1996 жылдан бастап шығады Основан в 1996 году



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата06.03.2017
өлшемі3,23 Mb.
#8199
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

Резюме 
В  статье  излагается  мысль  о  том,  что  видный  поэт  XX  века  К.Мырзали  в 
своих  детских  стихотворениях  развил  и  творчески,  и  идейно  фольклорные 
традиции, являющиеся огромным руслом в истории казахской литературы. 
 
Summary 
In  article  the  thought  that  the  prominent  poet  of  the  XX  eyelid K.Myrzali in  the 
children's poems developed and creatively, and ideologically folklore traditions being the 
huge course in the history of the Kazakh literature is stated. 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

133
 ~ 
 
Әдебиеттер тізімі 
1. Байтұрсынов А. Бестомдық шығармалар жинағы. Алматы, 2003. 3-том, 213б. 
2. Әлтай А.Қазақ балалар поззиясының түрлері //Қазақ тілі мен әдебиеті. 2009. №7.  
– 92-100 б.  
3. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. Алматы: Мектеп, 1965.  
4. Ісләмжанұлы К. Рухани уыз. Алматы: Ана тілі, 1995 
 
 
ӘОЖ 94 (574)  
Ө.И. Исенов   
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 
 
ҚАЗЫ БИ СЫРЫМҰЛЫ (1790-1854) 
 
Аңдатпа 
Мақала    авторы  Қазы  би  Сырымұлының  ғұмырнамасымен  оның  ұрпақтары 
хақындағы  тарихын мұрағат деректері бойынша алғашқы рет жариялап отыр. 
 
Сырым  тархан  Датұлының  қоғамдық-саяси  және  қайраткерлік  қызметтерін 
ғалым  М.Вяткиннің  кешенді  зерттеген  монографиясынан  көруге  болады  [1].  Бұл 
Сырым тарханның қоғамдық-саяси қызметі туралы бірден-бір басты еңбек. Сонымен 
қатар,  Сырым  тарханның  тұлғалық  тарихын  тәуелсіз  елдің  тарихы  жағдайында 
зерделеп,  жарияланбаған  тың  тарихи  мұрағаттық  деректермен  толықтырған 
профессор Ә.Мұқтардың докторлық монографиясы бар [2].  
Біз,  мақаламызда  Қазы  би  Сырымұлының  ғұмырнамасымен  одан  тарахан 
ұрпақтарының тарихын мұрағат деректері бойынша қарастырмақпыз.  
        
Азаттық 
туын 
көтерген 
Сырым 
батырдың  ұлы 
Қазы 
тарханның 
ғұмырнамалық  тарихына  қатысты  фольклорлық  деректерде:  «Хан  мен  Қазы», 
«Шоқан  мен  Қазының  әзілі»,  «Қазының  төрелерге  айтқан  жауабы»,  Қазы  би  және 
оның  шешендік  сөздері,  т.б.  Қазы  бидің  өмірі  мен  қызметі  туралы  әр  жылдары 
баспасөзде  жарияланған  материалдар  баршылық  [3].  Дегенмен  бізідің  мақсатымыз 
оның  өмірімен  одан  тараған  ұрпақтарының  отбасылық  жағдайларына  қатысты 
тарихын мұрағат деректері негізінде таныту. 
        
Қазы  тархан  Сырымұлының  өмір  баяндық  тарихы  туралы  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  ауызша  тарих  айту  дәстүрімен  жалғасқан  фольклорлық  деректерге 
жүгінсек, Қазы  биге  әкесі  Сырым тарханның шешендік өнері  дарыған.  Қазы  тархан 
да сөзге шешен би болған.
 
 
       
Қазы Сырымұлының өмірімен қызметіне қатысты мұрағат қорында Байбақты 
руының  биі  Қазы  тархан  Сырымұлының  1853  жылдың  22  наурызында  Батыс 
бөлімінің сұлтан правительі Мұхамедғали Таукинге берген №115 рапортында: Қазы 
тархан Шерғазы хан Айшуақұлының тұсынан бастап жақсы қызметі үшін әр жылда, 
әр түрлі марапатқа ие болып, мақтау қағазы мен наградалар және атақ-шендер де 
алғандығы туралы деректер сақталған [4].   
Қазы  тарханның  патша  үкіметінің  тарапынан  алған  мақтау  қағаздары  мен 
наградалары  және  атақ-шендерін  атап  айтар  болсақ,  1818  жылдың  1 
желтоқсанында  Орал  әскерилерінің  атаманы  Бородиннен  «Ресейге  ынталы  қызметі 
үшін» мадақтау қағазын алған.  
1822  жылы  20  маусымында  әскери  губернатор  Эссеннің  №139  бұйрығы 
бойынша Байбақты руын басқаруға басқармалыққа тағайындалады.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

134
 ~ 
 
1831  жылғы  25  тамызында  помещик  шаруасы  Нарышкин  Сергей  Шелкинді 
және  мемлекеттік  шаруа  Степан  Лонгозов  және  т.б.  төрт  адамды  тұтқыннан 
босатқан  еңбегі  үшін,  патша  үкімет  тарапынан  ескерусіз  қалмай  куәләндырылған 
№2530  мадақтау  қағазы  мен  бағасы  70  рубль  күміс  ақша  тұратын  тоқыма  шапан 
сыйға берілген.  
1837  жылғы  9  маусымда  линия  бойындағы  қазақтардан  күйме  салығын 
жинаудағы өзгеге үлгі боларлық ынталы еңбегі үшін, Орынбор және Самара әскери 
генерал-губернаторы  Перовскийдің  өзі  куәләндырып,  қолын  қойған  алтын 
медальмен марапатталған.  
1838  жылдың  20  желтоқсанында  Шекара  комиссиясының  тарапынан  сыйға 
алтын жалатқан жүзік тарту етілген.  
1842  жылғы  31  тамызында  Бұхар  мен  Хиуаға  елшілік  сапарға  жіберілген 
басқарушы сұлтан Айшуақовты Сырдария өзеніне дейін аман-есен шығарып салғаны 
үшін,  «Аннинск»  лентасына  тағылған  медаль  «Владимир»  лентасына  тағылған 
медальмен ауыстырылады. Сонымен қатар патша үкіметі Қазы биге хорунжи атағын 
берген.  
1840 жылы генерал-адъютант Перовскимен Хиуа экспедициясына бірге жүріп 
серік  болғаны  үшін  –  «сотник»  (жүз  басы.  –  Ө.И.)  атағын  алады.  1843  жылы 
«есауыл» атағы берілген.  
1845  жылдың  13  қарашасында  бұрынғы  басшы  Айшуақовтың  тұсында 
ынталы  қызметі  мен  әрқашанда  бастықтардың бұйрықтарын  орындауға  дайындығы 
үшін, төраға генерал-майор Ладыженскидің берген №794 кепілдігі бойынша тоқыма 
шапан сыйға тарту етілген.  
1847  жылғы  24  қаңтарында  Айшуақов  сұлтанмен  бірге  Санкт-Петерборда 
болған  сапарында  Қазы  тархан  патша  жарлығымен  әскери  старшын  шенімен 
марапатталады.  Сол  жылы  әскери  губернатор  Обручаев  Қазы  тарханды  байбақты 
руының  басқарушылық  қызметіне  басқарма  етіп  бекіттіреді.  1847  жылдан  бастап 
өмірінің ақырына дейін байбақты руын басқарған.  
Байбақты руының рубасы Қазы Сырымұлы 1853 жылғы губернаторға берген 
арызында  өзінің  ерекше  толықтығымен,  көзінің  нашар  көретіндігінен  атқа  міне 
алмайтын  және  кәрілігінен  әр  түрлі  ауруларға  душар  болып,  денсаулығының 
нашарлауына  байланысты  өз  еркі  бойынша  қызметтен  босатуы  туралы  өтініш 
жазған.  Сонымен  қатар  өзінің  еркімен  қызметтен  қалатынына  байланысты  көп 
жылдар  бойы  атқарған  ынталы,  адал  қызметін  ескеріп  зейнет  ақымен  қамтамасыз 
етулерін өтінген.  
1854  жылдың  7  сәуірінде  Батыс  бөлікті  билеуші  сұлтан  Мұхамедқали 
Таукиннің 
Орынбор 
шекара 
комиссиясына 
берген 
донесениесінде: 
Қазы 
Сырымұлының 1854 жылы 16 қаңтарда қайтыс болғанындығы туралы хабарлған [4, 
32-33 пп.].  
Қазы  тарханның  туған  жылына  қатысты  мәселе  анықтауды  қажет  етеді. 
Мәселен  бір  деректе:  «Қазы  Сырымұлы  1770-1772  жылдары  туылып,  90  жастан 
асқанда қайтыс болғанға ұқсайды» [3, 81 б.] делінген. Осы мәселеге қатысты Ә.Мұқтар 
мен  С.Ысмайылов  зерттеулерінде:  1852  жылы  24  сәуірдегі  тіркелген  мәлімет 
бойынша  әскери  старшын  Қазы  Сырымұлының  62  жаста  екендігі  және  оның 
Байбақты  руының  Батақ  бөлімінің  Шолан  бөлімшесін  басқарғандығы  туралы. 
Сонымен  қатар  оның  жазда  Үленті,  Бұлдырты,  Шідерті  өзендерін  жайлайтыны, 
Қыста  Бұлдырты  өзенінің  тармағы  –  Тұзды  көлін  қыстағанды  жөніндегі  Орынбор 
мұрағатының деректерін алға тартады [5, 22 б.]. Аталған авторлардың деректеріне 
сүйеніп, Қазы тарханның  1852  жылы  62  жаста  екендігін  назарға  алсақ,  1854 жылы 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

135
 ~ 
 
16 қаңтарда қаза болған Қазы би 1790 жылы дүниеге келгендігі күмән туғызбайды. 
Сонымен    Қазы  тархан  Сырымұлы  64  жасына  қараған  шағында  ұзаққа  созылған 
науқастан қайтыс болған деуімізге толықтай негіз бар.  
Ал  енді  Қазы  тархан  Сырымұлының  отбасы  жағдайына  қатысты  мұрағат 
деректеріне  жүгінсек:  Қазы  тарханның  төрт  әйелі  болған.  Олар:  Бәйбішесі  –  Бибіт 
Құйсүгірқызы. Тоқалдары  –  Ақел  Тұрдәліқызы,  Ырысжан  Қасымқызы  және  Ажынай 
Нарынбайқызы. 
Мұрағат қорында сақталған 1853 жылғы мәлімет бойынша: Қазы тарханның 
бәйбішесі  –  Бибіт  Құйсүгірова  60  жаста,  тоқалдары  –  Ақел  Тұрдалиева  51  жаста, 
Ырысжан Қасымова 42 жаста, Ажынай Нарынбаева 34 жаста.  
Қазы тарханның бәйбішесі Бибіт Құйсүгірқызынан туған балалары – Әубәкір 
30  жаста,  Омар  24  жаста,  Мұстафа  21  жаста,  Шаһмардан  18  жаста  және  қызы 
Балбөпе 10 жаста.  
Тоқалы  Ақел  Тұрдалиқызынан  туған  балалары  –  Асқар  14  жаста,  Үсен  2 
жаста және қызы Ақбөпе 10 жаста.  
Үшінші  әйелі Ырысжан тоқалдан тараған  балалары  –  Абдурахман  13 жаста, 
Зұлқарнай 11 жаста, Асан 2 жаста және қыздары Қадта 12 жаста, Бибісара 5 жаста.  
Төртінші  әйелі  Ажынай  тоқалдан туған  балалары  –  ұлы  Иса  11  жаста  және 
қызы Жанбөпе 9 жаста болғанын мұрағат деректері айғақтайды [4, 32-33 пп.].  
1854  жылғы  14  маусымда  подполковник  сұлтан  М.Таукиннің  Орынбор 
шекара  командиріне  берген  донесениесі  бойынша  Қазы  тархан  Сырымұлының 
қайтыс болуына байланысты әкесінің орнына Әубәкір Қазы ұлын Байбақты руының 
басқармалығына тағайындауын сұраған. Әубәкір Қазыұлына дейін байбақты руының 
ру басы билігі атасы Сырым батырдан бастап ұрпақтарына ұласқан биліктің мұралық 
дәстүрін сақтағанын байқауға болады.  
Бізге  жеткен  дерек  бойынша  Әубәкір  Қазыұлының  татарша  хат  танитын 
сауаты  болған.  Старшын  атағымен  руды  басқарған  [4, 19 п.].  Әубәкір  Қазыұлының 
қоныстық  жері  туралы  мәліметте  жазда  –  Шідерті,  Батпақты  және  Анқаты 
өзендерінің бойын жайлаған, қыста – Өлеңті тоғайы мен Ханкөлінде қыстаған. 1754 
жылы  Әубәкір  Қазыұлына қарасты байбақты  рулары  2821 шаңырақ  үй  болғандығы 
туралы  айтылады.  Олардың  мал  байлығы  туралы  деректе  сақталған.  Малдарының 
есебіне  келсек,  13500  жылқы,  6300  түйе,  3000  мүйізді  ірі  қара  және  ұсақ  малдан 
25000 бас қой болған [4, 19 п.]. Бұл мәліметтер негізінде Әубәкірге қарасты ауылдың 
тұрмыс  жағдайын  байқауға  болады.  Мұрағат  деректерінен  Әубәкір  Қазыұлы  әкесі 
Қазы тарханмен бір ауылда тұрмаған, қоныс мекендері бөлек болғандығын көреміз.  
Сырым  тархан  немересі Әубәкір  Қазыұлының  екі әйелі  болған. Бәйбішесінің 
аты – Бату. Тоқалы – Байжазық есімді. 
Әубәкір  бидің  отбасы  жағдайына  қатысты  1854  жылғы  мәлімет  бойынша. 
Бәйбішесі – Бату 37 жаста. Тоқалы – Байжазық 20 жаста болған. 
Бәйбішесі  Батудан  туған  балалары  –  Жансұлу  16  жаста,  Мұса  10  жаста, 
Ақнар 1 жаста.  
Тоқалы Байжазықтан туғандар – Мәрия 12 жаста, Хансұлу 9 жаста, Нұртаз 8 
жаста, Ұлбану 6 жаста, Зухра 5 жаста [4, 19-20 пп.].  
Сырымұлы  Қазы  тарханның  төрт  әйелінен  туған  16  баласы  аталарына 
тартып  ел  басқарғандары  да  болды.  Байбақты  руларын  басқару  билігі  Сырым 
тарханнан кейін ұрпақтарына мұраға кеткенін көреміз. Сырым батыр немересі Омар 
Қазыұлының  1852  жылы  күйме  салығын  жақсы  жинаған  еңбегі  мен,  адал  қызметі 
үшін  патша  әкімшілігі  қанжар  мен  оқ-дәрілерді  сыйға  тартқан.  Оның  1855  жылдың 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

136
 ~ 
 
16  қарашасынан  1857  жылдың  аралығында  Орынбор  Шекаралық  комиссия 
құрамына қазақ жұртшылығы атынан мүшелікке кіргендігі туралы мәлімет тіркелген. 
1858 жылдың 26 қарашасында Омар Аннинск лентасына тағылған, (мойынға 
салынатын) күміс медальмен марапатталған. [6, 10 п.].  
Қазы Сырымұлының бір өзіне патша үкіметі әкесі Сырым тархан Датұлының 
тархандық  грамотасы  бойынша  мұраға  жалғанған  тархандық  атақтан  басқа: 
хорунжи,  сотник,  есауыл,  әскери  старшын  атақ-дәрежелерін  берді.  Сонымен 
ойымызыд қорыта келе айтпағымыз: 
–  біріншіден,  патша  үкіметінің  өздерінің  саясаттарын  жүзеге  асыруда  елге 
танымал  азаматтарға  атақ-дәрежені  аямай  беру  арқылы  қазақ  жеріндегі  патша 
үкіметінің сенімді шенеунігне-айналдыруды көздеген саяси ұстанымдары болды; 
–  екіншіден,  орыс  әскерилерінің  атақ  дәрежелерін  қазақ  қоғамына  енгізуде 
ыждағаттылық жасаған;  
–  үшіншіден,  Омар  Қазыұлы  атасы  Сырым  батырдан  келе  жатқан  аталы 
балалы  тархандар  әулетінен  болғанымен,  патша  үкіметі  Сырым  тархан  немересі 
Омар Қазыұлына тархан атағын бермеген. Олай болса, патша үкіметінің тархандық 
атақтың  мұралық  жолмен  ұрпақтарына  кетуге  тиіс  заңын  үнемі  сақтамағандарын 
көрсетеді.  Патша  үкіметінің  ендігі  жерде  тархан  әулетінің  ұрпақтарын  тархандық 
атақпен ұлықтаудың орнына патша үкіметінің медальдарымен марапаттауға көшкен 
империялық саясаттарын кеңінен қолданған.  
–  төртіншіден,  мұрағат  деректеріне  сүйене  отырып,  Қазы  би  Сырымұлының 
ғұмырнамасына  қатысты  оның  1790  жылы туылып,  1854 жылы  64 жасында  қайтыс 
болған деген қорытындыға келдік.  
–  бесіншіден, Сырым тархан Датұлының ұрпақтарына қатысты        ғасырлар 
қойнауынан сыр шертетін мұрағат деректерін көпшіліктің игілігіне айналдыру. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1. Вяткин М. Батыр Сырым. – Алматы: Санат, 2002. – 344 с. 
2.  Мұқтар  Ә.Қ.  Азаттық  таңы  жолында  (Қазақстанның  батыс  өңірі:  ХVІІІ  ғасырдың 
екінші  жартысы  және  ХІХ  ғасырдың  бірінші  ширегі  аралығындағы  тарихи 
жағдайлар). – Алматы: Ғылым, 2001, – 257 б. 
3.  Қазы  би  және  оның  шешендік  сөздері.  //  Сырым  Датұлы.  /  Жинақ.  –  Алматы: 
Арыс, 2004. – 320 б. 
4. ҚР ОММ. 4 - қор, 1 - тізбе, 2708 - іс. 
5 Мұқтар Ә., Ысмайлов С. Сырым бастаған қозғалыс. // Сырым Датұлы. / Жинақ. – 
Алматы: Арыс, 2004. – 320 б. 
6.ҚР ОММ. 4 - қор, 1 - тізбе, 2870 - іс.       
 
