1.Қалалық көлік жүйесі мен жобалау принциптері туралы жалпы түсінік


Вертикальды жобалаудың қималар әдісі



бет16/31
Дата17.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75163
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
суранкулов ответы

35. Вертикальды жобалаудың қималар әдісі
Қала аумағын вертикальды жобалау
– қималар әдісі. Бұл әдіске сәйкес жобаланатын аймаққа қималар торын жүргізеді, содан кейін оларды өзара байланыстырып жобалайды; – жобалық (қызыл) горизонтальдар әдісі: бұл жағдайда аймақ жобалық горизонтальмен сипатталады; – аралас әдіс. Мұнда қималар және жобалық горизонтальдар әдістері қатар қолданылады. Қималар әдісі бойынша көшелердің жобалық биіктіктерін анықтайды. Ал жобалық горизонталь әдісі бойынша қала көшелерін жобалаудың толық суреттемесін береді. Әсіресе бұл әдіс көше қиылыстарын жобалауды жеңілдетеді, ал қималар әдісімен бұл жұмысты жүргізу өте күрделі. Сонымен қатар қала аумағын, алаңдарын қызыл горизонтальдар әдісімен жобалау өте көрнекті. Қазіргі уақытта қала көшелері мен жолдарының жобалары қималар әдісімен басталып, қызыл горизонтальдар әдісімен аяқталады. Вертикальды жобалау бүкіл көшеге, яғни қызыл сызық аралығына қарастырылады. Жобалау горизонтальдары аралығы 0,10–0,20 м, кейбір жағдайларда 0,5 м қабылданады. Қималар әдісі. Бұл әдіске сәйкес жолдың немесе көшенің бойлық және көлденең қималары анықталады. Бойлық профиль жүріс бөлігінің осі немесе арнасы бойынша, ал жүріс бөлігі әртүрлі жазықтықта жатқан жағдайда әрқайсысына жекежеке қарастырылады. Көлденең қима әр 20, 40, 100 м сайын жобалау сатысына байланысты жасалынады (техникалық және жұмыс жобасында – 20 м; магистральды жобалау жобасында – 20, 40, 100 м; ПДП – 40, 100 м). Бойлық қима негізгі сызбадағы сияқты қабылданады. Оларды сызуда қолданылатын масштабтар: – техникалық жобада – 1:500; – ППМ – 1:500 ÷ 1:2000; – ПДП – 1: 1000 ÷ 1:200. Қималарда табиғи және жобалау сызықтары көрсетіледі. Бұлардың ыңғайлы көрінуі үшін қималар әртүрлі масштабта дайындалады: барлық қимада вертикаль масштаб горизональ масштабтан 10 есе; көлденең қимада горизонтальдың вертикаль масштабқа қатынасы 1:2 болуы шарт. Сонымен, бойлық және көлденең қималарға сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізіледі, жұмыс көлемі анықталады. Қималар әдісінің кемшілігі оның көрнексіздігінде, жобаланған рельеф жайындағы мәліметті білу үшін сол жердің планын, көлденең және бойлық қималарын бір мезгілде қарау керек, яғни бір жоба бойынша ештеңе анықталмайды. Қималар әдісін сызықты объектілерді жобалауда, мысалы, қала сыртындағы теміржол, автокөлік жолдарын жобалағанда пайдаланған тиімді. Егер жобаланатын жер тегіс және жол алғаш түсіп жатса, қала жолдарын жобалауда да қималар әдісін пайдалануға болады. Жолды реконструкциялау немесе алаңдар мен жол құрылыстарын жобалауда бұл әдісті пайдалану өте тиімсіз, себебі көлденең қималарды сансыз көп жасау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет