1996 жылдан бастап шығады Основан в 1996 году


Резюме  В  статье  автор  рассматривает  статьи  Б.Коркутова,  которые  были  опубликованы в 1941-1946 годы в прессе.   Summary



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата06.03.2017
өлшемі3,23 Mb.
#8199
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24

Резюме 
В  статье  автор  рассматривает  статьи  Б.Коркутова,  которые  были 
опубликованы в 1941-1946 годы в прессе.  
Summary 
The author considers the article  B.Korkutova that emerged during 1941-1946 in 
the press. 
Әдебиеттер тізімі 
1. «Социалистік құрылыс» Гурьев облыстық газеті, 1943. 4 маусым, №103 саны, 2 Б. 
2.  «Социалистік  құрылыс»  Гурьев  облыстық  газеті,  1941.  8  қыркүйек,  №146  саны, 
Б.2. 
3. «Социалистік құрылыс» Гурьев облыстық газеті, 1944. 3 ақпан, №44 саны, -Б.2. 
4.  Амандосов  Т.Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.  Алматы: 
Мектеп, 1974ж, -Б.78. 
5. «Социалистік құрылыс» Гурьев облыстық газеті, 1946. 15 маусым, №110 саны, 2 
б. Бурсов.Б.Журналистика и аудитория-Москва: Логос, 1976. -Б.68. 
7. 
«Социалистік  құрылыс»  Гурьев  облыстық  газеті,  1946.  4  маусым,  №103 
саны, -Б.2. 
8.  Ыдырысов Т. Шеберлік бастауы-Алматы: Жазушы, 1985. -Б.158.  
 
 
ӘОЖ 678.746.226                                        
С. Құсниденов 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
  
"ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТ" МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ 
 
            Қазіргі  ғылымда  ұлттардың  пайда  болуы  туралы  марксистік-лениндік  түсінік 
өзінің  құндылығын  жойған  жоқ.  Олардың  пікірінше,  ұлт  тек  капитализм  кезінде 
пайда  болады,  себебі  ұлттардың  қалыптасуының  негізгі  белгілерінің    бірі  - 
экономикалық бірлік тек осы қоғамда қалыптасады.  
            Ұлт  деп  жер,  тіл,  экономикалық  қатынастар,  мәдениет  ерекшеліктері  мен 
психологиялық  құрылымның  ортақтығы  негізінде  қалыптасқан  адамдардың  тарихи 
әлеуметтік  -  этникалық  бірлігін  айтады.  Осындай  этникалық  қауымдастықтың  
(экономикалық    қатынастардың  бірлігінен  басқасы)  негізгі  белгілері  капитализмге 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

153
 ~ 
 
дейінгі  қоғамдық  формацияда  пайда  болады.  Ал  экономикалық  бірлік  тек 
капитализм 
кезінде 
қалыптасады. 
Ұлттың 
қалыптасуын 
капитализммен 
байланыстыру  осыған  байланысты.  Олардың  пікірінше,  капитализм  таптық  езгімен 
қатар,  ұлттық  езгіні  қалыптастырады,  соған  байланысты  ұлт  мәселесі  туады,  бірақ 
капитализм ұлттық езгіні, ұлт мәселесін шеше алмайды, ол тек қана таптық езгімен 
бірге, пролетарлық революция арқылы, социализмде шешіледі.  
           Ұлт  мәселесі,  әсіресе,  имперализм  кезінде  барынша  шиеленісті.  Өкінішке 
орай  социализм  ұлт  мәселесін  шешіп  тастай  алған  жоқ.  Сонымен  қатар  Кеңес 
Одағының  құрамына  енген  халықтар  аса  күрделі,  табиғаты  қиын  ассимлияциялану 
үрдісіне  тап  келді.  200-ге  жуық  ұлттардың  тілдік,  мәдени  және  этникалық 
дегредациялануы 
күшейе 
түсті. 
Бұл 
қайшылық 
социализмнің 
негізгі 
қайшылықтарының  біріне  айналып  Кеңес  Одағының  күйреуіне  әкелді.  Бұл 
құбылыстан  "ұлт  мәселесін"  жауып  тастаудың,  немесе  ұлттық  өмірден  туындайтын 
мәселелерді жоққа шығарудың аса қауіпті екендігін байқаймыз.  
             Кеңес  Одағы  күйрегеннен  кейін  де  ұлттық  өмір  мәселелері  көптеген 
аймақтарда  теке-тірестер  мен  соғыстар  себебіне  айналды.  Приднестровье, 
Шешенстан, 
Таулы 
Қарабақ, 
Абхазия, 
Оңтүстік 
Осетия 
сияқты 
ұлттық 
анклавтардағы  халықтардың  тәуелсіздік  пен  ұлттық  мемлекет  құру  жолындағы 
қарулы  күрестері  осының  айғағы.  Абхазия  мен  Оңтүстік  Осетия  халықтарының 
егемендікке  ұмтылысы  Ресей  мен  Грузия  мемлекеттерін  қарулы  соғысқа  дейін 
әкелгені  белгілі.  Мемлекеттердің  геосаяси  мақсаттарында  ұлт  мәселесі  әртүрлі 
дәрежеде  орын  алады.  Әлемдік  басым  державалар  ұлт  мәселесін  өздерінің 
экономикалық мүдделерін,  геосаяси  мақсаттарын  іске  асыру  үшін пайдаланады.  Ал 
жергілікті,  бодан  халықтар  үшін  ұлттық  билікті,  тілді,  дін  мен  мәдениетті  сақтау 
маңызды. Олар өз байлықтарына өздері қожа болғанын көксейді.  
            Қазақстан  үшін  де  ұлт  мәселесі  жуықтағы  перспективада  күн  тәртібінен 
түспейді. Себебі, Қазақстан халқының ұлттық өмірдегі шешімін таппаған мәселелер 
жетерлік.  Алдымен  олар  титулды  ұлт  болып  отырған  қазақ  ұлты  өмірімен 
байланысты.  Қазақ  ұлты  ел  болса  да  өзінің  ана  тілін,  мәдени  құндылықтарын, 
тарихи  санасы  мен  дінін  өз  дәрежесінде  дамыта  алмай  келді.  Осылай  бола  берсе 
міндетті түрде қайшылықтар болатыны ақиқат. 
           Қазақ  ұлтының  этникалық  өмірінің  қалыпты  дамуы  жолына  көптеген 
жасанды  бөгеттер  қойылуда.  Тәуелсіз  ел  болған  соң  қазақ  халқының  барлық 
мәселелері  өздігінен,  біртіндеп  шешіледі  деген  психологиялық  ахуал  қалыптасуда. 
Қазақ 
ұлтының 
этникалық 
бет-бейнесін, 
ұлттық 
мазмұнын 
сақтайтын 
құндылықтардың көмескіленуіне жол берілуде. Әсіресе, тілдік дамудағы олқылықтар 
қазақ ұлтының өкілдерін алаңдатады.  
          Сондықтанда  бүгінгі  Қазақстанда  ұлт  мәселесі  жоқ  деу  мүлдем  жаңылысу 
болып  табылмақ.  ХХ  ғасырдың  ХХІ  ғасырға  мұра  етіп  қалдырған  әлеуметтік 
шындығы  ұлт  мәселесі.  Қазақстанда  қазақ  ұлты  бар.  Ол  объективті  шындық. 
Францияда  француз  ұлты,  АҚШ-та  американ  ұлты,  Ресейде  орыс  ұлты,  Қытайда  - 
ханъ  ұлты, Өзбекстанда  - өзбек ұлты шешуші  рөл атқарса Қазақстанда қазақ ұлты 
шешуші рөлге ие болмақ. Қазақстан халқы, қазақ елі, қазақ жұрты ұғымдары қазақ 
ұлты ұғымына мағынасы жағынан туыстас ұғымдар. Олардың барлығы Қазақстанда 
тұратын  халыққа  қатысты  ұғымдар.  Қазақ  ұлты  мен  елдегі  диаспоралар  бірігіп 
Қазақстан  халқын  құратыны  ақиқат.  Елдегі  халықты  қазақ  жұрты,  қазақ  елі  деп 
жалпылай  атау  тұрмыстық  сана  деңгейінде  ХІХ  ғасырда  да,  ХХ  ғасырда  да  болып 
келді. Бүгін де осы ұғымдар бар. Бірақта "қазақ елі", "қазақ жұрты" ұғымдары қазақ 
ұлты парадигмасын алмастыра алмайды. Қазақ ұлты ұғымы қазақ этносының мәнін 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

154
 ~ 
 
және  табиғатын  ашатын  ұғым  болып  қала  береді.  Ұлт  ұғымы  қазақтың  тілдік, 
этногенетикалық,  психолгиялық,  салт-дәстүрлік,  мәдени,  әлеуметтік-экономикалық 
біртұтастығының белгісі іспеттес шешуші ұғым.  
            Кейінгі  жылдарда  "кейбір  ғұламалар"  "қазақстандық  ұлт"  мәселесін  көп 
көтеріп  жүр.  Елдегі  ұлт  пен  ұлыстардың  даму  перспективасын  "қазақстандық 
ұлтпен"  байланыстыруды  көздейді.  Орыс  тілді  саяси  элитамен  бірге  қазақстандық 
ұлт  қалыптастыру  мәселесін  орыс  тілді  БАҚ  көтеріп  жүр.  Сонымен  бірге,  бұл 
идеяның авторлары кейбір қазақтың орыс тілді интеллектуалдық элитасы екендігін 
де айтуымыз керек. Олар Қазақстан халқының даму перспективасын "қазақстандық 
ұлт"  қалыптасуымен  байланыстырады.  Бұндай  ұлт  елдегі  жүзден  астам  этникалық 
топтар  мен  диаспорлардың  өзара  жақындауы  және  ассимияциялануы  жағдайында 
қалыптаспақ. "Қазақстандық ұлт" құрамына елдегі мемлекет жасаушысы этнос қазақ 
ұлты  да  кіруге    тиісті  сияқты.  "Қазақстандық  ұлт"  американдық  ұлт  сияқты  жаңа, 
жасанды әлеуметтік қауымдастық болмақ.  
            Оған  куә  "Новое  поколение"  газетінің  2004ж  10қыркүйек  күнгі  №36 
санындағы "Мы, народ Казахстана..." деген тақырыппен өткізілген "дөңгелек үстелі" 
және  "Блицопрос"  айдарымен    берілген    топтама  мақаласы.  Онда  "Қазақстандық 
ұлт" мәселесіне қалай қарайсын? - деген сұраққа саясаттанушы С. Жүсіпов: "Дұрыс 
қараймын.  Заңды  практика.  Бұл  этникалық  бірлестікке  азаматтық  бірлестіктің 
басымдылығын  көрсетеді.  Мен  қазақпын  ба,  орыспын  ба  бәрібір  қазақстандықпын, 
себебі  менің  туып-өскен  жерім  сол...  Шындығында,  бұл  мәселе  АҚШ  пен  басқа 
өркениетті елдерде баяғыда шешілген" - дейді.  
              Ал екінші әнші А. Бабаева жоғарыдағы сұраққа былай жауап береді: "Кәріс 
болсын,  орыс  болсын,  ол  осында  туды,  осында  тұрады  -  олай  болса,  ол- 
қазақстандық.  Бұл  түзету,  тек  қана  біздің  елде  іске  асырылмаған.  Онда  тұрған  не 
бар?  Өзінің  отбасында  немесе  өзінің  айналасында  өз  ұлтының  өкілі  болсын,  ал 
паспорт  бойынша  біздің  елдің  азаматы  болсын.  Германияда  барлық  адамдар 
құжаттары бойынша немістер, бізде де-қазақстандықтар боламыз [1]. 
             Бұл аз болғандай сол   "дөңгелек үстелге" қатысқан М. Спанов деген біреу: 
меніңше  "казахстанец"  деп  жазу  әлі  ерте  деп  қана  қоймай,  ол  "қазақтар  әлі  ұлт 
ретінде  өздерінің  ұлттық  бірлігін  анықтаған  жоқ,  себебі  қазақтар  бір-бірімен 
кездескенде ұлтын емес, руын сұрайды" – дейді [2]. 
            Осындай  ой-пікірлер  космополитизм  мен  нигилизмнің  үлгісі.  Бұларға  өз 
ұлтын, өз жері, өз отаны деген ұғымдардың мәні жоқ. қай жерде тамақ берсе, сол 
жерде өмір сүре береді.  
            Біздің  пікірімізше  бұл  идея  Қазақстандағы  этношындыққа  сәйкес  келмейді. 
Қазақстанда  жаңа  "қазақстандық  ұлт"  жасаудың  экономикалық  та,  әлеуметтік  те, 
саяси  да  қажеттілігі  жоқ.  Бірақта,  бұл  идея  орыс  шовинистері  мен  косполиттердің 
саяси мақсаттарына жауап береді. Себебі, олар Қазақстанда күннен күнге күшейіп, 
нығайып  келе  жатқан  қазақ  ұлтының  даму  үрдістерінен  қорқады.  Қазақ  ұлтының 
ұлттық  құндылықтарының  толық  жеңіске  жетуі  осыдай  мүдделі  топтардың  саяси-
экономикалық  мүдделеріне  қайшы.  Олар  өз  мақсаттары  жолында  "адам",  "жеке 
меншік",  "демократия",  "тұрақты  даму"  идеяларын  ұсынады.  Бұған  дау  жоқ. 
Өкініштісі  қазақ  ұлтының  негізгі  құндылықтарын  даму  басымдықтары  ретінде  үнемі 
жоққа  шығарып  отырады.  Қазақтың  ұлттық  құндылықтарын  жалпы  адамзаттық 
құндылықтардың 
құрбаны 
етіледі. 
Шынтуайына 
келгенде 
бұл 
екеуінің 
диалектикалық  жарастығына  жету  саясатын  неге  басшылыққа  алмасқа.  Қазақ  тілі, 
өнері, мәдениеті, тарихы мен діні мемлекеттік біріктіруші идеяларға, ұлттық идеяға 
айналуы қажет. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

