1.Қалалық көлік жүйесі мен жобалау принциптері туралы жалпы түсінік


Құрылыс аймағының климаттық сипаттамалары



бет15/31
Дата17.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75163
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
суранкулов ответы

33. Құрылыс аймағының климаттық сипаттамалары
Қала бас жоспарын әзірлеген кезде жобаланатын жердің климаттық жағдайын ескеру керек. Климат туралы толыққанды мағлұмат алу үшін келесі мәліметтерді ескеру қажет:
– айлық орташа температура және салыстырмалы ауа ылғалдығы;
– айлық максималды тәуліктік ауа температурасы;
– жазғы және қысқы айлар ішіндегі абсолютті максимум температура;
– жел раушаны – желдің жыл бойындағы қайталанатын бағыты менжылдамдығын көрсететін векторлы диаграммалар.
Елді мекенді жайғастыру, оның жобалық конфигурациясын анықтауда зор әсерін тигізетін фактордың бірі – жер бедері. Елді мекенді жобалау практикасында жер бедері тегіс, орташа және күрделі деп бөлінеді.
Тегіс жер бедері биіктік белгілерінің айырмашылығы аз және сай мен белестердің жоқтығымен ерекшеленеді.
Орташа жер бедері айрықтар, алқаптар, белестер, шұңқұрлар, шағын жыралар мен қия беткейлердің тіркесуімен ерекшеленеді.
Күрделі жер бедері тік еңісті жерлер, терең сайлар мен жыралар, талулармен ерекшеленеді.


34. Вертикальды жобалау әдістері
Вертикальды жобалау қала террториясын құрылысқа дайындаудың инженерлік бір бөлігі болып табылады. Ол арқылы қала территориясындағы жер беті суларының ағуын қамтамасыз етеді. Вертикаль жобалаудың схемасындағы немесе жобасындағы көшелер қиылысының жобалың белгілері жобалаудың бастапқы нүктелері болып табылады.
Қала территориясын, мөлтекаудандар мен кварталдарды, көшелер мен алаңдарды вертикальды жобалауда мынадай әдістерді пайдаланады.

  • қималар әдісі. Бұл әдіске сәйкес жобаланатын территорияға қималар сеткасын жүргізеді, сонан кейін оларды өзара байланыстырып жобалайды.

  • жобалық (қызыл) горизонтальдар әдісі: бұл әдіске сәйкес территория жобалық горизантальмен сипатталады.

Аралас (комбинированный) әдіс. Мұнда қима және жобалық горизантальдар әдістері қатар қолданылады. Бұл әдіс қала көшелері мен жолдарын жобалауда көп қолданылады. Мұнда бойлық қимамен толықтырылған жобалық горизантальдар әдісі пайдаланады. Көлденең қима мұнда қарастырылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет