19. Ағзадағы қоректік заттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін функционалды жүйе. Асқорыту



бет9/16
Дата19.04.2023
өлшемі0,65 Mb.
#84176
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Эндоскопия - эндоскоп деп аталатын құралдың көмегімен денеңіздің ішкі жағын зерттейтін процедура. Эндоскоп - бұл ұзын, жіңішке, икемді түтік, оның бір ұшында жарық көзі мен камерасы бар.
Эндоскоптар – оптик. және жарық жүйелерімен жабдықталған, иілгіш металл немесе пластмасса түтікшелер.Эндоскопия хирургияда, гастроэнтерологияда, урологияда,гинекологияда, пульмонологияда жиі қолданылады. 20 ғ-дың 60 – 70-жылдарында клиникалық тәжірибеге оптика талшықтардан тұратын (фибро) құрастырылмалы аспаптар (фиброскоптар) енгізіле бастады.
Тексерілетін органға байланысты эндоскопияның бірнеше түрі ажыратылады: фибробронхоскопия (бронх эндоскопиясы), фиброэзофагоскопия (өңеш эндоскопиясы), фиброгастроскопия (асқазан эндоскопиясы), фиброколоноскопия (тоқ ішек эндоскопия сы), т.б. Сондай-ақ эндоскопия биопсияда, денеге енген бөгде заттарды немесе шырышты қабықтардағы аса үлкен емес ісіктерді алып тастауда да қолданылады. Қазіргі кезде эндоскопия тек ауруды тексеру үшін ғана емес, оларды емдеу тәсіліне (эндоскоп. хирургия) айналып отыр. Эндоскопиялық жолмен жасалатын операциялардың дәстүрлі жолмен жасалатын операциялардан ерекшелігі, олардың жарақаты аз, науқас адамдардың ондай операциядан кейін тез жазылып кетуге мүмкіндігі мол.
25. И.П.Павлов жасаған созылмалы зерттеу әдісінің мәні, оның артықшылықтары.
Физиология ғылымының дамуында түрлі функцияларды зерттеу , осыған лайық әдістер іздеу үлкен роль атқарады. Кезінде талдау ( анализдік ) физиологиясы әдістерінің бірі — вивисекция әдісі кеңінен қолданылған. Мұның нәтижесінде қан айналысы физиологиясы тарапында құнды материалдар жиналды, бірақ бұл әдіс ас қорыту физиологиясын зерттеуге жарамайтыны байқалды. Мәселен, лабораториялық жануарды наркоз беріп ұйықтатып , оның ас қорыту безіне түтік қойып бірнеше тамшы сөл алуға болады, сондай - ақ ішек - қарынды жарып жіберіп, ас қойыртпағын, ішек - қарын сөлін алу да қиын емес. Бірақ, мұндай сөл таза еме , ас қорыту процесі жайлы тұжырым жасауға мүмкіндік бермейді . Ас қорыту ағзаларының аурулары өте жиі кездеседі . Көптеген зерттеушілер адамның ішек - қарынынан таза сөл алып, оның ас қорытудағы мәнін білуді арман етті. Мысалы, 1842 жылы Москва университетінің профессоры Басов итке операция жасап , оның қарнына қойылған фистула арқылы ас қойыртпағы араласқан қарын сөлін жинап , оны зерттеді . Бұл операцияны өте жоғары бағалаған И. П. Павлов кейін итке эзофаготомия ( өңешті кесіп , оның екі ұшын сыртқа шығару ) операциясын жасап , жалған тамақтандыру әдісін ұсынды. Таза қарың сөлін жинап, оның құрамын анықтады , бұл сөлдiң адам қарнының сөлінен айырмашылығы жоқ екенін дәлелдеді.
Сонымен ас қорыту жүйесінің қызметін ( функцияларын ) зерттеуде бірден бір тиімді әдіс — И. П. Павлов ұсынған фистула қою. Фистула қою әдісі ас қорыту физиологиясын жаңаша дамытуға жол ашып , бұл тарапындағы әйгілі еңбектері үшін И. П. Павловқа Нобель сыйлығы берілді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет