19. Бүйректің микроструктурасы, құрылымдық функционалдық бірлігі. 20. Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары. 21. Несепқуық, топографиясы, құрылысы, қызметі


Несеп жібергіш өзек, оның жыныстық ерекшеліктері. Ерлердің несеп жібергіш өзегінің құрылысы, бөлімдері, қызметі



бет6/13
Дата19.09.2023
өлшемі55,67 Kb.
#108384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
23.Несеп жібергіш өзек, оның жыныстық ерекшеліктері. Ерлердің несеп жібергіш өзегінің құрылысы, бөлімдері, қызметі.
Ерлердің несеп шығаратын өзегі (латыншасы uretra masculina )сыртқы жыныс мүшесі болып табылады.Бұл түтік пішінді тақ мүше,ұзындығы шамамен 16-22 ,ал диаметрі 0,5-0,7 см құрайды. Қызметі:несеп шығару,шәуетті лақтыру. Несеп шығаратын өзектің қуықасты безден,несеп-жыныс көкеті,сонымен қатар, еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесінен өтетінін атап өту керек. Несеп шығаратын өзек несеп шығаратын өзектің ішкі тесігімен, ostium urethrae internum, басталып, несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігімен, ostium urethrae externuм аяқталады. Бөліктері:қуықасты, жарғақты және кеуекті;қозғалмалы және қозғалмайтын,яғни фиксацияланған бөліктерге бөледі. Қуықасты бөлігі pars prostatica вертикалді бағытта қуықасты безден өтетін және ұзындығы 3 см болып келетін бөлік болып табылады. Ортаңғы бөлімінде қуысы кеңейген болып келеді. Несеп шығаратын өзектің қуықасты бөлігінің артқы қабырғасында несеп шығаратын өзектің қыры, crista urethralis орналасқан. Бұл қырдың ең шығыңқы бөлігі - шәует төбешігі деп аталады, colliculus seminalis, оның ұшында ұңғыл ,яғни куықасты жатыршасы, utriculus prostaticus, орналасқан.Оның жан-жағынан шәует жіберетін түтік тесігі ашылатынын айта кету керек. Жарғақты бөлігі pars membranacea, қуықасты без ұшынан басталып,жыныс мүшесі буылтығына дейін орналасады. Қысқа,тар болып келеді(1,5 см).Несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігі несеп-жыныс көкетінен өтетін жерінде несеп шығаратын өзектің қысқыш бұлшықетін,яғни сфинктерді m sphincter urethrae, құрайтын көлденең жолақты бұлшықет талшықтарымен қоршалған болып келеді. Кеуекті бөлігі, pars spongiosa- несеп шығаратын өзектің ең ұзын бөлігі болып табылады. Бұл бөлім жыныс мүшесінің басында орналасып, қайықтәрізді шұңқырды, fossa navicularis urethrae түзіп, қайтадан кеңейеді.Еркек несеп шығаратын өзегінің 3 тарылулары кездеседі:еркек несеп шығаратын өзектің ішкі тесігінің аймағында; несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде және еркек несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігінің аймағында. АЛ өзектің кеңею жерлеріне келсек:қуықасты бездің бөлігінде;жыныс мүшесінің
буылтығында; кайықтәрізді шұңқырда, fossa navicularis urethrae болып келеді. Несеп шығаратын өзектің қабырғаларының құрылысына келер болсақ. Ішкі шырышты қабығында өзектің қуысына ашылатын бездер, gl urethralis немесе Литтре бездері орналасқан. Несеп шығаратын өзектің кеуекті бқлігінде ұңғылдар - шұңкыршақтар, lacunae urethrales, орналасқан.Шырышасты негізі мен бұлшыкеттік қабығы, бойлық және дөңгелек қабатты бірыңғай салалы бұлшықет жасушаларынан кұралған. Әйелдердің несеп шығаратын өзегі urethra feminina бұл да тақ мүше. Локализация:қуықтан әйел несеп шығаратын өзегінің сыртқы тесігінен ostium urethrae internum, басталып, сыртқы тесікпен, ostium urethrae externum, аякталады. Ұзындығы 2,5-3,5 см, диаметрі 8- 12 мм, қысқа, сәл иілген. Несеп шығаратын өзек төмен бағытталып, несеп-жыныс көкетін тесіп өтетін болып келеді. Әйел несеп шығаратын өзегінде бұлшыкеттік жэне шырышты қабықтар бар. Шырышты қабықтың tunica mucosa беткейінде бойлық қатпарлар мен ұңғылдар және де шұнкыршақтары, lacunae urethrales болады.Шырышты қабықта өзек бездері, gll. urethrales, орналасқан. Шырышты қабықтың сыртында ішкі бойлық және сыртқы дөңгелек қабаттардан тұратын бүлшықеттік қабық, tunica muscularis, орналасқан. Несеп шығаратын өзектің жыныстық ерекшеліктері: Әйелде несепағар 2-3 см-ге қысқа және оның төменгі бөлігінің мүшелерге қатынасы ер адамға қарағанда өзгеше. Әйел жамбасында несепағар аналық бездің бос жиегімен жүреді, содан кейін жатырдың кең байламының түбінде жатыр мойнынан бүйірге жатып, қынап пен қуық арасындағы алшақтыққа еніп, соңғысының қабырғасын ер адам сияқты бағытта теседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет