1917 жылғы ақпан төҢкерісі 1917 ж. 23 ақпанда Петроградта кәсіпорын жұмысшыларының «Соғыс жойылсын!»



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата21.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#142246
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
1920 ж. 9 наурызда
Алаш Орда автономиясы мен Алаш партиясы таратылып, жұмысын тоқтатты. 

1920 ж. қазанда
 
Алаш Орда автономиясының орнына 
Қазақ АКСР
-і құрылды
. Қазақстан 1920 жылы – 
автономиялық республика, 1936 жылы - одақтас республика, 1991 жылы – тәуелсіз мемлекетке айналды.
 
 


ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫ (МУХТАРИАТЫ) (ҚОҚАН АВТОНОМИЯСЫ) 
(1917 ж. қараша-1918 ж. ақпан) 
 
Автономияның құрылуы 

1917 ж. 15-22 қарашада
 
Ташкент қаласында Түркістан өлкелік солдат, жұмысшы және шаруа, қырғыз 
және мұсылман депутаттарының ІІІ съезі өтті.
 

Съезде 14 адамнан құралған Түркістан өлкесінің Халық Комиссарлар Кеңесі сайланды. Бірақ оның 
құрамында бірде-бір мұсылман өкілі болмады. 

Сондықтан 
1917 ж. 26-29 қарашада
Қоқан қаласында 
IV Төтенше Жалпымұсылмандық съезд
шақыртып, 
М.Шоқай
ұйымдастырды.

1917 ж. 28 қарашада съезде Түркістан автономиясының Уақытша үкіметі сайланды. 
 
 
Автономия төрағасы
:
Үкіметтің алғашқы министр-төрағасы
М.Тынышпаев
,
кейін оны 
М.Шоқай
алмастырады. 
Автономия территориясы
: Орталық Азия, 
Сырдария
мен 
Жетісу 
облыстары. 
Орталығы:
Қоқан
қаласы. 
Автономияның таратылуы:

1918 ж. қаңтарда
Қоқан қаласына Түркістан автономиясын тарату үшін Ташкенттен большевиктердің 
жазалаушы отряды жіберілді.

Жазалау шараларына армяндардың 
«Дащнакцутюн»
 
саяси партиясының мүшелері де қатысты. 

1918 ж. 29 қаңтарда жазалау отряды Қоқан қаласын басып алып, халықты қырғынға ұшыратты. 

1918 ж. 4-7 ақпанда аралығында 10 мыңнан астам бейбіт тұрғын өлтірілді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет