223
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014
ҼОЖ 930.158 45
С.ЖОЛДАСБАЕВ
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ
Археология ҒЗО-ның директоры
Қ.АРЫНОВ
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Археология ҒЗО-ның
аға ғылыми қызметкері
М.БАХТЫБАЕВ
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Археология ҒЗО-ның
аға ғылыми қызметкері
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНДАҒЫ
№7-ҚАЗБАДА ЖҤРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУ ЖҦМЫСТАРЫ
2010 жылы зерттеу жұмыстары барысында ортағасырлық Сығанақ
қаласының батыс бӛлігінде қазба 7 салынды. Қазба жұмыстары
тӛбешіктің батыс жағынан 8х6 м келетін аумақта салынды. Қазба
барысында құланды бос топырақтардан тазарту кезінде үш бӛлме
құрылыстары ашылып, зерттелді. Бӛлменің жалпы аумағы 5,8х2,1 м.
Қабырғалары қам кесектерден қаланған. Солтүстік-батыс қабырғасының
ұзындығы 4,9 м, сақталған биіктігі 0,3-0,4 м. Осы қабырғаның солтүстігінен
бӛлмеге кіретін есік орны аршылды. Екінші бӛлменің жалпы аумағы 3,5-4,5
м. Бӛлменің солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс қабырғалары
пахсамен қаланған және ӛте нашар сақталған. Үшінші бӛлменің жалпы
аумағы 5,2х5,2 м. Қабырғалары пахсадан қаланған. Бӛлменің оңтүстік-
батыс қабырғасының ұзындығы 5,2 м, ені 0,6-0,8 м, сақталған биіктігі 0,2-
0,3 м.
Кілт сӛздері: қазба, бҿлме, сығанақ, ташнау, ошақ, ұр, қабырға, тҿбе.
2010 жылы зерттеу жұмыстары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрік университетінің Сығанақ археологиялық экспедициясы «Ортағасырлық
Сығанақ қаласы» атты ғылыми жобасы ҚР Мҽдениет жҽне ақпарат
министрлігінің 2009-2011 жылдарға жариялаған Республикалық «Мҽдени
мұра» гранты бойынша жүргізілді.
Қазба №7 ортағасырлық Сығанақ қаласының батыс бҿлігінде шағын тҿбе
үстіне солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай салынды (1-сурет).
Қазбаның жалпы кҿлемі 22х18х12 м.