1996 жылдан бастап шығады Основан в 1996 году



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата06.03.2017
өлшемі3,23 Mb.
#8199
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

Әдебиеттер тізімі 
1.  «Қазақстан   Республикасының   индустриалды  –  инновациялық  дамуының  2003-
2015 жылдарға  арналған стратегиясы » : Астана-2003. 
2. Казахстанская правда. // Тай С. Тікелей шетел инвестицияларының әсері. 2010.  
3. Алжанова Н.Ш. Инвестициялық жоба / Қазақ Университеті. Алматы. 2009. 
4. Бохаев Д.Т. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері // Экoномика 
негіздері. 2006. 
5.  Ихданов,  Орманбеков.  Экономиканы  мемлекеттік  реттеудегі  өзекті  мәселелері.: 
Алматы. 2002. 
6.  Абденов А.Н. Халықаралық экономикалық қатынастар Алматы. Экономика. 2004. 
 
Резюме 
       В  данной  статье  рассматривается  роль  зарубежной  инвестиции  в  развитии 
национальной  экономики  Республики  Казахстан. 
 
Summary 
    This  article  discusses  theroleof  foreigninvestment  in  thedevelopment  of  the 
nationaleconomy of the Republicof Kazakhstan. 
 
ӘОЖ 347.9 
А.Т. Султанова 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСС БАРЫСЫНДА МЕДИАЦИЯНЫ ҚОЛДАНУ 
ЖАҒДАЙЛАРЫ 
 
Аңдатпа 
Азаматтық  дау-дамайларды,  келіспеушіліктерді  шешуде,  екі  тарапты  өзара 
ортақ  келісімге  келтіруде  медиация  -    таптырмайтын  тәсіл.  Медиация  азаматтық-
құқықтық  қатынастардан  туындайтын  істер  бойынша  дауларды  реттеу  процесі 
болып табылады. 
Негізгі  сөздер:   
медиация,  билер  соты,  медиатор,  отбасылық  қатынастар,  сот 
өндірісі, ерлі-зайыптылар, дауласушы тараптар. 
 
Медиацияның  -  билер  соты  сияқты  дауласушы  тараптардың  дауласушылық 
деңгейін  төмендетіп,  тараптарды  бітімге  келтіріп  татуластыруға  қол  жеткізуге 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

96
 ~ 
 
мүмкіндік  береді.  Қазіргі  кезеңде  дауласушы  тараптар  арасында  жағымсыз 
қылықтар,  басымырақ  болып,  нәтижелі  келісімге  келуге  кедергі  болып  тұрған 
жағдайларда, даудың әрі қарай өршімеуі үшін, білімді, беделді, ірілігі мол, бейтарап, 
мүдделі емес тұлға медиатордың көмегі өте қажет.  
Медиаторлардың  міндеті  -  «өгізді  де  өлтірмей,  арбаны  да  сындырмай» 
барлық  тарапты  қиындықтан  аман  алып  шығу.  Егер  салыстырмалы  түрде  айтатын 
болсам,  қандай  да  бір  дауды  шешу  үшін  сотқа  жүгінген  адам  нақты  шешімге  жету 
үшін, сөз жоқ, көп уақытын жоғалтады. Бұған қоса, жәбірленуші жазаланушыдан сот 
арқылы  шығындарын  қайтарып  алуды  жылдар  бойы  сарыла  күтеді.  Ал, 
медиацияның бір үлкен артықшылығы, тараптарды мазалаған мәселелерді олардың 
өз  ауыздарынан  естіп,  орын  алған  дау-дамайды  екі  жаққа  да  тиімді  жағдайда 
шешудің  адамшылық  жолын  қарастырады.  Бұл  дегеніміз  -  кінәлі  адам  айлап 
абақтыда  жатудан  құтылып,  керісінше,  орын  алған  мәселені  шешудің  жолын 
қарастыруға  мүмкіндік  алады  деген  сөз.  Бұл  жерде  анықтап  алатын  бір  нәрсе, 
медиаторлар  өте  ауыр  қылмыстарды  шешуге  араласпайды.  Өйткені,  мұндай 
мәселенің  ақ-қарасын  анықтау  -  соттың  еншісінде.  Керісінше,  азаматтық  дау-
дамайларды,  келіспеушіліктерді  шешуде,  екі  тарапты  өзара  ортақ  келісімге 
келтіруде медиация -  таптырмайтын тәсіл.  
Сот  өндірісінен  оның  айырмашылығы  -  медиацияның  нәтижесінде 
«кінәлілер»  мен  «кінәсіз»  деген  тараптар  болмайды.  Медиация  сонымен  қатар 
тараптарға қажетті құпияны жария етпеуге мүмкіндік береді. 
Қазақстан  Республикасының  «Медиация  туралы»  Заңы  бойынша  дауларды 
жеке  қарсылық  аясынан  шығарып,  мүдделі  пікірталас  аясына  беру  көзделген. 
Мүдделі азаматтар мен ұйымдарға дауларды сотқа жүгінбестен, сотқа дейінгі сатыда 
қарау барысында шешу іс-әрекеттерін бір жүйеге келтіру қамтылады. Медиацияның 
арқасында соттарда қаралатын істердің саны да айтарлықтай азаймақ. [1]. 
Азаматтық процесте медиация  сотқа дейінгі сатыда, сот өндірісі кезінде де  
бастала  береді.  Соттың  қарауында  тұрған,  азаматтық-құқықтық  қатынастардан 
туындайтын  дауларды  реттеу  кезінде  медиация  өткізу туралы  шарт жасалса,  сот  іс 
жүргізуді тоқтата тұра алады.  
Көбінесе,  істі  сотта  қарауға  әзірлеу  барысында,  судья    Қазақстан 
Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 170 бабының талабын түсіндіреді, 
судьямен осы құқықты тараптарға басқа да құқықтармен сот әзірлігі бастағанда да 
(ҚР  АІЖК-нің  185  бабы),    сонымен  қатар    істі  мәні  бойынша    қарағанда  да 
түсіндіріледі. 
Заңмен  соттың  өкілеттігіне,    сондай-ақ    сотпен  бекітілген  медиация 
тәртібімен    дауды    реттеу  туралы  келісімнің  мерзімін  ұзарту,    бөліп-бөліп  төлеу 
немесе  тәсілді өзгерту мәселелері  қарастырылған. 
Сонымен  бірге,    дауды      реттеу  туралы  келісімнің  шартын  анықтау  және 
іскерлік  кездесулерді  жүргізу    үшін  тараптарға  оңтайландыру    шартын    ұсыну 
мақсатында,  медиаторлар  ұйымының  әрқайсысы  өздері    медиация  рәсімін  жүргізу 
реттемені бекітуге ұмтылады деп есептеймін. 
Медиацияның 
ойдағыдай  нәтижесінде  Заңның  27 
бабына  сәйкес, 
медиацияны  жүргізу  кезінде  медиация  тараптары  қол  жеткізген  дауды  реттеу 
туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды. Осындай 
келісімде  медиация  тараптары,  даудың  нысанасы,  медиатор  туралы  деректер, 
сондай-ақ  тараптар  келіскен  келісімнің  шарттары,  оларды  орындау  тәсілдері  мен 
мерзімдері  және  оларды  орындамаудың  немесе  тиісінше  орындамаудың  салдары 
қамтылуға  тиіс.  Дауды  реттеу  туралы  келісім  азаматтық-құқықтық  мәміле  сияқты, 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

97
 ~ 
 
тараптар  оны  ерікті  тәртіппен    орындауға  тиіс,  мұндай  мәміле  орындалмаған 
жағдайда, 
Қазақстан 
Республикасының 
заңдарында 
көзделген 
тәртіппен 
жауаптылықта болады. 
Судья  істі  қарауды  бастаған  кезде  тараптарға  дауды  медиация  тәртібімен 
шешу мүмкіндігін айтады. Бөгде мүдделерді қорғау үшін талап қойған үшінші тұлға, 
бітімгершілік  келісім  және  дауды  медиация  тәртібімен  реттеу  туралы  келісім  жасау 
құқығына  ие  бола  алмайды.  Медиация  тәртібімен  келісім  жасау  өкілеттігі  өкілдік 
берушіге берген сенімхатта арнайы көзделуі тиіс.  
Азаматтық процесс  барысында медиацияны жүргізу  кезінде  тараптар  дауды 
реттеу туралы келісімге қол жеткізгенде, тараптар қол қойып, шығарылған шешімді 
дереу  судьяға  жібереді.  Дауды  реттеу  туралы  келісімді  сот  Қазақстан 
Республикасының  Азаматтық  іс  жүргізу  кодексінде  көзделген  тәртіппен  бекітеді, 
соттық отырыстың хаттамасына тіркеледі. 
Медиатор  заңда  өзгеше  көзделмеген  жағдайда,  медиация  кезінде 
анықталған мән-жайларды айтуға куә ретінде шақырылмауы тиіс.  
Медиация  азаматтық-құқықтық  қатынастардан  туындайтын  істер  бойынша 
дауларды  реттеу  кезінде  медиацияны  өткізу  туралы  шарт  жасалған  күннен  бастап 
отыз  күннен  кешіктірілмей  аяқталуға  тиіс.  Қажет  болған  жағдайда  тараптардың 
өзара шешімі бойынша медиацияны жүргізу мерзімі тағы отыз күнге дейін ұзартылуы 
мүмкін,  бірақ,  жиынтығында  ол  алпыс  күннен  аспауы  керек.  Азаматтық-құқықтық 
қатынастардан  туындайтын  дауларды  шешуде  тараптардың  бірі  мемлекеттік  орган 
болған жағдайда медиация рәсімі қолданылмайтынын атап өткен жөн. 
Бұл ретте төленген мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының Азаматтық 
іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс[2]. 
Медиацияның  отбасылық  қатынастар  саласындағы  ерекшеліктері:  некені 
жалғастыруға,  ата-ана  құқықтарын  жүзеге  асыруға,  балалардың  тұрғылықты  жерін 
белгілеуге,  ата-ананың  баланы  бағып-күтуге  салымына  қатысты  ерлі-зайыптылар 
арасындағы  келіспеушіліктер,  сондай-ақ  отбасылық  қатынастардан  туындайтын 
басқа да келіспеушіліктер медиация арқылы шешілуі мүмкін. Медиацияны жүргізген 
кезде  медиатор  баланың  заңды  құқықтарын  ескеруге  тиіс.  Егер  медиация 
барысында баланың қалыпты өсуіне және дамуына қауіп төндіретін, төндіруі мүмкін 
немесе  оның  заңды  мүдделеріне  елеулі  залал  келтіретін  фактілер  белгілі  болса, 
медиатор  баланың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  өкілеттілікті  жүзеге  асыратын 
органға жүгінуге міндетті. Ерлі-зайыптылар арасындағы дауда өмірлік тәжрибесі мол 
беделді құрметті адам медиатор болады. Өзге де ағайындарын шақырып, ажырасуға 
дейін жеткен тараптарды бейбіт келісім жасасуға шақырады. Екі жақтың реніштерін, 
өзара  қарсылықтарын  тыңдап,  баға  беріп,  екі  жақты  келісімге  шақырады.  Осылай 
отбасыны татуластырып, дауға дейін болған ара-қатынастарын қалыптастырады[3].  
Еңбек  қатынастарындағы  медиацияның  орны.  Қазақстан  Респубикасының 
Конституцияның  24-бабына  сәйкес:  Әркiмнiң  еңбек  ету  бостандығына,  қызмет  пен 
кәсiп  түрiн  еркiн  таңдауына  құқығы  бар.  Ерiксiз  еңбекке  соттың  үкiмi  бойынша  не 
төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi. Әркiмнiң қауiпсiздiк 
пен  тазалық  талаптарына  сай  еңбек  ету  жағдайына,  еңбегi  үшiн  нендей  бiр 
кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы 
бар. Бірақ жұмысқа тұрған кезде екі жақ келісім-шартқа отыру керек. Заң бойынша 
еңбек  шартын  бір  жағы  бұзатын  болса,  екінші  жағы  оған  қарсы  пікірін  білдіруге 
құқылы.  Еңбек  дауына  бармас  бұрын  жұмыс  беруші  де,  жұмыскер  де  өте  мұқият 
ойлануы  керек.  Құқықбұзушылық  болды  ма,  даудың  туындауына  негіз  барма? 
Туындаған  жағдайда  өзара  мәмілеге  келуге  бола  ма?  Сондықтан,  бірінші  кезекте 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

98
 ~ 
 
екеуара  бейбіт  түрде  дауды  асқындырмай  екі  жақтың  қарама-қайшылығын 
реттеп,істің келісімді негізде шешу мәселесін қарастырған жөн[4].  
  Отбасылық  қатынастарының  саласында  медиация  ерекшелігі  туралы  кейбір 
ережелер арнайы Заңмен белгіленген. 
Көбінесе,    ата-ананың  құқығын    жүзеге  асыру,  балалардың  тұрғын  үйін 
анықтау,  балаларды  бағудағы  ата-аналардың  үлесі,    некені  жалғастыруға  қатысты 
ерлі-зайыптылар    арасындағы    келісе  алмаушылықты  медиация  саласы  қамтиды, 
бірақ    қандай  жағдайда  да  медиатор  баланың  заңды  мүддесін  ескеру  керек. 
Деректерді  анықтау  барысында, баланың дамуына  және жақсы өсу қауіпсіздігіне 
тиісу немесе тиісуі мүмкін болған жағдайда  немесе оның заңды мүддесіне шындап 
залал  келтірсе,    баланың  құқығын  қорғау  бойынша  өкілеттілікті  жүзеге  асыруда 
медиатор органға міндетті түрде  айту қажет[5]. 
  Азамат  екінші  азаматтан  қарызға  ақша  алған,  бірақ  ешқандай  құжаттармен 
рәсімдемеген:  қолхат  та,  келісім-шартта  жоқ.  Заемшы  ақшасын  қайтарудан  бас 
тартпайды,  қайтаруға  да  асықпайды.  Заем  алушы  заем  берушінің  фирмасында 
жалақы  алмай,  көп  уақыт  жұмыс  істегені  анықталды.  Осылай, 
өзара 
келіспеушіліктер  туындаған.  Заңды  түрде  құжаттары  болмағандықтан,  сотқа 
шағымдану  мүмкіндігі  жоқ.  Осындай  жағдайда,  медиацияның  көмегіне  жүгіну 
таптырмас шешім. Медиатор екі жаққа да қолайлы жағдай туғызып, татуластырды. 
 
Әдебиеттер  тізімі 
1.Қазақстан  Республикасының  «Медиация  туралы»  2011  жылғы  28  қаңтардағыт 
№401 - IV Заңы. 
2.Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  іс  жүргізу  кодексі  13  шілде  1999  жыл  № 
411-I    //  Қазақстан  Республикасының  Парламентінің  ведомості  ,  1999.,  №  18,  644 
бабы. 
3.Қазақстан  Республикасының  «Неке  және  отбасы  туралы»  Заңы  1998  жылғы  17 
желтоқсан N 321-I Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998., N 23. 
4.Қазақстан  Республикасының  Еңбек  кодексі  2007  жылғы  15  мамырдағы  N  251 
Кодекс  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  Жаршысы,  2007.,  N  9,  65-құжат 
7бабы. 
5.«Жайық  үні»  газеті  №  19,  11.05.2012.  Медиация  заңын  білесіз  бе?  Батыс 
Қазақстан  облысының  мамандандырылған  ауданаралық  экономикалық  сотының 
кеңсе меңгерушісі М. Рысбеков; 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  актуальные  вопросы,  касающиеся  
медиации как способа  разрешения гражданского спора в Республике Казахстан.  
 
Summary 
This  article  discusses  the  current  issues  relating  to  mediation  as  a  method  of 
resolving civil disputes in Kazakhstan. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

99
 ~ 
 
ӘОЖ 330.534 
Т.С. Саликов, Б.М. Дюсегалиева 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ  БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ 
КРИТЕРИЙЛЕРІ: ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада    Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  экономиканың  бәсекеге 
қабілеттілігін анықтаудың  критерийлері: жетістіктері мен кемшіліктері баяндалған. 
Негізгі  сөздер: 
Бүкіләлемдік  экономикалық  форум  (БЭФ),  бәсекеге  қабілеттіліктің 
өсу  индексі  (БҚӨИ)  (Growth  Competitiveness  Index),  "бастапқы  инноватор"  (БИ), 
Технологиялар индексі (ТИ). 
 
Бәсекеге  қабілеттілікті  арггыру  ең  алдымен  бәсекеге  қабілеттілік  дегеннің 
мәнісін  түсініп  алу  арқылы  анықталады.  Қазірдің  өзінде  Президенттің  аталған 
Жолдауын  талқылау  барысында  алға  тартылған  міндеттің  әртүрлі  түсінілгенін 
байқау қиын емес: көбіне әңгіме "ең дамыған", "ең табысты", "ең бәсекеге қабілетті" 
елдер  туралы  болып  жатады.  Біздің  ойымызша,  Қазақстанды  бәсекеге  қабілетті 
елдің  бірі  ету  мақсаты  қойылғанын  анық  түсіну  керек.  Және  де  жалпылама  емес, 
белгілі бір әдіснама, дәлірек айтқанда, жыл сайын есептеліп отыратын Бүкіләлемдік 
экономикалық  форум  (БЭФ)  белгілеген  бәсекеге  қабілеттіліктің  өсу  индексі  (БҚӨИ) 
(Growth  Competitiveness  Index)  бойынша  бәсекеге  қабілетті  ету  мақсаты  көзделіп 
отыр.  Қазіргі  кезде  2006  жылдың  қорытындысы  бойынша  БҚӨИ  бағалаудың  басқа 
үлгісі  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік  индексімен  (ЖБҚИ)  алмасты.  Бірақ 
Президенттің Жолдауы БЭФ елдердің бәсекеге қабілеттілігін БҚӨИ байынша бағалап 
отырған  2006  жылдын  наурызында  жасалған  болатын,  сондықтан  да  бұрынғы 
нұсқада қабылданған бағалау критерийінің индексін де қарастырған жөн. 
Бәсекеге  қабілетгіліктің  өсу  индексі  технологиялар,  қоғамдық  институттар 
және макроэкономикалық ортаның индексі атты үш компоненттен тұрады. Сонымен 
бірге  зерттеліп отырған  елдер  әрқайсысында  индексті  есептеудің  әдіснамасы  БҚӨИ 
компоненттерінің  үлесінің  әртүрлілігімен  сипатталатын  "бастапқы  инноватор"  (БИ) 
және  (бастапқы  емес  инноватор)  (БЕИ)  түріндегі  екі  топқа  бөлінді.  "Бастапқы 
инноватор" елдері үшін БҚӨИ былай есептеледі: 
БҚӨИ  =  технологиялар  индексінің  S  +  қоғамдық  институтар  индексінің  j  +  
макроэкономикалық орта индексінің j. 
"Бастапқы  емес  инноватор"  елдер  үшін  барлық  үш  компонент  үшін  БҚӨИ 
салмағы бірдей. 
Технологиялар индексі (ТИ) БИ елдерге арналған: 
ТИ  =  инновациялардың  иңдексішілік  индексінің  S  +  ақпараттық  және 
коммуникациялық технологиялардың индексішілік индексінің S. 
БЕИ елдері үшін: 
ТИ  =  инновациялардың  индексішілік  индексінің  1/8  +  технологиялар 
трансфертінің  индексішілік  индексінің  3/8  +  ақпараттық  және  коммуникациялық 
технологиялардың индексішілік индексінің S. 
Қоғамдық  институттардың  индексі  келісімшарттар  мен  заңнамалардың 
индексішілік индексінің S + жемқорлықтың индексішілік индексінің S. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

100
 ~ 
 
Макроэкономикалық ортаның индексі = макроэкономикалық тұрақтылықтың 
индексішілік  индексінің  S  +  елдік  несиелік  рейтингінің  индексішілік  индексінің  j  + 
мемлекеттік шығындардың индексішілік индексінің j. 
Сонымен, Қазақстанның БЭФ анықтаған әлемнің 50 дамыған елінің қатарына 
қосылу  міндетін  орындау  үшін  ең  алдымен  технологиялық  даму  және  қоғамдық 
институттар  дамуы  сияқты  мәселелерге  ерекше  назар  аудару  керек,  өйткені 
макроэкономикалық  ортадағы  жағдаят  біршама  жағымды  қалыптасып  отыр. 
Қоғамдық институттар индексі келісімшарттар мен заңнамалық және жемқорлықтың 
өзара  бірдей  деңгейдегі  (S-ден)  индексішілік  индексінен  құралады.  Бұл  екі 
индексішілік индекс те тексеру жүргізу және сауалнамалар арқылы есептеледі. 
Біздің  ойымызша,  берілген  индексті  есептеу  соншалықты  жетілгендігімен 
сипатталмағандықтан,  осы  бойынша  есептелген  елдердің  рейтингідегі  қорытынды 
қалпында  да  кемшіліктер  болды.  Мәселен,  жалпы  индекстегі  (БҚӨИ),  жоғары 
дамыған  ғарыштық  өнеркәсібіне,  әскери-өндірістік  кешеніне  (осы  саладағы  өнім 
экспорты бойынша Ресей әлемде бірінші орынға ие), миллионға толы ғалымдар саны 
мен  сапалы  білім  беру  жүйесіне  қарамастан,  73-орында  тұрған  техиологиялардың 
арнайы  индексінде  де  Ресейдің  төмен  орындарда  тұрғаны  ерекше  назарға  ілігеді. 
Осының нәтижесінде БҚӨИ бойынша, мысалы, БАЭ (18 орын), Катар (19), Чили (23), 
Кувейт, Кипр, Тунис, Иордания, Ботсвана, Гана және т.б. еш уақьпта технологиялық 
жетістіктерімен  көзге  түспеген  және  дамыған инновациялық-технологиялық  саласы 
жоқ  елдер  Ресейден  жоғары  деңгейге  шығып  кетіп  отыр.  Осыған  қарағанда, 
қорытынды  көрсеткіштер  көбінесе  технологиялық  индексін  есептеу  әдісіне  тікелей 
байланысты  болу  керек.  Бұл  индексте  ескерілетін  статистикалық  мәліметтердің 
ішінде  патенттер  саны  көрсеткіші  ғана  инновациялық,  ғылыми  қызметке  тікелей 
қатысы  бар.  Ал  басқа  көрсеткіштер,  мәселен,  ұялы  телефондар  мен  Интернет  пен 
Интернет-хосттарды  тұтынушылар  саны  сияқтылары  елдің  технологиялылығы  мен 
инновациялылығының  деңгейін  емес,  одан  гөрі  ұялы  телефон,  компьютерлер  мен 
интернетке қолдары жететін елдің азаматтарының хал-ахуалын білдіреді. 
Міне, сондықтан да тізімнің басына Парсы шығанағының бай елдері шығып, 
өзінің  жоғары  ғылыми  әлеуетімен  танымал  елдер  тізім  соңына  түсіп  жатады. 
Бағдарламалау  саласында  Үндістан  әлемдік  көшбасшылардың  бірі,  50-орын  алады, 
ал  БҚӨИ  бойынша  ғылыми  зерттемелері  мен  технологиялылығы  туралы  ештеме 
белгісіз  Ботсвана,  Иордания,  Тунис  сияқты  мемлекеттерден  төмен  тұр.  Бұл  жағдай 
49-орында тұрған Қытайға да қатысты. 
Қоғамдық  институттар  мен  оған  кіретін  келісімшарттар  және  заңнамалық 
индексішілік индекс пен жемқорлықтың индексішілік индексі туралы айтатын болсақ, 
бұл  көрсеткіштер  сауалнамалар  мәліметтеріне  негізделіп  қана  қоймай,  сонымен 
бірге  статистикалық  индикаторлардан  да  тұрады,  сондықтан  да  бұрынғыдан  бетер 
субьективті  болып  табылады.  Сауалнамаға  негізделген  индекстер  мен  рейтингілер 
сауалнамаға жауап берушілер мен олардың мемлекетке тәуелділігіне қарай өзгеріп 
отыратыны анық. 
Резюме 
 
В 
статье 
освещены 
вопросы 
конкурентоспособности 
национальной  
экономики выявления критерий: недоделки и достижения 
  
Summary 
 
In the article the questions of competitiyeness of national economy of exposure 
are lighted up criterion and achievements.  
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

101
 ~ 
 
ӘОЖ 332.12 
Т.С. Саликов, Б.М. Дюсегалиева 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ  
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада    Қазақстанның  әлемдік  нарықтағы  орнын  және  дамуының 
мықты  және  әлсіз  жақтарын  анықтау  үшін,  Дүниежүзілік  экономикалық  Форум 
есептеулері  бойынша,  оның  ғаламдық  бәсекеге  қабілеттілік  индексін  анықтау 
баяндалған. 
Негізгі  сөздер: 
ЖІӨ  (Жалпы  ішкі  өнім)  мен  ЖҰТ(Жалпыұлттық  табыс),  макро- 
микроэкономика, индексі. 
 
Елдік, ұлттық бәсекеге қабілеттілік бағаланатын рейтинг бизнестің бәсекеге 
қабілеттілігі жөніндегі жеке индекснен қатар Бүкіләлемдік экономикалық форуммен 
арнаулы  индекс  түрінде  есептеп  шығарылады.  2007  жылға  дейін  бәсекеге 
қабілеттіліктің өсу индексімен бағаланып келген ұлттық бәсекеге қабілеттілік қазіргі 
кезде  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік  индексімен  ауысты.  Қазақстанның  әлемдік 
нарықтағы  орнын  және  дамуының  мықты  және  әлсіз  жақтарын  анықтау  үшін, 
Дүниежүзілік  экономикалық  Форум  есептеулері  бойынша,  оның  ғаламдық  бәсекеге 
қабілеттілік  индексін  анықтау  керек.  2007  жылдың  мәліметі  бойынша  61-орынды 
иеленген.  Егер  жеке  көрсеткіштер  бойынша  қарастыратын  болсақ,  Қазақстан 
макроэкономикалық  (25  орын)  және  тиімділік  индексі  (58  орын)  бойынша  жақсы 
орында  келеді,  институттар  (80),  инновациялар  (84),  денсаулықсақтау  және 
бастапқы білім беру бойынша (94 орын) төменгі орындарда келеді. 
Ұлттық  бәсекеге  қабілеттілікті  бағалайтын  индекстерді  өзгерту,  яғни 
бәсекеге  қабілеттіліктің  өсу  индексінен  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік  индексіне 
өту,  берілген  индикаторларды  есептеу  әдіснамасына  әсерін  тигізді.  Өз  кезегінде 
әдіснаманы  өзгерту  кейбір  елдердің  орнының  өзгеруіне  алып  келді.  Айта  кетсек, 
Қазақстан  қазір  ЖБҚИ-да  56-орында  тұр.  Алайда  бұл  өрлеу  емес,  қайта  2005 
жылмен  салыстырғанда,  кері  кету.  Мәселен,  жаңа  әдіснамаға  сәйкес  2005  жылы 
Қазақстан бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексі бойынша 61-орынды емес, 51-орынға 
ие болды. 
Осылай  жағдай  жеке  индексішілік  индекстерге,  дәлірек  айтқанда,  өткен 
жылы  кейбір  комментаторлар  сөз  еткендей  41-орыннан  алға  жылжый,  қазір  еліміз 
10  орынды  иеленіп  отырған  макроэкономика  индексіне  де  қатысты.  Дегенмен 
рейтингідегі 
бұл 
орындарды 
салыстыру 
орынсыз 
болар 
еді, 
себебі 
макроэкономикалық  жетістіктерді  ДЭФ  басқа  да  әдістемелер  бойынша  бағалайды. 
Формулалар  мен  индикаторларға  сәйкес  индекс  атаулары  да  өзгерді.  Қазір  бұл 
индекс  "макро-экономика"  деп  аталады,  ал  еткен  жылы  "макроэкономикалық  орта 
индексі"  деп  аталған  болатын.  Қазіргі  кезде  макроэкономикалық  бәсексге 
қабілеттілікті  есептеуде  статистикалық  сипаттағы  6  көрсеткіш  ескеріледі,  ал  өткен 
жылы 10 параметр, соның ішінде сұрау ескерілген болатын.  
Табиғи  қор  байлықтары  есебінен  өскен  ол  бюджеттің  едәуір  профицитіне, 
мемлекеттік  қарыз  бен  ІЖӨ-нің  төмен  сәйкесімділігіне,  жоғары  жинақтау 
нормаларына  және  қаржы  нарықтарының  жоғары  тиімділігін  немесе  несиелеудің 
төмен  тәуекелінің  көрсеткіші  ретіндегі  пайыздық  төлем  бойынша  спрэдтің  едәуір 
төмендеуіне  алып  келген  макроэкономикасында  ірі  жетістіктерге  жетті.  Сондай-ақ 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

102
 ~ 
 
44-орынға  дейін  8  орынға  көтерілу  арқылы  нарықтық  тиімділік  жағынан  дамыды. 
Бұл  тауар  нарықтарындағы  бәсекелестіктің артуы нәтижесінде  мүмкін болды,  бірақ 
сауда  кедергілері  көптігінің  және  қаржы  нарықтарының  жетілмей  тұрғандығының 
салдарынан  тежеліп  отыр.  Еңбек  нарығының  икемділігі  нәтижесінде  ел  тағы  бір 
ұтысқа ие болды". 
Қазақстанның  бәсекеге  қабілеттілігі  туралы  ЖБҚИ  әзірлеуші  жетекіні 
ғалымдардың бірі, БЭФ-тің жаһандық бәсекеге қабілеттілік желісінің басшысы және 
бас  экономисі  Аугусто  Лопес-Кларос  өз  пікірін  білдірді:  "көптеген  ерекше  дамыған 
салаларына қарамастан, Қазақстанда институционалды ортаны дамыту үшін әлі көп 
іс  атқару  керек.  Бұл  істерде  елдің  заңды  тәуелсіздік,  жекеменшік  құқығын  сақтау, 
үкіметтің тиімділігі, қоғамның саясаткерлерге сенімі және қауіпсіздігімен байланысты 
өз  институттары  сапасының  төмендеу  процесін  бастан  өткергенін  ескеру  керек. 
Сондай-ақ  инновациялар,  бизнестің  жетілгендігі  және  технологиялық  әзірлік 
рейтингтері бойынша да төмендеулер байқалып отыр. 
Берілген  көрсеткіш  ғаламдық  бәсекелестік  тізімін  көрсетуде  маңызды  орын 
алып,  өз  кезегінде  позицияның  маңызды  осы  параметрін  жоғалтуы  мен  тізімді 
толықтай  позицияда  жоғалтуың  көрсетеді.  Қазақстанды  жоғарғы  позицияға 
көтеретін  локомотивтің  анықтығын,  қазіргі  уақытта  "макроэкономика"    параметрі 
қолайлы  мұнай  конъюнктурасында  көрсетеді.  Мұнай  факторының  маңыздылығы 
дәлелденіп, лидер елдердің көбісі "мaкpoэкoнoмикa" рейтингісінде көмірсулардың ірі 
экспорттаушысы  болып  табылады.  Басқаша  айтқанда,  Қазақстан  БЭФ  ғаламдық 
бәсекелестіктің  бағдарламалық  тізімі,  әлемдік  банк  сияқты  басқа  мекемелерде 
рейтинг  әрқашан  оңайлықпен  расталмайды. Одан ары  тіпті  өте жоғары  қарқынмен 
дамуы қажет ондай параметр ЖІӨ мен ЖҰТ өнеркәсібінде, онымен қоса халықсаны, 
ҒЗТҚЖ  қаржыландыру,  өмір  сүру  сапасын  көтеру  мен  өмір  сүру  мерзімін  ұзарту 
мақсатында  денсаулықсақтау,  халықтың  шығын  мөлшерін  жіктеуді  келешекте 
болдырмау 
және 
денсаулық 
сақтауды, 
ғылымды, 
білім 
беру 
мекемесін 
қаржыландыруды күшейту қажет.  
Көрсетілген  міндеттің  шешімі  жалпы  Қазақстан  экономикасының  сапасын 
көтеру  мен  бәсекелестіктің  өсуі,  әлемдік  деңгейдегі  елдің  рейтинг  бағасының 
көтерілуі,  Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстанның  бәсекелесе  алатын  дүние 
жүзіндегі  30  елдің  қатарына  қосылу  міндетін  орындау  мен  халықаралық  аренада 
оның беделін арттыру болып отыр. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет