1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет26/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
жүзің бар демеді, басы екеу емес, бас десең, құлақ дейді, барын базар етті, 
әу дескендей, әне-міне дегенше, ә дегенде, атын атап, жӛнін жӛн демеді
аспанды алақандай, жерді тебінгідей етті, анау-мынау емес, айтқанын екі 
етпеді, т.б. 
Кҿмекші етістіктердің тұрақты тіркестер құрамында етістіктің барлық 
формаларында (шақ, жақ, есімше, кҿсемше, рай, т.б.) түрленуі себепті 
сҿйлемде грамматикалық қызметі де түрленіп отырады. Сол себепті де 
сҿйлемнің ҽр түрлі мүшесі қызметінде жұмсалады. Мысалы: Бұған Ҽбіш ауру 
сияқты кҿрініп еді. Бауырмал жүрегі су етті (М.Ҽуезов) – баяндауыш. Беу 
шіркіннің жүйрігі-ай! Естеместің шоқысын әне-міне дегенше жеті қоян 
алғанын ҿзім осы кҿзіммен кҿрдім (Қ.Тайшықова) – пысықтауыш. Күреңбай 
аспанды алақандай, жерді тебінгідей еткен қатал райынан қайтып, иман 
таразы қалыпқа келді (С.Омаров) – анықтауыш. 
Жеке лексикалық мағынасы бар, дербес сҿйлем мүшесі қызметін
атқаратын кей етістіктер кейбір тұрақты тіркестер құрамында дербестігінен 
айрылып, кҿмекшілік қызмет атқарады. Олар: сал, бол, қал, қыл, ал, кӛр, жет
біт, т.б. Мұндай кҿмекші етістіктер арқылы да тұрақты тіркестер молынан 
жасалады. Мысалы: бас қойды, лап қойды, құлақ салды, бас салды, кеудеге 
салды, кӛзіңді сал, алдына жан салмады, борбай еті борша, арқа еті арша 
болды, жақсы атты болды, қол байлау болды, тілге тиек қылды, ақсүйек 
қылды, кәр қылды, бұтын бұт, қолын қол қылды, кӛз түрткі болды, т.б. 
Кҿмекші етістіктер негізгі етістіктің кҿсемше тұлғасынан кейін келіп те, 
тұрақты тіркестер жасауға негіз болады, бұл мҽселені тілімізде күрделі 
етістікке жатқызады. Кҿсемшелі тіркестің құрамындағы етістіктердің 
мағыналары кейде бір-бірімен үйлесімсіз болғанмен, олар логикалық 
жағынан байланысып, біртұтастыққа айналған. Мысалы: кетіп қалу, 
жоғалтып алу, келе жату, т.б. … деген сияқтылар күрделі етістіктерге 
жататыны кҿрсетіледі [11]. 
Қазақ тілінде едҽуір зерттелген – шылау сҿздер, олардың да тұрақты 
тіркестердің жасалуында септігі мол. Тілімізде толық лексикалық мағынасы 
жоқ, тек сҿз бен сҿзді, сҿйлем мен сҿйлемді байланыстырып, немесе белгілі 
бір сҿздердің жетегінде қолданылып, оған ҽр түрлі грамматикалық мағына 
үстеу үшін қолданылатын сҿздер шылау деп аталады. 
Шылау сҿздер кейбір тұрақты тіркестердің табиғи бір бҿлшегі ретінде 
қалыптасып, тұрақты тіркестік тұтастыққа септігін тигізеді. Мысалы, 
адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң, әрі-беріден соң, ертеден 
қара кешке дейін, жаңа туған ай секілді, тау күйіп, тас жанса да, 
әлімсақтан бері, бағанадан бері, т.б. 
Ал тҿмендегі сҿйлемдердегі тұрақты тіркестермен түйдекте берілген 
шылаулар тұрақты тіркестерді сҿйлемдегі басқа сҿздермен синтаксистік 
(аналитикалық) байланысқа түсіріп, сҿз тіркесінің бағыныңқы компонентіне 
айналдырады. 
Атам заманнан бері адам баласының сҿзі, асылында, екі түрлі орынға


31 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет