1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет207/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
ертұрман, тон, шалбар, шамадан, тақия, кҿпшік, белдік, кісе, кейде тұс киіз 
сияқты кҿлемді заттар да жасалады [1]. 
Ірі қараның терісі ҽрбір іске арнайы пайдаланылған. Соған қарай 
олардың ҽр түрлі атаулары бар. Мысалы, сиыр терілерін қолҿнер шеберлері 
сиыр терісі, ҿгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп тҿртке бҿліп атайды 
да, ҽр терінің ҿн бойы – жондың, қабырғалың, үйек бас тері, пұшпақ, мойын 
болып бірнеше түрге бҿлінеді. Жылқы терісін – бие терісі, жабағы жҽне 
құлын терісі деп үшке бҿледі. Түйе терілерін атан терісі, бота терісі деп екіге 
ғана бҿледі. Атан терісі, ҿгіз терісі жҽне олардың жондықтары қол істеріне ең 
қолайлысы. Қой терілерін: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым 
терісі, тақыр тері, тоқтышақ терісі, сеңсең, елтірі, мари, жылбысқа тері деп он 
түрге бҿліп атайды.
Осы терілер киім түрлерінің бҽріне жарай береді. Ешкі терілерін – 
жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ терісі, лақ мариі деп 
бҿледі. Ешкі терілері тҿзімді келеді. Сондықтан одан алуан түрлі киім тігеді, 
бҿстек, тулақ, торсық, саба, қапшық жасайды [2]. 
Теріні құрымға салу, ысқа ұстау – торсық (саба, кҿнек...) жасау. Теріні 
ысқа ҽзірлегенде сиыр, жылқы, серке терілерінің пышақ кескен жері жоқ 
бүтінін таңдап алады да, жүнін ұстарамен сыпырып тастайды. Содан кейін 2-
3 күн шошаланың тҿбесіне жайып не киіз қайнатқан құрымға салып қояды. 
Тері ашты құрымның күшімен иленген сияқтанып ширығып, шымырлана 
түседі жҽне қара қошқыл ҿңге енеді. Содан кейін оны сорғытып, аз құрғатып 
үлгіге салып отырып сабаға, кҿнекке, иықты, емізікті торсықтарға
кеукеріндерге, қауғаға арнап пішеді де терінің қыртысын сыртына қаратып 
шуда жіппен жиі жҿрмеп тігеді. Ертерек кезде жақсы торсықтарды 
тарамыспен тіккен. Кейбір шеберлер оған сыздық салып отырып тебе тіккен. 
Тігіліп дайын болған торсықты (сабаны, кҿнекті) ҿзен судың жағасына 
апарып, ішіне ыстық құм толтырып, құмды келтекпен түйгілеп ҽбден 
нығыздау керек. Бұлай істегенде болашақ сабаның, торсықтың сырт ҿрнегі 
қалыптасады. Құм кептелген торсықтар ыстық пен желде 4-5 күн тұрып 
ҽбден кеуіп сүрленіп қатады. Содан кейін құмын тҿгіп тастап, ыдыстың іші 
сыртын тұздалған сарымаймен немесе жылқының сүр етінің майымен майлап 
тағы да күнге қояды. Енді май сіңген тері ыдыс ыстауға ҽзір тұрады. ЬІстық 
орнын не ҿзен жағасындағы жарқабақтан, не құдық маңындағы ескі 
апандардың шетінен дайындайды. Бұл үшін ені 40-45 см, тереңдігі 35-40 см, 
ұзындығы 10-15 м жыра қазылады. Мұның жар не апан жақтағы аузын 
шұқырлап оттық жасайды да, дала жақтағы аузын плитаның үстіңгі тесіктері 
сияқты етіп ашық қалдырады. Жыраның ҿн бойының екі жақ қабырғасына 
кезекпе-кезек кірпіш қалытқы қалап бұрма жасайды. Сонда оттықтан шыққан 
тобылғының жалыны мен ыстығы орта жолдағы қалытқыларда бҿгеледі де, 
шұңқырдың аузына тек жылы түтін ғана келеді. Ал ысталатын терілерді 
ілетін күрке шұңқырдың осы дала жақ аузына тігіледі. Ол үшін бірнеше түзу 
ағаштардың басын түйістіріп, іргесін жая күрке жасайды. Оның сыртын


233 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет