1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет209/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
Қайнау мен суалдырудың мезгілін қайнап шыққан қабық бояуының түсуіне 
жҽне қоюлығына қарай белгілейді. Су аз құйылғандықтан бояуы шықпай
қабықтар құрғап бара жатса, үстінен су құяды. Мұның керісінше, кейде оның 
суы кҿбейіп, бояуы ҿте сұйылса, қосымша қабық ұнтағын салып қайнатады. 
Ал қайнауы қанып, қажетті түсі мен қоюлығы жеткен соң от жағуды 
тоқтатып, қабықтың ұнтағын сүзіп алып тастайды. Қайнатылған бояу тері 
күйместей қанжылым болған соң теріні бояй беруге болады. Бояудың қою-
сұйықтығын бірқалыпты етіп, қыл сыпыртқымен теріге жағады. Боялған 
теріні бояуын бойына сіңіру үшін бір-екі сағат ҿңін ішіне келтіріп бүктеп 
қояды. Бүктеулі жатып дегдіген теріні желге, кҿлеңкеге, ыстық үйге жайып 
кептіреді. Кептіргенде ол шыңылтырланып құрғап қалмас үшін теріні 
тобарси бастаған соң-ақ қолмен уқалап созғылайды. Теріні бояудың басқа 
түрлері – томар бояу, қынамен бояу. Боялған теріден ҽсем киім, тұтынуға 
қолайлы түрлі мүліктер жасалады. Соның ішінде ҽсіресе тҿрт түлік малдың 
терілерінен кҿп киім тігіледі. Бұларды сырт киімдер деп атайды. Ҿйткені бұл 
киімдер ҿте жылы болады. Қой мен ешкінің терісінен тон, шалбар, үлкен 
қойдың терісінен ішік, сеңсең ішік, елтірі ішік, лаң терісінен ішік, бҿкебай 
ішік тігіледі. Қозы, лақ терілерінен тымақ, бҿрік, құлақшын тігеді. Сондай-ақ 
жүнін сыртына қаратып, құлын терісінен тіккен ішікті (доханы) «құлын ішік» 
деп, ал жүнін ішіне қаратып бота терісінен тіккен ішікті «бота ішік» деп 
атайды. Қойдың, ешкінің, тайлақтың пұшпақтарынан құрап тігілетін ішіктер 
де бар. Мұндай құрама киімдерді кҿбінесе балаларға арнап тігеді. Олар ҽрі 
жылы, ҽрі жеңіл келеді. Мал терісімен қатар, аң терілерінен де түрлі бас 
киімдер мен ішіктер тігіледі. Мысалы: қасқыр ішік, түлкі ішік, сусар бҿрік, 
жанат ішік, бұлғын ішік аң терісінен тігіледі. Кейде мұндай киімдерді аң 
терісінің жонынан, тамағынан немесе пұшпағынан құрап істейді. Бұл 
киімдерді тымақ ішік, пұшпақ бҿрік, пұшпақ ішік деп атайды. Аң терілерінен 
ҽр түрлі тҿсеніштер жасайды. Оларды бҿстек дейді. 
Теріден тігілген киімдерді кестелі немесе кестесіз маталармен тыстап, 
ҽдіптейді, жаға-жеңдерін кестелеп жұрындайды немесе сызық жүргізу 
арқылы ҽшекейлейді (құндыз бҿрік, қамқа тон, т.б.) [4]. 
Мал терілерін илеп, бояп, ҿң беру ертеден келе жатқан ең жақсы 
дамыған жҽне жетілген ҿнер. Илеуі қанып, бояуы сіңген былғары су тартып 
езілмейді. Одан жасалған мүлік шегені берік ұстайды, тігісі де ыдырамайды 
жҽне ҿзі тұтынуға тҿзімді, ҽрі ҽдемі. Былғарының бірнеше түрі бар. Олар: 
кҿксауыр, опайке, былғары, құрым (хром), кҿзел,шегірен, сақтиян, ұлтан, т.б. 
Кҿксауыр – жылқы терісі мен серке терілерінің сауырынан 
(жондығынан) жасалады. Кҿбінесе ол кҿкпен, кейде қызыл, сары, жасыл 
түстермен боялып, ҿң беті жалтырап тұрады. Кҿксауырдың ҽр түстілерін 
ҿзара мүйіздеп, оюластырып немесе бір түсті кҿксауырдың ҿзін ҽр түрлі 
жібек жіппен кестелеп, ҿрнектеп, кебіс, мҽсі, етік, кісе, аттұрман тігеді. Бұл 
заттарды да кҿксауыр деп атай береді. Кҿксауырларға алтын, күміс, жез 
шегелер қағып, кейде маржаннан моншақ жүргізіп, ҿкше сірінің артына,


235 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет