1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет172/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
қылмыскерлер болып табылады. Аса қауіпті рецидивтің жалпы жҽне арнайы 
рецидивтен айырмашылығы, ол заңда кҿрсетілген белгілі бір қылмыстарды 
жасаумен байланысты [2]. 
Ҿмірлік тҽжірибе кҿрсеткеніндей, ұрлық, тонау, қарақшылық сияқты 
қылмыстарды жасау жеке адамдарға қарсы кейбір ауыр қылмыстарға жҽне 
бұзақылыққа, соттылыққа алып келеді. Сондықтан заң шығарушы аса қауіпті 
рецидивті анықтағанда қылмыстарға қатысты соттылықты есепке алады. 
Рецидивтер құқыққа қайшы ҽрекеттерімен тұрақсыз адамдарға да ҽсер етеді. 
Рецидивтер бас бостандығынан айыру орындарында да үлкен қауіп тудырады 
яғни олар үлкен қауіп тудырмайтын сотталғандарға ҽсер етеді. Рецидивтерге 
жаза түрі мен мерзімін тағайындағанда саралау қатаң жүргізледі. Рецидивтер 
ерекше тҽртіптегі түзеу колонияларында жазаларын ҿтейді. Заң бұл 
адамдарды қатысты шартты мерзімнен босатуда, жазаны оның жеңіл түрімен 
ауыстыруда қатаң тыйым салады, жазасын ҿтеп болған соң бұл адамдарға 
ҽкімшілік қадағалау жҽне т.б. қарастырылады. 
Қылмыскерді аса қауіпті рецидив деп танығанда, оның он сегіз жасқа 
дейінгі жасаған қылмысы үшін соттылығы, сонымен қатар заңда белгіленген 
тҽртіпте жойылған немесе алынып тасталған соттылығы ескерілмейді. 
Қылмыскерді аса қауіпті рецидив деп тануда заң оның қоғамдық қауіптілігін 
қайталанған қылмыстың дҽрежесіне қарай анықтайды. Мысалы, сараланған 
қарақшылық жасаған қылмыскер тек осы қылмысты бір рет жасағаны үшін 
соттылығы бар болса аса қауіпті рецидив деп танылуы мүмкін. Сонымен 
қатар, егер қылмыскер ауырлататын мҽн-жайларды, ұрлық, тонау немесе 
алаяқтық жасаса, осы сияқты қылмыстарға екі немесе үш мҽрте сотталғаннан 
кейін ғана аса қауіпті рецидив деп танылуы мүмкін. 
Қылмыстық кодекстің 13-бабының 3-тармағы б) тармақшасына сҽйкес 
егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан 
айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса
осы адам қасақана жасаған ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға 
сотталған жағдайда аса қауіпті деп танылады деп кҿрсетілген.
Қорытындылай келе, қарақшылық кҿбінесе жаппай тҽртіпсіздіктер 
болғанда орын алады. Сондықтан қарақшылықтың сараланған жҽне аса 
саралаған құрамдарын білу керек. 
ҼДЕБИЕТТЕР
1. ҚР Қылмыстық кодексі (1997 жылғы 16 шілде №167-I) (17.01.2014 берілген 
ҿзгерістер мен толықтырулар. ҚР Қылмыстық Кодексiн күшiне енгізу туралы ҚР 
1997 жылғы 16 шiлдедегi №168 жарлығы. 
2. Алауханов Е.О. Пайдақорлық-зорлық қылмыстардың алдын алу: Монография. 
– Алматы: Ғылым, 2005. – 310 б. 


184 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет