АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 Орыс педагогы К.Д.Ушинский «мақал-мҽтелдер балалардың тҽрбиесі
мен адамның жеке басының қалыптасуындағы сан ғасырлық тҽжірибені
қорытындылаушы, нағыз халық педагогикасы» деп жазды. Қазақ ауыз
ҽдебиетінде айрықша орын алатын мақал-мҽтелдер – адамның бүкіл тыныс-
тіршілігенен, ҽдет-ғұрпынан, түсінік-болмысынан туындаған байлаулы ой-
түйіндері.
Мақал бойындағы тапқырлықпен ҿткірлік бұлтартпас дҽлдік қазақтың
тҽлім-тҽрбие құралы ғана емес дауға да, жауға да тоқтам салатын қаруы
болған. Абайдың ҽкесі Құнанбайдың ұтымды мақалдары кейде бір даудың
түйінін шешеді, кейде бір жаудың тілін кеседі деуі осыдан болса керек.
Осындай тҽрбиелік мҽні зор мҽселелерді қамти отырып, халқымыздың
мұра ретінде қалдырған нақыл сҿздері мен мақал-мҽтелдерін еске түсіру
мақсатында "Мың бір мақал" жарысын сынып ішінде ҿткізсек болады. «Мың
бір мақал» соңғы кезде қазақ теледидарында үлкен аудитория жинап
үлгерген ең керемет бағдарламалардың бірі болып жүр.
Ал мазақтамалар халқымыздың балалар бойындағы кездесетін ұнамсыз
қылықтарды дер кезінде мінеп-шенеп түзетіп отыру үшін қолданылған қысқа
сықақ ҿлеңдері.
Жаңылтпаштар бала тҽрбиесінде ҿзіндік орны ерекше жанрлардың бірі.
Ол баланың сҿйлегенде кекештенбей, тұтықпай, жаңылмай дұрыс та еркін
сҿйлеуіне, ана тілін игеруіне қызмет етеді. Сан ғасырлар бойы халқымыздың
санасына сіңіп, екшеліп, сараланып жеткен бай дҽстүрлердің бірі ырым-
ғұрыптар. Жақсылық нышандарына жоралғы жамандыққа тыйым ретінде
айтылатын ырымдар халқымыздың баладан бастап үлкенге дейін
ұлағаттылыққа тҽрбиелеудегі бай тҽжірибесінен түйінделген қағидасы
екендігі даусыз.
Ырым-тыйымдардың тҽрбиелік мҽні қайсы бір заң ережелерінен де асып
түспесе кем соқпайды. Абзал тҽлімгеріміз Ахмет Байтұрсынов «Ырым етсең
адал ет, жамандықтан аман ет» деп тегін айтпаған ғой. Мысалы: «Нанды бір
қолмен үзбе» бұл киелі асты қорлау деген сҿз. «Құстың ұясын, құмырсканың
илеуін бұзба» - бұл мұсылманның имандылық заңында залал келтіру деп
саналған.
«Үйде ысқырма», бұл кҿргенсіздіктің белгісі. Міне осындай ырымдар
мен тыйымдар халықтың баланы ізгілікке, ізеттілікке, мінезділікке
инабаттылыққа тҽрбиелеудің тиімді кұралдарының бірі болған.
Бала ойынмен ҿседі. Халқымыз бала мінез-кұлқының қалыптасуында
ойын ҽрекеті де елеулі мҽн атқаратынын жақсы аңғарған. Ұлттық ойындарда
баланың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті ҿседі, мінез-құлқы
қалыптасады. Бала ойынының түрі де мазмұны да сан алуан. Ойын үстінде
бала
достыққа,
жолдастыққа,
тапқырлыққа,
іскерлікке,
ептілікке,
адамгершілікке баулиды. Мысалы: «бала ойынмен ҿседі, дана оймен ҿседі»,
«ойнай білмеген, ойлай да білмейді» деген мақал-мҽтелдерде баланың ойынға
аса кұмар келетіні, ұл мен қыздың ойыны да түрліше болатыны, ойын