Аннотация 
          В данной статье, на основе архивных документов, рассматривается история 
деятельности потомков сына известного батыра Сырыма Датова Казы, известного в 
казахской степи бия и тархана. 
Summary 
In this article, based on archival documents, traces the history of the descendants 
of  the  famous  son  batyr  Syrym  Datov  Kazi,  known  in  the  Kazakh  steppe  judge  and 
tarkhan. 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

137
 ~ 
 
ӘОЖ 37.01 
Е.С. Кабиев 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
  
ӨЛКЕТАНУ МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ 
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада  өлкетану  материалдарының  ғылыми-педагогикалық  негіздері 
айқындалып, оны орта мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы 
оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу жолдары қарастырылады 
Негізгі сөздер: 
мектеп, өлкетану, елжандылық. 
 
Мемлекетіміздегі  білім  беру  жүйелері  мен  білім  беру  мазмұны  жаңаша 
реформалаумен байланысты бүгінде мектептің алдында мына төмендегі міндеттерді 
шешу жүктелуде: 
– 
Жаһандану  заманында  әлемдегі  жаңаруларға  лайық  жаңаша  және 
икемді ойлауды қалыптастыру. 
– 
Ұлттық мәдениетті меңгерте отырып әлемдік мәдениетті игеру. 
– 
Ана  тілін  жетік  меңгере  отырып,  өзге  тілдерді  меңгеру  және  тіл 
арқылы өз мәдениетінің жетістігін өзгеге таныту. 
– 
Мемлекеттік тілге,  рәміздерге  құрметпен  қарау және  елжандылыққа 
тәрбиелеу. 
– 
Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  арқылы  демографиялық 
жағдайға ықпал ету және т.б. 
Көріп  отырғанымыздай  бұл  міндеттердің  бәрінің  түп-тамыры  ұлттық 
сезімнен,  елжандылық  тәрбиесінен  басталатындығы  айқын.  Ұлттық  өлкетану 
құндылықтырымыз  арқылы  оқушыларды  елжандылыққа  тәрбиелеу  осының  бір 
көрінісі.  
Өлкетану  материалдарының  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  айқындап, 
оны  орта  мектептердің оқу-тәрбие  үрдісінде тиімді пайдалану  арқылы оқушыларды 
елжандылыққа  тәрбиелеу  қажет.  Егерде  өлкетану  материалдарын  мектептің  оқу-
тәрбие үрдісіне пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешені жасалып, оны оқу-тәрбие 
жүйесіне  тиімді  пайдаланса,  онда  оқушы  –  жастардың  өзін-өзі  тәрбиелеуге  деген 
ынтасы артып елжандылық сезімі оянатын болады. Өйткені өлкетану материалдары 
оқушылардың  туған  өлкені  жан-жақты  терең  танып  білуіне,  елжандылық  сезімінің 
арта түсуіне мүмкіндік туғызатын білімдік те, тәлімдік те дерек көзі болып табылады. 
Оқушылар бойындағы елжандылық қасиеттердің төмен болуының басты 
себептерінің бірі – соңғы жылдардағы оқу-тәрбие үрдісіндегі оқытудың тәрбиеден 
алшақтауы болса, екіншіден оқулықтарды құрастырушы авторлардың сұрау-
тапсырмаларды құрастырудағы біржақтылығы, яғни көркем текстің мазмұнын талдауға 
ғана көңіл бөліп, оның тәрбиелік жағына жете мән бермеулері деуге болады.  
Осыны  ескере  отырып  біз  Қазақстан  Республикасының  Президентінің 
Қазақстан  Республикасына  патриоттық  тәрбие  берудің  мемлекеттік  бағдарламасы 
туралы  Жарлығы  және  білім  беру  мекемелерінде  тәрбие  берудің  кешенді 
бағдарламасын  басшылыққа  ала  отырып,  жергілікті  мұражайлардағы  өлкетану 
материалдарын  орта  мектепте  әдебиет,  тарих,  география,  биология  пәндеріндегі 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

138
 ~ 
 
теориялық 
материалдармен 
кіріктіре 
пайдалануға 
және 
оны 
меңгертуге 
болатындығына көз жеткізіп отырмыз. [1] 
   Оны іске-асыруда мына мақсаттар басшылыққа алынады: 
– 
тәрбие  процесі  үздіксіз  және  дамытушы  процесс  деген  біртұтастық 
көзқарасты 
басшылыққа 
ала 
отырып, 
мұражай 
материалдары 
негізінде 
оқушылардың бойында туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімді ұялату; 
– 
мұражай 
материалдары 
арқылы, 
оқушылардың 
дүниетану 
көзқарасын  қалыптастырумен  бірге  эстетикалық  сезімдерін  жетілдіріп,  еңбекке, 
өнерге деген құштарлық сүйіспеншілік сезімдерін ояту; 
– 
оқу-тәрбие  процесінің  біртұтас  үрдіс  екеніне  аса  жоғары  мән  беріп,  сабақ 
процесінде оқушы бойына сіңірілген білім, білік, дағдыларды сыныптан тыс тәрбие 
жұмыстарында жалғасын тауып өрістей түсуіне мүмкіндік туғызу; 
– 
азаматтық 
тәрбиенің 
нәтижелік 
көрінісі 
ретінде 
оқушылардың 
шығармашылық  еңбектерін  талдай  отырып,  сөз  өнеріне  деген  талғамы  мен 
талантын  ұштай  түсу,  сөйтіп  олардың  келешекте  өмірден  өз  орнын  таба  білуіне 
бағыт-бағдар беру [2]. 
Сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушылардың  пән  сабақтарында  игерген  білім, 
білік,  дағдыларын  ары  қарай  дамытуға,  оларды  іскерлік  қабілетіне  қарай 
топтастырып  қоғамдық  істерге  белсене  қатыстыруға  мүмкіндік  туғызылады, 
достықты,  жолдастықты  нығайтуға,  жеке  бастық  және  қоғамдық  мүдделерді 
біріктіруге оң әсер етеді. 
Педагогикалық  талаптарды  ескере  отырып,  педагог-ғалым  А.С. Белкин  ұсынған 
төмендегі  бағыттар  мен  технологиялары  негізінде,  педагогикалық  ұйымдастыру 
жұмыстарын былайша іске асыруға болады. Олар мыналар:  
Бірінші  бағыт-танымдық  бағыт.  Ол  оқу  әрекетінде  табысты  жағдаят  туғызу. 
Мәселен,  оқуда  айтарлықтай  жетістіктерге  жете  алмай  жүрген  оқушылар,  мектепке 
келгенде сабақ басталды деген сөзден қуаныш сезіміне бөленбейтіні белгілі. Ал оларды 
оқудан  тыс  танымдық  әрекеттерге  тартып,  оның  нәтижесін  көруге  жағдай  туғызу 
арқылы,  олардың  танымдық  әрекет  қуанышына  бөленуіне  мүмкіндіктер  туғызуға 
болады.  
Екінші  бағыт  Қабілетті  арттыру.  Мысалы,  орташа  оқушыларға  оқу  әрекеттерін 
орындауға  бағытталған  тың  тапсырмалар  берсек,  олар  жинаған  материалдарды  оқып, 
зерттей  отырып,  жаңа  болжамдар  жасауға  талпыныс  жасайды.  Мұғалім  оқушының 
алдына күн өткен сайын күрделі міндеттер қою арқылы оның ықтимал мүмкіндігін іске 
қосу  көзделеді,  сөйтіп  әр  оқушының  дамуына  қол  жеткізіледі.  Мәселен,  география 
сабағында  оқушыларға  адыраспан  туралы  тапсырма  берілгенде,  олар  оның  бірнеше 
тілдегі аталуларын, емдік қасиетін, ел аузындағы аңызды айта келіп, тіпті бас ауруының 
қай түрлеріне пайдаланылатыны туралы өз болжамдарын айтуы мүмін.  
Үшінші  бағыт-аңғарымпаздық  бағытына  баулу:  Тарих,  география,  әдебиет 
сабақтарында  жергілікті  жер  мәліметтерін  хабарлауда  әдейі  қателіктер  жіберіледі. 
Осындай қатені кім бірінші боп байқауы және оның қате екендігін дәлелдей білуі талап 
етіледі. Бұл әдіс  оқушылардың  сабақты мұқият тыңдауына игі  ықпал етеді және өзіндік 
пікір дәйектеріне сүйеніп, ойды дұрыс дәлелдеу мәдениеті қалыптасады.  
Төртінші  бағыт  –  танып-білуге  деген  қызығушылық  тудыру.  Бұл  бағыт 
бойынша әр сынып оқушылары бес топқа бөлініп жарысып отырады. 
– 
Көп біледі, бірақ ол туралы өзі білмейтіндер. 
– 
Көп біледі, әрі ол туралы өздері де білетіндер. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

139
 ~ 
 
– 
Аз біледі, әрі ол туралы өздері де біледі. 
– 
Аз біледі, әрі ол туралы өздері әлі білмейтіндер. 
Сыныптағы ең қабілеті төмен деген оқушылардың оқуға деген қызығушылығын 
арттыру  қажет.  Мұндай  оқушыларға  қосымша  материал  жазып  келу,  суретін  және 
мақала  авторын  тауып  келу,  әдебиеттер  тізімін  жасап  келу,  мақалаға  аннотация 
жазу  т.с.с  жеңіл  тапсырмалардан  бастап  беріп,  олардың  жауапкершіліктерін, 
ұқыптылықтарын,  жақсы  тұжырымдарын  міндетті  түрде  атап  өту  арқылы 
көзқарастарды жағымды жаққа бұру қажет.  
Бесінші бағыт-педагогикалық-психологиялық ықпал ету. Аталмыш бағыттың 
мақсаты  оқушылардың  елжандылық  сезімдерінің  дамуына  педагогикалық  – 
психологиялық  жағымды  әсер  етуді  көздеу.  Мұнда  «Бейтарап  ақпарат», 
«Бітімгершілік»,  «Аяқталмаған  тезис»,  «Қарсы  дәйек»  және  т.б.  амалдар  мен 
әдістерді қолдануға болады.  
Алтыншы 
бағыт-шығармашылық 
қабілеттерін  дамыту. 
Бұл  бағытта 
оқушыларды зерттеушілік жұмыстарға баулу, танымы мен шығармашылығын дамыту 
арқылы  азаматтық  ұстанымын  қалыптастыру  қажет.  Шығармашылық  жұмыс 
эвристикалық қиялдау бағытымен тығыз байланысты іске асырылды. Мәселен, «егер 
Ұлы  Отан  соғысы  болмағанда,  еліміздің  дамуы  қандай  деңгейде  болар  еді?», 
«Осыдан жүз жыл бұрынғы Алматы облысы мен бүгінгі Алматы облысы», т.б. басты 
мақсат 
өлкетану 
материалдарын 
пайдалана 
отырып 
оқушылар 
бойында 
елжандылық  қасиеттерді  қалыптастыру.  Мұражайға  бармас  бұрын  оқушылар  олар 
туралы  әдеби  кітаптар  оқу,  жергілікті  ақындардың  өлеңдерін  жаттату,  викторина 
сұрақтарына  жауап  бергізу  арқылы  «Кім  көп  біледі?»  деген  жарыс  өткізу,  реферат 
жаздыру, 
пікірталасын 
ұйымдастыру 
іс-шаралары 
жүргізілуі 
қажет. 
Сөйтіп, 
оқушылардың бойында өз өлкесінің тарихын терең білуге деген құмарлығын арттырып, 
мақтаныш сезімін ұялатуға болады.  
Жетінші  бағыт-сауықтыру,  шынықтыру  бағыты 
халықтық 
спорттық 
ойындарды  үйреніп,  оның  шығу  тарихын  зерттеуге  баулу,  өз  өлкесінен  шыққан 
спорт  шеберлерінің  өмірі  мен  шығармашылығын  таныту  арқылы  өлкесін,  спортты 
сүюге тәрбиелеу. 
Сегізінші  бағыт-экологиялық  бағыты.  Ол  өз  өлкесінің  табиғатына  деген 
сүйіспеншілік қалыптастыру, оны ластаудан және жойылып кетуден сақтау, өлкенің 
экологиялық  жағдайын  зерттеу,  оны  жақсарту  жолдарын  іздету  арқылы  өлкесіне 
деген сүйіспеншілігін арттыруға болады. 
Тоғызыншы  бағыт-еңбек  бағыты.  Ол  әр  баланың  бойына  еңбек  ету 
дағдыларын  қалыптастыру,  еңбек  адамдарына  құрметпен  қарау,  кәсіп  түрлерін 
таңдауға  бағдар  беру,  өлкедегі  еңбек  ардагерлерінің  өмірі  мен  еңбектегі 
жетістіктерін  үлгі-өнеге  ете  отырып,  өз  өлкесінің  азаматтарына  мақтаныш  сезім 
туғызуға тәрбиелеу.  
Оныншы  бағыт-пәндік-білімдік  бағыты.  Ол  география,  тарих,  биология, 
әдебиет, химия пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып, өз өлкесінің флорасын, 
фаунасын,  жер  байлықтарын,  өндіріс  орындарының  табыстарын  зерттеу  арқылы 
елжандылыққа тәрбиелеу. 
Он  бірінші  бағыт-отбасы  бағыты.  Ол  өз  ата-анасының,  әулетінің  өмірі  мен 
шежіресін зерделей отырып, отбасын сүю, отбасы ересектерінің жетістіктерін мақтан 
тұту сезіміне тәрбиелеу көзделеді [3].  
Жоғарыда аталып өткен бағыттардың әрқайсысының атқаратын қызметін 
қорыта келіп, олардың бірінің оқушы бойына аңғарымпаздық, қиялдай білушілік, өмірге 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

140
 ~ 
 
қызығушылық, психологиялық-педагогикалық қабілет-қасиеттерді дарытушылық, 
шығармашылыққа баулу әрекеттері көзделсе, сонымен бірге еңбекке баулу, салауатты 
өмір салтын сақтауға үйрету, табиғатты қорғауға баулуда әрі білімдік, әрі тәрбиелік, әрі 
дамытушылық қызметтер атқаратынын ескеруге тура келеді.  
Мектеп  бітірген  түлектердің  барлығы  дерлік  болашақта  елінің  шынайы  елжанды 
азаматы болып шығуы үшін төмендегідей нақты ұсыныстар білдіреміз: [4] 
–  оқушылар  бойында  патриоттық  қасиеттерді  қалыптастыру  үшін  ең  алдымен 
мектеп  өмірін  бірыңғай  педагогикалық  жүйеге  айналдыру,  оқу  ісін  тәрбие 
мәселесімен  тығыз  байланыстыру  қажет.  Осы  мақсатта  тақырыптық  саяхаттар  мен 
жорықтарды жиі  ұйымдастырып отыру; 
–  аудан-ауыл  тарихы  туралы  кітаптар,  соның  ішінде әдістемелік  құралдар  мен 
нұсқаулар шығару; 
–  елжандылық тақырыптағы қазақфильм шығарған кинолар, деректі фильмдер 
мен  ойындарды,  мультфильмдерді  көбейту,  сондай-ақ  электрондық  оқулықтар  мен 
тәрбие хрестоматиялары жасалуы тиіс. Мәселен, өз облысымыздың көркем көріністі 
жерлері  мен  киелі  мекендерін  жол  жүрмей-ақ  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта 
көруге мүмкіндік беретін бейнематериалдар ауылдық мектептер үшін аса қажет. Ал 
ол үшін республика көлемінде аудиокарта және видеотекалар жасау қажет; 
–  жасөспірімдердің  компьютерде  ойнайтын  түрлі  ойындарын  да  патриоттық 
тақырыптарға  арнау,  әсіресе  батырлар  жырынан  бастап,  қазіргі  патриотизмді 
насихаттайтындай ойындарға ауыстыру қажет деп санаймыз; 
–  Қазақстан  Республикасының  әр  аймағы  бойынша  өлкетану  курсының 
бағдарламалары мен әдістемелік құралдар кешенін жазып, жинақ ретінде шығарса, 
ол  оқушылар  бойында  қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыруда  атқарылған 
жүйелі жұмыс болып саналар еді; 
–  республика  мектептерінің  12  жылдық  оқу  жүйесіне  көшуімен  байланысты 
келешекте  орта мектептердің  10–12  сыныптары  бойынша  өлкетану материалдарын 
ғылыми-әдістемелік түрде зерттеу ісін жалғастыру қажет [5]. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет