19. Ағзадағы қоректік заттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін функционалды жүйе. Асқорыту



бет10/16
Дата19.04.2023
өлшемі0,65 Mb.
#84176
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Фистула дегеніміз - белгілі бір ағзаның қуысын немесе бездің түтігін сыртқы ортамен байланыстырып тұратын өзек . Фистула салу үшін белгілі бір жануар түріне , ( айталық , итке ) наркоз беріп , антисептика және асептика талаптарына сәйкес операция жасап , ағза қуысын немесе без түтігінің ұшын сыртқа шығарып тігіп қояды . Осы мақсатпен кейде арнайы фистула түтігі қолданылады . Физиологиялық тәжірибе жасау үшін ит тек жарасы жазылған соң пайдаланылады . Фистула қою әдісі иттің қоректеніп жатқан кезде қарын сөлін таза күйінде жинауға , сөл құрамының тағам түріне қарай қалай және қаншалықты өзгертетінін білуге мүмкіндік береді . Фистула қойылған итті ( жануарды ) бір рет емес , ұзақ уақыт , мәселен , айлар бойы пайдалана отырып , ас қорыту ағзаларының сөл шығару қабілеті , жиырылу - жазылу қасиетін , ас сіңіру дәрежесін бірден бір дәл анықтауға болады. Мәселен , И. П. Павлов лабораториясында ас қорыту жолының әрбір бөлімін тексеру үшін әртүрлі операциялар ұсынылды . Астың ауызда қалай , қорытылатынын зерттеу үшін белгілі бір сілекей безі түтігінің бір ұшы сыртқа шығарылды. Қарын сөлін жинап алып зерттеу үшін Басов әдісімен иттің қарнына фистула койылады да оның өңешінің екі ұшы сыртқа шығарылады ( эзофаготомия - « жалған тамақтандыру » тәжірибесі ) . Иттің үлкен қарынынан кіші қарынды бөліп алады да , Гейденгайн , Павлов әдістерімен кіші қарын сөлін жинап алады. Ұйқы безінің сөлін, сондай - ақ өт шығару процесін зерттеу үшін сол бездің өт түтігі нің 12 елі ішекке ашылған жерінен айнала ішек қабырғасын тіліп жібереді де, 12 елі ішектің кіші бөлігі мен түтүк аузын сырт қа шығарады, өт түзілуін зерттеу үшін фистула түтігін өт қабы мен жалғастырады. Аш ішек қызметі Тири - Велла фистуласы гарқылы зерттеледі.
26. Шартсыз сілекейлі рефлекстің рефлекторлық доғасының схемалары.
Сілекей бөлу рефлексі-адам еркінен тыс болады, ол адамның аузына тағам түскен сәттен басталады. Шартсыз сілекейлі рефлекстің рефлекстік доғасы 3 бөліктен тұрады: афференттік, орталық ж/е эфференттік.
Афференттік бөлікте шартты қоздыруды қабылдайтын рефлекстер бар;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет