

немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс, 

егер  жігіт  өзі  зорлаған  қызға  қалың  төлеп 

үйленсе, жазадан босатылады; 

-  әйелі  ерінің  көзіне  шөп  салу  үстінде 

ұсталса,  ері  оны  өлтіруге  хақылы,  бірақ 

қылмысты  сол  сәтінде  жария  етуге  тиіс; 

әйелінен  сезіктенген  еркектің  сөзін  4  сенімді 

адам дәлелдеп беру керек. Егер олар теріске 

шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан 

босатылады;

- біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып 

қашқан  адам  өлімге  бұйырылады  немесе 

ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімімен 

әкетсе,  күйеуіне  қалың  төлеп,  қосымшасына 

қалыңсыз қыз беруге тиіс; 

-  әйелді  ренжіткен  адам,  одан  кешірім 

сұрауға тиіс, сұрамаса, арсыздығы үшін айып 

салынады; 

- қан алмастыру (7 ата ішінде) өлімге неме-

се ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады; 

мұндай  қылмыс  бөтендердің  қарауына 

берілмейді; 

- құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде 

(қазақ  құлдарды  жалшы,  малшы  ретінде 

ұстап, кейін бөлек шығарып отырған); 

-  ата-анасына  тіл  тигізген  ұлды  мойны-

на  құрым  байлаған  күйі  қара  сиырға  теріс 

мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айна-

ла шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, 

анасының билігіне беріледі; 

-  ұрлық  жасаған  адам  үш  тоғызымен 

қайтаруға тиіс; 

- ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам 

екі бірдей жазаға тартылады; 

-  ерінің  ұрлығын  біле  тұра  хабарламаған 

әйелі  мен  баласы  жазаға  тартылмайды, 

өйткені  үлкеннің  үстінен  шағым  айту  әбестік 

саналады; 

- өсиет ағайындар мен молданың қатысуы 

арқылы жасалады; 

-  барымтадан  қайтқан  мал  төлімен 

қайтарылуға тиіс; 

-  дауды  шешу  билер  мен  ақсақалдарға 

жүктеледі; 

-  куәлікке  кемінде  екі  немесе  үш  адам 

жүреді. 


"Жеті  Жарғыда"  әкімшілік,  қылмыстық, 

азаматтық  құқық  мәселелерімен  қатар  от-

басы-неке,  салық,  дін,  тәрбие  т.б.  сияқты 

қоғамның  жан-жақты  мәселелері  көрініс 

тапқан.  Осыған  қарағанда  "Жеті  Жарғы" 

Тәуке  ханның  тұсында  қазақ  қоғамының 

барлық  жақтарын  түгел  қамтыған  әмбебап 

кондификацияланған  заңжүйесі  болған  деп 

қорытындылауға болады.                      

                          



Ә. РАМАЗАНОВА, 

Р. МУХМЕТОВА.

Жеті Жарғы – Дала Конституциясы

 Қасым ханның (1510-1523) кезіндегі "Қасым ханның қасқа жолы", 

Есім  ханның  кезіндегі  (1598-1628)  "Есім  ханның  ескі  жолы",  Тәуке 

ханның кезіндегі (1680-1718) "Жеті Жарғы" атты заңдар жинағы бүгінде 

Қазақстан Республикасының Конституциясымен сабақтасып жатқандай. 

Тәуке  ханның  «Жеті  Жарғысы»  Қазақ  Ата  заңдары  тарихында 

маңызы зор ірі ескерткіш, рухани мұра болып табылады. Жеті Жарғы – 

елдің елдігін, халықтың бірлігін сақтап, азаттығы мен тәуелсіздігі үшін 

жанкешті күреске үндейтін, арды шыңдап, намысты қайрайтын, адалдық 

пен әділдікке бастайтын  Дала Конституциясы. 


Жетісу 

университеті



6

бейсенбі, 3 қыркүйек, 

2015 жыл

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН

САЛТ-ДӘСТҮР

Жастар қалай сөйлейді?

Жасыратыны жоқ, қазіргі 

таңда жастардың 

Қыз жасауы

Ұзатылып  жатқан  қыз  жаңа  қоныстарын 

керек-жарақпен  жабдықтау  мақсатында 

отауға  күнделікті  өмірге  қажетті  затта-

рын  арқалай  келген.  Ұлдың  ата-анасының 

міндеті  енші  беру  болса,  қыздың  ата-

анасының  міндеті  қыз  жасауын  әперу 

болған.  Бүгінде  бұл  дәстүр  өзгеріске 

ұшырады.  Барлық  ата-ана  ұлына  жаңа 

пәтер әперіп, бөлек шығаратындай қауқарға 

ие емес. Соған қарамастан қыз жасауының 

түгел болуы талап етіледі. Қыз бара жатқан 

үй  кішкентай  болса,  қыздың  жасауына 

міндетті  түрде  кіретін  жатын  бөлме  гар-

нитурын  қоятын  орын  да  табылмай  жата-

ды.  Сондықтан  жасауды  аларда  екі  жақ 

материалдық  жағдайға  баса  мән  беру  ке-

рек. "Келісіп піскен тон келте болмас" дейді 

атам  қазақ.  "Заманың  түлкі  болса,  тазы 

боп шал" демекші, қыз жасауының орнына 

екі жасқа шетелге жолдама алу, жер әперу 

сынды тиімді әрі батыл әрекетке барып 

жатқан ата-аналар да жоқ емес... 

Қыз  жасауын  әр  облыс  өзінше  жа-

сайды.  Батыс  Қазақстан  мен  Солтүстік 

Қазақстанның,  Оңтүстік  Қазақстан  мен 

Шығыс  Қазақстанның  салты  әр  басқа. 

Біз  өзіміз  білетін  Оңтүстік  Қазақстан 

салты  бойынша  жасалатын  қыз  жасау-

ын тізейік, олар: 9 көрпе (5 төр көрпе, 1 

махаббат көрпесі, 3 жамылатын көрпе), 

2  жастық,  ыдыс-аяқ  жинағы  (қаражатқа 

қарай 45 жинақ, 120 жинақ ала береді), 

шәйнек-құман,  қасық  жинағы,  сандық, 

дастархан,  жатын  бөлме  гарнитуры, 

төсек-орын  жабыны,  жастық  пен  көрпе 

тысы,  2  кілем,  сүртінетін  орамал,  басқа 

тағатын орамал, қыздың киім-кешегі.

Бұдан  өзге  әр  ата-ана  жағдайына  қарай 

тоңазытқыш,  шаңсорғыш,  кір  жуатын  ма-

шина,  газ  плита  сияқты  тұрмысқа  қажетті 

заттар  әкеледі.  Бүгінде  қыз  жасауы  да 

қазақтың  тойы  секілді  бәсекелестікке  ай-

налып кетті. Әркім көрпесіне қарай көсіліп, 

ең алдымен қыздың ыдыс-аяғы мен төсегін 

түгендеп  апарса,  нұр  үстіне  нұр  болмақ. 

Кейде жасауды бағалап отырған қауым "бір 

көрпесі кем келіпті", "ыдыс-аяғы нашарлау 

екен" деп беттерін шымшып жатады. Бұл екі 

жақтың  ата-анасын  былай  қойғанда,  тәй-

тәй басқан бала секілді жаңадан отау құрып 

жатқан екі жастың арасына сызат түсіреді. 

Қандай жағдай болса да қос ғашықтың от-

басы болып, аяқтан тұрып кетуінің бәрінен 

маңызды екенін есте ұстаған жөн...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет