1917 жылғы ақпан төҢкерісі 1917 ж. 23 ақпанда Петроградта кәсіпорын жұмысшыларының «Соғыс жойылсын!»



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата21.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#142246
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
1918 ж. 30 сәуірде
Түркістан автономиялық Кеңестік Республикасы (
Түркістан АКСР

) жарияланды. 
Түркістан АКСР-нің астанасы – 
Ташкент
қаласы. Автономия 
1924 жылға
дейін өмір сүрді. 
Құжат 
Түркістан Кеңестік Федерациялық Республикасы туралы Ереже 
1918 жылғы 30 сәуір. 
1.
Түркістан өлкесінің Ресей Кеңестік Федерациясының Түркістан Кеңестік Федерациялық 
Республикасы деп жарияланады. 
Түркістан Республикасының құрамына Хиуа мен Бұхараны қоспағанда, бүкіл Түркістан елі өзінің 
географиялық шегарасында енеді. 
2.
Түркістан Кеңестік Федерациялық Республикасы автономиялы басқарыла отырып, Ресей 
Кеңестік Федерациясын таниды және өзінің іс-қимылын оның орталық үкіметімен үйлестіріп 
отырады. 
3.
Түркістан Федерациялық Республикасының жоғары заң шығарушы органы жұмысшы, солдат, 
шаруа мен мұсылман-диқан депутаттары Кеңесінің желтоқсан айының алғашқы күндерінде 
шақырылатын съезі болып табылады. 
4.
Тұрақты заң шығаратын жоғары орган – Орталық Атқару Комитеті Түркістан өлкесі 
Кеңестерінің съезінде 36 адамнан сайланады. 
5.
Атқару міндеттері және өлкені басқару ісі съезд 16 адам мөлшерінде сайлайтын Халық 
Комиссарлар Кеңесіне шоғырландырылды. 
6.
Жергілікті жерлердегі үкімет билігі Кеңестер мен олардың атқару комитеттеріне беріледі. 
7.
Орталық үкіметпен өзара қатынастарды анықтау үшін съезд 5 адамнан комиссия сайлайды, ол 
съезден кейін осы мақсат үшін Мәскеуге аттанады. 


«ҮШ ЖҮЗ» ҚАЗАҚ СОЦИАЛИСТІК ПАРТИЯСЫ (1917-1918) 
 
Партияның идеясы: 1917 ж. қарашада Омбыда 
«Үш жүз» социалистік партиясы құрылды. Партия мүшелері 
өз ұйымын «Қазақтың социалистік партиясы» деп атады. «Үш жүз» партиясы «Алаш» партиясына қарсы 
оппозициялық партия ретінде қызмет етті. Себебі, «Үш жүз» партиясының мақсаты – Қазақстанда Кеңес 
үкіметін орнату. Партия большевиктерді қолдап, оларға өлкеде кеңестік билікті орнатуға көмектесті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет