1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет27/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   220
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
жұмсалған (А.Байтұрсынов). Ымырт үйіріліп, кӛз байланған соң Омар жер 
таяна тұрды да, ұлы Семейден ҽкеліп берген білтелі шамды жақты 
(О.Бҿкейханов). Бҿкей дүние салғаннан бері Шоңға ойының тіректері босап, 
қабырғасы шайқалып, дүние бос қалғандай сезіледі (Қ.Исабаев). 
Тұрақты тіркестердің жеке сҿздермен де, сҿз тіркестерімен де 
аналитикалық байланысында шылаулар қызметі ерекше.
Тұрақты тіркестер кҿмекші сҿздердің қатысуы арқылы сҿйлемде ҽр түрлі 
сҿйлем мүшелік қызмет атқарады. Тілімізде бірқатар тұрақты тіркестер 
шіркін, атаулы, сорлы, байғұс тағы да басқа кҿмекші сҿздердің тіркесуі 
арқылы жасалынып, атау тұлғада тұрып бастауыш болады. Мысалы: Адам 
шіркін күйбең тіршіліктен қолы босап, түнгі аспанға қарап жатқан кейбір 
сҽттерде оның ой-санасы, алдымен анау жұмбақ ҽлемнің тұңғиығын шарлап 
кетеді (Ш.Айтматов). Шарықтап шар тараптан кӛңіл сорлы, таппаған бір 
тиянақ не ҿткен қуыс? (Абай).
Тұрақты тіркестерге шылау сҿздерінің де тіркесіп келіп, бастауыш 
болуына себебін тигізеді. Мысалы: Ауыл адамдары тайлы-таяғына дейін 
осылай қарай жүгіріп келеді (Т.Дҽуренбеков). Қол ұстатар, шаш сипар, қыз 
кӛрсетер, күйеу кӛрсетер сияқтылар – ежелден келе жатқан қазақтың атақты 
ырымдары (М.Ҽуезов).
Тұрақты тіркесті бастауыштардың жасалуына сондай-ақ кебі, кӛрі 
кҿмекші есімдердің де қатысы болатыны мына мысалдардан кҿрінеді: 
Ҽйтпесе, жау жағадан алғанда, бӛрі етектен кебі боп жүрер (Ҽ.Ҽлімжанов). 
Сырдың суы сирағынан келмейдінің кері кҿрініп тұр (Газеттен). Іш қазандай 
қайнайды, күресуге дәрмен жоқтың кері келіп тұр (Қ.Аманов).
Де кҿмекші етістігі есімше тұлғасында тұрақты тіркестермен тіркесте 
бастауыш жасайды. Ондайда кҿбінесе сҿйлемнің баяндауышы осы, рас, бар, 
қиын деген сияқты сҿздерден болады. Мысалы: Ӛлмегенге ӛлі балық деген 
осы (Қ.Аманов). Қарай гҿріңдер, жаман иттің атын бӛрібасар қояды деген 
рас екен-ау (Қазақ ертегілерінен). Ағаңмен де ҿсіткенбіз, бұрынғыдан қалған 
мирас – ата-ененің жоралғысы деген осы, қалқашым (Шҽкҽрім). «Тас түскен 
жеріне ауыр» деген бар ғой. Демеймін менің қайғым саған батар 
(С.Торайғыров).
Қазақ тіліндегі құрама баяндауыштың құрамында кҿбінде кҿмекші 
етістіктер келеді. Ғалымдар ондай құрама баяндауыштардың бірінші сыңары 
зат есім, сын есім, еліктеуіш сҿздер, екінші сыңарына болу, түсу, қылу, е, де, 
шығар кҿмекші етістіктері қатысты деп кҿрсетеді [12].
М.Балақаев құрама баяндауышқа анықтама бере келіп: «Есім 
баяндауыштардың қызметін тиянақты ете түсіп, оларға шақтық, видтік, 
модальдық мағына қосу керек болғанда, олардан кейін ҽр түрлі кҿмекші 
етістіктер, модальдық сҿздер айтылады»,- деп кҿрсетеді [7, 29-б.].
Ет етістігі арқылы жасалған тұрақты тіркестер: талақ етті, тағзым 
етті, бәтуа етті, жария етті, үміт етті, талшық етті т.б. 


32 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет