30. Жүргіншілердің жер астымен жүруі Түрлі деңгейдегі көлік қиылысы аймағында жаяу жүргінші жолын жасанды құрылыспен ұйымдастыруға болады. Жаяу жүргіншілер мен жолаушылар үшін ыңғайсыздық тек аялдамалардың қиылыстарға жақын болуында.
Аялдамалар мен қиылыста қашықтығында міндетті түрде қосымша кем дегенде 2 жол сызығының 7,5 м болуы жаяу жүргіншіге 7 м биіктікте көтеріліп түсуін қажет етеді.
Бұндай биіктік баспалдақпен жүруге мүмкіндік береді. Онда эскалаторлар мен көтергіштерге сүйенуге болады.
Түрлі деңгейдегі жаяу жүргінші және көлік қиылыстары жолын былай бөлуге болады:
а) көлік пен жаяу жүргінші өткізу деңгейіне байланысты (жерасты, жерүсті)
ә) қала көшелері мен жолдардың орналасуына қарай
б) жүргіншінің қызмет етуіне қарай
– бір адамдық типі;
– топтық типі;
– дамыған типі.
31. Жер бетінің биіктік белгісін анықтау жолдары 32. Көшенің бойлық қимасын тұрғызу Бойлық қима көшенің биіктік дәрежесін көрсетеді. Ол жобалау сызығы және оның еңкіштігі арқылы сипатталады.
Бойлық қиманы жобалауға қажетті алғашқы материал ретінде қаланың немесе районның сұлбасы мен көше қиылыстарының биіктік белгілері қабылданады.
Трассаны жолдың категориясына байланысты 20–50 м қашықтықта орналасқан пикеттерге бөледі. Бойлық қима негізінен жолдың ортасын бейнелейді. Кең көшелерде бойлық қима көше ортасымен және жүріс бөлігіндегі су арнасымен жүргізіледі.
Бойлық қиманы жобалағанда жолдың жайлылығына, көлік пен жолаушылар қозғалысының қауіпсіздігіне, жерүсті суларының ағып кетуіне және экономикалық тиімділігіне көңіл бөледі. Бойлық қимада жоба сызығын жүргізу барысында мына талаптарды мүлтіксіз орындау қажет:
– жоба сызығының бойлық еңкіштігінің мәні нормативтік мәнінен аспауы;
– жоба сызығын жер бетіне барынша жақын орналастыру;
– жер жұмыстарының тепе-теңдігін сақтау;
– жоба сызықтарының бағытын өзгерткен жерлеріне вертикаль қисықтар қарастыру.
Бойлық қима масштабы негізінен горизонталь 1:1000, ал вертикаль 1:100 орындалады (3.11-сурет). Мұнда пикеттер аралығы – 20 немесе 50 м.
Жоба сызығын жүргізу үшін жер жұмыстарының тепе-теңдігін, ыңғайлылығын (түйіскен түзулер еңкіштіктерінің айырмашылығы 515‰ аралығында болу қажет.) қамтамасыз етуі қажет. Түзулер еңкіштіктерінің айырмашылығы одан үлкен болған жағдайда вертикаль қисықтар қарастырылады.