155
 ~ 
 
           Қазақ  ұлты  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  қабылдай  отыра,  дамыта 
отыра өзінің ұлттық мақсат-мұраттарын іске асыра алатындығына сенім бар. Елдегі 
этнодемографиялық  ахуал  қазақстандық  ұлт  емес  қазақ  ұлты  өсіп  келе 
жатқандығын дәлелдейді. 1991 жылы елде қазақтардың үлес салмағы 41%  6 млн. 
800 мың адам болса, қазіргі кезде 65%  10 млн. асты.   
           Әлемдік жаһандану үрдістері жүздеген халықтардың этнос ретінде өздерінің 
ұлттық келбеттерін, дінін, реңкін, тілдерін сақтауына мүмкіндік бермейді. ХХІ ғасыр 
аз  санды  этностардың  ассимиляциялануы,  жоғалып  кетуі  процесі  жылдамдайтын 
ғасыр  болатын  сыңайы  бар.  Оның  обьективті  себептеріне  ортақ  әлемдік 
шаруашылық  және  сауда  кеңестігінің  қалыптасуын,  ғылыми-техникалық  дамудың 
унификациялануы, барлық мемлекеттерді өзара ұқсастыратын индустриалдық және 
постиндустриалдық  қоғамның  қалыптасуы,  ақпараттану,  бұқаралық  мәдениетінің 
ықпалының  күшейе  түсуі,  өмір  салтының,  киім-кешек  үлгілерінің,  тіптен 
тамақтандырудың  әлемдік  ортақ  үлгілермен,  стандарттарға  бағына  бастауы  т.б. 
құбылыстарды атауға болады. Аталмыш құбылыстар әлем ұлттары мен этностарын " 
қайнатушы қазан " (плавильный котелге) тықпалап жатыр. Дамыған мемлекеттердің 
басым  көпшілігі  осындай  әлемдік  бірігу,  одақтасу  үрдісіне  ерекше  икемделуде. 
Тіптен осы үрдістерді жылдамдатуға мүдделі. АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, 
Германия  сиқты  мемлекеттер  әлемдік  жаһандану  үрдістерінің  басына  шығып  одан 
өздеріне пайда табуға ұмтылуда. Бұндай әрекеттерді Ресей, Қытай, Индия, Бразилия 
сиқты  ірі  державалар  да  жасай  бастады.  "Қайнаушы  қазан"  доктринасында  бірінші 
кезеңде  "адам  және  оның  тұтыныстары"  жеке  адамға  жақсы  болса  болды.  Сен 
адамсың -көйлегің көп, тамағың тоқ, үйің жәйлі, көлігің бар, ақшаң демалуға, білім 
алуға  және  сахаттауға  жетеді,  денсаулығыңды  күте  аласың.  Шындығында 
өркениетті,  постиндустриалдық  мемлекеттердің  өз  адамдарының  басым  көпшілігіне 
материалдық және рухани даму жағдайын жасап отырғандығы шындық және үлкен 
әлеуметтік 
жетістік. 
Ұлттық 
дамудың 
"қайнаушы 
қазан" 
доктринасына 
бағындырылуы көпсанды, ірі ұлттарға аса қолайлы. 
        
Бұл  доктрина  өзінше  дұрыс,  өзінше    әділ  доктрина.  Бірақта  ол  дамыған, 
көпсанды,  өркениетті  этностар  үшін  қолайлы    доктрина.  Ірі  этностар  "қайнаушы 
қазанда" өздері еріп кетпейді. Онда аз халықтар ірі халықтармен бірігіп жатады. 
       
Қазақстан үшін де осы әлемдік жақындасу үрдісінің ықпалы маңызды болып 
тұр.  Ашық  қоғам  мен  нарықтық  экономика  жағдайында  Қазақстан  да  әлемдәк 
интернационализацилану 
процесіне 
еріксіз 
қосылып 
кетті. 
Елдегі 
демократияландыру,  азаматтық  қоғам  құру,  ақпараттық  кеңістікті  әлеммен  бірге 
одақтасу  құбылыстары  барлығы  әкеліп  Қазақстан  қоғамында  унификацилану 
процесін  жылдамдатады.  Біздің  елімізде  де  ұлттық  құндылықтарды  жалпы 
азаматтық  құндылықтардың  объективті  басып  кетуі  құбылысты  күшейе  түсуде. 
"Қазақстандық  ұлт"  идеясы  да  айтылған  объективті  шындыққа  байланысты  өмірге 
келгенінде дау жоқ. "Қазақсатндық ұлт" идесын жақтаушылар кімдер? Олар: елдегі 
трансұлттық  корпорациялармен  байланысты  топтар,  финанстық  олигархия, 
ағылшын -орыс тілді ұлттық элита және орыс тілді басқарушы чиновниктік аппарат 
өкілдері,  орыс  тілді  интеллигенци  мен  электорат.  Көріп  отырғандарыңыздай 
"Қазақстандық  ұлт"  болғанын  қалайтын  өте  қуатты  әлеуметтік  күш  бар  екендігі 
ақиқат. 
       
Міне "қазақстандық ұлт" деп жүргеніміздің ар жағында осы әлемдік билеуші 
топтардың  "қайнаушы  қазан"    идесы  тұр.  Себебі,  жеке  топтасқан,  ұлттық  мүддесі 
үшін  күреске  қабілетті  қазақ  ұлтынан  гөрі  топтасуы  нашар,  бірлікпеген,  босаңқы 
"қазақстандық  ұлтты"  бағындыру,  жаһандану  үрдістерінің,  екінші  сөзбен  айтсақ 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

156
 ~ 
 
трансұлттық  корпорациялардың  тамағына,  құрбандығына  айналдыру  тіптен 
оңайырақ.  Маригиналдық  топтар  үшін  де  "қайнаушы  қазанда"  өмір  сүру  қолайлы. 
Себебі  олар  үшін  ұлттық  құндылықтардың  қажеті  шамалы.  Ұлттық  құндылықтарды 
маригиналдар қосымша ауыртпалық ретінде сезінеді. 
        
Қазіргі әлемдік басым күштер үшін Республиканың халқының "қазақстандық 
ұлт" болғаны аса қолайлы. Себебі "қазақстандық ұлттың" ортақ этникалық тегі жоқ. 
Ол жүзден астам этникалық топтардан тұрады. 
          Жалпы  алғанда  болашақта  "қазақстандық  ұлттың"  қалыптасуы  ықтимал 
екендігін  теориялық  жағынан  жоққа  шығаруға  болмас.  Бірақта,  қазіргі  әлеуметтік 
үрдістерге  және  әлеуметтік  шындықта  "қазақстандық  ұлт"  жасауға  жағдай  жоқ. 
Себебі, біріктіретін ортақ этногенетикалық тек жоқ, екіншіден, ортақ психологиялық 
ерекшелік  пен  менталитет  әлі  қалыптасқан  емес.  Қазақстандық  ұлт  қазақ  ұлтын 
ортақ территориясынан, ортақ қазақ тілінен, ортақ ұлттық құндылықтары мен салт-
дәстүрлермен  ығыстырып  тастаған  жоқ.  Демек,  қазақстандық  ұлт  идеясын  қазақ 
ұлты  идеясының  өмір  сүргенін  қаламайтын  мүдделі  топтар  жасап  жатыр  демеске 
амал  жоқ.  Біздің  пікірімізше,  елде  қазақстан  халқы  бар.  Ол  түбінде  қазақ  ұлтымен 
ғана байланыста дамиды. Қазіргі кезеңде Қазақстандағы этникалық топтар өкілдері 
өздерін қазақстандық ұлттың мүшесімін деп сезінбейді. "Қазақстандық ұлт" жасанды 
құбылыс. Бұл идея "кеңес халқы" сияқты келешексіз. Себебі оның табиғи тамырлары 
жоқ. Қазақстандық орыстар өздерін біз орыспыз және қазақстандықпыз деп айтады. 
Елдегі украиндықтар, өзбектер, ұйғырлар да сондай. Әзірше олардың өкілдерінің біз 
қазақстандық  ұлттың  өкіліміз  деп  жатқандары  жоқ.  Олардың  барлығы  өз 
этногенетикалық  ортасында  қала  отыра,  қазақстан  халқының  мүшесі  екендігін, 
демек еліміздің мемлекеттігін және сол елдің азаматы екендігін мойындайды. 
          Азаматтықты  мойындау,  бір  ұлт  болуға  ұмтылу  деген  сөз  емес,  керісінше, 
әркеліктің  бірлігін  сақтау  деген  сөз.  Сөйтіп,  мемлекеттің  негізін  құраушы  қазақ 
ұлтының  төңірегіне  басқа  ұлттарды  ұйымдастыру  деген  сөз.  Бұл  туралы  Елбасы 
өзінің  "Тарих  толқынында"  деген  еңбегінде:  "Кез  келген  ақиқат  ахуалға  қарай 
қазақтың  ұлттық  біртектестігін  әрі  сақтай  білуге,  әрі  дамытып  отыруға  қалай  қол 
жеткізуге болады?"-деп көрсеткен [3].  
         Бұнан  көріп  отырғандай,  Президент,  "қазақстандық  ұлтты"  емес,  "қазақ 
ұлтын" сақтап, дамыту туралы айтып отыр. Олай болса, қайдағы бір тексіз, негізсіз 
"қазақстандық  ұлт"  туралы  сөз  қозғап,  халықтың  басын  қатырғаннан,  мемлекет 
құраушы  “қазақ  ұлтының”  төңірегіне  басқа  ұлттарды  қалайша  топтастырып, 
ұйыстырып отыруға болатындығы туралы сөз болу керек. 
         "Қазақстандық  ұлт"  идеясын  қолдаушылар  идея  мен  фактіні  ажырата 
алмайды.  Идея  фактіге  негізделіп,  нақты  жағдайдағы  өмірден  өруі  керек.  Бұл 
идеяны  ұсынушылар,  қазақ  халқының  осы  жердің,  елдің  иесі  екендігін  ескермейді. 
Қазақтың Қазақстаннан басқа тығылатын жері, асатын тауы жоқ, бұл факт. Ол сол 
үшін өмір бақи қиян кескі қақтығыс, от пен судың ішінде келеді. Енді біреулер, сол 
жерді,  Отанын  қорғап  қалған  "қазақ  ұлтын",  оп-оңай  тексіз  "қазақстандық  ұлт" 
идеясымен  ауыстғысы  келеді.  Оның  түбі  азаматтық  қақтығыс,  соғысқа  апаратынын 
түсінбейді.  Осы  туралы  Н.Назарбаевтың:  "Тағдыр  мен  Тәңірдің  құзырында  болған 
қазақтар  алуан  түрлі  ықпалға  құшағын  аша  отырып,  өзінің  ұлттық  қасиетін  сақтай 
білген" - деген сөзін ескермейді [4]. 
           Бұл мақсатты іске асыру үшін, қазақ ұлтының пассионарлық сапаларын ояту 
шараларын жүргізу керек. Қазақ тілі, қазақ рухы барлық салалардан, өмірдің ашық 
және  жабық  қалтарыстарынан  сезініп  тұруы  қажет.  Телебағдарламалардың  басым 
көпшілігін  қазақшалау,  жарнамаларды  қазақша  беру,  ұлттық  құндылықтарды 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

157
 ~ 
 
көрнекі  насихаттау,  баспасөзде  қазақ  тілін  бірінші  кезекте  шығару,  әкімшілік 
қызметі,  финанс  жұмысы,  шаруашылықта  қазақ  тілінде  жүргізу  арқылы  "қазақ 
ұлтының"  жаңа,  екінші  тынысын  ашуға  болады.  Осындай  шаралар  арқылы  қазақ 
ұлтының сақталуы мен дамуын қамтамасыз етуге болады. 
 
                                                         Әдебиеттер тізімі 
1. "Новое поколение", №36, 2004, 10 қыркүйек. 
2. Назарбаев Н. Тарихи толқынында. Алматы. "Атамұра", 1999, -Б.11. 
4. Назарбаев Н. Тарихи толқынында. Алматы. "Атамұра", 1999, -Б.13. 
           
Резюме 
             В  статье  раскрываются  основные  аргументы  сторонников  "Казахстанской 
нации",  ошибочность  их  взглядов.  А  также  освещаются  пути  совершенствования 
"казахской нации". 
Summary 
In the article the argurents of  "Kazakhstan nation" supporters, erroneous of their 
view. And also shawn up the way of improvement the " kazakh nations". 
 
 
  ӘОЖ 323.232            
С. Құсниденов 
          Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
  
САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ 
         
        
Саясаттану    ғылымының    күрделі    проблемаларының    бірі  -  саяси 
мәдениеттің  қалыптасуы. Бұл  ұғымының  саясаттануға  енгеніне  көп болған жоқ.  
ХХ ғасырдың  50 жылдарының  екінші  жартысы - 60 жылдардың басында  Г.Алмонд, 
С.  Верба,  Л.  Пай  деген    американың  зерттеушілері    мен  олардың  шәкірттері  
саясатқа да, мәдениетке  де  қатысы бар  саяси  мәдениет проблемаларын  зерттеді. 
Бірақ  бұдан  саяси  мәдениет туралы  бұрын  ешқандай пікір болған жоқ деген ой 
тумау  керек.  Себебі,  антикалық  ойшылдар:  Платон,  Аристотель,  кейінірек  Н. 
Макиавелли, Ф. Бэкон, М. Монтескье т.б. бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі 
салт-дәстүрлерде  тәрбиеленген,  әр  қилы  әлеуметтік  және  саяси  тәжірибе  алған 
адамдар  бірыңғай,  біртектес  жағдайда  әр  түрлі  сезіп,  оған  сан  қилы  жауап 
қайтаратындығын  байқаған. Оның  себебін іздеген. 
            Саяси    мәдениет    тұжырымдамасын    жасауға    М.  Вебер,  Э.  Дюркгейм,  Т. 
Парсонс сияқты батыстың ірі саясаттанушылары мен әлеуметтанушылары да  үлкен  
үлес  қосты.  Ал  жалпы  "саяси  мәдениет"  деген  ұғымды  бірінші    қолданып,  ғылыми  
әдебиетке  енгізген. ХVIII ғасырда өмір  сүрген  неміс  философы  И. Гердер болды. 
Бірақ  жоғарыда    аталған  ғалымдар  "саяси  мәдениетті"  саясаттанудың  негізгі 
проблемеларының  бірі  екендігін  түсінбеді.  Бұндай  түсінікті  жасаған    американдық  
зерттеушілер    Г.  Алмонд,  С.  Верба,  Л.  Пай  болды.  Алмондқа  жүгінсек,  тарихи 
тәжірибе,  әлеуметтік  қоғамның  жадысы  мен  саясат  алаңындағы  адам  мен  оның 
саяси  өмірге  ықпалы,  саяси  әрекеттерге  қатысты  ұстанған  бағыты  саяси  мәдениет 
деген 
ұғымды  білдіреді.  Саяси  мәдениетті  адамдардың 
саяси  объектіге 
психологиялық    қатынасының  жиынтығы  дей  келе,  саяси  мәдениет  түрлерін 
патриархтық,  бодандық  және  қатысу  саяси  мәдениеті  деп  бөледі  [1].  Ал  Ресейдің 
танымал саясаттанушысы А.С. Панарин америкалық саясаттанушылар Г. Алмонд пен 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

158
 ~ 
 
С.  Верба  ұсынған  саяси  мәдениет  түрлерін  бүгінгі  күн  талабына  сай  емес  деп 
есептейді.  Себебі,  ол  дүниежүзілік  мәдениеттерді  өзіне  тартып  отырған  қазіргі 
заманғы  әлем  шындығын  елемейді  және  алдын-ала  болжауға  көнбейтін  болашақ 
қоғамның  талаптарына  лайықты  баға  бермейді  деп  санайды.  Осыған  орай  А.С. 
Панарин саяси мәдениеттердің әмбебап, қазіргі заманғы бүкіл адамзатты, құрлықтар 
мен  елдерді  қамтитын  жаңаша  түрлерін  ұсынады,  олар  -  экономико-центристік, 
социоцентристік  және  этноцентристік.  Осылайша,  А.С.  Панарин  жаңа  саяси 
мәдениеттің басты ұстанымы: " әлеуметтік жеке іс- әрекетке, төмендегілердің саяси 
шығармашылығына  негізделетін  әлеуметтік  қорғаудың  азаматтық  идеясы"  болуы 
тиіс деп тұжырымдайды [2].  
          Ағылшын саясаикерлері Р. Карр мен М. Бернстейн саяси мәдениетті басқаша 
анықтайды.  Олардың  пікірінше,  саяси  мәдениетке  саяси  идеялар  мен  әлеуметтік 
тәжірибе,  адамдардың  саяси  өзін-өзі  ұстауы,  әлеуметтік  топтардың  саяси  іс-
әрекеттеріндегі  тәсілдері,  саяси  нанымдардың  табиғаты  және  оның  мүшелерінің 
қазыналары жатады.  
           Бұл  айтылғандардан  "саяси  мәдениет"  ұғымына  бір  тұжырымға  келген 
пікірдің  жоқ  екендігін,  көзқарастардың  әр  түрлі  екендігін  көреміз.  Саяси  мәдениет 
қоғамның  саяси  өмірінің  барлық  салаларын  қамтиды.  Оған  ең  алдымен  саяси 
сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстауы, осы 
саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен 
азаматтардың  өзара  қатынастарына  байланысты  тарихи  қалыптасқан  саяси 
нұсқаулар,  қазыналар  жатады.  Сонымен  саяси  мәдениет  деп  белгілі  бір  қоғамға 
немесе  әлеуметтік  қауымдастыққа, жеке  адамдардың  өзара  қарым-қатынасына  тән 
саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.  
          Саяси  сананың  ішінде  саяси  мәдениетке  ең  алдымен  қоғамның  саяси  
өмірінің  әр  түрлі  жақтарын  бейнелейтін  әдеттегі  қалыптасқан  түсініктері  жатады. 
Саяси  мәдениеттің  келесі  құрамдас  бөлігіне  саяси  қазыналар  мен  құндылықтар 
жатады.  Саяси  мәдениеттің  тағы  бір  ерекшелігі  -  адамдардың  мемлекетке,  саяси 
партияларға,  ұйымдарға  қатынасы.  Мысалы,  американдықтар  мемлекетке  сыншыл, 
кейде  жат  көзбен  қарайды,  ал  немістер  болса,  мемлекетке  әрқашан  түзу  ниет 
білдіреді.  Саяси  мәдениетке  саяси  бағдар  ұстау;  саяси  жүйенің,  оның 
институттарының қызметі; әдет-ғұрып, жүріс-тұрыс т.б. кіреді. 
        
Демократияның  отаны  саналатын  Батыс  тәжіребиесіне  қарайтын  болсақ, 
АҚШ-тың  саяси  өмірінде  билікке  алма  кезек  келіп  отыратын  екі  партиялық  жүйе 
қалыптасқан.  Олар  саясат  шегінен  шығып,  экономикалық,  әлеуметтік,  отбасылық 
және басқа да салалардағы көкейкесті мәселелермен де айналысады. Бірақ сыртқы 
саясатта, адамзат қауымдастығы мүдделері мен мәдени құндылықтары аясында бұл 
екі партия бірін-бірі ешқашан жоққа шығармайды. Қазақстанда да бүгінгі таңда "Нұр 
Отан" партиясының жетекшелік рөлінің артып отыруы осы дүниежүзілік процестерге 
тікелей  байланысты.  "Нұр  Отан"  партиясының  жетекші  саяси  күш  деңгейіне 
көтерілуі,  еліміздегі  саяси,  экономикалық  қатынастардың  тереңдеуіне  ықпалы, 
коррупцияға қарсы күресте пәрменді күш екендігін танытуы, бұқара халықпен ашық 
қарым-қатынас  жасауы,  өзге  де  саяси  саяси  партиялардың  бәсекеге  қабілетті 
мүмкіндігін  ашып  жолбасшы  болуы  оның,  яғни,  "Нұр  Отанның"  кемелденуге  бет 
алған  саяси  құрылым  екендігін  аңғартады.  Бұл  партия  басқа  бір  елге  немесе  бір 
жүйеге ұқсауға тырыспай, өзінің айқын бағытынан айнымай, орнықты даму жолынан 
табылуда. Осы тұрғыдан келгенде партия лидерінің партияның ішкі өмірін ұрпақтар 
сабақтастығымен  қамтамасыз  етуі,  партиға  жас  буын  өкілдерін  әкелуі  партия 
жұмысын  барынша  жандандыруға  септігін  тигізетіні  даусыз.  Елбасы  партия 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

159
 ~ 
 
қызметіне  жігерлі  жас  жігіттерді  баули  бастады.  Мемлекет  басшының  бұл  әрекеті 
"Нұр  Отанның"  ұзақ  жылдарға  арналған  статегиялық  мақсатын  әйгілейді.  Ел 
болашағы  -  жас  ұрпақты  бүгінгі  заман  талабына  сай  тәрбиелеу  кез  келген 
мемлекеттің  дамуындағы  негізгі  бағыттардың  бірі  болып  табылады.  Ол  саяси  және 
мәдени қарым-қатынастардың кешенді мәселелерін де қамтиды. Осыған орай, саяси 
мәдениетте саясаттанушылар екі типке бөлінетінін атап өтуге болады. Бірінші типке 
енетін  саясаткерлер  саяси  өмірді  жаңартудың  негізгі  күші  буын  алмасу,  ұрпақтар 
сабақтастығы екенін түсіне отырып, жастардың жолын ашып береді. Солардың күш-
жігеріне  сүйенеді.  Мысалы,  Жапонияның  либералдық  демократиялық  партиясы, 
Қытай коммунистік партиясы, Үндістанның Ұлттық конгресі ұрпақтар сабақтастығын 
терең түсініп, бағалай білді. Сондай жасампаздықтың біздегі көрінісі - ҚР Президенті 
Н.  Назарбаевтың  пәрменімен  "Болашақ"  бағдарламасы  арқылы  оқып,  білім  алған 
жас менеджерлердің саяси аренаға келе бастауы. 
Қытай  жиырмасыншы  ғасырдың  басында    өзінің  техника,  технология 
тұрғысынан  мешеу  қалғандығын  түсініп,  жастарын  Еуропа  мен  КСРО-ға  жібере 
бастады. Солардың бірі Дэн Сяопин билікке келгеннен кейін кадр мәселесі бойынша 
"жүз  гүл  гүлдесін"  деген  стратегияны  жүзеге  асырады.  Партияның  осындай 
саясатының  арқасында  мыңдаған  саясаттың,  экономиканың  менеджерлері  пайда 
болып, Қытай бүгінгі даму дәрежесіне жетті. Бұл тәжірибені кейінгі билік иелері де 
лайықты  жалғастырып  отыр.  Бұл  жайт  біздің  елге  де  қарасты  дамудың  үлгісі  бола 
алады. Біздің елдің жастардың бойындағы патриоттық және интеллектуалдық күш-
қуатқа иек артуы халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді.  
 Дегенмен,  саясатта  ұрпақтардың  алмасуын  ауыр  қабылдайтын,  табиғи 
заңдылықтарды  түсінгісі  келмейтіндер  де  жеткілікті.  Мұндай  әрекеттерге  иек 
артатын  саясаткерлердің  азаматтық  ұстанымы,  саяси  іс-әрекеттері  жаһанданудың 
көшіне еремін деп, көлеңкесінде қалып бара жатқандығын байқатады. Осы тұрғыда 
жаһанданудың жағымсыз қасиеттеріне біздің жас ұрпақ қана емес, аға буын да бой 
алдыра  бастағаны  жалған  емес.  Жаппай  тұтыну  психологиясы  адамдарға 
нақтылықтан  жоғары  талаптар  қойып  өмір  сүруге  дағдыландырады.  Егер  өмір  ол 
адамдардың  тұтыну  қажеттілігін  қабылдамаса,  олар  біржақты  ақпаратты  ғана 
қабылдайтын  ауруға  ұшырайды.  Мұның  бәрі  жаһанданудың  көлеңкелі  тұсы  болып 
табылады.  Мұндай  кезеңде  ұлтты  ойландыратын  мәселе  ұрпақтар  сабақтастығы, 
ізгілікті  ойларды  жалғастырып,  алға  апаратын  буындардың  өзара  бірлігі  екені 
даусыз. 
       
Әлемді  шарлаған  жаһандану  процестері  Қазақстанды,  Қазақстанның  саяси, 
әлеуметтік,  рухани  өмірін  айналып  өтпейтіні  белгілі.  Қоғам  өмірінде  түбегейлі 
өзгерістер жүріп жатыр. Осы тұрғыда мемлекет, қоғам, елдегі түрлі саяси күштер ел 
бірлігі,  қоғамның  тұрақты  дамуы  жолында  бірлесе  қимылдауы  қажет.  Қазақстан 
Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық 
өрлеу  -  Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Жолдауында:  «Ішкі  саяси 
тұрақтылық  -  2020  Стратегиялық  жоспарын  іске  асырудың  сенімді  іргетасы.  Жаңа 
онжылдықта  біз өзіміздің экономикалық жоспарымыздың  табыстарын  дәйекті  саяси 
жаңғырту арқылы бекемдеп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз» - деп, ел 
болашағының  негізі  -  қуатты  мемлекет,  дамыған  экономика,  саяси тұрақтылық пен 
келісім екенін дәлелдеп, жаңа онжылдық бағдарларын бекітіп берді [3]. 
        
Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз ел атанып, дүние жүзіне белгілі, аймақтағы 
жетекші  елге  айналып  отыр.  Ең  бастысы,  90-жылдардан  бастап  қазақ  қоғамында 
ұлттың рухани байлығын сақтап қалу жолындағы іс-шаралар белең алып, ел ішінде 
ұлтқа, ұлттың мүддесіне, тіліне, діліне деген оң көзқарас, сілкініс пайда болды. Бұл 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

160
 ~ 
 
тұрғыда  жастарды  белсенді  қоғамдық  өмірге  тартудың  маңызы  зор.  Бүгінгі 
жастардың  құндылықтық  бағдарлары  заман  өзгерістеріне  орай  мүлдем  басқа  екені 
рас, сол себепті оларға аға ұрпақ тарапынан назар аудару, қолдау қажет. Екі ұрпақ 
арасындағы  өзара  байланысты  дамыту  олардың  өзара  тіл  табысуына  септігін 
тигізеді.  Осылайша,  ұядай  ауылдан  бастап,  үлкен  мегаполиске  дейін  озық  ойлы, 
қазақтың  салт-дәстүрін  жетік  білетін,  Алаш  идеясын  бойына  сіңірген  азаматтарды 
тәрбиелеу - партияның ғана емес, бүкіл еліміздің алдында тұрған міндеттердің бірі.  
Қоғам  өмірі  жылдам  дамып,  сәт  сайын  өзгерістерді  бастан  кешіп  жатқан  бүгінгі 
таңда қоғамның құндылықтар жүйесі де үнемі өзгеріп, даму үстінде. Мұның барлығы 
қоғам  мүшелерінің  мінез  құлқына  әсерін  тигізбей  қоймайды.  Сондықтан  да 
болашақтың  бағдарларын  айқындайтын  тұста  ертеңгі  күннің  кірпішін  қалауға  негіз 
болатын ұрпақтар сабақтастығына баса назар аудару қажет. Үй ішінен үй тігу бүгінгі 
аумалы-төкпелі  заманда  ұлтымыздың  қауіпсіздігі  үшін  зиянды.  Ал  мұндай  қауіптің 
алдын алу үшін ұрпақтар арасындағы сабақтастықты үзбеу керек. 
        
Саяси  мәдениетте  табысты  және  табыссыз  мемлекеттер  деген  ұғым  бар. 
Қазақстан  табысты  мемлекеттердің  қатарына  енді.  Бірақ  осы  үрдісті  ары  қарай 
дамыту үшін ұрпақтар сабақтастығымен бірге Елбасымыз ерекше мән беріп айтатын 
«ұлттық  бірлік,  ұлттық  келісім  керек».  Қоғамдық  келісімді  нығайту  ел  дамуына 
серпін  беріп,  мемлекет  алдындағы  биік  міндеттерді  ойдағыдай  орындаудың  негізі 
болып табылады. 
       
 Жалпы  мәдениеттің,  оның  ішінде  саяси  мәдениеттің  де,    дамуында 
ұрпақтардың  арасындағы  байланыстың,  сабақтастықтың  мәні  зор.  Әрбір  ұрпақ- 
өзінен  бұрынғы  ұрпақтардан  қалған  мәдени  мұраны  жалғастырады.  Сол  арқылы 
мәдениет сақталады, дамиды, нығаяды. Бұл процесте, әсіресе, салт-дәстүрдің, әдет-
ғұрыптың  мәні  зор.  Сол  әдет-ғұрыптар  мен  салт-дәстүрлерде  халқымыздың 
ғасырлар  бойы  қалыптасқан  мәдени  мұралары  жинақтастырылған.  Жаңа  ұрпақ 
бұрынғы  ұрпақтан  салт-дәстүрдің,  мәдениеттің  жақсы,  жағымды  жақтарын  игеру 
керек.  Бірақ  өмірде  олай  бола  бермейді.  Бұнан  ұрпақтар  арасындағы 
сабақтастықтың  күрделі  процесс  екендігін  көреміз.  Оны  посткеңістік  елдердің  даму 
тәжірибесінен  көруге  болады.  Социалистік  қоғамнан  бас  тартып,  капитализмге  өту 
кезінде  ұрпақтар  арасындағы  сабақтастыққа  сызат  түсті.  Социализмнен  оңай  бас 
тартқанмен,  капитализм  "құшағын"  аша  қойған  жоқ.  Бұрынғы  құндылықтар 
жойылғанмен,  жаңа  құндылықтардың  қалыптасуы  қиын  болды.  Сондықтан  Елбасы 
өзінің  Жарлығымен  1999  жылды  "Ұрпақтар  бірлігі  мен  сабақтастығы  жылы"  деп 
жарияланды.  Шынында  ұрпақтардың  өзара  қарым-қатынас  проблемасы  өткір 
мәселе.  Бірнеше  ұрпақтар  коммунистік  идеологияның  негізінде  тәрбиеленді.  Кенет 
осының бәрі қиял болып шыға келеді. Қалыпты өмірді күрт бұзу әрдайым әлеуметтік 
қайшылықтарға  душар  етеді.  Социалистік  мұраттардан  айну  аға  ұрпаққа,  әсіресе, 
бұрынғы  партия-кеңес,  шаруашылық  саласындағы  басшы  қызметтегілерге  ауыр 
соққы болды. Ел ішінде нигилистік көңіл-күй тарай бастады. Бұл көңіл-күй ұрпақтар 
арасында  жік  туғызады.  Осы  жағдайлар  "коммунист-әке"  мен  "демакрат-балалары" 
арасындағы  қайшылық  ретінде  көрінді.  Сондықтан  бұл  қайшылықты  жою  қазіргі 
кездің күрделі мәселесіне айналып отыр. Жастар-қоғамның ертеңгі потенциалы ғана 
емес, әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды факторы. Өйткені, олар оңай саяси, діни 
экстремистік күштердің қолында құрал болып кетуі мүмкін. Жастықтың қызуы, қуат-
күші,  егер  дұрыс  тәрбие  болмаса,  қоғамның  бірлігі  мен  тұрақтылығына  қауіп 
туғызады.  
          Қазіргі  Қазақстандағы  әлеуметтік  -  экономикалық,  саяси,  мәдени  саладағы 
оң  өзгерістер,  қоғамдағы  демократияландыру  процестері  ұрпақтар  арасындағы 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

161
 ~ 
 
қайшылықтарды  жойып,  мәдени  саладағы  байланыс  пен  сабақтастықты  қалпына 
келтіреді  деп  сенеміз.  Онсыз  ел  дамуының  алдында  тұрған  күрделі  міндеттерді 
орындау қиын.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет