№17 (110) 3 қыркүйек, 2015 жыл б үгінгі күннің талабы – білім



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата08.02.2017
өлшемі9,24 Mb.
#3664
1   2   3   4   5   6   7

Индекс: 64568

Газет айына екі рет шығады.

БІЗДІҢ 

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

Талдықорған қаласы, 

Жансүгіров көшесі, 187а. 

Байланыс телефоны: 

223329; ішкі нөмір.1143

Бас редактор Баян Шаянбаева

Жарияланған мақала авторларының пікірлері 

редакция көзқарасын білдірмейді.

«Жетісу университеті» газетінің компьютер орталығында 

теріліп, беттеледі.

Тапсырыс № 1065

Таралым 2000 дана

Жауапты хатшы Үсен Өмірзақов

Тілші А.Дегтярёв

Корректор Б.Жаңабаева

Беттеуші А.Кенжебекова,

                 П.Қалиханқызы



Суретке түсірген Б.Айменов

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде 2003 жылғы 02 қыркүйекте тіркеліп, 

№ 4190-Г куәлігі берілген.

бейсенбі, 3 қыркүйек, 

2015 жыл

12

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

ДЕМАЛЫС БЕТІ

Жетісу 


университеті

ЖӘДІГЕР

ФОТОЭТЮД

КӘДЕ

Ағзаңызды тазалайтын 

тағамдар

«Дені сау адам - табиғаттың 

ең қымбат жемісі», - дейді дана 

халқымыз. Алайда бауырымыз 

бүтін, басымыз аман болу үшін 

салауатты өмір салтын ұстанып, 

дұрыс тамақтануымыз қажет. 

Біз бүгін сіздерге ағзадағы зиянды 

қоқыстан қалай құтылу керектігін 

айтқымыз келіп отыр. Өйткені 

қазіргі кезде тұтынып жүрген 

тағамдардың құрамында зиянды зат 

көптеп кезедседі. Ал оның кесірінен 

ауруханаға түсуіңіз де әбден мүмкін. 

Сондықтан ағзаңызды артық заттан 

тазалайтын төмендегідей тағаммен 

таныс болыңыздар.

ҚЫЗЫЛ ҚЫЗЫЛША

Бұл  көкөністің  құрамына  жасұнық,  бал, 

фосфор,  С  дәрумені  және  көптеген  пай-

далы  қышқыл  кіреді.  Олар  ас  қорыту 

жолдарын  жақсартып,  ішектегі  шіріткіш 

бактерияларды  өлтіреді.  Қызылша  тек 

асқазаныңызды ғана тазалап қоймай, оны 

фолий қышқылы мен кремний тотығының 

көмегімен жасартады. Оны борщқа қосып 

немесе салат жасап, шырынсыққышқа са-

лып сусын қылып ішсеңіз болады.

ШАЛҚАН ТӘРІЗДІ ПИЯЗ

Жуаның  басты  компоненттерінің  бірі 

эфир  майында  сақталатын  фитонцидтер 

болып  табылады.  Олар  бактериялар  мен 

тері ауруларының алдын алады. Сонымен 

қатар жуа ас қорыту жолдарын жақсартып, 

тамаққа  деген  тәбетіңізді  ашады.  Оны 

әртүрлі  салатқа  қосып  тұтыныңыз.  Және 

одан  бетіңізге  маска  жасап,  безеулерден 

құтыла аласыз.



САРЫМСАҚ

Сарымсақтың  бір  кішкентай  бөлігінің 

өзінде  тамырыңызды  тазартып,  холести-

рин мөлшерін азайтатын және ми қатерлі 

ісігіне қарсы күресетін 400-ден астам пай-

далы  элемент  бар.  Оған  қоса  сарымсақ 

асқазан  жарасын  жойып,  ішек  құрттарды 

өлтіреді.  Дифтериялық  және  туберкулез 

таяқшаларын  болдырмауға  көмектеседі. 

Оны үгітілген күйінде тұтынғаныңыз дұрыс.



АҚБАС ҚЫРЫҚҚАБАТЫ

Бұл  қырыққабаттың  құрамына  кіретін 

тағам 

талшықтарының 



арқасында 

ағзадағы  қоқыстардан  оңай  құтыласыз. 

Сонымен  қатар  қырыққабатта  ас  қорыту 

жолдары мен микрофлораны реттеуге әсер 

ететін  органикалық  қышқылдар  бар.  Ал 

сирек  кездесетін  U  дәрумені  асқазанның 

ойық  жарасына  қарсы  күреседі.  Оны 

балғын және ашыған түрінде тұтыныңыз.



АЛМА

Бұл  жеміс  түрі  ағзадағы  қоқысты 

шығаратын  пектин  мен  жасұнықтың 

көмегімен  барлық  ас  қорыту  жолының 

жұмыстарын 

жақсартады. 

Алма 

тәбетіңізді  ашып,  іштің  жүрмей  қалуына 



жол бермейді. Оны көбіне қабығымен және 

үккіштен  өткізіп  жеңіз.  Сосын  алмадын 

компот жасап ішкен өте пайдалы.

Бұл 


тағамдар 

сіздің 


ағзаңызды 

әртүрлі  аурудан  құтқарып,  зиянды  зат-

тарды  сыртқа  шығарады.  Егер  көңіл-

күйіңіздің көтеріңкі, деніңіздің сау жүргенін 

қаласаңыз, бұл жемістер мен көкөністерді 

өзіңіздің ас мәзіріңізге қосып қойыңыз.



Мектепте алған бағаңыз 

болашағыңызға көп әсер 

етпейді. Жаңа өмір басталды, 

өзіңіз қалаған мамандыққа оқуға 

түстіңіз. Енді ұнатпайтын 

пәндеріңізден бір табан 

алыстадыңыз.

«Мектепте  мұғалім  үйреткенде  осы 

нәрсенің  өмірде  керек  боларын  кеш 

түсініппіз» деген өкінішті көп кісіден естіген 

боларсыз.  ЖОО  бітірген  соң  да  солай  аһ 

ұрып отырмас үшін қазірден өзімізді қолға 

алып, неге үздік студент болмасқа? Бұл сіз 

бен біз ойлағандай қиын емес.

Өзіңізді  тек  жақсы  жағыңыздан  көрсете 

біліңіз.  Оқытушының  студент  туралы 

алғашқы  әсері  мәңгілікке  қалады.  Бір 

рет  жаман  болып  көрініп 

қалдыңыз екен, ол кісілердің 

ойын өзгерту оңай емес.

Дәрістерден 

қалмаңыз. 

Сабақты  жиі  қалдырып, 

көп  кешігетін  болсаңыз, 

соңы  жақсылыққа  апармай-

ды.  Сабақтан  жиі  қалатын 

студентті  оқудан  шығарып 

жіберуі  де  мүмкін.  Осы-

ны  естен  шығармаңыз. 

Барлық  дәрісті  конспектілеп 

отырыңыз.  Бұл  оқытушы 

үшін емес, өзіңіз үшін керек. 

Сіз оқитын ЖОО электронды 

жүйемен  қамтылмаған  бол-

са  және  дәрістердің  элек-

тронды нұсқасы қол жетімсіз 

болса, өзіңіз жазған конспектіңіз емтиханға 

дайындық  кезінде  таптырмас  көмекші 

құрал болады.

Үй 


тапсырмаларын 

қалдырмай 

орындаңыз.  Ол  сізге  біліміңізді  шыңдап, 

жақсы  баға  алуға  жәрдемдеседі.  Ауди-

торияда  дірілдеп,  тегіңіздің  аталмауын 

тіленіп отырғанша, үйде бірер сағат уақыт 

бөлгеніңіз  артық.  Кейде  алдыңғы  қатарда 

көзге түсіп жүрген студенттерге ауыз ашпа-

са да, жоғары балл қойыла салады.

Оқытушыны  алдамаңыз.  Егер  тапсырма 

орындалмаған  болса,  бірден  мойындаңыз. 

«Дәптерімді жоғалтып алдым», «тапсырма-

ны  білмей  қалдым»  деген  сияқты  сылтау-

лармен  өзіңізді  төмендетпеңіз.  Біріншіден, 

бастауыш  сынып  оқушысының  сөзін 

айтқаныңыз  күлкілі  естіледі.  Екіншіден, 

жағдайыңыз 

одан 


сайын 

қиындай 


түседі.  Оқытушылардың  барлығы  дерлік 

шыншылдықты жоғары бағалайды.

Емтихан  сұрақтары  қолыңызға  тиген 

күннен бастап дайындыққа кіріскеніңіз жөн. 

Ең бастысы, Қазақстан тарихы пәнінен бо-

латын  мемлекеттік  емтихан  дайындығына 

көп  күш  салыңыз.  Себебі  мемлекеттік  ем-

тиханнан  бір  төрттік  алып  қалдыңыз  екен, 

басқа  барлық  сабағыңыз  бес  болса  да, 

сізге қызыл диплом жоқ.

Университет 

ішіндегі 

сайыстар-

дан  қалмай  қатысуға  тырысыңыз.  Бұл 

бірінші  кеңесті  орындауға  көмектеседі, 

яғни    оқытушыларға  жақсы  жағыңыздан 

көрінудің бір тәсілі.

Баршаңызға  оқуды  алғыр  болуды 

тілейміз!

Найзаны алғашқы қауымдастық адамда-

ры  аң  аулау  үшін  қолданды.    Бертін  келе 

қарапайым ұзын таяқтың басы үшкірленіп, 

толыққанды  әскери  қаруға  айналды. 

Найзаның  ұзындығы  3-4  метрге  жетіп, 

ұшында  металдан  жасалған  басы  үшкір 

сүңгісі болды. Көшпенділер найзаның ұшын 

көбіне 2 қырлы, 3 қырлы етіп жасады. Өте 

сирек дөңгелек сүңгілер де қолданылды.

Орта ғасырларда бұл қару әр жауынгер-

ге арнайы жасалды. Бұл ретте сарбаздың 

дене бітімі мен күші есепке алынған. Кейде 

қолбасшыны  найзаға  ілінген  байрақтан, 

шашақтан  немесе  үкіден  тануға  болатын. 

Найзаның бұл түрін тек тәжірибелі ұсталар 

соққан.Жеңіл найза ауыр найзаға қарағанда 

қысқа  жасалған.  Оны  жаққа  салып,  иықтан 

асыра  лақтырған.  Оны  аң  аулауда  және 

соғыста  пайдаланған.  Ол  жоғары  палео-

лит  дәуірінде-ақ  қолданылған.  Найзаның 

жеңіл  түрін  ертедегі  мексикандықтар  да, 

бразиялықтар  да,  папуастар  да  және 

римдіктер де пайдаланған. Моңғолдар жау-

ына үрей тудыру үшін найза ұшына ысқырық 

орнатқан.  Бұл  найзалар  ұшқан  сәтте  ащы 

дыбыс  шығарған.  Осындай  тәсіл  арқылы 

тіпті  садақшыларға  да  ату  керек  нысанды 

көрсеткен.

Найзаны 


лақтырғанда 

70 


метрлік 

қашықтыққа ұшып жеткен.



БАТЫРДЫҢ НАЙЗАСЫ

Қабанбай,  Бөгенбай,  Наурызбай  батыр-

лар  шебер  найзагерлер  болды.  Қабанбай 

батырдың  4  қырлы  найзасы  қаратамақ 

найза  аталды.  Оның  сүңгісі  ұзын  қанжарға 

ұқсайды.  Наурызбай  батыр  қолына  тоғыз 

буынды  найза  ұстаған.  Өте  ұзын  найзалар 

тоғыз буынды болған.

Салмағы  жағынан  найзалар  ауыр  және 

жеңіл  болып  бөлінеді.  Ауыр  найзалар-

ды  атты  әскерге  тосқауыл  ретінде  бір 

ұшын  жерге,  келесі  ұшын  жоғарыға  қарата 

сүйірлей  шаншып  бірегей  қамал  сынды 

қоршау жасаған.

Бес қарудың бірі —

НАЙЗА


Найза  –  лақтыратын,  түйрейтін, 

шабатын  сабы  ағаш  діңгекті  суық 

қарудың  бірі.  Найза  –  бес  қарудың 

негізгісі.

Аққу-ару  көл бетінде тербеледі,

Кеудесін ерке ескен жел өбеді.

Ай келбет жанарында маржан ойнап,

Ақ толқын тамшыларын себеледі.





Үздік студент сипаты



БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет