1917 жылғы ақпан төҢкерісі 1917 ж. 23 ақпанда Петроградта кәсіпорын жұмысшыларының «Соғыс жойылсын!»



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата21.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#142246
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
 
 
 
 
 
 
 
 


АЛАШ ОРДА АВТОНОМИЯСЫ (1917 ж. ЖЕЛТ. – 1920 ж. НАУРЫЗ) 
 
Автономияның құрылуы:
 
1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынборда
 
Алаш партиясының 
Екінші жалпықазақтық 
съезі
өткізілді. Съезд ұйымдастырушылар 
Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов
. алашорда автономиясын 
жариялау мәселесі «Қазақ», «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ұран», «Жас азамат» газеттерінде кеңінен 
насихатталды. 
Автономия үкіметі: 
Съезде Уақытша халықтық 
кеңес үкіметі құрылды. Оның құрамы 
25 адамды

оның 10-ы басқа халық өкілдері еді.
Уақытша 
кеңес 
мүшелері:
Ә.Бөкейхан, 
Х.Досмұхамедұлы, 
Ә.Ермеков, 
М.Тынышбаев, 
Б.Құлманов, Ж.Ақбаев, Б.Мамытов, У.Танашев, 
О.Әлжанов, А.Бірімжанов, А.Тұрлыбаев. Отыншы 
Әлжанов – Алаш идеясы үшін қолына қару алып 
күрескен, Жетісу жерінде Алашорда милициясын 
құрып, жасақтауды іске асырды. 
Төрағасы:
 
Алашорда Уақытша халықтық кеңесінің 
төрағасы ретінде 
Ә.Бөкейхан
сайланды.
Автономия аумағы:
Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, 
Ақмола, Семей облыстары, Закаспий облысы мен 
Алтай губерниясы. 
Автономия орталығы:
Семей
қаласы, кейін қаланың 
атауын 
Алаш
деп өзгерткен. 
 
Автономияның таратылуы: 

1918 ж. қаңтарда Алашорда үкіметі Кеңес үкіметімен (В.И.Ленин, И.В.Сталин) «Алаш» автономиясын 
тану туралы келіссөздер басталды. 

1918 ж. 19-20 наурызда Кеңес үкіметі Алаш Орда ұлттық автономиясын мойындамайтынын жария етті. 

1918 ж. жазда Алашорданың большевиктермен ашық күресі басталды.

Алаш Орда үкіметі Орынборда Дутовпен, Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен қарым-қатынас 
орнатты. 

Алаш қайраткерлері Орал, Сібір, Жетісу казактарымен байланысын нығайтты. 

Алайда, олардың арасында кейін келіспеушілік пайда болды. Себебі, Колчак Қазақ автономиясының 
құрылуына қарсы болды. Сондықтан, Колчак 1918 ж. қазанда Алашорда қызметіне тыйым салған шешім 
шығарды. Содан казактар жергілікті қазақ халқына қатысты озбырлық қатынасы, атаман 
Анненковтың 
отряды ерекше қатыгездігін танытқан соң Алаш қайраткерлері ақ гвардияшылар қатарынан Қызыл 
Армия қатарына көшті. 

1919 ж. сәуірде большевиктер алашордашылықтарды өз жағына тарту үшін РКФСР БОАК-і Алашордаға 
рақымшылық жасау туралы шешім қабылдады. А.Байтұрсынұлы жетекшілігімен алашордалықтардың 
Торғай бөлімшесі большевиктердің жағына өтті. А.Байтұрсынұлы Қырғыз (қазақ) әскери-
революциялық комитеті құрамына енгізілді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет