1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет210/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
тұмсығына, қоныштың ҽр жеріне неше түрлі жарқырауық асыл тастар 
отырғызып ҽсемдейді. Мұндай заттар ҿте жарасымды жҽне бағалы жиһаз 
саналады. Кҿксауырдан тоқым, қорамсақ, дулыға сияқты заттармен қатар 
тұскиіз, тон, сҽукеле сияқты ҿте сҽнді мүліктер де жасалған. Сондықтан 
кҿксауыр ісі кебінесе зергерлер қолына тҽн. 
Былғары – қазақ арасында былғарыдан ең кҿп тігілетін киімнің бірі етік 
болғандықтан былғарыны ҿңдеумен айналысатын шеберлерді етікші дейді. 
Тоқым, шілия, белдік, жүген, құйысқан сияқты былғарыдан жасалатын 
мүліктерді де сол етікшілер тігеді. Халық арасына кҿп тараған былғары аяқ 
киімдерінің қазақ атауында мынадай түрлері бар: 
Саптама – бұл қонышы ұзын, кең, киіз байпақпен, шалбардың балағын 
іштен салып киетін аласа ҿкшелі етік. Оның ішкі табанына киіз ұлтарақ 
салып жҽне байпақтың ішінен қалың шұлғау орайды, кейде киіз байпақтың 
ішінен шұлғаулы мҽсі киеді. Саптамалардың қонышы бітеу қусырылады да, 
тізеден асыңқырап тұрады. Тақымға қарайтын жағы ҽнтек тҿмен ойылып 
келеді. Оны кҿбінесе қыстыкүні алыс сапарға шыққанда, жылқы баққанда, 
шанамен жол жүргенде киеді [4].
Шоңқайма – саптаманың бір түрі. Оның ҿкшесі биігірек, ҿкше сірісі 
аласа, тұмсығы үшкір, қонышы тізеден аспайды. Кеңдігі саптаманың 
кеңдігіндей. Қонышы екі жақ жанынан жармаланып тігілген. Сондықтан оны 
кейде «жарма қоныш» деп те атайды. 
Мықшима – ҿкшесінің түбі жуан, жер басар жағы жіңішке, тұмсығы 
жоғары қарай қайқы келген биік ҿкшелі саптама етік. Мықшиманы бұрын 
жас жігіттерге, ойын сауықшыл серілерге арнап тігетін. Оның қонышын, 
ҿкшелігін кҿксауырлап, тұмсығына қатырғы салады. 
Кҿк етік – кҿксауырдан оюлап тіккен жеңіл, үшкір тұмсық етік. Оны 
кҿксауыр етік деп те атайды. Кҿк етіктің қонышы, ойындысы, күлшіні 
оюланып, кестеленіп жасалады. Кҿк етікті кҿбіне серілер, батырлар, салдар 
киетін. Қазақтың: «Кҿк етікті кез келмей, кҿн етіктіге бармай отырған қыз» 
дейтін мҽтел сҿзі осыдан қалған. 
Кебіс – кҿбінесе былғарының сауырларынан тігіліп, қалыпқа 
қатырылады. Шажамайы мен ернеуі жақсы былғарымен астарланады. Сыны 
бұзылмау үшін кебістің ұлтарақшасы мен ҿкшеліктеріне ең шымыр ұлтандар 
мен тоздар (қайыңның қабығы) салынып, кепкен қайың шегемен шегеленіп, 
тарамыспен қайып тігіледі. Кебіс атаулары да кҿксауыр, мықшима, жезҿкше, 
қазықҿкше, үшкір бас деген сияқты бірнеше түрлерге бҿлінеді. Кебістің 
ҿкшелігіне мық қағып, ҿкшесіне жезден, мыстан нҽл орнатып, 
шажамайларын күміспен ҿрнектеп, ернеуіне сызықты ою батырып 
ҽшекелейді [4]. 
Мҽсі – мұны кей жерлерде іш байпақ, іш етік (ичиги), былғары байпақ, 
кҿзел, сақтиян дейді, ҿйткені мҽсі құрымнан, шегіреннен, кҿзелден, жұмсақ 
былғарыдан тігіледі. Кҿбінесе мҽсінің қонышы астарланып, кҿмкеріліп, 
машинамен жүргізеді. Мҽсінің ұлтаны 
жалаң қабат болады. Ол тек 
тарамыспен 


236 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет