227
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014
Үшінші бҿлменің жалпы аумағы 5,2х5,2 м. Қабырғалары пахсадан
қаланған. Бҿлменің оңтүстік-батыс қабырғасының ұзындығы 5,2 м, ені 0,6-0,8
м, сақталған биіктігі 0,2-0,3 м. Бҿлменің сотүстік-шығыс
қабырғасының
ұзындығы 3,6 м, биіктігі 0,8 м. Осы қабырғаның солтүстік бұрышынан екі
астық сақтайтын ұра орны ашылды. Ұраның жалпы аумағы 2х1,5 м. Олардың
ұзындығы 0,9-1 м, ені 0,6 м, тереңдігі 0,3 м болып келеді. Бҿлменің оңтүстік-
шығыс қабырғасы анықталған жоқ. Себебі
қабырғасы қазылмаған қазба
астында қалып қойып отыр. Алдағы жылдары бұл қазба жалғасын табады деп
күтілуде. Осы бҿлменің оңтүстік-шығыс жиегінен сыпа орны аршылды.
Сыпаның доғалданып келген жиегін бірқатар тастармен қалаған.
Қаландының арасы қуыс болып келген.
Сонымен қатар сыпаның
солтүстік бҿлігінен жақсы сақталған пеш орны аршылды. Пештің ернеуінің
аумағы 0,4 м, аузының биіктігі 35 см. Пештің тҿменгі қабатын кҿлемдері
25х25х4,8-5 см келетін күйдірілген қыштардын тік қалаған.
Пештің
ұзындығы 0,7 м, еден деңгейінен тҿмен орналасқан. Пештің алдын кҿлемдері
25х25х5 см келетін күйдірілген қыштармен қалаған. Пештен 0,5 м
қашықтықта ташнау орны табылды (4-сурет). Сонымен қатар пештің
батысынан 1,1 м қашықтықта үлкен құмыра табылды. Құмыраның ернеуінің
диаметрі – 25 см, кесіндісінде сопақша болып келеді. Түбінің диаметрі 18 см.
Жалпы биіктігі 60 см. Сапалы сазбалшығынан жасалған. Құрамына ірі дҽнді
құм қосылған. Шарық шеңберінде жасалған. Біркелкі күйдірілген. Түбі тегіс.
Кезінде астыңғы бҿлігі сынған. Кейіннен оны құрастырып жамаған.
Құмшаның тесіктері соған дҽлел болып табылады.
Сырты ангобпен
безендірілген. Мойынының астына қисық сызықшаларды денесіне езіп салып
ҿрнектеген. Сонымен қатар қазба барысында аршылған бҿлмелерден
бояулы-бояусыз сынған қыш ыдыстардың ернеулері, түптері (5-6 суреттер),
тастан жасалған
ортасы тесік ауыртбалық, құманның шүмегі, ҿрнектері
геомертиялық стильде жасалған қыш тақта табылды (7-сурет). Қазба алаңын
кеңейту мақсатында үшінші жҽне тҿртінші шаршылар салынды (10х12 м).
Бұл екі шаршылардың орта бҿлігінен күйдірілген қыштан қаланған құрылыс
орны ашылды. Бұл құрылыстың оңтүстік-шығыс қабырғасы ірілі-ұсақты
құмтастармен қаланған. Жалпы ұзындығы 3,4 м, ені 1,7 м.
Бұл құрылысқа
батыс қабырғасына жанама ұзындығы 1,1 м, ені 0,9 м келетін пеш орны
ашылды [1].
Боялған керамикалық ыдыстары.
Тағара. (6-сурет, 1). Түбінің диаметрі 36 см. Сапалы қызғыш түсті саз
балшығынан жасалған. Балшығының құрамына ұсақ дҽнді құм қосылған.
Шарық шеңберінде жасалған. Біркелкі күйдірілген. Күйдіру сапасы жоғары.
Ыдыстың іші ақ түспен боялған. Оның үстіне ҽртүрлі ҿрнектер салынған.
Глазурьмен боялған. Түбі тегіс.