Есептің шарттары мен талаптары: Есепті алып, оны мұқият оқып шығамыз.
Мысалы:
2-есеп. саны неше цифрдан тұрады (ондық санау системасында)?
Бұл есептің берілуі бір сұрақтан тұрады. Бірақ бұл сұраққа ой жүгіртсек, біз одан мынадай шарттар жіктей аламыз:
1) - натурал сан;
2) оны ондық санау системасында әдеттегідей көпорынды сан түрінде жазуға болады.
Сонда бұл есептің талабы мынадай болады: осы көпорынды санның жазылуында неше цифр болатынын табу.
Есептерді талдау бағыты: 2-есепке қайта оралайық. Бұл есепті талдағанда біз мына шарттарды жіктеп алдық: 1) - натурал сан; 2) оны көпорынды сан түрінде әдеттегідей жазуға болады.
Есептің берілуінен неліктен дәл осы шарттарды бөліп алдық? Басқа шарттарды да алуға болатын еді ғой, мысалы, - 2 санының өзіне-өзінің 100 рет көбейтіндісі немесе - нақты сан және т.с.с. Бірақ біз бір себептермен бұл шарттарды емес, жоғарыда көрсетілген шарттарды бөліп алдық.
Барлық мәселе – есептің талдауын жүргізе отырып, есептің берілуінен оның шарттарын жіктеп, біз әр уақытта бұл талдауды есептің талабымен сәйкестендіріп, талапқа әрдайым көңіл аударып отыруымыз керектігінде. Басқаша айтқанда, есептің талдауы әрқашан есептің талаптарына бағытталған. Шынында да, 2-есепте бізге санында неше цифр бар екенін білу (анықтау) керек. Әрине, бұл біріншіден, осы санның натурал сан ретінде қарастырылатынын (өйткені басқа түрдегі сандардың жазылуында цифрлар саны есептелиейді, ал осы санның натурал екені дәреженің анықтамасынан шығады), екіншіден, осы натурал санның көпорынды сан түрінде әдеттегідей жазылатынын көрсетеді. Есепті талдауда біз осы екі шартты жіктеп алдық та. Тағы да мысалдар қарастырайық.