АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 ішкі жағынан жҿрмеп, немесе жара шаншып ҿбістіре тігу арқылы
ұлтарылады. Мҽсінің ҿкшелігі бір қабат қана оюлап жапсырған былғарыдан
жасалады, оны мҽсінің күлшіні дейді. Күлшін кҿбінесе басқа түсті
былғарыдан тігіледі. Мҽсілерді кҿк, қызыл шегірендерменоюлап, ҽр түсті
жіппен кестелейді. Мҽсіні етіктің ішінен киеді.
Етікшілер етікті, кебісті, мҽсіні сондай-ақ былғарыдан жасалатын басқа
да заттарды тарамыспен тігеді. Тарамыс дегеніміз – ірі қараның жіліншік
сіңірінен ширатылып алынған жіп. Тарамыс былай жасалады. Сойылып
жатқан ірі қараның сирағындағы кҿк етпен аралас тұрған сіңірлерді алып
кептіреді. Ҽбден кепкен сіңірді ағаш тоқпақпен ұрып жаныштайды. Сіңір
тарамданып, шашақталады, оны тарамыс есуші тарамдап, талшықтарын бір-
бірімен жалғастыра екі тінетіп ширатады. Тарамыстың жуан-жіңішкелігіне
қарай қаю тарамыс, бүрме тарамыс, тігіс тарамыс деген үш түрі бар. Тарамыс
біздің ізімен ҿткермелеп немесе жұлдызға сабақтап тігуге ыңғайлы. Тарамыс
жіп ҿзге жіптерден берік, ол шірімейді де, езілмейді де.
Елтір ішік – кҿшпенді мал шаруашылығын тҿл кҽсіп ететін қазақ
халқының киелі киімдерінің бір түрі. Ол ҿзінің ҽсемдігімен сахара халқының
сҽнін арттырса, жылылығымен қыс күндерінің аязды, ызғарлы, боранды жҽне
суық күндері ҿз құдіретіне құл етеді. Ол бес саусағынан ҿнер тамған
апаларымыз арқылы күні бүгінге дейін жалғасып отыр [5].
Елтір ішікті илеу үшін біріншіден: сойылған қойдың немесе қозының
терісін жақсылап жуады. Жүнін, терісін күннің шуағына ҽбден құрғақ етіп
кептіреді. Айранды ашытып аз мҿлшерде тұз қосып немесе таулы аймақтарда
малға беретін ашыны топырақ пен тұздың қосындысынан жасалған тҿрт
түлік малға беретін жемді қосып, жайылған теріні тегіс жерге қойып, 3-4 күн
жайып кептіреді. Кейін кепкен теріні кҿкжағанға иленген жағын қаратып,
үстінен киізбен немесе сырмақпен бастырып, 2-3 күн иі жібігенге дейін
қойып қояды. Кейін ені 10 см, ұзындығы 1,20 см басы доғал болып келген
ағашқа теріні жауып қырғы темірмен иді қырады. Болғаннан кейін теріге
іркітжағады. Жоғарыдағыдай теріні бір – біріне қабаттап жҽне 2-36 күн
қояды. Сосын іркітті 3-4 рет қайталап жағады. Мұнда ҽр жолы іркіт жағардан
бұрын иді қырып отырады. Кейін қазақта ҿңдеу деген бар. Ол терінің
заттарын яғни терідегі май алынбай қалған идерді жҽне терідегі кедір–бұдыр
жерлерді тегістейді. Теріні жұмсарту үшін түзубір ара тҽріздес ағаштан жасалған, ұзындығы
60см, ені 3см түзу ирек ағашты терінің ұзындығын аяқтың басына қысып
тұрып, оң қолға иректі ұстап, сол қолымен теріні айналдырып жұмсартады.
Терінің тҿрт пұшпағынан екі адам қатты тартады, бұл тҽсілдің бҽрі жұмсақ
болу үшін жасайды [5].
ҼДЕБИЕТТЕР
1. http://www.koshpendi.kz/index.php/koloner/teri/
2. Қараш Ж. Білгенге маржан. – Бейжиң: Шинжиаң, 2002. –151 б.