№19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата22.12.2016
өлшемі11,01 Mb.
#62
1   2   3   4   5   6

11

бейсенбі, 1 қазан, 

2015 жыл

ӨНЕР

МАМАН МІНБЕРІ

Б

ейнелеу өнері пей-



заж, натюрморт, 

тұрмыстық, соғыс жанры 

т.б. болып бірнеше түрге 

бөлінеді. Солардың ішінде 

натюрморттың (негізінен 

қондырғылы кескіндеменің) 

бейнелеу өнерінің бір саласы 

ретінде өзіндік орны бар.

Натюрморт жанрының 

даму кезеңдері

Натюрморт  француз  тілінен  аударғанда 

“өлі табиғат” деген мағынаны білдіреді. На-

тюрмортта  бір  құрылымға  топтастырылған 

жансыз  заттар  (гүл,  жеміс,  ет,  балық, 

күнделікті тұтынатын заттар т.б.) кейде тірі 

организмдер  де  (аң,  құс,  құрт-құмырсқа, 

адам еңбегі және шығармашылық атрибут-

тар) бейнеленеді.

Қойылымдағы 

заттар 


натюрморт 

жанрының  көмекші  тәсілі  ғана  емес,  ол 

сонымен  қатар  қойылым  тілімен  өмірді 

жан-жақты  сипаттайды.  Содай-ақ  өмірдің 

қуанышын  нығайтып,  жемістің,  көкөністің, 

гүлдің  әсемділігіне,  әйнектің,  металдың 

жарқырауы  сияқты  қарапайым  нәрсеге 

сүйсіне қарауға шақырады.

Қандай ағымда болмасын немесе қандай 

бояумен салынбасын натюрморт жанрының 

ерекшелігі  туындының  тамаша  шығуында. 

Жаңа техникалардың дамуына байланысты 

натюрморттың өмірді бейнелеу тәсілдерінің 

дамуы да мүмкін.

Мысыр  және  Грек  суретшілері  жер 

өнімдерін,  құрбандыққа 

арналған 

нәрсені, 

тұрмыстық 

әбзелін 


т.б.  заттарды  тамаша 

бейнелеуге 

тырысқан. 

Фрескамен  мен  мозай-

каларды гүл және жеміс-

жидек,  балық  және  теңіз 

сыйлықтары, 

көкөніс 


және 

құс, 


тұрмыста 

қолданылатын  заттар-

ды  ұсақ  бөлшектеріне 

дейін  мәнерлеп  салуды 

ұнатқан.  Алғашқыда  натюрморт  жеке  жанр 

ретінде  емес,  керісінше  қосалқы  компо-

зиция  ретінде  Көне  шығыста  пайда  бола  

бастады. Тек орта ғасырда біршама ілгерілеп, 

дами бастады. Бірақ, натюрморт жеке жанр 

ретінде  қайта  өрлеу  дәуірінде  Италияндық 

шеберлердің  шығармаларында  ерекше 

орын  алды.  Нидерланд  суретшілерінің  

материялдық  әлемге  қызығушылығы  оның 

нақты  сезімталдығы  дамыған  шақта  жаңа 

заманда дүниеге келді.

ХҮІІ  ғасырда  неміс  және  француз 

кескіндемесінде  натюрморт  жанры  дами 

бастады.  Осы  ғасырдың  аяғына  таман 

француз  натюрмортында  декор  мен  патша 

сарайы  өнерінің  дәстүрі  және  де  аңшылық 

натюрморты үстем  болды.

ҮІІ  ғасырда  натюрморт  жазудың  шебері 

француз суретшісі Ж.Б.С.Шарден өзінің шы-

найы  адамгершілік  және  демократизмімен 

көзге түсті. Суретшінің туындылары натюр-

морт  жанрының  менсінбейтін,  “тірі  натура” 

(тарихи  жанр,  портрет  т.б.)  академизмді 

қолданушыларға  төтеп  беретін  “nature 

morte” терминінің қалыптасуына ықпал етті.

Натюрморт  жанрының  өркендеу  кезеңі  – 

ХҮІІІ  ғасыр  болып  саналады.  Сол  кездегі 

оның  түрлері  мен  формаларының  алуан-

түрлері  кескіндеменің  ұлттық  реалистік 

мектептерінің  дамуына  байланысты  еді. 

