1996 жылдан бастап шығады Основан в 1996 году



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата06.03.2017
өлшемі3,23 Mb.
#8199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

10
 ~ 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.Адаменко А.Н., Кучумов А.М. Логическое программирование и Visual Prolog/– СПб.: 
БХВ-Петербург, 2003. – 992 с. 
2.Братко  И.  Программирование  на      языке      Пролог        для        искусственного 
интеллекта.  – М.: Мир, 1990. 
3.Крылов,  Д.Б.  Опыт  решения  некоторых  проблем,  связанных  с  внедрением  в 
учебный 
процесс 
современных 
информационных 
технологий//Новые 
информационные технологии в образовании. М., 2006 - С 153-155. 
4.Полат  Е.С.  Новые  педагогические  и  информационные  технологии  в  системе 
образования:  Учебное  пособие.  М.Ю.  Бухаркина,  М.В.  Моисеева,  А.Е.Петров.  –  М.: 
2001. 
      Резюме 
В  этой  статье  рассматривается    логическая  основа  программирования  языка 
Prolog, основные правила и единая структура навыка. 
 
Resume 
There  is  logical  basis  of  programming  of  language  of    Prolog  in  this  article, 
examined that an idea is basic rules about the single structure of skill. 
 
 
ӘОЖ 551.579.2  
 
А.Қ. Тоқабасова, У.Ғ. ШайхмежденоваГ.Б. АталыховаС.М. Досқалиева 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ЖАЗҒЫ ҚАЛДЫҚ СУЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАР, ҚҰБЫР СУЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН 
ҚАСИЕТІ 
 
Аңдатпа 
      
Мақалада  жазғы  қалдық  сулары  және  қар,  құбыр  суларының  рН-ын 
қышқылдылығын,  температурасын,  Қазақстан  Республикасы  бойынша  су  бетіндегі 
ластанған  заттарды  қолданудың  шектеулі  мөлшері  шамасын,  құрамы  мен  қасиеті 
туралы сөз қозғалады.  
Негізгі сөздер: 
Жазғы қалдық су, қар суы, құбыр суы, қалдық сулар.    
 
Судың  алуан  түрі  табиғатта,  қоршаған  ортада  болады,  соның  ішінде  кең 
тарағандары жазғы қалдық сулар және қар, құбыр сулары. Қар суы 
теңіз
 мұзының 
бетіне жиналған еріген қардың 
тұщы суы
. Еріген қар суы мұз бетінде 
қар
 сіңірілген 
сулы  таңдақтар  немесе  кішірек  шалшықтар  түрінде  кездеседі.
 
Қаланың,  ауылдың, 
өндіріс  пен  шаруашылық  орындарының  барлығы  дерлік  тұтынатын  су-құбыр  суы. 
Тұрмыстық  су  құбыры  тұрғындарды  ауыз  сумен  қамтамасыз  етеді.  Заводтар  мен 
мекемелерден,  өнеркәсіптік,  өндірістік  және  технологиялық  қажеттіліктерден 
шыққан  суды  қалдық  сулар  деп  аталады.  Суды  тұрмыстық  мақсаттарға  пайдалану 
үшін судың сапасын жақсарту керек [3]. 
  
Су сапасын жақсартудың бірнеше әдістері болады
Су сапасын жақсартудың 
негізгі тәсілдеріне тұндыру, түссіздендіру және залалсыздандыру жатады. 
Тұндыру – 
судағы  тұнбайтын  заттарды  кетіру. 
Түссіздендіру  –  боялған  коллоидтар  немесе 
нақты  еріген  заттарды  кетіру.  Залалсыздандырудың  мақсаты  –  су  көздеріндегі, 
судағы  ауру  туғызатын  бактериялар  мен  вирустарды  жою  болып  табылады.  Суды 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

11
 ~ 
 
залалсыздандыру  үшін,  бұл  процесс  бактериялар  мен  вирустарды  су  көздерінде 
сорбциялауды  білдіреді.  Практика  жүзінде  ауыз  судың  қауіпсіздігі  үшін  реагенттік 
(хлорлау, озондау) және реагентсіз (ультракүлгін сәулелендіру y сәулелермен әсер 
ету) әдістерді қолданады [3.,79 бет].   
 
Дүниежүзі бойынша  су тапшылығына  байланысты кейбір  мемлекеттерде  қалдық 
суларды  пайдалану  үшін  қолданысқа  енгізеді.  Сол  себепті  жазғы  қалдық  суларға 
және  қар,  құбыр  суларының  сапасын  білу  үшін  қоректік  орта  ет-пептонды  агарда 
(ЕПА), Микроорганизмдерді өсіріп зерттеу жүргізілді
 [1].  
Қоректік  орта  ет-пептонды  агар  (ЕПА)  пайдалану  арқылы,  2011  жылғы  жазғы 
қалдық  суға  тәжірибе  жасалды.
  қоректік  орта,  Ет-пептонды  агар  (ЕПА),  2-
анаэробты, 3 аэробты болып бөлінеді. 
 
1 кесте - 2011 жылғы жазғы қалдық суы  
 
 
№ 
Қоректі
к 
орта 
t˚ 
Колонияның сипаттамасы. 
О

Түсінік 

ЕПА 
 
25˚С 
Пішіні дөңгелек, диаметрі 0,1мм, 
оптикалық  ерекшелігі  мөлдір 
емес,  жартылай  жылтыр,  түсі 
ақ, 
 
агарға 
ене 
өскен, 
колониялардың 
шеті 
тегіс, 
консистенциясы  жұмсақ,  беті 
тегіс, көлденең көрінісі төмпек. 
анаэроб 
Таяқшалар  өте  ұсақ, 
көп 
емес 
стрептобактериялар-
тізбек 
құратындар. 
(Streptobacillus) 

ЕПА 
24˚С 
Пішіні дөңгелек, диаметрі 0,1мм-
0,2мм,  оптикалық 
ерекшелігі 
мөлдір  емес  жылтыр,  түсі  ақ, 
агарға  ене  өскен,  беті  тегіс, 
көлденең 
көрінісі 
тығыз, 
колониялардың 
шеті 
тегіс,  
консистенциясы қамыр тәрізді. 
анаэроб 
Таяқшалар 
тәрізді 
бактериялар  өте  ұсақ 
көзге  көрінер  көрінбес. 
Жалғыз  бір  жасушалы 
бактериялар.  
(Bacterium) 

ЕПА 
24˚С 
Пішіні дөңгелек, диаметрі 0,3мм-
0,4мм,  оптикалық 
ерекшелігі 
жылтыр  мөлдір  емес,  түсі  ақ, 
беті 
кедір-бұдыр, 
көлденең 
көрінісі 
төмпек, 
тығыз, 
колониялардың 
шеті 
толқын 
тәрізді,  консистенциясы жұмсақ 
сопақша тәрізді. 
аэроб 
Таяқшалар 
тәрізді 
бактериялар 
 
дара 
орналасқан.  Орналасу 
тәртібіне 
қарай 
бір 
жасушалы  бактериялар 
(Bacterium) бар.  

ЕПА 
25˚С 
Пішіні дөңгелек, диаметрі 0,2мм-
0,3мм, оптикалық ерекшелігі 
мөлдір  емес,  түсі  ақ,  көлденең 
көрінісі 
төмпек, 
беті 
тегіс, 
колониялардың шеті 
толқын  тәрізді,  консистенциясы 
майлы. 
аэроб 
Таяқшалар 
бірігіп 
жинақталып  көп  болып 
тұр. 
Клеткалары 
жұптасып 
орналасқандарды-
диплобактериялар 
дейді. (Diplobacillus) 

ЕПА 
25˚С 
Пішіні  дөңгелек  шар  тәрізді, 
диаметрі 
0,1мм-0,2мм-0,3мм, 
оптикалық ерекшелігі 
мөлдір  емес,  жартылай  мөлдір, 
түсі 
ақ, 
беті 
қыртысталған 
көлденең 
көрінісі 
төмпек, 
колониялардың шеті 
толқын  тәрізді,  консистенциясы 
жұмсақ. 
аэроб 
Өте  ұсақ  болып  тұр 
таяқшалар. 
Тізбек 
құратындарды. Стрепто 
бактериялар 
(Streptobacillus) дейді.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

12
 ~ 
 
      Қоректік  орта  ет-пептонды  агар  (ЕПА)  пайдалану  арқылы,  2012  жылғы  жазғы 
қалдық  суға  тәжірибе  жасалды.
  қоректік  орта,  Ет-пептонды  агар  (ЕПА),  2-
анаэробты, 2-аэробты болып бөлінеді. 
 
2  кесте - 2012 жылғы жазғы қалдық суы   
№ 
Қоректік 
орта 
t˚ 
Колонияның сипаттамасы. 
О2 
Түсінік 

ЕПА 
27˚С 
Пішіні  дөңгелек,  сопақша,  диаметрі 
0,2мм,  оптикалық  ерекшелігі  мөлдір 
емес,  түсі  ақ,  жартылай  жылтыр, 
агарға  ене  өскен,  беті  кедір-бұдыр, 
көлденең 
көрнісі 
төмпек,  
колониялардың 
шеті 
тегіс, 
консистенциясы жұмсақ.  
анаэроб 
Өте  ұсақ  боп  және 
бірігіп 
тұр 
таяқшалар. 
Клеткалары жұптасып 
орналасқандарды 
диплобактериялар 
дейді. (Diplobacillus) 

ЕПА 
26˚С 
Пішіні  дөңгелек,  диаметрі  0,2мм-
0,3мм,  оптикалық  ерекшелігі  мөлдір 
емес,  ақ  түсі,  агарға  ене  өскен, 
колониялар 
шеті 
тегіс,  
консистенциясы қатты емес, көлденен 
көрнісі тығыз, беті тегіс. 
анаэроб 
Өте  ұсақ  боп  тұр  
таяқшалар. 
Жіп 
тәріздес 
(трихом) 
болып келеді. 

ЕПА 
27˚С 
Пішіні  дөңгелек,  диаметрі  0,2мм, 
оптикалық  ерекшелігі жылтыр, мөлдір 
емес,  түсі  ақ,  беті  қыртысталған,  
көлденең  көрінісі  төмпек,  тығыз, 
колониялар 
шеті 
толқын 
тәрізді,  
консистенциясы майлы. 
аэроб 
Ұсақ  таяқшалар  өте 
көп,  көп  клеткалы, 
құрамдары 
жіп 
тәріздес 
(трихом) 
болып келеді. 

ЕПА 
27˚С 
Пішіні  дөңгелек,  диаметрі  0,2мм, 
оптикалық ерекшелігі 
мөлдір 
емес, 
жылтыр, 
ақ 
түсті 
көлденең  көрінісі  тығыз,  бұдыр-бұдыр 
колониялар 
шетінде 
орналасқан 
консистенциясы майлы. 
аэроб 
Таяқшалар 
бірігіп 
жинақталып 
тұр. 
Клеткалары жұптасып 
орналасқандарды 
диплобактериялар 
дейді. (Diplobacillus) 
 
      
Қоректік орта ет-пептонды агар (ЕПА) пайдалану арқылы, 2013 жылғы жазғы 
қалдық  суға  және  қар,  құбыр  суларына  тәжірибе  жасалды.
  қоректік  орта,  Ет-
пептонды агар (ЕПА), 4-аэробты болып бөлінеді.
 
 
3 кесте - 2013 жылғы жазғы қалдық судың, қар және құбыр сулары  
№ 
Қор
екті
к 
орта 
t˚ 
Колонияның сипаттамасы 
О2 
Түсінік 

ЕПА 
27˚
С 
Пішіні 
дөңгелек, 
диаметрі 
0,2мм,  оптикалық  ерекшелігі 
дара,  мөлдір,  қос  тіркес,  сары 
түсті,  көлденең  көрінісі  тығыз, 
бұдыр-бұдыр 
колониялар 
шетінде 
орналасқан, 
консистенциясы майлы. 
 
 
 
аэроб 
Таяқшалар  бірігіп  жинақталып  тұр. 
Клеткалары 
жұптасып 
орналасқандарды  диплобактериялар 
дейді. (Diplobacillus) 

ЕПА 
27˚
С 
Пішіні 
дөңгелек, 
сопақша 
диаметрі  0,2мм,  оптикалық 
ерекшелігі  мөлдір,  түсі  сары, 
беті 
қыртысталған,әр 
түрлі 
дара,  қос  тіркес,    көлденең 
көрінісі 
төмпек, 
тығыз, 
колониялар  көп  шеті  толқын 
тәрізді 
 
консистенциясы 
майлы. 
 
 
 
аэроб 
Ұсақ 
таяқшалар 
өте 
көп, 
көп 
клеткалы,  құрамдары  жіп  тәріздес 
(трихом) болып келеді. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

13
 ~ 
 

ЕПА 
26˚
С 
Пішіні 
дөңгелек, 
диаметрі 
0,2мм-0,3мм, 
оптикалық 
ерекшелігі  дара,  мөлдір  емес, 
түсі  сары,  агарға  ене  өскен; 
таяқша  тәрізді,  колониялар 
шеті  тегіс,    консистенциясы 
қатты  емес,  көлденен  көрнісі 
тығыз беті тегіс. 
 
 
 
аэроб 
Өте  ұсақ  боп  тұр    таяқшалар.  жіп 
тәріздес (трихом) болып келеді. 

ЕПА 
27˚
С 
Пішіні  дөңгелек,  өте  ұсақ, 
таяқша 
тәрізді, 
диаметрі 
0,1мм,  оптикалық  ерекшелігі 
мөлдір  емес,  түсі  ақ  сары, 
жартылай 
жылтыр, 
дара, 
агарға  ене  өскен;  беті  кедір-
бұдыр, 
көлденең 
көрнісі 
төмпек,    колониялардың  шеті 
тегіс, 
консистенциясы 
жұмсақ,. 
 
 
 
 
аэроб 
Өте ұсақ боп және бірігіп 
тұр 
таяқшалар. 
Клеткалары 
жұптасып 
орналасқандарды 
диплобактериялар 
дейді. 
(Diplobacillus) 
 
2012-2013  жылғы  жазғы  қалдық  судың,  қар  және  құбыр  суларының  рН-ын 
қышқылдылығын анықталды. 
2012-2013  жылғы  жазғы  қалдық  судың,  қар  және  құбыр  суларының  рН-ын 
қышқылдылығын  анықтау  үшін    211-Лабораторный  рН-метр  HANNA  instruments 
аппаратын  қолдандым.  2012-2013  жылғы  жазғы  қалдық  су  ол  АНПЗ  мекемесінен 
шыққан,  қар  суы  ол  ақжайық  бетінен  алынған.  2013  жылғы  құбыр  суы,  құбырдан 
алынған.    
 
№ 
 
Су 
 
жылы 
 
рН-
метр 
 
t° 
рН әмбебап 
индикатор 
кағазы 
 
Түсінік 

Жазғы қалдық 
су 
2012 

14,2 

Мөлдір емес жағымсыз иісі бар 

Қар суы 
2012 
8,15 
17,8 

Мөлдір емес, иісі жоқ су. 

Қар суы 
2013 

13 

Мөлдір, таза иісі жоқ су. 

Құбыр суы 
2013 
8,89 
16,4 

Мөлдір, таза иісі жоқ су. 

Жазғы қалдық 
су 
2013 
7,34 
10,2 

Мөлдір емес жағымсыз иісі бар 
2012 - 2013 жылғы қар суының рН-ы индикатор қағазымен рН-7 көрсетсе, рН-
метрмен қарағанда рН-8,15-7 шамасын көрсетуде.  
2012-2013 жылғы жазғы қалдық суының рН-ы индикатор қағазымен рН-6 көрсетсе, 
рН-метрмен қарағанда рН-9-7,34 шамасын көрсетуде. 
2013  жылғы  құбыр  суының  рН-ы  индикатор  қағазымен  рН-7  көрсетсе,  рН-метрмен 
қарағанда рН-8,89 шамасын көрсетуде. 
Қазақстан  Республикасы  бойынша  су  бетіндегі  ластанған  заттарды 
қолданудың  шектеулі  мөлшері,  балық  шаруашылығында  мг/л  0,05  аспауы  керек. 
Шаруашылық  ауыз  су  және  тұрмыстық  –  қалдық  суларды  пайдалануға  арналған 
шектеулі мөлшері, мг/л 0,3 аспауы керек. 
Жазғы қалдық судың, қар және құбыр суларының шектеулі мөлшері анықталды. 
Ол үшін Флюорат- аппаратын қолдандық 
 
№ 
 
Су 
 
жылы 
 
t° 
шектеулі 
мөлшерлі 
шамасы 
 
Түсінік 

Жазғы қалдық су 
2012 
14,2 
0,09 
Мөлдір емес жағымсыз иісі бар 

Қар суы 
2012 
17,8 
0,01 
Мөлдір емес, иісі жоқ су. 

Қар суы 
2013 
13 
0,09 
Мөлдір, таза иісі жоқ су.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

14
 ~ 
 

Құбыр суы 
2013 
16,4 

Мөлдір, таза иісі жоқ су. 

Жазғы қалдық су 
2013 
10,2 
2,1 
Мөлдір емес жағымсыз иісі бар 
 
2012 - 2013 жылғы қар суының шектеулі мөлшерлі шамасы 0,01-0,09 шамасын 
көрсетуде.  
2012-2013 жылғы жазғы қалдық суының шектеулі мөлшерлі шамасы 14,2-10,2 
шамасын көрсетуде.  
Судың  адам  организмі  үшін  маңызы  зор  болуына  қарамастан,  ол  ауыз  су 
мақсаты үшін көп жұмсалмайды. Қалыпты климат жағдайында орташа қиындықтағы 
жұмыс істеген кезде ересек адамның организмі тәулігіне 2,5-3 литр суды жұмсайды. 
Алайда ауыр жұмыс істеген кезде, әсіресе ыстық климат жағдайында немесе ыстық 
цехтарда  жұмыс  істеген  кездерде  суды  тұтыну  тәулігіне  10  литр,  тіптен  кейде  15 
литрге дейін жетеді [2]. 
Судың гигиеналық маңызы, оның физиологиялық рөлімен ғана бітпейді. Судың 
көп мөлшері санитарлық және шаруашылық-тұрмыстық мақсат үшін де қажет. 
Суды  пайдалануды  есептеген  кезде  суды  жеке  сағатта  да,  жыл 
маусымдарында  да  біркелкі  жұмсалмайтынын  ескеру  керек.  Елді  мекендердің 
жабдықталу дәрежесі негізінде суды пайдалану нормасы жасалған.   
Су  тек  органолептикалық  қасиетімен,  химиялық  құрамымен  және  өзіне  тән 
микрофлорасымен  сипатталатын  қажетті  қасиеті  болған  жағдайда  ғана  өзінің 
гигиеналық рөлін орындай алады [2].  
Жазғы қалдық суларға және қар, құбыр суларының сапасын білу үшін қоректік 
орта  ет-пептонды  агарда  (ЕПА), 
Микроорганизмдерді  өсіріп  зерттеу  жүргізу 
нәтижесінде.  2011  жылғы  жазғы  қалдық  судан  2-.(Bacterium),  2-(Streptobacillus),  1-
(Diplobacillus) 2-анаэробты, 3-аэробты бактериялары табылды. Ал 2012 жылғы жазғы 
қалдық  судан  2-(Diplobacillus),  2-(трихом)  2-анаэробты,  2-аэробты  бактериялары 
табылса,  2013  жылғы  жазғы  қалдық  суға  және  қар,  құбыр  суларынан  2-
(Diplobacillus), 2-(трихом), 4-аэробты бактериялар табылды. Қорыта келсек 3 жылғы 
жазғы  қалдық  суларға  және  қар,  құбыр  суларының  сапасын  білу  мақсатында 
анықтағанымыз  бактериялар жылма  жыл өзгеретінін  және  2013 жылы  тек  аэробты 
қоректік ортаға ғана қарасақта, бәрі бірде  қай жылда да анаэробты қоректік ортаға 
қарағанда аэробты қоректік ортаның көп екендігі анықталды.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1. Шоқанов.Н. Сағындықова.С. Серікбаева.Ф. Микробиология «Арыс»- Алматы. 2003. 
Б. 79-80. 
2.Шығаева.М.Х. Қанаев.Ә.Т. Микробиология және вирусология «Қазақ университеті» 
Алматы. 2012. -Б.103-107.  
3. Журнал «Гидротехника и Мелиорация» №1, 2003. АСАDEMA. Москва, -С.259-261. 
 
Резюме 
 
 
В этой статье изучены пробы сточной, снежной, водопроводной воды и даны 
их  показатели  наличие  микроорганизмов,  рН,  t
0
,  предельной  допустимой 
концентрации (ПДК). 
Summary 
This  article  contains  analysis  of  sewage,  snowy  and  tap  water  samples  which 
their  indicators  were  given  to  presence  of  microorganisms  on  maximum  permissible 
concentration. 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

15
 ~ 
 
ӘОЖ 528.856.044.1 
М.А. Есенова 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
БОЛЖАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАҒА ТҮСІРУ 
 
Аңдатпа 
Бұл мақалада геоэкологиялық болжау геоэкологиялық жүйелердің  дамуы 
мен динамикасы туралы көзқарастар жайлы сипатталған. 
Негізгі сөздер: 
геоэкологиялық болжау, геожүйе, биожүйе, ТЭЖ, экстраполяция. 
 
Экологиялық-географиялық  болжауда  картографиялық әдістің маңызы зор. 
Географиялық  болжау  –  болашақтағы  табиғи    геожүйелердің,  олардың  тамырлы 
қасиеттерін  және    адам  қызметімен    пайда  болған    әртүрлі  ауыспалы    жағдайлар  
туралы  көзқарастарды  ғылыми  өңдеу(Сочава  В.Б.).  Геоэкологиялық  болжау 
геоэкологиялық  жүйелердің    дамуы  мен  динамикасы  туралы  көзқарастарды,  яғни  
геожүйе, биожүйе және техножүйелердің  өзара байланыстарының нәтижесі болып 
табылатын  жүйелерді өңдеу ретінде қарастырылады.  
Мұндай  өзара  байланыстың    индикаторы  ретінде    көбіне    экологиялық 
жағдай орын алып отырғандықтан,  геоэкологиялық болжауды  кеңістік пен  уақыт 
аралығындағы    экологиялық  жағдайды  және  олардың  дамуын  болжау  ретінде 
қарастыруға болады.    
Кеңістіктегі 
масштабына 
байланысты 
(геожүйелердің 
ұймдастырылу 
деңгейіне  байланысты)  планетарлық  (глобальді),  аймақтық  және  локальді 
болжауларға бөлінеді.   
 
Болжаулар  уақытық масштабына қарай: 
-ұзақмерзімді ( жүз мыңдаған жылдар) 
-орта мерзімді ( он жылдар) 
- қысқамерзімді (5-20 жыл) 
-төтенше (сағат-тәулік) болып бөлінеді. 
Болжаулар дәлдігіне қарай:  
-бағдарланатын (жалпы заңдылығы мен тенденциялары болжанады); 
-нақтыланған (нақты дәлді); 
-эксперті (сапалы) болып бөлінеді.  
1)  Тарихи  немесе  генетикалық  принцип  (нысаналар  жалпы  биосфераның 
циклдары  мен  ритмдері  контексінде  олардың  даму  процесінде  қарастырылады);  2) 
компаративті  принцип  (салыстыру,    ұқсастыру,    теңдестіру),  3)  екпінділік принципі 
(құбылыстар  мен  процесстердің  негізгі  құрылымдары  мен    темптері,  бағыттары, 
тұрақтылығы  ескеріледі),  4)  ассоциативтілік  принципі  (нысананың  басқа  процестер 
мен  құбылыстармен    өзара  байланысы  болжанады),  5)  анықталмағандық  немесе  
көпнұсқалылық  принципі  (болжау  нақты  болмайды,    оның    әрқашан    мүмкін 
табиғаты  болады),  6)  үздіксіз  болжау  принципі  (болжаулар    тұрақты  түрде  
нақтыланып  және  қайтадан  қарастырылып  отырады)  –  болжаудың  негізгі  
принциптері болып табылады [1]. 
Экологиялық-географиялық болжау  әртүрлі әдістермен іске асырылады: 
1.  Экстраполяция  (болашақта  алынған  заңдылықтарды    тарату  мақсатында  
өткеннен ұзақ уақыттағы  бақылауларды  қолдануға негізделген); 
2. Математикалық модельдеу; 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

16
 ~ 
 
3.Ұқсастыру  әдісі  (кеңістіктегі  тізбедегі  уақыттағы  тізбеге  заңдылықтарды 
ауыстыру немесе керісінше жүргізіледі); 
4. Инидкациялық әдіс; 
5. Эксперттік бағалау әдісі. 
Экологиялық  болжауды  картаға  түсіруде    кеңінен  қолданылатын    эксперті 
бағалау  әдістерін  қарастырып  өтейік.  Экпсрет  пікірі    болашақ  туралы  айқын  және 
анық    мәлімет  береді  деп  есептелінеді  және  осы  кезде  мамандандырылған 
эксперттің  нәтижесінде  жиналған  пікірлер    жабық,  формализденбеген  түрде 
көрінеді.  Экспертті бағалау  әдістері  жеке және ұйымдық болып бөлінеді.  
Оқиға  және жағдайдың  мүмкін дамуын сценарий түрінде болжауды эксперт 
береді. Алды мүлдем белгісіз  болашақтағы экологиялық жағдай  туралы болжамдар 
туралы  сценарий құрылады. Әртүрлі жағдайда болмасын  эксперт келесі сұрақтарға 
жауап    беруі  тиіс:  1)нысананың  жеке  компоненттері  арасындағы    байланыстардың 
құрылымы;  2)    нысананың    сыртқы  ортамен  өзара  байланысын    сипаты;  3) 
нысананың  дамуы  және    оны  анықтайтын  процесстер;  4)дамудың  негізгі 
тенденциялары  және    оларды  анықтайтын  жағдайлар;  5)  нысананың  дамуын 
басқару мүмкіндігі және  күтілетін нәтижелер.  
Болжау көбіне  экспертің  мамандық деңгейіне  және қолда бар ақпараттқа 
байланысты.  Экологиялық-географиялық  болжауда    қажетті  және    қолжетімді 
ақпаратты  жинау  маңызды  дайындық  жұмысы  болып  табылады.  Болжауды  өз 
алдына ұзақ мерзімді байланысты болатын  жаңа қолжетімді ақпаратты  құрастыру 
ретінде түсіндіруге болады (ұзақмерзімді – минимальді, қысқамерзімді болжаудың – 
максимальді  дәлдігі болады). 
Экологиялық-географиялық болжаудың  ақпараттық жүйесін  төрт жүйелілік  
түрінде  көрсетуге болады: 
1. Болжау мәліметтерін геоақпараттық жүйеге (ГАЖ) енгізу үшін жинау және 
дайындау. 
2. Болжамдық ГАЖ жасау. 
3. Болжау жұмыстарына  ақпараттық  қызмет көрсету (эксперт және т.б.). 
4. Бақылау органдарына  ақпараттық қызмет  көрсету. 
1  жүйелілікке:  географиялық,  экологиялық  және  тағы  басқа  ақпаратарды 
жинау,  келіп түскен ақпараттарды талдау және бақылау, ақпаратты жүйелеу кіреді. 
2 жүйелілікке: геожүйелердегі мүмкін  өзгерістер туралы  жаңа ақпаратты табу және  
талдау,  жаңа  ақпаратты  жинау  кіреді.  3  жүйелілікке:  экологиялық  проблемаларды 
болжау,  экологиялық  жағдайларды  болжау,  жаңа  итехника  мен  технологияның 
қоршаған  ортаға    мүмкін  әсерін  болжау,  глобальді  процестерді  болжау, 
болжаулардың нақтылығын болжау және олардың  мүмкіндігі кіреді. 4 жүйелілікке: 
тұтынушылардың  сұранысын    талдау,  экологиялық  болжауларды  өңдеу  және    кері 
экологиялық өзгерістердің, соның ішінде апаттардың алдын алуға ұсыныстар кіреді. 
Болжау  экологиялық  картагаға  түсірудің    мақсаттарының  бірі  болып  
төтенше  экологиялық  жағдайлардың    пайда  болу  қауіпін  талдау  кіреді  (ТЭЖ).  
Төтенше экологиялық жағдай – экстремальді табиғи және  техногенді процестер мен 
құбылыстардың нәтижесінде пайда болған қоршакған орта жағда 
йының 
 
күрт 
бұзылуы. ТЭЖ  пайда болу қауіпі – пайда болған әлеуметтік-экономикалық,  медика-
биологиялық,    және  тағы  басқа    кері    салдарлардың  және  өзгерістердің 
ықтималдылығы.    
ТЭЖ пайда болу қауіпін картаға түсіру келесілерді қамтиды:  
1)экологиялық қауіп  көздерін табу және  олардың онын анықтау; 
2)ТЭЖ  мүмкін даму ареалын  анықтау; 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

17
 ~ 
 
3)ЭЖ 
мүмкін 
пайда 
болуын 
 
масштабына 
қарай 
ареалдарды 
дифференцациялау; 
4)ТЭЖ  халық  денсаулығына  мүмкін  әсерін  және  оларды  ранжирлеудің  
арелдарын анықтау; 
5)ТЭЖ қауіпінің ұлғаюын ескере отырып табиғи факторларды бонитирлеу; 
6)Кері табиғи процестердің  мүмкін даму ареалдарын  табу және анықтау; 
7)Апаттылығы  жоғары  зоналарды  анықтау;  техногенді  нысаналардың 
апаттылығын ретроспективті картаға түсіру.  
Техногенді  әсерге  табиғи  ортаның  жауапты  реакциясын    болжаушы 
карталардың  маңызы  өте  зор.  Мұндай  карталар  экологиялық    қауіпті нысаналарды 
экологиялық эксперттеуді жүргізу барысында кеңінен қолданылады. Табиғи ортаның 
мүмкін  жауапты  реакциясы  картасын  құрастыруда    (жеке  компоненттер  үшін,  
ландшафттар  және  экожүйелерм  үшін)  бірнеше  блокка  бөлуге  болатын  ақпарат 
қолданылады: 
1)  әсер  ету  түрлері,  әсер  ету    қуаттылығы  және  көздері,  оның 
шамашарттары, жобаланатын нысана туралы  ақпараттар; 
2) табиғи ортаға осы уақыттқа дейін жиналған әсер көздері, осы әсерлердің 
салдарлары, пайда болған экологиялық  проблемалар  туралы ақпараттар; 
3) нысана салынуға жобаланған  аймақтың  табиғи ортасының  тұрақтылығы 
туралы    ақпарат  (топырақ,  биота,    морфолитогенді  негіздің    тұрақтылығын 
анықтайтын  ортаның сипаттамалары; 
4)  қазіргі  таңдағы  геологиялық  процестер  туралы  ақпарат(эрозияық,  
гүравитациялық,  тектоникалық  және  т.б.),  осы  аймақтағы    олардың  пайда  болу 
ықтималдылығын бағалау нәтижесі. 
Келтірілген ақпаратты  талдау негізінде  аймақты аудандастыру жүргізіледі,  
техногенді  салмақ    деңгейі  бар,    табиғи  ортаның  әртүрлі  тұрақтылықты    аудандар 
бөлінеді.  Бұл  аудандар    мүмкін  жауапты  реакциялар  сипатына  байланысты  
ранжирленеді  (масштабы,  интенсивтілігі,    экологиялық  салдарлары).  Негізінен, 
ландшафт тұрақтылығы өте төмен аудандарда  жауап реакциясы  өте күшті болуы 
тиіс  (тағы  басқа  ұқсас  жағдауларда).  Мысалы,  құрылыс  жұмыстарының  жауапты 
реакцясы 
ретіндегі 
гравитациялық 
процестердің 
белеснділігі, 
рельефтің  
тұрақтылығымен тығыз байланысты; өсімдік деградациясының  химиялық ластануға  
жауапты реакциясы ретінде суэрозиясы және желэрозиясының белсенділігі, топырақ 
жамылғысының тұрақтылығы мен өсімдік жамылғысының ластануға  тұрақтылығына 
байланысты [2]. 
Барлық  экологиялық-геохимиялық  зерттеулер    ландшафтты-геохимиялық 
негізде  жүргізілуі  тиіс.  Әрине  мұнда,  спецификалық  және  әртүрлі  процестер  мен 
құбылыстардың  экологиялық-геохимиялық  салдарларын  бағалауға  жалпы  талаптар 
орындалуы тиіс.  Мұндай зерттеулерді жүргізу әдістемесін қарастырып өтейік.  
Қоршаған  ортаны  қорғаумен  байланысты  шешімдерді  шешу  ландшафтты-
геохимиялық  негізде  жүргізілетін  экологиялық-геохимиялық    зерттеулерді    негізгі 
төрт кезеңге бөлуге болады: 
1) аймақтық жұмыстар (1:2 000 000–1:200 000 масштабтағы); 
2) ортамасштабты жұмыстар (1:100 000—1:50 000); 
3) ірі масштабты жұмыстар (1:25 000—1:10 000); 
4) режимді бақылаулар. 
Ландшафтты-геохимиялық зерттеулерде  аймақтық жұмыстардан бастап, бір 
кезеңнен екінші кезеңге  кезектесіп өту мақсатты. Кей жағдайларда  алдыңғы ұсақ 
масштабты  кезеңдегі  жұмыстарды    жүргізбей-ақ  зиянын  тигізбейтін    ауытқулар 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

18
 ~ 
 
болады.  Әрбір  кезеңде  тапсырманы  орындаумен  байланысты    жұмыстар  далалық 
және  камералды    жұмыстардың  жүргізу  реттілігіне  жауап  беретін    этаптарға 
бөлінеді.   
Аймақтық,  орта-  және  ірі  масштабты    жұмыстарды  жүргізу    келесі  негізгі 
кезеңдерді қамтиды: 
1) жобалау; 
2)  жиналған  мәліметтер  бойынша  камеральді  жолмен    схемалық 
ландшафтты-геохимиялық карталарды  құрастыру; 
3) далалық экологиялық-геохимиялық жұмыстар; 
4) кондициалық ландшафтты – геохимиялық карталарды  құрастыру; 
5) геохимиялық сынамалау және талдау жүргізу; 
6)  аномалиялық  аймақтарды  және  жеке    аномалияларды  анықтау  және 
талданған нәтижелерді  өңдеу; 
7) есепті жазу және қорғау. 
Режимді  бақылау  кезең  жұмыстарында  тек  бес  этап  ерекшелінеді.  Оларда 
екінші  этап  болмайды  (камералды  жолмен    ландшафты-геохимиялық  карталарды  
салыстыру),  өйткені  оларды  жүргізбестен  бұрын    ірімасштабты  карталар  
құрастырылуы тиіс.  
Аймақтық жұмыстардың  зерттеу кезеңдерінің  негізгі мақсаты (1:2 000 000–
1:200  000  масштабтағы)  административтік  ерекшелігімен  бөлінетін  аймақтың 
қоршаған  орта  жағдайын  жалпы  кешенді  аймақтық  бағалау  болып  табылады. 
Қоршаған  орта  жағдайын  бағалау  кезінде  аймақтық  жұмыс  кезеңдерінің    ішіндегі 
зерттеулердің алғашқысы  экологиялық-геохимиялық зерттеулер болуы тиіс.  
Қоршаған  ортаны  сапалық  бағалау  кезінде  жүргізілген    региональдық 
зерттеулер аймақтың  обьективті және жан жақты  сипаттамасын беруі тиіс.  Соңғы 
ақпарат  құрылған    геохимиялық  ландшафттар  картасы  негізінде  техногенді 
процестердің жалпы  дамуы  мен  биосфераның  зерттеліп  отырған    бөлігіне  олардың  
негізгі әсерін бағалауға мүмкіндік туғызады. 
Қоршаған  орта  жағдайын    сандық  бағалау  кезінде  аймақтық  жұмыстар 
кезенінде    әрбір  геохимиялық  ландшафттарда  қарастырылатын  элементтердің  
(олардың  қосылыстарының)    фондық  құрамы  (жобаға  сәйкес)    анықталуы  тиіс. 
Сонымен қатар, аномальді участоктер, және  жеке элементтердің  негізгі аймақтық 
аномалиялары  ландшафьты-геохимиялық  жағдайларды    ескере  отырып  жеке 
карталарда  бөлінуі  тиіс.  Анықталған  аномалиялардың    ықтималды  табиғаты  және 
осы аномалияларды тудыратын ластаушы заттардың негізгі көздері  анықталынады.   
Ірі  анықталған  аномалиялар  шегіндегі  ірі  көлемдегі  ластаушы  заттардың 
құрамын  есептеу    жүргізіледі.  Зерттеудің  осы  кезеңінде  сонымен  қатар,    кері 
аномалияларда,  яғни    анықталған  элементтердің  мөлшері  күрт  төмендеген 
участоктер де  айқындалуы тиіс (олардың қосылыстары).  Кері аномалиялар шегінде 
берілген  ландшафттағы  фонмен  салыстырғандағы  сілтілі  қосылыстар  мөлшерін 
есептеу мақсатты.  
Орта 
масштабты 
жұмыстар 
кезеніндегі 
экологиялықгеохимиялық 
зерттеулердің  негізгі    мақсаты  аймақты-өнеркәсіпті  кешендердің    немесе    ірі 
қалалардың  маңында  орналасқан    жеке  аймақтардың    қоршаған  орта  жағдайын  
(сандық және сапалық)  бағалау болып табылады.   
Бұл кезеңге жауап беретін зерттеулер,  сонымен қатар  аймақтық жұмыстар 
кезеніндегі  анықталған    аномальді  участоктерде  де    жүргізілуі  тиіс.    Бұл    уақытта 
аномальді  участоктерде барлық анықталған шектен міндетті түрде шығуы тиіс.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

19
 ~ 
 
Алдыңғы  кезенен  соң  аймақтық  жұмыстар  біткен кейін  ғана ортамасштабты 
экологиялық-геохимиялық  зерттеулер  жүргізу  абзал.  Кей  жағдайларда  ғана  бұл 
кезеңде жаңа бұрынырақта әлі зерттелмеген  аудандарда, жобаланған ірі өнеркәсіп 
орталықтарындаорналасқан  аудандарда      қоршаған  орта  жағдайын    экологиялық-
геохимиялық жұмыстар басталуы мүмкін.  
Жеке  аномалиялар  және  анықталған  аномальді  участоктер  шегіндегі 
қоршаған орта жағдайын бөлшектеп бағалау (ластану деңгейін) ірімасштабты (1:25 
000  –  1:10  000)  жұмыстар  кезеңіне  жататын    экологиялық-геохимиялық 
зерттеулердің  негізгі мақсаты болып табылады.   
Үшінші  кезеңге  кіретін    ірі  масштабты  зерттеулер  фондық  аудандар  мен 
жағдайын  бағалау мен    таңдау  мақсатында    аномалия  шегінде  де жүргізіле  алады. 
Соңғысы өзінше биосфералық  эталондарды  және  режимді бақылауларды  кейінен 
жүргізу  мақсатында  құрастыру  үшін  қажет  (төртінші  кезең).  Мұндай  жағдайларда 
ірімасштабты  зерттеулер  алдыңғы  кезеңдегі  зерттеулер  нәтижесінде  таңдалып 
алынған  техногенді  әсері    жоқ    участоктарда    қоршаған  орта    жағдайын  кешенді 
бағалауды алу мақсатында жүргізіледі. 
Ортамасштабтыларға 
жататын 
 
экологиялық-геохимиялық 
жұмыстар 
біткеннен  кейін  ірімасштабты  зерттеулер  жүргізілуі  тиіс.  Шектеулі  жағдайларда 
аймақтық  зерттеулер    барысында  анықталған  аномалияларда,  сонымен  қатар 
өнеркәсіптік  ландшафттарды  және    селитебті  ландшщафттар  жағдайын    бағалау 
үшін  қолданылуы  мүмкін.  Болған  ластану  салдарын  ликвидациялауда  және 
участоктың  одан  әрі  ластануының  алдын  алу  үшін    ұсыныстар  өңделіп,  зерттелген 
аномалиялардың пайда болуын  тудырған ластану көздері анықтауы тиіс.  
Режимдік  бақылаулар    алдында  анықталған    аномалиялар  шегінде  де, 
сонымен  қатар  техногенді  өзгерісі  жоқ    эталонды  участоктарда  және  геохимиялық 
ландшафттардың әртүрлі құрамды бөліктеріндегі элементтердің фондық құрамымен  
жүргізіле алады.  
Алдында  анықталған  аномалияларда  (аномальді  участоктарда)  режимді 
бақылау  мақсаты жыл мерзіміне байланысты кеңістіктегі аномалиялардың (олардың 
контрастылығын)  өзгеру  заңдылықтарын,  ластаушы  кәсіпорындардың    жұмыс 
интенситілігін, қоршаған ортаны қорғау бойынша ісшаралар жүргізу, түсетін жауын-
шашынның мөлшері мен сипатын және т.б.  анықтау болып табылады.   
Таңдап  алынған  участоктағы  жыл  мезгілдеріне  (ай,  күн),  кейбір 
кәсіпорындарды  немесе  олардың  жаңа  цехтарын    іске  қосу  үшін,  өнеркәсіптік 
құрылыс  үшін,  түсетін  атмосфералық  жауын  шашынның    сипаты  мен 
интенсивтілігіне    байланысты  жүретін  өзгерістерді    фондық  аудандар  шегіндегі 
режимдік бақылаудың  негізгі мақсаты болып табылады.  
Ірі  масштабты    экологиялық-геохимиялық  зерттеулер    жеке  ландшафттар 
арасындағы  нақты шекараларды анықтауға және зерттелетін  аймақтағы  кішігірім 
элементарлы  ландшафттарды    ерекшелеуге    мүмкіндік  жасайды.  Олардың 
өзгепрістеріне  режимдік  бақылау    жүргізу  зерттелетін  участоктың  қоршаған 
ортадағы өзгерістерді оперативті сапалық бағалау негізі болуы тиіс.    
Ландшафтты-геохимиялық  зерттеуге  шалдыққан  аймақтарға    белгіленген 
уақыт  аралығында  (1  жыл,  3  жыл,  5  жыл)  жүргізілетін  таңдап  алынған  қайталау 
жұмыстары режимдік бақылаудың әртүрлілігі болып табылады.  Бұл бақылаулар үш 
алғашқы  кезеңге    сәйкес  келетін    масштабта  жүргізіле  алады,    мониторингкті  
зерттеу түрінде қарастырыла алады.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

20
 ~ 
 
Олардың  орындалуының    дұрыстығының  негізгі  шарты  –  тек  алдында 
анықталған    аномалияларда  (аномальді  участоктарда)    ғана  емес,  сонымен  қатар  
фондық аймақтарда  қайталау жұмыстарын жүргізу [3]. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет