АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 ҼОЖ 155.2
Б.ДАУЛЕТБЕКОВА Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
СУИЦИДТЫҢ АЛДЫН-АЛУДА ҦЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ Кейінгі кезде қоғамда орын алған мектеп оқушыларының арасында суицид, яғни ӛз-ӛзіне қол жұмсау жағдайлары кӛбеюде. Әсіресе, мектеп бітіргелі тұрған жасӛспірімдердің болмашы нәрселердің себебінен ӛздеріне қол жұмсауы жиілеп кеткенін жасыра алмаймыз. Суицид – соңы ӛлімге алып келетін адамның саналы түрдегі іс-әрекеті. Ол дүние жүзінде адам ӛлімінің жетекші себептеріне жатқызылады және қазіргі таңда жиі кездесетіндігімен де ӛзекті мәселеге айналып отыр. Бұл феноменді кешенді түрде әрі егжей-тегжейлі зерттеу ғалымдарды да, дәргерлерді де, сондай-ақ жалпы адамзат баласын алаңдатып отыр. Мақалада мұндай ӛте ӛткір әрі күрделі жайттың алдын-ала барысында ұлттық тәлім-тәрбие іс-шараларын мейлінше тиімді пайдаланудың кейбір жолдары қарастырылады. Кілт сӛздері: суицид, ұлттық тҽрбие, құндылық, нарықтық экономика,
суицидаль, алкогольдік токсикомания.
Бүкіл ҽлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БҼДСҰ) берген мҽлімет
бойынша дүние жүзінде бір жыл ішінде 500 мың адам ҿз ҿмірлерін қияды
екен. Ең жоғары ҿз-ҿзіне қол жұмсау кҿрсеткіші Австралияда,
Швецарияда, Венгрияда, ФРГ-де, ГДР-де, Чехославакияда болса, ең тҿменгі
кҿрсеткіш Болгария, Ирландия, Үндістан еншісіне тиесілі екен. Ал
Америкада ҿзін-ҿзі ҿлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-29
адамнан келсе, жақын шет елдерде бұл кҿрсеткіш шамамен 23-24 адамнан
келеді.
Қазіргі кезде дүниежүзінің ғалымдарын толғандыратын мҽселе – бүгінгі
технология қарыштаған шақта жасҿспірімдер арасында жиі кездесетін
суицидтің тым жиілеп кеткендігі болып тұр.
Бұл – ҿте қайғылы, ҿзекті ҿртейтін ҿкінішті оқиға. Кішкентай
балапандардың, қандай себептер екенін білмейміз, осындай мұңды
қадамдарға барып жатқаны жүрегіңді ауыртады. Суицидтік жағдайдың себеп-
салдары, тылсым-сырлары, ерекшеліктері аз емес. Оның құпия тұстары ҿте
кҿп. Сондықтан да күнделікті күнкҿріс қарбалас тіршілікте тҽрбиенің
маңыздылығының, құндылығының мҽнін шашыратып алғанымызды айтпай
кетуге болмайды. Біздің қасиетті дінімізде, қазақы тҽрбиеде ҿзін-ҿзі ҿлтіру
деген ұғым болмаған. Сондықтан жастарды осындай қадамға не итермелейді,
оларға не жетпейді деген түсінікті түпкілікті зерттеу кемшін түсіп жатқаны