Италия  мен  Испанияда  натюрморттың 

өрлеуіне  көбінесе  Караваджо  мен  оның  ізін 

басқан  суретшілердің  көркем  туындылары 

өз ықпалдарын тигізді. Бұл жанрдың негізгі 

сүйікті тақырыбы – гүл, көкөніс, жеміс-жидек, 

теңіз сыйлықтары мен ас бөлме бұйымдары 

және тағы басқалар. Заттар бейнелеуде ис-

пан натюрморты аса қаталдығымен, ерекше 

маңыздылығымен ерекшеленеді.

Голландия 

натюрмортында 

заттың 


тұрмыстық  сипатына  және  жиі  кездесетін 

жайт  образдың  демократизміне  ерек-

ше  көңіл  бөлінген.  Жарықтың  ортаға, 

материалдың  алуан-түрлі  фактурасына, 

реңдік  қарым-қатынастың  жітілігіне  және 

түстік  құрылымына,  таңдаулы  қарапайым 

колориттен  кернеу  контрастық,  колоритті 

әсерлі композицияға дейін ерекше назар ау-

дару сол дәуірдің суретшілеріне тән қасиет 

болды.


Голландия натюрмортында «балық», «гүл 

мен жеміс-жидек», «өлі құс», аллегориялық 

натюрморт  тағы  басқалары  сияқты  сол 

жанрдың басқа типі баршылық. Фламандық 

суретшілерінің    натюрморт  жазудағы 

басқалардан  айырмашылығы  негізінде 

«базалар»,  «ләпкілер»,  «гүл  мен  жеміс-

жидек»  пәрменділігімен,  сонымен  қатар 

композициясының сәнділігімен көзге түседі. 

Ол  құнарлылықтың  және  молшылықтың 

әнұраны.

Натюрморт  жанры  орыс  халқының  бей-

нелеу  өнерінде  ХVІІІ  ғасырда  пайда  бол-

ды.  Ол  түстік  кескіндемемен  бірге  дәуірдің 

танымдық пафосын, заттық әлемді шынайы 

және  дәл  көрсетуге  ұмтылғандықтарын 

айқындай  түсті.  Оған  Г.Н.Теплов  және 

күні  бүгінге  дейін  бейтаныс  болып  келе 

жатқан  басқа  да  суретшілердің  көптеген 

туындылары  бір  негізде  құрылған  және 

табиғи  қарапайымдылық  пен  анайылықпен 

ерекшеленіп 

тұрады. 

Олардың 


осы 

туындыларының  елеске  ұқсағандығының 

нәтежиесі  оларды  «алдамшы»  деп  атауға 

негіз  болды.  Ең  алдымен  натюрморт  жан-

ры  орыс  өнерінде    ұзақ  уақыт  эпизоттық 

сипатта  дами  отырып,  ХІХ  ғасырдың 

бірінші  жартысында  едәуір  өрлей  түсті. 

Қарапайым нәрседен әдемілікті көре білген 

суретшілердің    бірі  И.Т.Хруцкий  осы  кезде 

ерекше  көзге  түсті.  Оның  туындыларынан 

тамаша  гүл  шоқтарын,  піскен  ашық  түсті 

жеміс-жидектер  сәнділік  берген  натураның 

нағыз әсемділігін көрсете білді.

Керісінше,  ХІХ  ғасырдың  екінші  жар-

ты 

жылдығында 



сыншыл 

реализм 


суретшілерінің  көркем  туындыларында  на-

тюрморт жанры ескерілген жоқ. Бұл жанрдың 

негізгі  рөлі  оқулық  қойылымы  болып  екінші 

орында  тұрды.  И.Н.Крамской,  И.Е.Репин, 

В.И.Суриков,  В.Д.Поленов.  И.И.Левитан 

сынды  бірқатар  суретшілер  анда-санда 

этюдтік сипаттағы натюрмортқа қалам тарт-

ты.  Көшпелі  көркем-сурет  жүйесінде  на-

тюрморт  жанрының  көмекші  орын  алғанын, 

суретшілердің 

шығармашылығындағы 

сюжеттік-тақырыптық  картинаның  басты 

рөлді атқарғандығынан көруге болады.

ХІХ  ғасырдың  аяғына  таман  натюр-

морт  жанрын  эстетикалық,  көркем  иде-

ялар  пікірталасына  қолданған  Ф.Гоян, 

Э.Делакура, Г.Курбе, Э.Мане сияқты бір топ 

атақты  суретшілер  натюрморт  тағдырын 

шешті. Енді бұл жанрдың 

жаңадан жанданып өрлеу 

кезеңі  бастау  алды. 

Постимперессионизм 

ағымының  суретшілері 

П.Сезанн 

мен 

Ван 


Гогтың  қолдауына  бай-

ланысты, олардың негізгі 

тақырыптары – зат әлемі 

болды.


Жаңа  дәуірдің  бей-

нелеу  өнеріне  өзінің 

танымдық,  зерделік  тұрғысындағы  терең 

ойлы, кең тынысты шығармаларымен бастау 

алған  Сезанның  ХХ  ғасыр  көркем  ойына 

әсері орасан. Оны өздеріне бас ұстаз ретінде 

таныған  суретшілердің  арасынан,  кейіннен 

жаңа  ғасыр  биігінде  үркердей  жарқырап 

көрінген Матисс, Пикассо, Брак, Реже, Гзут-

то сынды күрделі де күрескер рухтың асқақ 

иелері шықты.

Ал  ХХ  ғасырдың  алғашқы  жылдары  на-

тюрморт  кескіндеменің  шығармашылық 

зертханасы  болды  деп  айтсақ  та  артық 

емес. Себебі Францияда фобизм ағымының 

суретшілері,  атап  айтсақ  А.Матисс  түстің 

және  фактураның  эмоциялық  және  сәндік 

экспресситік мүмкіндігін анықтады.

ХХ ғасырдан бастап бейнелеу өнерінде на-

тюрморт жанры басқа жанрларға қарағанда 

ерекше  қарқынмен  өрлеуі  арқасында  көзге 

түсті.  Осы  жанр  түс,  форма,  композиция 

салаларында  үнемі  ізденіс  үстінде  болды. 

Қылқалам шеберлері тез дамуға ұмтылудың 

нәтижесінде  Шығыстың  мәдениеті  мен 

Батыстың  классикалық  мұрасына,  сонымен 

қатар  Франциялық  кескіндеме  дәстүріне 

назар  аударды.  Нәтижесінде  біз  орыс 

халқының  натюрмортындағы  ұлан  асыр 

тақырыптың,  образдың  және  көркемдік 

мәнердің  өте  қысқа  мерзім  ішінде  импрес-

сонизмнен  натураны  абстракті  көруге  қол 

жеткізгенін бақаймыз. 

Кескіндеме  өнерінің  көптеген    жанр-

ларында    белсенді  еңбек  еткен,  қазақ  

қыздарының  арасынан    шыққан  тұңғыш 

суретші Айша Ғалымбаева болды. Суретші 

өз  шығармашылығында    тұрмыс  заттарын,  

ыдыс  -  аяқ,  гүлдерді  бейнелеуге  селсоқ 

қарамайды,  суретшінің  өзін    қоршаған 

ортаға  деген  сүйіспеншілігі    әдемі  де  сұлу  

натюрморттарынан  көрінеді.    Суретші  бұл 

жанрдан  да  шабыт  көзін  тапқан.  Оның  на-

тюрморттары  табиғаттың  сұлу  көркін  аша 

отырып, суреткердің де ой, сезімдерін  паш 

етеді.  Шартты  түрде натюрморт жанрына 

жатқызуға  болатын  "Шеберхана  бұрышы" 

шығармасында  бүгінгі  адамның  күрделі 

рухани  ішкі  жан  дүниесі      көрсетіледі. 

Бұл  композицияға    өзге  өнер  туындыла-

ры  (әйелдің  мүсіндік  портреті),  шеберха-

на  қабырғасына  ілінген  рамадағы  пейзаж 

көрінісіндегі    табиғат  суреттері    енгізілген. 

Кенепке  салынған  суреттегі  әрбір  нәрсенің 

адам,  суретші  өнерінен    алатын    рөліне  

қарай өзіндік  символдық мәні бар.

"Дастархан"  (1959  ж.),  "Ақ  құмыра"  

(1968  ж.),  "Қаракөз"  (1974  ж.)  натюрморт-

тары  да  маңызды  сипатқа  ие.  Заттардың 

"жанын"  ,  "сұлулығын"    түсінетін    дарынды 

қылқалам  шеберінің натюрморттарынан біз  

айшықты    формада    берілген  қарапайым, 

әсерлі  сезім  саздарын  аңғарамыз.  Алма, 

анар, жүзім салынған "Қызыл апорт"(1966ж.), 

"Айва"  деп  аталатын  бірнеше  туындыла-

рынан  да    суретшінің  өмірге  ,  табиғат  пен 

адам    еңбегінің    жемістеріне  деген  махаб-

бат  сезіледі.  Қазақстан  бейнелеу  өнерінің   

дамуына ат  салысқан  орыс суретшілерінің 

бірі Илья Иванович Машков еді. ХХ ғасырдың 

басындағы    кескіндемедегі    батыл  нова-

тор,  тамаша  шебер,    кейіннен  аты  шыққан 

суретшілерді  оқытқан  педагог  болды. 

Оның  "Алмұрт  пен  алмалар",  "Натюрморт  

ананаспен", "Натюрморт. Қызыл түстегі жи-

дектер" атты натюрморт  жанрында жазған 

туындылары бар.

Айнұр БЕКБЕРГЕНОВА,

 бейнелеу өнері және дизайн 

кафедрасының аға оқытушысы.

Ыстамбұлда - 

қазақ киносының

күндері


Айтулы шара Қазақ хандығының 

550 жылдығына орай қазақ диаспора-

сы тығыз шоғырланған Зейтүнбұрны 

ауданының мәдениет орталығында 

ұйымдастырылғандықтан, отандық 

киноны тамашалауға қарақұрым 

халық жиылды. Олардың арасында 

Ыстамбұлдың жоғарғы оқу орында-

рында кинотану факультетінде білім 

алып жүрген студенттер мен кәсіби 

сыншылар да бар.

Көпшіліктің  назарына  қазақ  киносының 

алтын  қорынан  «Қыз  Жібек»,  «Тақиялы 

періште»,  «Көшпенділер»  мен  «Бәйтерек» 

фильмдері көрсетілді. Барлық кинолар түрік 

тіліне  аударылып,  дубляждалғандықтан, 

жиылған  жұрт  қиындықсыз  тамашалады. 

Әсіресе,  көрермендер  шараның  алғашқы 

күні  көрсетілген  «Балалық  шағымның 

аспаны»  фильмі  Елбасының  өмірімен 

жақынырақ  танысуға  мүмкіндік  беріп, 

ұмытылмас әсер қалдырғанын айтады.

Абдулла  Гүлер,  Қазақ  диаспорасының 

өкілі:


-  Президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаев 

жайлы  түсірілген  «Балалық  шағымның 

аспаны» 

киносын 

бала-шағамызбен, 

осындағы  түрік  бауырларымызбен  бірге 

тамашаладық.  Осындай  фестиваль-

дер,  кинолардың  көп  болуын  сұраймыз. 

Болашақта  қазақ  тілін  ұмытпау  үшін 

осындай  мүмкіндік  жасағандарыңызға 

алғысымызды білдіреміз,-деді.

Ал 

бұл 

орайда 

ҚР 

Ыстамбұл 

қаласындағы  Бас  консулдығының  өкілі 

Мақсат Өтенов мырза:

- Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 

Түркия  Республикасында  Қазақстанның 

Ыстамбұл  Бас  консулдығы  тарапынан 

фильм күндері 3 күнге жоспарланған. Оны 

ұйымдастырудағы  мақсатымыз  қазіргі 

мерейлі мерекеге біз де Ыстамбұлдан өз 

үлесімізді қосып, жергілікті халыққа және 

өзіміздің қазақ бауырларымызға отандық 

режиссерлеріміздің  фильмдерін  түрікше 

дауысталғанын  көрсетудеміз,-деп  ойын 

ортаға салды.

«Мың бала» 

әртістері Мүсірепов 

театрында

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік 

академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер 

театры  қазақ  жастары  арасында  аса  та-

нымал актерлер Асылхан Төлепов пен Аян 

Өтепбергенді қатарға қосты. Жаңа маусым-

ды жаңа басшымен бастағалы отырған те-

атр жас актерлерге сенім артып отыр.

Белгілі сықақшы Сәбит Әбдіхалықов те-

атр  тізгінін  ұстағалы  көп  бола  қойған  жоқ. 

Бұл  да  болса  жаңа  басшының  театрға 

көрермен тартудағы бір жүрісі болса керек. 

Қазірдің өзінде Асылхан мен Аян — Қазақ 

хандығының 550 жылдығына арнап дайын-

далып жатқан М.Мақатаевтың «Райымбек, 

Райымбек!» поэтикалық дастанының басты 

рөлдеріне  бекітіліп  үлгерді.  Қойылымның 

премьерасы  14,  15-ші  қазан  күндері  бола-

ды.


Аталған қос сардар — Темірбек Жүргенов 

атындағы  өнер  академиясының  түлектері, 

бірнеше  фильмге  түскен.  Ақан  Сатаевтың 

«Жау  жүрек  мың  бала»  фильмі  арқылы 

көпшілік ықыласына бөленген қос актердың 

театр сахнасындағы өнерін алдағы уақытта 

көретін боламыз.           

                                   



«ҰЛТ-АҚПАРАТ».

Газет Талдықорған қаласы

Қабанбай батыр көшесі, 32-

үйде, «Алматы - Болашақ» АҚ 

филиалы «Офсет» баспахана-

сында басылады.

Индекс: 64568

Газет айына екі рет шығады.

БІЗДІҢ 

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

Талдықорған қаласы, 

Жансүгіров көшесі, 187а. 

Байланыс телефоны: 

223329; ішкі нөмір.1143

Бас редактор Үсен Өмірзақов

Жарияланған мақала авторларының пікірлері 

редакция көзқарасын білдірмейді.

«Жетісу университеті» газетінің компьютер орталығында 

теріліп, беттеледі.

Тапсырыс № 1210

Таралым 2000 дана

Тілші Б.Жаңабаева

Корректор Ұ.Жолдасова

Беттеуші П.Қалиханқызы

Суретке түсірген Б.Айменов

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде 2003 жылғы 02 қыркүйекте тіркеліп, 

№ 4190-Г куәлігі берілген.

бейсенбі, 1 қазан, 

2015 жыл

12

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

ДЕМАЛЫС БЕТІ

Жетісу 


университеті

БӘРЕКЕЛДІ

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

АРТЫҚ БОЛМАС БІЛГЕНІҢ

К

үз десе еске бірден 



сағыныш сезімі түседі. 

Сағыныштың мұңдысы 

бар, тәттісі бар. Сары 

жапырақтар сыйлайтын сезім 

кейде санамызға сіңіп, жүрек 

түбіне еніп кетеді.

Күзгі күйзеліспен

Күрең  күз  келіп,  күңіренген  көгімен 

көңіл күйімізді кемітеді. Ешкім ештеңе 

демей-ақ,  өзінен-өзі  көңіліміз  түсіп, 

небір  жоқты  ойлап,  құлазитын  сәт 

әркімнің басында болып тұрады.

Мұндайда 

адам 


өзін 

жалғыз 


сезінуден 

қашу 


керек. 

Мейлі, 


жаныңызда  сыңарыңыз  болмаса,  

алыста  жүресе  де  ата-анаңыз  бар 

шығар,  бауырларыңыз,  туыстарыңыз 

бар.  Жай  күнде  бейқам 

жүргендерімен, 

басыңызға  іс  түссе,  сізді 

қолдайтын бір адам болса да табылады.

Кітап оқыңыз. Көңіл көтеретін кітап таңдау 

үшін  достарыңыздың  кеңесіне  жүгініңіз. 

Көңіл көтеретін кітап деген әзілге толы, ішек 

сілеңізді қатыратын кітап емес, жабырқаған 

жүзіңізге  жымиыс  сыйлайтын  терең  ойлы, 

тылсым сырлы кітап.

Ондай 


кеңес 

берерге 


жарайтын 

таныстарыңыз болмаса, балалар әдебиетін 

таңдауға  болады.  Мысалы,  Бердібек 

Соқпақбаевтың  «Балалық  шаққа  сая-

хат»,  «Өлгендер  қайтып  келмейді»,  Сайын 

Мұратбековтің  «Жабайы  алма»,  Марки-

за  Базарбайқызының  «Әкесін  іздеген  ұл» 

кітаптырының  бірін  қолға  алсаңыз,  мұң 

түгілі  бүкіл  дүниені  ұмытып,  кітап  ішіне 

кіріп  кетесіз.  Түрлі  тағдыр  иелерінің  қилы 

тіршілігімен танысып, бейбіт күніңізге шүкір 

етесіз.


Жағдайыңыз  келсе,  киім  сатып  алыңыз. 

Жаңа  нәрсе  алу  да  көңілге  медеу  болады. 

Өзіңізді жаңа қырыңыздан көріп, көңіліңіздің 

күйі көтеріліп сала берері сөзсіз.

Әуен  тыңдап,  қосылып  ән  шырқаңыз. 

Ырғағымен  билеңіз.  Ән  айтқан  адам  артық 

ойлармен  миы  шағылмайды.  Жаны  таза-

рып,  миы  жаңарады.  Онымен  бірге,  көңілі 

көтеріліп, өздігінен шаттанып шыға келеді.

Су  сылдырын  тыңдаңыз.  Көшедегі  арық, 

өзен,  жағалау  –  не  болса  да  мейлі.  Судың 

сұлу  сыңғыры  адам  жанын  тыныштанды-

рып,  өзгеше  көңіл  күй  сыйлайды.  Тіпті, 

аквариюмдегі  балықтар  тамашалау  да 

жаныңызға жайлылық жеткізеді.

Табиғат  аясында  таза  ауамен  тыныстап, 

тыныш  көшеде  серуендеңіз.  Жаяу  жүріп, 

денсаулығыңыздың  да  жағдайын  жасай-

күресейік

Шай демдеп үйренейік

С

ізді  жылытады,  көңіл-күйіңізді  көтереді,  әлдендіріп,  күш-қуат 



береді, сонымен қатар теріңіз бен шашыңызға ерекше сұлулық сый-

лайды.  Ол  -  әрине,  шай.  Кәдімгі  қарапайым  қара  шай,  көк  немесе  қызыл 

шай, гүлді және түрлі шөптен жасалған шай. Ең бастысы оны дұрыс демдеп 

үйренуіңіз керек. Сонда ғана ол сіздің денсаулығыңызға пайдасын тигізеді. 

Назарларыңызға шай дайындағанда ескеретін ережелерді ұсынамыз.

КЕРЕК - ДЕРЕК

Өзіңізге ұнаған шайды таңдаңыз

Ең  оңай  жолы  мынадай:  сіз  таңдаған 

шай  үнділердікі  ме,  қытайлардыкі  ме  не-

месе Шри-Ланканың шайы ма, ол маңызды 

емес, маңыздысы өзіңіздің көзқарасыңызға, 

өзіңіздің 

талғамыңызға 

сай 


шайды 

таңдауыңызда. Оның бағасы мен сорты да 

маңызды болмау керек. Тек сіз өзіңіз дұрыс 

таңдау жасағаныңызға сенімді болуыңыз ке-

рек. 

Дұрыс шәйнек алыңыз

Шай  сарапшылары  шайды  қайнатуға 

ғана  емес,  дұрыс  шәйнек  алуға  да  кеңес 

береді.  Ең  жақсы  шәйнек  –  керамикалық. 

Бұл  шәйнек  жылуды  жақсы  сақтайды. 

Сондықтан шай да жақсы дайындалады.



Сапалы су

Судың  термиялық  өңдеуге  түсетініне 

қарамастан оның сапасы мен дәмі шай дем-

дегенде  өте  маңызды.  Әрине,  суды  таудан 

аққан  бұлақтан  алғаныңыз  жақсы,  бірақ 

оған  әрдайым  қолыңыз  жете  бермейтінін 

түсінеміз. Сонда да судың ешқандай иіссіз, 

таза  болғаны  дұрыс.  Дәмі  мен  хош  иісі 

шайға көп әсер етеді.

Аққұманға салатын шай неше қасық 

болу керек?

Бұл  ең  басты  сұрақтардың  бірі.  Шай 

мықты қою болып кетпеу керек. Сарапшылар 

шамамен 170 мг суға 1 шай қасық салсаңыз 

жеткілікті дейді.

Судың температурасы

Бұл  да  шайдың  дәміне  әсер  ететін 

маңызды  нәрсе.  Қара  шайға,  шөптен 

жасалған  шайға,  қытайдың  шайына  98-99 

температура  градус  жеткілікті  болса,  одан 

жеңілірек  ашық  шайларға  82-83  градус  та 

жетеді.  Сол  себепті  температура  межелігі 

бар шәйнектеріңіздің болғаны жақсы.



Демдеу уақыты

Шайдың  дәмі  демдеу  уақытымен  тікелей 

байланысты.  Оны  отта  өте  көп  те,  аз  да 

ұстауға  болмайды.  Қанша  десеңіздер?  Мы-

салы қара шайға – 3-5 минут жарайды. Егер 

шайдың қою болғанын жақсы көрсеңіз, онда 

одан  да  көбірек  қайнатсаңыз  болады.  Ал 

шайдың  ашық  сұрыптарына  –  2  минут  та 

жетеді.

Шайдың дем алуына мүмкіндік беріңіз.



Өздеріңіз  көріп  отырғандай,  бір  шынаяқ 

шайды  дайындау  үшін  көп  уақытыңыз 

кетпейді. 

Тек 

жоғарыда 

айтылған 

қағидаларды  дұрыс  ұстансаңыз  болғаны. 

Шайларыңыз дәмді болсын!

байқауының жеңімпазы 

анықталды

«Алматы аруы — 2015»

Б

айқау нәтижесі 



бойынша Реги-

на Вальтер «Алматы 

аруы» титулын иеленіп, 

жеңімпаз атанды. Енді 

ол «Дүниежүзі аруы» 

байқауында еліміздің 

намысын қорғайды.

Сонымен қатар, тағы бес сұлу 

«Қазақстан  аруы»  байқауына 

қатысу 


мүмкіндігін 

алды. 


Кейіннен  «Қазақстан  аруы» 

атанған  қыз  «Әлем  аруына» 

барады.  Айта  кетейік,  ақтық 

финалда  12  ару  бақ  сынады. 

Қыздар кешкі және дизайнерлік 

көйлектер  киіп  шықты.  Соны-

мен  қатар,  өз  таланттарын 

паш етті.

Ең  әдемі  аруды  әділ 

қазылар  алқасы  таңдады.  Олардың 

ва,  дизайнер  Аида  Қауменова,  визажист 

Айнұр  Рыспекова,  фотограф  Данил  Олей-

ник,  шоумен  әрі  актер  Нұртас  Адамбаев, 

продюсер Баян Есентаева, балерина Сәуле 

Рахметова  және  скрипкашы  Жәмила  Сер-

кебаева болды.

«Жұрттың баласына» 

деген кім?

Ж

арқырап 


көзге 

түсіп 


жүретін 

құрбыларыңызға  немесе 

шоу-бизнесте БАҚ-тан 

күн сайын көрініп жүретін 

з а м а н д а с т а р ы ң ы з ғ а 

тамсанып,  «Шіркін-ай, 

осы  жұрттың-ақ  жолы 

болғыш. Мен неге солар-

дай болмаймын? Неліктен 

маған  бармақтай  бақ 

бұйырмаған? 

Неліктен 

өзгелер талантты? Мені неге сұлу етіп жаратпаған» деп налисыз ба? 

Бекершілік. Себебі өзіңізді біреумен салыстырып, кемшіліктеріңізді тізіп 

отыру  сізге  еш  абырой  әпермейді,  керісінше,  өмірден  түңілтіп,  рухани 

күйзеліске ұшыратуы ықтимал.

жағындағылар  күмәнмен  қараған,  алайда 

олар қазір әйгілі адамдар.

Кейде  «дарынды  болып  туылады, 

тума  талант,  ешкімге  ұқсамайды»  деген 

пікірлерді  естіп  жатамыз.  Бірақ  біреуге 

ерте, біреуге кеш берілетінін де ұмытпайық.

Өзіңізден  табысы  төмен  адаммен  салы-

стыру  да  дұрыс  емес,  өйткені  адам  «ме-

нен төмендер де бар ғой» деп тоқмейілсіп, 

ілгері ұмтылмайды. Тек өзіңіздің кешегіңізді 

бүгінгіңізбен  салыстырыңыз.  Күннен-күнге 

дамуға тырысыңыз. Ол үшін өз жолыңызды 

табыңыз. Қандай іске қабілетіңіз бар? Нені 

қызығушылықпен  істейсіз?  Соны  табыс 

көзіне  айналдыруға  тырысыңыз.  Батыл 

болыңыз.  Қызметіңізді  жаңалық  әкелу 

арқылы  жұртшылыққа  ұсыныңыз.  Осы 

ісіңізден  ләззат  алуға  тырысыңыз.  Үнемі 

рухани  жағынан  өсіп  отырыңыз,  ол  үшін 

түрлі әдебиеттер оқыңыз. Ата-бабамыздың 

тарихын, әдет-ғұрпын тереңірек меңгерген 

жөн.


Сәттілік тілеймін!

Бұлай  салыстырудың  төркіні,  өкінішке 

орай,  ата-аналардың  көзқарасынан  туын-

дауы  мүмкін.  Мысалы:  «Ана  пәленшенің 

баласын  қарашы,  сабақты  жақсы  оқиды; 

конкурстан бірініші орын алыпты; жастайы-

нан пысық, ақша тауып жүр; неге жұрттың 

баласы  ақылды?»  т.б.  сөздер  жаныңызды 

жаралап,  көңіліңізді  қаралап  тастайды. 

Әрине,  ата-анаңыз  сізді  төмендету  үшін 

емес, қайрау үшін айтқан. Өсе келе жұрттың 

баласымен  енді  өзіңізді  өзіңіз  салыстыра 

бастайсыз, ата-анаңыздың пікірін үкім етіп 

қабылдайсыз. Алайда өзіңізді тәрбиелеуге, 

мақсат 

қоюға, 


мамандығыңызды 

өзгертуге  ешқашан  кеш  емес,  сенбесеңіз 

белгілі  тұлғалардың  өмірбаяндарымен 

танысыңыз,  көбісі  шыр  етіп  туылғаннан 

талантымен көзге түспеген, біразы мектеп-

те  нашар  оқыған,  оларға  да  кезінде  жан-

құрамында  Muzzone  телеарнасының  ди-

ректоры  Әділжан  Садықов,  «Қазақстан 

аруы»  байқауының  директоры  Алена 

Қырбасова-Ривлина,  мейрамхана  иелері 

Мұхтар  Жүнісов  пен  Александр  Орлов, 

«Қазақстан  аруы-2014″  Регина  Вандыше-

сыз.  Адам  аяғы  аз  басылатын  жерге  ба-

рып, күнделік жазыңыз, не кез келген қағаз 

алып, бар ойыңызды бүкпесіз түсіріңіз. Ішкі 

сезіміңізді түгел шығарыңыз.

Ақ  қағаз  көп  адамның  қолынан  келе 

бермейтін  тыныш  тыңдау  қабілетіне  ие. 

Бар  жазғаныңызды  қабылдап  алып,  міз 

бақпай  тұра  береді.  Не  жазамын  деп  қам 

жемеңіз,  қаламды  қолға  алсаңыз,  өзі-

ақ  жорғалап  жүре  береді.  Жазамын  деп 

күтпеген нәрселеріңіз барлығы өзі жазыла-

ды. Қаласаңыз, жазып болған соң жыртып 

тастаңыз.  Бастысы,  ішіңіздегі  тұншығып 

жатқан тұнық сырларыңызды шығарсаңыз, 



жеңілдеп қаласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет