АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 рҿлі, ҽдісі, құралы жҽне қылмыс жасау жағдайы туралы келісімдерден тұруы
мүмкін.
Бҿтен мүлікке тікелей бағытталған ҽрекетті атқарушы бастап қойған
болса, онда басқа қатысушының кейін келіп қосылғандығы сараланушы
нышанды құрмайды, себебі бұл адамдарды қарақшылықты бірге жасау үшін
алдын-ала сҿз байласқан деп санауға болмайды. Ҽрқайсысы ҿзінше бастап
кейін кездейсоқ бірігіп, қылмысты ары қарай бірлесіп жалғастырған
адамдардың қылмыстық ҽрекеттерін осы нышан бойынша саралауға
болмайды. Алдын-ала сҿз байласу қарақшылықтың сараланған құрамы
ретінде, оған қатысушылардың қандай рҿлді орындағанына байланыссыз
қылмысты саралауға ҽсер етеді. Бірақ ҽр қатысушының болған қылмыстағы
қатысу дҽрежесіне байланысты сот жаза тағайындағанда ескеруі қажет.
Қылмысты атқарушылар ретінде жҽбірленушіге күш қолданған, мүлкін
тартып алған, қарауылдықта тұрған жҽне т.б. адамдар танылады.
Қылмысты бірнеше рет жасау кінҽлінің жек қылмысы бар жҽне
араларында белгілі бір уақыт мерзімі ҿткенде болған ҽрекеттерді айтамыз.
Ҽрбір қылмыстық ҽрекеттерін жасауға кінҽлінің ҿз бетінен пайда болған
қасақаналық ойы болуы. Қылмысты бірнеше рет жасау бірінші жҽне соңғы
заңға қайшы актінің арасында белгілі бір уақыт ҿтуін білдіреді. Сот
тҽжірибесінде мынандай жағдайлар кездеседі, яғни қылмыскерлер бір түннің
ішінде бірнеше адамға, бірнеше қарақшылық жасайды. Қарақшылықты
бірнеше рет жасаған қылмыскер бірінші қарақшылыққа дайындалған жҽне
оқталған деп бҿлеміз. Сондай-ақ екінші рет аяқталған қарақшылық шабуыл
жасаған деп бҿлеміз.
Қарақшылық шабуылдағы қатысушылардың ҽрекеттерін саралау бірдей
болмауы мүмкін. Мысалы, қарақшылықты бірінші рет жасаған
орындаушының
ҽрекеті
бірнеше
деп
қарастырылмай,
қылмысқа
қатысушылардың ҽрекеті бірнеше деп танылуы мүмкін. Бҿтеннің мүлкін
бірнеше рет талан-таражға салу мақсатында қарақшылық жасаған адамның
ҽрекеттері үшін қылмыстық кодекстің ҽр түрлі баптарының немесе бір
бабының ҽр түрлі бҿліктерінде кҿрсетілген жауаптылық кҿзделсе,
айыптының ҽрекеттері, барлық жағдайда, баптардың жиынтығы бойынша
саралануы тиіс.
Қарақшылықтың тағы ауырлататын түрі – тұрғын, қызметтік, ҿндірістік
үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған қылмыс құрамы болып
табылады. Мұндай ретте кінҽлі адам тұрғын, қызметтік, ҿндірістік үй жайға
не қоймаға заңсыз кіріп, бҿтеннің мүлкін тек қана талан-таражға салу ниетін
басшылыққа алады. Сонымен қатар айыпты үй-жайға оның ашық тұрған
кезінде не қызметкерлерінің жоқтығын пайдаланып, емін-еркін кіріп кетуі де
мүмкін. Тұрғын, қызметтік, ҿндірістік үй-жайға не қоймаға қылмыскер ҿзі
кірмей, басқа ҽдістерді пайдаланса да үй-жайға не қоймаға кіру деп саналады.
Қарақшылықтың тағы бір түрі – қару немесе қару ретінде
пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған қарақшылыққа ғана тҽн