1996 жылдан бастап шығады Основан в 1996 году



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата06.03.2017
өлшемі3,23 Mb.
#8199
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

Список литературы 
1. Гражданское право: Учебник. М.2000. 
2. Кодекс РК об административных правонарушениях от 30 января 2001 года. – Алматы 
2010. 
3. Закон РК «О конкуренции» от 25 декабря 2008 года /Справочная правовая система 
ЮРИСТ. 
4. Закон РК «О естественных монополиях и регулируемых рынках» от 9 июля 1998 года 
/Справочная правовая система ЮРИСТ. 
5.  Еременко  В.И.  Источники  российского  антимонопольного  законодательства 
//Адвокат. 2000.№1.  
Түйіндеме  
Бұл  мақалада  Қазақстан  Республикасының  монополияға  қарсы    заңнамаларын 
қолданудың тәжірибесі және талдау жолдары қарастырылады. 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

78
 ~ 
 
Summary  
 
In  this  article  was  introduced  way  of  select  and  experience  of  use  laws  against 
monopoly republic of Kazakhstan. 
 
ӘОЖ 368.02.131 
Р. Елеубаева 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  қазіргі  кезеңдегі  жинақтаушы  зейнетақы  қорының  түсінігінің  
негіздері баяндалған 
Негізгі сөздер: 
Кастодиан банк. 
 
Тәуелсіздік  алғаннан  бері    Қазақстан  Республикасында  ең  маңызды  мақсат 
пен  қоса        экономиканы  көтеру  емес,  сонымен  қатар  әлеуметтік  реформаларды 
жүргізу  болды.          Алынған  нәтижелерге  сәйкес,  ескі  саяси  және  экономикалық 
жүйеден  біржола  арылдық.  Бүгінгі  таңда  басқа  мемлекетке  айналып,  басқа  саяси 
және  экономикалық  жүйелерді  жүзеге  асырдық  [1].    Сонымен  қатар,  әлеуметтік 
жүйені де басқаша жолмен құрып, нарық заманына сай халықтық әлеухатын көтеру 
болып отыр. Реформа жүргізу барысында әлеуметтік саланың анағұрлым әлсіз екені 
байқалды. Теория жүзінде де әлеуметтік жүйені нығайтуға арналған құқықтық әдеби 
-   кітаптардың  тапшылығы  тәжірибе  жүзінде  осы  саланы  қайта  құруға  ат  салыса 
алмады. 
Осы кезде әлемдегі барлық елдер үшін өзекті мәселе – кәрілікті материалдық 
жағынана қамсыздандыру болып отыр.  Біздің елде де бұл өзекті мәселеге айналды. 
Қазақстан  Президенті  Н.А.Назарбаевтың  айтуы  бойынша  «2030  жылы  60  жастағы 
және  одан  асқан  адамдар  дамыған  ел  халықтарының  үштен  бірін  құрайды»  [2]. 
Яғни,  зейнетақы  алу  жасына  жеткен  азаматтардың  тұрмыс  –  халі  қалай  болмақ, 
қандай  жүйемен  реформалау  тиімді  болады?  Осы  сұрақтарды  құқықтық  шешу, 
мемлекеттің экономикасымен қабыстыру оңайға тиіп отырған жоқ. Халықтың нарық 
жағдайындағы  кірісін  белсенді  айналымға  салу  жоғарғы  ұйымдасқан  күрделі 
құрылымдарда, 
біртұтас 
жобаға 
біріктірумен 
жинақтаушы 
зейнетақымен 
қамсыздандыру  кезінде  ғана  ықтимал  болады.  Мұндай  қаржылық  институттарға 
деген  сенім  дәрежесі  көбіне  мемлекеттік  құрылымдардың  қатысуы,  құқықтық 
қамсыздандыру, заң шығарушы органдардың қолдауы, салықтық жеңілдіктер берілуі 
және атқарушы үкімет тарапынан бақылау арқылы жүзеге асырылады. 
Жинақтаушы  зейнетақымен  қамсыздандыру  жүйесі  бүгінгі  таңда  қалыптаса 
бастау  кезеңінде  тұр,  бірақ  құқықтық  негіздердің  жетіспеушілігінен,   іс  жүзіндегі 
мәселелердің  көптігінен,  халықтың  мұндай  реформаны  толық  түсінбеуінен  және 
адамдардың  сенімсіздігінен  толық  іске  аспауда.  Сондықтан  осы  жағдайларды 
реттейтін заңдарды реформалау мәселелері көптен – көп туындайды, және оларды 
әрі қарай жетілдірудің жолдарын көрсету.  
ТМД  елдерінің  арасында  Қазақстанда 
Зейнетақы  жүйесін  реформалау  мақсатында  мемлекет  зейнетақы  қорынан 
зейнетақымен  қамсыздандыру  төлеу  жөніндегі  мемлекеттік  орталығына  өзгертіп, 
жинақтаушы зейнетақы қорларының жүйесі құрылды. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

79
 ~ 
 
1997  жылы  20  маусымда  қабылданған   «ҚР  зейнетақымен  қамсыздандыру 
туралы»  заңы  мемлекетте  жинақтаушы  зейнетақы  жүйесінің  қалыптасуына  жол 
ашты. 
Басынан бастап осы реформаның маңызы мен іске орындалуы мұнда болды, 
бюджеттің  жүйелігін  жеңілдетіп  және  зейнетақымен  қамсыздандыру  жүйесін 
әділеттік  жүйеге  арттыру.  Зейнетақы  саласын  реформалау  біздің  елімізде  тарихи 
маңыздылығы  ретінде  бірнеше  жыл  бұрын  Үкіметпен  қабылданған  шешім.  Оның 
негізгі  мақсаты  зейнетақы  салымшылардың  жарналарын  –  сақтау  және  көбейту.  
Сақтау мақсатын жұзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 3 сатылы қорғау механизмі 
құрылды: 
1)  Мемлекеттік  институт   көмегімен  Еңбек  пен   әлеуметтік  қорғау 
Министрлігінің  жинақтаушы  зейнетақы  қорлар  әрекеттерін  реттеу  комитеті  
жинақтаушы зейнетақы жүйені қатаң қадағалауды орнату; 
2)    Жаңа  жинақтаушы  жүйесіндегі  3  негізгі  қатысушы  топтар  –  яғни 
жинақтаушы  зейнетақы  қорлар,  зейнетақы  активтерін  басқару  ұйымы  және 
кастодиан  банктердің   қызметін  және  өзара  бақылау  жүргізу  жүйесін  заңнамамен 
белгілеу; 
Кастодиан   банк  (латын  тілінен   аударғанда  сақтау  деген  мағынаны 
білдіреді)  –  бұл  банк  клиенттердің  сеніп  тапсырған  бағалы  қағаздар  мен  ақша 
қаражаттарын  жауапкершілікпен  сақтау  және  есепке  алу    жөніндегі  қызмет 
көрсететін банк. 
3)   Заңнамамен  пруденциалды  нормаларды  және  зейнетақы  активтерді 
инвестициялауға қатаң түрде қаржы инструменттердің тізімін  анықтау.  
 
 
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қорлар – ең негізгі буын. Қазіргі 
кезде 
олардың саны 14. Демек, барлық қорлар бәсеке жағдайында қызмет етеді. 
1998  жылдан  бастап  жинақтаушы  зейнетақы  реформасының  және 
жинақтаушы зейнетақы қорларының басталу кезеңі есептелінеді.   Аз 
уақыттың 
болуына  қарамастан,  зейнетақы  қызмет  ету  нарығына  жеке  инвесторларды  тарту; 
заңнамасы  және  нормативтік  базасы  және  сонымен  бірге  нарық  инфрақұрылымы 
қалыптасты.   Бірақ  ҚР  «Зейнетақы  қамсыздандыру  туралы»  заңдарына  енгізілген 
өзгерістер   және  реформалау  саясатының  жағымды  әсері  болса  да,  көптеген 
мәселелер қазіргі уақытқа дейін өз шешімін таппай келеді. 
Жинақтаушы  Зейнетақы  жарналар  мәні  –  салымшылардың  жарнасын  сақтау  және 
көбейту,  яғни  нақты  іс-жүргізуге  инвестициялау.  Қызмет  ету  механизмі  осымен 
қорытындылады. 
-          жұмыс  беруші  әр  ай  сайын  зейнетақы  жарнасының   міндетті 
нысанында  еңбекақыдан,  сонымен  бірге  сыйлықтың  барлық  түрлерінен,  қосымша 
ақылар  және  үстемелердің  жиынтығынан  10  %  —  ін  салымшының  жеке  шотына 
аударылады. Осы  қайнар  көзден жинақтаушы  зейнетақы қорларында  салымшының 
зейннетақы жинақтаушы қалыптастырылады.  Салымшылар  не  олардың 
жұмыс 
берушілер міндетті нысанасымен бірге қосымша ретінде еркін нысанда жарналарды, 
шексіз  мөлшерде,  олар  бір  рет   немесе  бірнеше  рет,  ұдайы  не  үдемелі,  қолма-қол 
ақша немесе аударылған түрінде қоса алады 
-          Зейнетқы  жинақтары  салымшының  еркімен  таңдаған  мемлекеттік 
емес  жинақтаушы  зейнетақы  қорларына  аударылады,  зейнетақы  шарт  негізінде 
жеке зейнетақы шоты және жеке номері — Әлеуметтік жеке коды. (СИК). 
Салымшының  жинақталған  жарнағы  банк  өкілі  (кастодиан)   зейнетақы 
басқару активтер компаниясысы арқылы қорларға берілген қаражат бағалы қағазға, 
банк депозиттеріне аудырылады. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

80
 ~ 
 
Ең  басты  қарайтын  мән-жай,  бұл  қазіргі  және  болашақ  зейнеткерлердің 
мүдделерін қорғау. Бұндай проблеманы жүйелі түрде шешу керек. 
Біріншіден, тараптардың: 
зейнетақы  
қоры,  
жұмыс  
берушілер,  
сақтандырылған   тұлғалардың   өзара  іс-әрекеті   мүдделері  мен   амалдарының  
үйлесуімен   қол   жеткізілетін  еңбекақы  туралы   мәліметтердің    шынайылығы.  Бұл  
жағдайда    еңбекақы   туралы    әліметтерді   асырып   та,   төмендетіп  те  көрсету  
мүмкін   болмайды,   өйткені   асырып   көрсету   зейнетақы   қорының    нақты 
аударылған  
сақтандыру  
жарналарына  
жүзеге  
асыратын  
бақылауымен 
анықталады,  ал  азайтып   көрсету    қызметкердің   өзіне   тиімсіз,  ол  өз  
еңбекақысынан  сақтандыру   жарналарының   тиісті   көлемде    аударылуына  
мүдделі,   өйткені бұл оның  еңбек зейнетақысының  мөлшеріне  әсер етеді. 
Екіншіден,  сақтандыру   өтілі   туралы    мәліметтердің   шынайылығы,  ол  
сақтандыру   өтілінен   жарна   төленбеген  кезеңді   алып  тастайтын   заңнамалық 
норманың  енгізілуімен  кепілдендіріледі. 
Үшіншіден, мәліметтердің  
 уақыттылығы. 
 
Ұсынылатын мәліметтердің    уақыттылығын  қамтамасыз   ету  үшін   оларды 
ұсыну   регламентін  ойластыру   қажет.  Дербестендірілген   есепті   енгізу  Зейнетақы 
қорына   ақшалай   қаражаттың   түсуі   үшін   базаны    күшейту  және  кеңейту  
мақсатын көздейді, өйткені  нақты табысты  жасыру  және салық төлеуден  жалтару 
экономикалық   жағынан   тиімсіз  болады.   Бұл  өз  кезегінде   біртіндеп  сақтандыру  
жарналарының   тарифін төмендетуге,  түсуін  ұлғайтуға мүмкіндік  береді.   
Сонымен,  дербестендірілген   есеп   келесі   міндеттерді   шешуге   мүмкіндік    береді: 
сақтандыру   жарналарының  түсімін   ұлғайту,  әлеуметтік   әділеттілікті   қалпына  
келтіреді (зейнетақыны  қорға  аударымдар  жасағандар  ғана алады). Оның  үстіне 
есептің  мұндай   жүйесі   республикадағы  жұмыспен   қамтылған   тұрғындар   мен  
зейнеткерлер  санының  өзгеруін   дәл  болжауға    және   соның    нәтижесінде  
зейнетақы   төлеуге  қажетті   шығындарды   дәл  болжауға  мүмкіндік   тудырады.  
Алайда   дербестендірілген   есепті   енгізумен   байланысты   көптеген   мәселелер  
ашық 
күйінде  
қалып 
отыр, 
мысалы 
зейнетақы  
тағайындағанда 
еңбек 
кітапшасында   көрсетілген   өтіл   қалай   ескеріледі  және  т.б.  Бұл  есепке   сәйкес 
әрбір   қызметкер  өзінің  жеке  сақтандыру  нөмірін   алатындықтан,   ол өмір  бойына 
сақталатындықтан  адамға  байланысты  жан-жақты    құжаттар   жинағы  пайда  
болады:  қайда,  кім  болып   жұмыс  істеді,  табысы   қандай  болды  және  басқа.    Сол  
себепті   дербестендірілген   есепті   енгізумен   қорда  бар   адам   туралы    құқықтық  
және   этикалық   сипаттағы    мәліметтерді   өзге   құрылымдар  –  ІІМ,   салық  
инспекциясы,      Интерпол   және   басқалардың   пайдалану   мүмкіндігімен  
байланысты   мәселелер   туындайды.    Дербестендірілген  есеп  жүйесін  енгізу 
құқықтық, ұйымдастырушылық, техникалық сипаттағы міндеттердің   тұтас кешенін  
шешуді,   тәжірибені,   білімді  және   бір  маңыздысы   осындағы    орасан  зор   жүйені 
құру үшін  материалдық күшті  қажет етеді. 
  
Сайып  келгенде   зейнетақымен   қамсыздандыру   жүйесінің   реформасын  
жүзеге   асыруда   ескеру   қажет   маңызды   үрдіс   Қазақстанның    әлемдік 
шаруашылық  жүйесімен   бірігуі   болып  табылады,  бұл   қазақстандық   зейнетақы  
заңнамасының  айтарлықтай  оңтайлы  зейнетақы   жүйесі   бар  басқа   елдердің  
зейнетақы заңнамасымен жақындасуын талап етеді. 
  
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

81
 ~ 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Концепции  реформирования  пенсионного  обеспечения  в  Республике  Казахстан, 
утвержден  постановлением  Правительства  Республики  Казахстан  от  12  мая  1997 
года. Сборник актов Президента и Правительства РК. 1997г. №18. 
2.  Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  халқына  жолдауы  «Қазақстан  халқының  әл-ауқатын 
арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты». «Егемен Қазақстан» 7 ақпан 2008 
№ 36. 
          Резюме 
В  данной  статье  автор  рассматривает  вопросы  понятие  пенсионного 
накопительного фонда. 
Summary 
In this article authors the concept of story pension fund examines questions. 
 
 
ӘОЖ  338.2 
Р.Қ. Сабирова, Д.Б. Рахметуллаева  
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
КӘСIПОРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҰЖЫМДЫҚ 
КЕЛIСIМ 
 
Андатпа 
Бұл  мақалада  әлеуметтік  әріптестік  жүйесіндегі  ұжымдық  келісім,  оның 
Қазақстанда  даму  жағдайы,  ұжымдық  келісімді  дамытуда  кездесетін  кемшіліктер 
көрсетілген.   
Негізгі сөздер: 
Ұжымдық келісім, әлеуметтік әріптестік, меншік иесі, еңбек ұжымы, 
әлеуметтік  әріптестік  қағидалары,  тарифтік  келісім,  жұмыскер,  жұмыс  беруші, 
келісім-шарт, кәсіпорын, еңбек жағдайы, әлеуметтік мәселе.  
 
Ұжымдық  келiсiмге  отыру  меншiктiң  кез  келген  түрiндегi  кәсiпорындардағы 
жалдамалы жұмыскерлер үшiн маңызды болып табылады. 
Ұжымдық келiсiм жазбаша келiсiм  түрiнде толтырылған, бiр немесе бiрнеше 
кәсiподақтармен немесе кәсiподақ мүшелерi болып табылатын жұмыскерлермен қол 
қойылған құқықтық құжат. 
Ұжымдық  келiсiмде  меншiк  иесiнiң  еңбек  және  әлеуметтiк-экономикалық 
мәселелердi шешудегi мiндеттерi мен еңбек ұжымының мiндеттерi айтылады. Еңбек 
келiсiмi жасалуда сүйенетiн қағидалар мыналар:  

әрiптестiк, өзара сенiм мен құрмет, құқықтар мен мiндеттердi шектеу; 

келiсiмдi жасауда ұжым мүшелерiнiң көптеп қатысуы; 

тараптардың нақты мүмкiндiктерiн ескеру; 

мiндеттемелердi орындауда тараптардың жауапкершiлiгi мен бақылау1. 
Мемлекеттiк  кәсiпорындарда  тараптар  ретiнде  кәсiпорын  басшысы  (ЖШС 
директоры) мен еңбек ұжымы, мемлекеттiк емес кәсiпорында меншiк иесi мен еңбек 
ұжымы  көрiнедi.  Ұжымдық  келiсiмде  еңбек  ақы  төлеу  жүйесiн  және  оны 
ұйымдастыруды,  ең  төменгi  тарифтiк  ставка  мен  окладты,  өтем  ақы  төлеу  тәртiбi 
мен  оның шамасын,  сақтандыру  жағдайын, өндiрiс тоқтаған жағдайда  әкiмшiлiкпен 
қорғау  шараларын,  жұмыссыздық  бойынша  жәрдем  ақы  төлеу  жағдайлары, 
қосымша жеңiлдiктер мен көмек көрсету, еңбек пен тұрмыс жағдайы, медициналық 
сақтандыру, өндiрiстi дамыту мәселелерi анықталады. Сонымен қатар, кәсiпорынның 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

82
 ~ 
 
әлеуметтiк-экономикалық  даму  жағдайларын  дамыту  бағыттары  талданып, 
қарастырылады: 

даму болашағы; 

күрделi қаржы салу көлемi мен бағыттары; 

өндiрiс рентабельдiлiгi; 

құрылымдық  өзгерiстерге  байланысты  жұмыскерлердi  қысқарту  мен 
орнын ауыстыру; 

пайданы бөлу бағыттары. 
Жалпы,  ұжымдық  келiсiмде  қаралатын  мәселелердi  бес  топқа  бөлiп 
қарастыруға болады: 
-  маңызды  еңбек  жағдайларын  реттейтiн  нормалар  мен  мiндеттемелер. 
Оларға еңбек ақы төлеу мен оны индекстеу, жұмыс уақыты мен демалыс ұзақтығы, 
еңбек  жағдайы  мен  еңбектi  қорғау,  жұмыскерлердiң  кейбiр  топтарына  жеңiлдiк 
беру; 
-    Әлеуметтік  әріптестікшi  нормалар  мен  мiндеттемелер.  Бұл  жұмыспен 
қамтуды  қамтамасыз  ету,  жұмыстан  шығып  қалғанда  жеңiлдiктер  беру,  бiлiктiлiктi 
көтеру және қайта даярлықтан өту мүмкiншiлiгi; 
- әлеуметтiк қызмет көрсетудi реттейтiн нормалар. Бұл транспорт шығындарына 
өтемақы төлеу, тамаққа қосымша төлеу, тұрғын үйге қарыз беру; 
-  жұмыс  берушiнiң  жұмыскерлердi  әлеуметтiк  қамтамасыз  ету  менмедициналық 
сақтандыру бойынша мiндеттемесi, жеңiлдiктер жұмыс берушiмен қойылады; 
 -  тараптары  жұмыс  берушi  мен  еңбек  ұжымы  болатын  Әлеуметтік  әріптестік 
нормалары2. 
Ұжымдық келiсiм бiр жылға  және одан көп жылдарға жасалады.  
Ұжымдық келiсiмнiң негiзгi атқаратын қызметтерi: 
1 еңбек қатынастарының екi жағының мүдделерiн қорғау және олардың теңесуiн 
қамтамасыз ету; 
2 еңбек қатынастарын ұйымдастыру және оларды дамыту; 
3 туындаған қайшылықтарды барынша мүмкiн құралдармен шешу. 
Бiрiншi  қызметке  сәйкес  ұжымдық  келiсiм  еңбек  қатынастарының  барынша 
әлсiз топтарын-жұмыскерлердi қорғау, бiр жағынан, өзiнiң экономикалық жағдайын 
пайдаланатын  кәсiпкерлерден  қорғаса,  екiншi  жағынан,  жұмыс  берушiлердi 
жұмыскерлердiң негiзделмеген талаптарынан қорғайды, өйткенi мұндай талаптарын 
қанағаттандырса,  өндiрiстiң  ырғақтылығы  бұзылып,  экономикалық  шығынға 
ұшырауы мүмкiн. 
Екiншi  ұйымдастырушылық  қызмет  еңбек  қатынастарының  мүдделiлiгiн 
қамтамасыз  етуге  бағытталады.  Келiсiмде  белгiленген  еңбек  жағдайларыеңбекақы 
шамасы,  жұмыс  уақытының  ұзақтығы,  демалыс  уақытының  ұзақтығы,  еңбек  ақы 
төлеу  жағдайы,  қосымша  әлеуметтiк  төлемдер  жұмыс  берушiлерге  алдын  ала 
өндiрiс  шығындарын  жоспарлауға,  пайданының  шамасын  анықтауға  мүмкiндiк 
бередi.  Ал  жұмыскер  үшiн  ол  өз  мүдделерiн  қанағаттандыруда  кепiл  болып 
табылады. 
Осының  бәрi  өзара  келiсiмге  келу  алғышарттарын  жасайды,  бұл  ұжымдағы 
әлеуметтiк атмосфераға ықпалын тигiзедi. 
Үшiншi  қызмет  еңбек  қатынастарының  тұрақтылығын  ұстау  мен  қолдауға 
бағытталған. Әрине,  бұл ұжымдағы  келiспеушiлiктi мүлдем  болдырмайды  деген  сөз 
емес, өйткенi әрбiр адамның өз мүддесi, мақсаты мен талаптары бар. Дегенмен, бұл 
қызметтi жүзеге асыру мүдделердiң келiсiмге келуiн, мәселенi екi жақтан қарастыру, 
қолайлы шемiм қабылдауды анықтайды. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

83
 ~ 
 
Сонымен ұжымдық келiсiмдi жасау шығармашылық процесс болып табылады, 
ол  тараптардың  мүдделерiн  келiстiруге,  келiспеушiлiктi  шешуге  әкеледi.  Ұжымдық 
келiсiмдiк  реттеудiң  артықшылығы  шешiм  қабылдаудың  көп  нұсқалығы  мен 
икемдiлiгi болып табылады. 
Ұжымдық  келiсiмдi  жасау  бойынша  келiссөз  процесi  мынандай  кезеңдерден 
өтедi: 
1.  ұжымдық  келiсiмнiң  қызмет  ету  аясын  анықтау  және  тараптарды  толыққанды 
әрiптестер деп өзара мойындау; 
2. жұмыскерлерге талап қоюды дайындау мен рұқсат беру; 
3. келiссөз жүргiзу; 
4. ұжымдық келiсiм жасау, ратификациялау және тiркеу. 
   
Ұжымдық  келiсiмдер  кейбiр  жiберiлген  кемшiлiктерге  қарамастан,  еңбек 
қатынастарының негiзiнде тәжiрибе жинақталып келедi. 
 
Дамыған  капиталистiк  елдерде  ұжымдық  келiсiмдi  жасау  тәжiрибесi  көптен 
бар.  
 
Мысалы,  АҚШ-та  автомобиль  жасау  компанияларында  жұмысшылардың 
ұжымдық келiсiмдерiнде мына жағдайлар қарастырылған: 
-  жұмыс  уақытының  ұзақтығы  8  сағатқа  тең,  аптасына  40  сағатқа  тең,  сенбi  күнi 
бiрiншi 8 сағат деп алынған; 
-  бiр  жұмыс  күнi  iшiнде  10  сағаттан  артық  орындағанда  немесе  сенбi  күнi  8  сағат 
жасағанда,  жексенбi күнi жұмыс жасағанда екi еселенген еңбек ақы төлеу; 
- мереке күндерi жұмыс жасағанда әдеттегi еңбек ақыға екi еселеп төлеу; 
- екiншi сменада жұмыс жасағанда 5 пайызға, ал түнгi сменада 10 пайызға қосымша 
төлеу; 
- басқа да қосымша төлеу және үстеме төлеу жағдайлары қарастырылған.   
Ұжымдық  келiсiм  еңбекшiлердiң  тұрмыс  деңгейiнiң  тұрақты  түрде  жақсаруын 
қарастырады 3.  
Әдебиеттер тізімі 
1.  Берешев  С.  Регулирование  заработной  платы  в  Республике  Казахстан.-Алматы: 
Баспа, 2001.-224 с. 
2. Сабирова Р.Қ. Еңбек нарығы экономикасы. Атырау.-2009. -127 б. 
3.  Үскенов  М.Қ.,  Сабирова  Р.Қ.  Ауыл  шаруашылығында  еңбек  нарығын  реттеу 
тетіктері. Шымкент.-2006.-186 б. 
 
Резюме 
В  этой  статье  рассматриваются  основы  коллективного  договора  в  системе 
социального  партнерства,  роль  коллективного  договора  в  улучшении  жизни 
трудящихся. 
Ѕummary 
In  this  article  the  role  of  the  collective  agreement  in  improvement  of  life  of 
workers is considered bases of the collective agreement in system of social partnership. 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

84
 ~ 
 
ӘОЖ  330.866 
Э.И. Куккузова, А.А. Салихова 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БАСШЫЛЫҚҚА АЛАТЫН ЭТИКАЛЫҚ 
НОРМАЛАРЫ     
 
Аңдатпа 
 Мемлекеттік  қызмет  -  мемлекеттік  қызметшінің  жеке  тұлғалығына  –өзінің 
лауазымына, атқарып жатқан қызметінің мазмұны мен сипатына байланысты әртүрлі 
талаптар қояды.  
Мемлекеттік  қызметші  болу  дегеніміз  әрқашанда    адамдармен  бірге  тең 
болуы, олармен жұмыс істей алуы, өзінің сезімін басқара алуды білдіреді. 
Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, 
бағыныштылары  мен  келушілерге  шыдамсыздық   көрсету  -  үлкен  қателік.  Осы 
қателікті  жібермес  үшін  өзін  мемлекеттік  қызметшімін  деген  тұлға  этикалық 
нормалармен  жұмыс  істей  алуы  және  оны  әрқашанда  басшылыққа  алып  отыруды 
ұмытпауы тиіс. 
Негізгі  сөздер: 
мемлекеттік  қызмет,  мемлекеттік  қызметші,  этика,  заң,  тәжірибе, 
лауазым, имидж, этикалық норма. 
 
Қазақстандық мемлекеттік қызметтің жаңа типінің қалыптасуындағы жоғары 
өнегелік  және  этикалық  құндылықтың  бағыттарын  дамытуда  және  тәрбиелеуге 
мүмкіндік  беретін  тәртіптің  өнегелік  қағидаларының  маңызды  ролі    мемлекеттік 
қызметшіге  тиесілі.  Мемлекеттік  қызметшінің  этикалық  сұрақтары  қай  кезеңде 
болмасын  туындай  береді.  Ол,  мемлекеттік  қызметтің    аумағы  әлі  де  зерттеудің 
объектісі ретінде қарастырылуынан көрінеді.  
Мемлекеттік 
қызмет 
– 
мемлекеттік 
қызметшілердің 
мемлекеттік 
органдардағы  мемлекеттік  биліктің  міндеттері  мен  функцияларын  іске  асыруға 
бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі. 
Қазақстан  Респбликасының  мемлекеттік  қызметі  қоғамдық  процестерді 
реттеуге, 
мемлекеттің 
біртұтастығын 
қамтамасыз 
етуге 
және 
Қазақстан 
Республикасының азаматтарының мүддесін іске асыруға арналған [1]. 
Мемлекеттік  қызметшіге  қойылатын  этика  талаптары  қазіргі  таңдағы 
өзгерістер  мен  өмір  талаптарына  сай  мемлекеттік  қызметшінің  имиджін 
қалыптастыруға және өзін оң көзқарастармен көрсетуге мүмкіндік беретін норманың 
бірі болып танылады. 
Мемлекеттік  қызмет   этикасы   қызметшілердің  кәсіптік  қызметін  орындауда 
оңтайлы  көзқарасты  көрсететін  адамдық  қарым   қатынастардың  кәсіптік  тәртіп 
кодексінің  бір  түрі  ретінде,  сонымен  қатар  бұл  кәсіптің  мәдени  -  ізгілік  бағытын 
түсіндіретін  әлеуметтік  -  философиялық  пән  болып  табылады.  Тәртіп  кодексі 
мемлекеттік  қызметшінің  мінез   құлқына,  қызметтік  міндетіне,  мемлекет  пен  оның 
азаматтарының  өзара  қарым  -  қатынасына  сенімді  өкіл  болып  табылатын 
мемлекетке,  өзі  «қызмет  ететін»  қоғамға  қатысты  моральдық  талапты  білдіретін 
неғұрлым жинақты принциптер мен нормаларды білдіреді.  
Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, 
бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық  көрсету - үлкен қателік.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

85
 ~ 
 
Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы - оның маңызды моральдық 
қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, 
мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы.  
Мемлекеттік  қызметшіге,  өзге  мамандық  иелеріне  қарағанда  тәкаппарлық 
типті  де  жараспайды.  Ол  адамдарға  қатынасындағы  менмендікпен,  олардың  білімі 
мен  тәжірибесін  менсінбеушіліктен,  өз   орнын  аса  биік  бағалаудан,  қолы  жеткен 
табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді.  
Қоғамдық  пікірді  есепке  ала  отырып,  өз  -  өзіне  жоғары  талап  қоя  білу 
мемлекеттік  қызметшінің  өзін  -  өзі  ұдайы  жетілдіру  ғана  емес,  өзгелерден  сондай 
жетілуді  талап  ету  болып  табылады.  Талап  қоя,  сұрай  білу  де  -  мемлекеттік 
қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі. Талап ету - 
сенім блдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет.  
Мемлекеттік  қызметшіге  қажет  бір  қасиет  -  тыңдай  білу.  Тыңдай  білу 
сөйлеушінің  сөзін  бөлмей  мақұлдау  ғана  емес,  оның  ойына,  сезіміне  ортақтасу. 
Сөйлеп  отырған  адамға  тыңдаушының  бет  құбылысы:  бейтарап  отыр  ма,  жалығып 
кетті ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма  бәрі әсер етеді. Қызметшінің 
жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда анағұрлым күрделі, қиын мәселе 
болса да, ол тындаушы ретінде өз проблемасын естен шығара тұруы тиіс.  
Моральдық  сапа  қасиеттерінің  ішіндегі  ең  шынайысы  -  Мемлекеттік 
қызметшінің  өз  беделі.  Беделдің жиналуы  - өз  ісін терең  білуі  мен  қажымас  еңбек, 
адалдық  пен  әділдік,  қарапайымдылық  пен   байсалдылық,  өзіне  де,  өзгелерге  де 
талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі.  
Мемлекеттік  қызметшінің  басты  қызметі  болып  табылатын  адамдармен 
қарым - қатынастағы басшылық - қоғамның басты өндіруші күші - адамдармен «адам 
факторымен» жұмыс істей білушілік.  
Мемлекеттік қызметші болу, бұл - адамдармен тең қарым - қатынаста болу, 
кез  келген  жағдайдан  жол  таба  білу,  өз  сезімін  басқара  білу  дегенді  білдіреді.  
          Жеке  қарым  -  қатынастар.   Өзін  -  өзі  ұстау  мәнері  өзара  амандасудан 
басталады.  Қызмет  шарты  бойынша  «кім  ақылды  әрі  тәрбиелі  болса,  сол  бірінші 
амандасады».  әйел  адамның  қызметтік  құқы  ер  адаммен  бірдей  болғандықтан,  өзі 
бастап амандаса беруіне болады.  
Жеке  қарым  -  қатынас  -  60  см  мен  1  -  2  метр  қашықтықтан  араласуды 
құрайды. Бұған әңгімелесу, келіссөз келісім шарт кезіндегі кездесулер жатады.  
Әлеуметтік  ара  қашықтық  -  1,2  -  2,5 метрмен  анықталады.  Ол танымайтын 
адаммен  байланысты  білдіреді.  Мұндай  қашықтық  директордың  хатшысымен,  өзге 
де қызметкерлермен қатынасында болады. Мұндай қатынас кезінде қабылдаушының 
назарын  басқа  жаққа  аударуы  әңгіменің  аяқталғанын  білдіреді. Көпшілік  ара 
қашықтық  3,5  -  7,5  метрге  шейінгі  аралықты  қамтиды.  Ол  мәжілістер,  жиналыстар 
өткізуде қолайлы.  
Мемлекеттік  қызметшінің  сыртқы  түр  этикетінен  де  хабардар  болған  жөн. 
Тап  - таза, өзіне  сенімді,  сыпайы  көзге  ұрып тұратын  артық   жылтырақсыз  киінген 
қызметкер сенімге тез ие болады. 
Тиімді  қарым  -  қатынас.  Тиімді  қарым  -  қатынас  үшін  әңгімелесуші  өзіне 
бейімдеудің,  өзін  -  өзі  икемді  ұстаудың,  ұстамдалақ  пен  ашық  адамға  тән 
қасиеттерді меңгерудің маңызы зор.   
Сөйлеу білу. Сөйлеп білмей, ойлауға дағды алу мүмкін емес.  
Белсенді  тыңдау.  Белсенді  тыңдай  отырып,  мәселе  бойынша  орынды 
сұрақтар қоя білу - адамның көзін жеткізудің маңызды бір бөлігі. Әдетте, қызметтегі 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

86
 ~ 
 
жоғарылауларды  жақсы  сөйлейтіндерге  қарағанда  жақсы  тыңдай  білетіндер  тез 
алады.  
Тиімді тыңдап білудің тәсілдері: 
1.  Тыңдаушының көзіне тіке арап отыру.  
2.  Сөйлеушіге  тыңдап  отырғаныңызды  «иә,  иә»,  «түсінемін»  деген  сөздер 
немесе басыңызды изеп қоштау арқылы сездірту.  
 
3.  Сөйлеушіге  шынымен  де  тыңдап  қана  емес,  түсініп  отырғаныңызды  да 
білдіру.   
          4.  Сіздің  отырысыңыз,  қимыл  -  қозғалысыңыз  тыңдап  отырғаныңызды 
білдірсін, сөйлеуші ынталы, тірі адаммен сөйлесіп отырғанын түсінуі тиіс.  
          5.  Сізге айтылған әңгіменің мәнін түсіне білу.   
          6. Ойды түсінуге ғана емес, сөйлеуші сезімін түсінуге де ден қою.  
         7.  Байқағыштық  -  жақсы  қасиет.  Сөйлеушінің  бет  құбылысының  сипаттарын: 
Сізге қалай қарағанын, қалай отырғанын немесе тұрғанын, әңгіме кезінде өзін қалай 
ұстағанын бақылау.  
         8. Сөйте отырып, өзіңіздің сезіміңізді де дәл беріңіз: бұл жағдайды айқындап, 
әңгімедегі кедергілерді жояды.  
          9.  Айтылған нәрсеге өз ойыңыздың қолдауын білдіре отырыңыз. 
        10. Сізге айтылған нәрселердің мақсаты - Сізден кері байланыс талап ететінін 
есте сақтау. Мұндайда қажетті әрекет - әңгімелесушіге жауап беру.  
Қызметтік  қарым  -  қатынастар.
  Жаңа  қызметкерді  ұжымға  бастық 
таныстырады. Бұрынғы қызметкерлер жаңа адамның ортаға өз адамдарындай сіңісіп 
кетуін  іске  араластырып,  бірнеше  күн  өткеннен  кейін  жаңа  адам  өзін  осы  ортаның 
байырғы мүшесіндей қолайлы сезінуі керек.   
Ұжымдағы  мүшелердің  бір - бірімен  қарым  -  қатынасы  олардың  арасында 
қалыптасқан  дағдыға  немесе  өзара  жеке  қарым  -  қатынастарына  байланысты 
болады. Мекеме  басшысы  неғұрлым  жас  болса,  жасамыс  қызметкерлер  мен 
әйелдерге  сәлем  береді.  Тәрбиелі  адамдар  бір  -  біріне  иілісу  де  бар. Бөлмеге 
кіргенде,  басшы  бірінші  амандасады,  қызметкерлер  орындарыннан  тұрмай  -  ақ 
амандасады.  
Басшы  өз  кабинетіне  жұмыспен  келген  әйел  қызметкерді  тұрып  қарсы 
алмайды. әңгіме ұзаққа созылар болса, орын ұсынады.  
Келушінің  қызметкерлерді  өз  жұмысынан  аландатпауы  үшін  есікті  қақпай 
кіргені дұрыс.  Басшының  кабинетіне  алдына  хатшы  болмаса  ғана  қағып  кіруге 
болады.  Басшы  қызметкерлеріне  есік  қағып  кіруді  ескерткен  болса,  бұл  ережені 
сақтаған дұрыс.  
Қызметкерімен немесе келушімен сөйлесіп отырған басшы: іске қатысы жоқ 
қағаздарды  ақтарып  кетуден;  қайта  -  қайта  телефонменен  сөйлесуден; 
саусақтарымекн үстелді тықылдатудан аулақ болғаны жөн. 
Егер әңгіме нақты іске қатыссыз бағытқа кетіп, ұзаққа созылар болса, басшы 
орнынан тұрып, әңгіменің аяқтала келгендігін білдіргені дұрыс.   
Көптеген  мемлекеттік  қызметшілер  өз  жұмысы  барысында  көпшілік  алдына 
шығып  сөйлесуге  мәжбүр  болады. Сөйлесуге  байсалды  дайындықпен  кірісу  қажет. 
Әрбір сөз аудитория үшін де, сіз үшін де маңызы болуы тиіс.  
         Сөйлеудің - мақсаты, іскерлік жұмыс екенін ұмытпау қажет.  
 
        Қызметтік  хаттар.  Хат  анық,  айқын  қатесіз  жазылуы  тиіс.  Қағаз  үнемдеу 
келіспейді.  Сыймай  қалған  сөйлемге  бетті  арнаған  дұрыс,  тасымалдың  қажеті  жоқ. 
Маңызды  хаттарды  бүктемей,  үлкен  конвертке  салған  дұрыс.  Хат  мерзімін  толық 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

87
 ~ 
 
көрсету  керек.  Цифрмен  қысқа  көрсету  алушыны  уақыт  мерзімін  жаңылыстыру 
мүмкін.  
 
Мемлекеттік қызметшінің әр түрлі кәсіби сұрақтарды шешудегі адалдығы мен 
әділдігі, қайырымдылығы мен байсалдылығы, әріптестермен өзара қарым-қатынаста 
да,  жұмыс  барысы  немесе  жеке  мәселемен  келген  сырт  адамдармен  қатынаста  да 
маңызды роль атқарады. Қызметтік этика қазірде мемлекеттік қызметшінің жеке бас 
сапасы ретінде ғана емес, оның кәсіптік қасиетін білдіретін деңгейіне көтереді [2].  
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы  форумында  сөйлеген  сөзінде  мемлекеттік  қызметшінің  басшылыққа  алатын 
этикалық  нормаларына  баса  назар  аударды.  Осы  аталған  этикалық  нормаларға 
тоқталып  өтелік.   2008  жылғы  6-шы  қарашада  өткен  ХДП-ның  Сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  форумда  Елбасы  мемлекеттік  қызметшілердің  мынадай 
этикалық нормаларды басшылыққа алуы қажет деп ерекше айтып өткен, олар сегіз: 
1. Ол билікке және өкілеттілікке иелік ете білу, осы ретте адал болу керек. 
2. Мемлекеттік қызметте өз игілігіне емес, мемлекет игілігіне қызмет ету керек, 
мемлекет қаражатын өз қалтасымен шатастырмауы тиіс.  
3.  Шенеунік  «Қалай  өмір  сүріп  жатырсың?»  деген  сұрақтан  жасқанбай  өмір 
сүруі  керек,  себебі  виллалары,  оның  айналасындағы  биік  дуалдары  және  қымбат 
шетел көліктері түсірілген суреттердің пайда болуына негіздердің болмауы тиіс. 
4. Заңдардың талаптарын толық сақтай отырып, өмір сүрген маңызды. 
5. Әрбір деңгейде, әрбір қызметте қандай жағдайларда болмасын халықтың, өз 
елінің азаматтарының сенімін жоғалтып алмай қызмет ету керек. 
6.  Казақстандық  мемлекеттік  қызметші  әділдіктің,  сыпайылықтың  үлгісі  болу 
керек, қауым арасында өзін дұрыс ұстай білуі тиіс. 
7.  Ұжымды  басқармас  бұрын  өзі  бағына  білуі  тиіс,  өз  қызметкерлерінен  талап 
ететінді алдымен өзі орындай білуі керек. 
8. Мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін немесе жемқорлық әрекет әзірленгенін 
көрсе, дереу араласу, шара қолдану керек [3]. 
Мемлекеттік 
қызметшілердің 
этикасы 
мен 
имиджін 
қалыптастыру 
мәселелерін  ерекше  басып  жазған  құжаттың  бірі  -  Қазақстан  Республикасы 
мемлекеттік  қызметінің  жаңа  моделінің  тұжырымдамасы.  Бұл  құжатта  мемлекеттік 
қызметшілердің  қызметтерін  өтеу  барысында  этикалық  нормаларды  басшылыққа 
ала отырып, өзінің беделін жоғарылата түсетіндігі баса назармен айтылған.  
Қолданыстағы  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік 
қызметшілерінің              
ар-намыс  кодексі  мемлекеттік  қызметшілердің  моральдық-адамгершілік  келбеті  мен 
іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды айқындайды. 
Мемлекеттік  қызмет  істері  жөніндегі  уәкілетті  орган  және  оның  аумақтық 
бөлімшелері  тексеру  барысында  мемлекеттік  қызмет  туралы  қолданыстағы 
заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды 
жүзеге асырады [4].   
Мемлекеттік  қызмет  үшін  имидждің  функционалдық  және  мәртебелік  мәні 
бар.  Ол  халықтың  оған  деген  сенімінің  көрсеткіші және  мемлекет  жүргізіп  отырған 
басқару  қызметтерін  қайта  құрудың  тиімділігін  қоғаммен  бағалануының  өлшемі 
болып  табылады.  Ол  мемлекеттік  органдар  әрекеттерінің  нақты  әлеуметтік  топтар 
мен жалпы қоғамның талаптарына және күтімдеріне сәйкестігінің дәрежесін бекітеді. 
Осының  салдарынан,  имидж  азаматтардың  мемлекеттік  билік  органдарына 
қатынасы  бойынша  мінезінің  болашағын  айтарлықтай  шамада  төмендетеді, 
мемлекеттік  қызметті  және  оны  қалыптастыру  бағдарламасын  қоғамдық  қолдау 
дәрежесін анықтайды. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

88
 ~ 
 
қалыптастыру  осы  әлеуметтік  институттың  тиімді  қызмет  етуіне  және  дамуына 
қажетті  жағдай,  сонымен  қатар  мемлекеттік  органдар  қызметтерінің  және 
мемлекеттік  қызмет  жүйесінің  тиімділігін  арттыруға  арналған  жағдай  болып 
табылады. 
Осы  уақытта  мемлекет  мемлекеттік  қызметшілердің  имиджін  көтеру 
қажеттілігіне қатысты мәселелерге үлкен назар аударып отыр. 
Имидж  (ағылшынның  image  сөзінен)  –  тұлғалардың  анықталған  тобына 
эмоционалдық - психологиялық ықпал ететін, мақсатты бағытта қалыптастырылған 
бейне. 
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру процесінің өзі атқарушы 
биліктің имидждік саясатымен тығыз өзара байланыста. Мемлекеттік қызметшінің оң 
имиджіне  көрінетін  негізгі  жағдайлар  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
қызметшілерінің ар-намыс кодексінде анықталған. 
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекеттің тарапынан ерекше сенім 
білдіру  болып  табылады  және  мемлекеттік  қызметшілердің  адамгершілігі  мен 
моралдық-этикалық келбетіне үлкен талаптар қойылады. 
Мемлекеттік қызметшіде жоғары моралдық жауапкершілік, кәсіби білімі, оны 
іс  жүзінде  қолдана  білу,  адалдық,  ынталы  өмірлік  ұстаным  болуы,  мемлекеттік 
қызметшінің патриоттық сезімі, моралдық келбеті болуы қажет. 
Айта  кететін  жайт,  этика  нормаларын  бұзғаны  үшін  тәртіптік  жазаға 
тартылған мемлекеттік қызметшілер ҚР Үкіметінің 2001 ж.29.08 № 1127 қаулысымен 
бекітілген,  мемлекеттік  органдар  қызметкерлеріне  сыйақы  беру  ережесіне  сәйкес, 
тәртіптік  жазаны  өтегенге  дейін  (6  айдан  соң)  сыйақы  ала  алмайды.  Бұл  этика 
нормаларын бұзуды болдырмау үшін қосымша шара бола алады [1]. 
Мемлекеттік  қызметшілердің  қызмет  бабында  этика  нормаларын  сақтауы 
және  әрқашанда  басшылыққа  алуы  осы  сұрақтың  маңыздылығын  білдіреді. 
Мемлекеттік  қызмет  жұмысының  тиімділігіне  әсер  ететін  факторлардың  бірі  болып 
мемлекеттік  қызметшілердің  имиджін,  этикасы  мен  этикетін  зерттеудегі  қажеттілік 
танылады.  Қазіргі  таңда  мемлекеттік  қызметке  ерекше  назар  аударылуда. 
Мемлекеттік  қызмет  институтының    қарқынды  дамуына  байланысты  мемлекеттік 
қызметшілерге  де  қойылатын  талаптар  күннен  күнге  күшейіп  жатыр.  Соған 
байланысты,  мемлекеттік  қызметке  беріліп  жұмыс  істеймін  деген  қызметшілер 
конкурстан,  аттестациялаудан  өтіп  жатыр.  Этика  нормаларын  сақтау  да,  оны 
қолдана білу де мемлекеттік қызметшінің бір міндеті болып табылады. Мемлекеттік 
қызметші этика нормаларын әрқашанда естен шығармауы қажет. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет